1. Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.
Пәннің көлемі 2 кредитті құрайды:
Кредит саны
|
Дәрісханалық сабақтар
|
Дәрісханадан тыс сабақтар
|
Барлық сағат
|
Бақылау түрі
|
Дәріс
|
Практикалық/
семинар сабақтары
|
Зертханалық сабақтар
|
МОӨЖ
|
МӨЖ
|
|
|
2
|
15
|
15
|
-
|
30
|
30
|
90
|
емтихан
|
Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы
2. Пән туралы мәлімет
Мақсаты: Қазақ халқының ауыз әдебиеті – жоғары оқу орындарында халықтың сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтитын пән. Халық әдебиетінің ежелгі замандардан бастап қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттары фольклортану ғылымының бұрыңғы-соңғы зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыда жан-жақты талдана түсіндіріледі.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті тарихпен, этнографиямен, философиямен, психологиямен, педагогикамен т.б. ғылым салаларымен тығыз байланысты. Сондықтан халық әдебиеті үлгілерін оқыту барысында пәнаралық байланыстарға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, ауызша және жазбаша әдебиеттің өзара ықпалдасуы, ең бастысы - фольклордағы типологиялық тектестік мәселелері де қамтылады.Фольклор материалдарына жан-жақты типологиялық талдау жұмыстарының алуан түрлері жүргізіледі.
Халқымыздың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, әдебиетін, дінін, ділін, тұрмыс-тіршілігін білу – әрбір ұлт перзентінің міндеті. Ал аталған мәселелерге терең бойлаудың бірден бір жолы – халқымыздың ауыз әдебиетімен кең көлемде танысу. Тұрмыс-салт жырларынан бастап эпос, айтыс т.б. ауыз әдебиетінің кез келген жанрын оқи отырып, біз қазақ даласының өмірін, тұрмыс-тіршілігін көреміз. Сондықтан «фольклор – халық өмірінің айнасы» деп текке айтылмаған.
Филолог мамандар ауыз әдебиеті үлгілерін меңгеріп, оларды ғылыми-теориялық тұрғыда саралай білуі керек.
Курс міндеті: Жоғарыда аталған мақсаттарды шешу үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
әлем фольклор ғалымдарының еңбектерімен, ғылыми көзқарстарымен танысу;
қазақ ғалымдарының еңбектерімен сабақтастыра талдау;
ауыз әдебиеті шығармаларымен толық танысу;
туыстас түркі халықтарының әдеби мұраларымен танысып, салыстыра оқу;
шығармаларды тақырыптық, көркемдік сипаттарын толық талдау.
Пререквизиттер: Бұл пән жоғары мектептің ғылыми-зерттеу салалары бойынша міндетті түрде кешенді өтілетін әдеби-эстетикалық және методологиялық пән.
Постреквизиттер: Курс соңында магистрлер халқымыздың бай ауыз әдебиеті мұраларымен жан-жақты танысып, олардың тақырыптық, жанрлық, көркемдік сипаттарын талдай білуі қажет. Фольклорды зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектерімен танысып, теориялық білімін практикада қолдана білуі тиіс.
3. Магистранттарға қойылатын талаптар:
1. Сабаққа қатысу:
Сабаққа міндетті түрде қатысу керек. Босатылған сабақтар SYLLABUS-та көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен өтеді.
2. Аудиториядағы тәртіп :
Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:
Ұялы телефонмен сөйлесуге;
Сабақтан сұрануға;
Бос әңгімеге;
Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге;
Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:
Өз пікірін дәлелдесе;
Сабаққа белсенді қатысса;
Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.
3. Үй тапсырмасы:
Үй жұмысының орындалуына міндетті және оқытушы белгіленген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған үй жұмысыңыздан сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.
4. ОСӨЖ орындау:
ОСӨЖ орындау және уақытында тапсыру қажет. Оған арнайы тақырыптар беріліп,студент үйде қарастырып, белгіленген уақытында тапсырады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы студенттің семестр барысында жинақтаған білімін тексеру мақсатында жүргізіледі.Бақылау жұмысына қатысу міндетті болып табылады және бұл студенттің жалпы бағасына өз әсерін тигізеді.
6. Коллоквиум:
Коллоквиум әрбір топқа жеке қойылған кесте бойынша тапсырылады. Қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Магистрант семинар сабақтарға 5. Курс мазмұны мен кестесі бөлімінде көрсетілген тақырыптар бойынша міндетті түрде әзірленіп жүруі тиіс. Қажетті әдебиеттер әр семинар мен МОӨЖ, МӨЖ соңында көрсетілген. Пәннің теориялық мәселелерін оқу құралдарынан, қосымша ғылыми әдебиеттерден оқып, бекітіп отыруы қажет.
4.1 Ұйымдастыру талаптары:
- Семинар сабақтың оқу пәнінің жоспарына сәйкестілігі.
- Семинар сабақтардың дәріс, лабораториялық жұмыстар, курстық жобалар және т.б. байланысын білдіретін құжаттардың болуы.
- Семинар сабақтардың қазіргі әдіс-тәсілдерді және техникалық құралдарды қолдана отырып өткізу.
- Семинар сабақтарға қажетті ғылыми әдебиеттерді жинақтау.
- Семинар сабақтар бойынша студенттердің білімдерін бағалауды ұйымдастыру.
4.2. Тәжірибелік сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:
- Тәжірибелік сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына, талаптарға сай болуы.
- Пәннің басқа оқу сабақтарымен байланысын қамтамасыз ету.
- Сабақтарда магистранттардың өздерінің білімдерін қолдана білуін дамыту.
- Тапсырмаларды орындаудың оңай тәсілдерін қарастыру.
4.3. Әдістемелік талаптар:
- Дәріс және басқа сабақ түрімен логикалық байланысты қамтамасыз ету.
- Сұрақтарды талқылау және дұрыс жауапты табу.
- Магистранттардың жеке жұмыстарын жүргізуде басшылық ету.
5. Курстың мазмұны
Бірінші апта
№1 дәрістің тақырыбы: Ауыз әдебиеті туралы ғылыми-теориялық түсінік.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Фольклордың тарихы мен теориясы туралы түсінік.
2. Халық өнерінің түрлері және олардың ішіндегі фольклордың орны.
3. Ауыз әдебиетінің табиғаты мен қоғамдық маңызы.
Қай халықтың да ауызекі әдебиетінің барлық мәселесін қарастыратын, жалпы сөз өнерінің тарихы мен теориясынан мол мәлімет беретіндей ілім-білім көздерін - фольклортану саласынан игеруге болады. Сол тәрізді қазақ халық ауыз әдебиеті әдебиет саласымен қоса, басқа да жекелеген ғылым салаларымен тығыз байланысты.
Осы орайда бұл тақырыпта ауыз әдебиетінің тіл, этнография, тарих, археология, философия, этика, эстетика немесе халық шаруашылығының көптеген бейнеленуге икемді салаларымен байланыстылығы сөз болады. Әсіресе фольклордағы типологиялық тектестік мәселелері кеңінен қозғалады. Пәнаралық байланыс, ауызша және жазбаша әдебиеттердің өзара сабақтастығы, фольклордың бейнеленушілік қабілеті, жанрлық синкретизмі, жалпы рухани табиғаты, көпсатылылығы мен көпжанрлылығынан хабардар етіледі.
Фольклордағы вариация мен варианттылық, ұжымдық немесе шінәра кездесетін авторлылық сипаттары жіктеліп көрсетіледі. Халық ауыз әдебиетінің этнографиямен тығыз байланыстылығы, оның көптеген өнер саласымен егіздестігі, тарихи, әлеуметтік, саяси мәні, халық тәрбиесінен алатын ерекше орны атап көрсетіліп, дәрістік, машықтық сабақтарда талданады.
№ 1-практикалық сабақтың тақырыбы: Ауыз әдебиетін зерттейтін ғылым – фольклористика.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Фольклор – ауызша сөз өнері.
2. Фольклордың ерекшеліктері.
3. Халықтық және жалпы адамзаттық құндылықтары.
4. Ауыз әдебиетінің идеялық, тәрбиелік, эстетикалық, танымдық қызметтері.
1- ОЖМӨЖ тақырыбы: Фольклористика-ауыз әдебиетін зерттейтін сала.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігі.
2. Фольклор шығармаларының көркемдік жүйесі, поэтикалық тәсілдері, шындықты бейнелеу өзгешелігі.
1-МӨЖ тапсырмалары: Фольклор туралы, түрлері мен кызметі.
Қарастырылатын мәселелер:
Фольклордың қос қанаты- ауыз әдебиеті мен этнография ілімінің төл ерекшеліктері мен бірлігі жайында арнаулы мәтіндік материалдар арқылы меңгертудің жолдарын көрсету. Фольклордың шығу себептері мен оның даму, қалыптасу кезеңдері мен әр дәуірдегі типтік көрінісі қамтылады. Әдебиет, өнер, тарих және т.б. құрылымдық ерекшеліктеріне қатысты мәселелер де осы тақырыпта ескеріледі.
1. Ауыз әдебиетінің әдебиет, тіл, тарих, этнография, философия, психология, педагогика т.б. ғылым салаларымен байланысы.
2. Ауыз әдебиетінің әдет-ғұрып, наным-сенім, өнердің өзге түрлерімен байланысы.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974. – 8-29 б.
2. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-кітап. – А., 1960.
3. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 7-44 б.
4. Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – А., 1976.
5. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – А. 1992. – 3-47 б.
6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – А., 1987. – 16-32, 236-265 б.
Екінші апта
№ 2-дәрістің тақырыбы: Фольклор жанрлары.
Қарастырылатын мәселе:
1. Фольклорды идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне, қызметіне қарай жіктеу.
2. Қазақ фольклорының жанрлары мен түрлері.
3. Жанрлардың бір-бірімен байланысы және жүйесі.
Фольклорды идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне, құрылысына, функциясы мен конвенциясына қарай жіктеу. Оның жанрлық классификациясына немесе ортақ процестеріне, эпикалық, лирикалық, драмалық белгілеріне назар аудару. Көркемдік бейнелеу құралдарының әр жанрдағы қолданылу ерекшеліктерін меңгере отырып, фольклордағы көркемдік және тарихи таным негіздерін ажырата білу. Фольклорға жататын барлық рухани-материалдық мүкәммалдардың эволюциясын анықтап, өсу, даму, қалыптасу үдерістерін немесе қайсыбір фольклордың заман ағымына қарай өшу себептерін анықтау.
Жанрлардың өзара тақырыптық жүйесіндегі ұқсастықтарымен қоса, көптеген мотивтік, сюжеттік желілерінің ауыспалы вариациясын аңғарту. Мазмұны бір ұлттық тірліктің түрі жағынан әр қилы әдіспен бейнелену қабілетін түсіндіру.
№ 2-практикалық сабақтың тақырыбы: Фольклор жанрлары. Зерттеу принциптері.
Тапсырмалар:
1. Қазақ фольклорының жанрлары мен түрлері.
2. Жанрлардың бір-бірімен байланысы және жүйесі.
3. Жанрлардың тарихи процестермен сабақтастығы.
4. Фольклорды зерттеудегі тарихилық принципі.
2-ОЖМӨЖ тақырыбы: Шешендік сөздердің эстетикасы.
Тапсырмалар:
1. Жанрлардағы эпикалық, лирикалық, драмалық белгілердің орын алуы.
2. Фольклордағы сюжет пен мотив.
№2 - МӨЖ тақырыбы: Шешендік өнерінің тарихилығы.
Тапсырма:
Ауыз әдебиетінің өмірлік негіздері.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974. – 8-14 б.
2. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-кітап. – А., 1960.
3. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 7-21 б.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – А. 1992. – 3-47 б.
5. Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 1988.
6. Қазақ фольклорының тарихилығы. – А., 1993.
Үшінші апта
№ 3-дәрістің тақырыбы: Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері
Қарастырылатын мәселелер: 1. Рулық қоғамдағы фольклор.
2. Феодалдық қоғамдағы фольклор
Әзірге қазақ фольклористикасы: Рулық қоғамдағы, феодалдық және қазіргі дәуір фольклоры болып даму сатыларына жіктеліп келеді. Рулық қоғамға жататын фольклор тұсына: алғашқы қазақ тектестердің еңбек көрінісі, кәсібі, жаратылыс пен әлем құбылысы жайлы алғашқы көзқарастарынан туған әрекеттері, үй-шілік, рулық, тайпалық қарым-қатынастары және анаеркі, атаеркі тұсындағы ұлттық ерекшеліктері. Көпғасырлық ескі-наным –сенімдері: анимизм, антропоморфизм, тотемизм, фетешизм, магия хақындағы немесе мифтік санасы, кейін қалыптаса бастаған шамашдық көзқарастары сол кезеңдерден қалған әдеби мұраларының жұрнақтарынан екшеліп талдауға түсіріледі. Рулық қауымнан келе жатқан: мифтік әңгімелері, аңшылық және төрт-түлік туралы жырлары, маусымдық өлеңдері, бақсылық, бақташылық, арбау, бәдік, алғыс-қарғыс, түрлі рәсімдерге арналған поэзиялық , прозалық шығармашылықтары санамаланады.
Ал феодалдық қоғамға жататын: түрік қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы, ислам тұсы мен оның түркі тектес халықтардың әдебиеті мен мәдениетіне тигізген әсерінен туған мұраларына толық мәлімет беріледі.
Қазіргі дәуір фольклорына енген: Фольклордағы дәстүрлі көріністердің Кеңес тұсындағы кілт өзгерісі мен тарихи-қоғамдық өмір ағымындағы үлкен бетбұрыстарды ұлт тарихымен салыстыра отырып, типологиялық талдау жасау арқылы түсінік беру. Бұрынғы фольклордың конвенциялық өрісі мен мазмұны мен түрі жағынан жаңартылған көріністерін ретрологиялық талдаулар арқылы көз жеткізу.
№3 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Рулық қоғамдағы фольклордың тууы мен қалыптасуы.
2. Феодализм дәуіріндегі фольклор.
3. Қазіргі дәуір фольклоры.
3-ОЖМӨЖ тақырыбы: Халық прозасының көркемдік танымы.
Тапсырмалар:
1. Жыршылық-жыраулық дәстүрдің жандануы.
2. Ақындар айтысының өркендеуі.
3-МӨЖ тақырыбы: Көркемдік танымның проза жанрындағы орны
Әдеби шығармалардың халық шығармашылығына ауысуы.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Абылқасымов Ш.Б. Жанр толгау в казахской устной поэзии. – А., 1984.
2. Өміралиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. – А., 1983.
3. Төреқұлов Н. Қазақ совет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері. – А., 1979.
4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 7-44 б.
Төртінші апта
№ 4-дәрістің тақырыбы: Тұрмыс-салт жырлары
Қарастырылатын мәселелер: 1. Жанрдың жалпы сипаттамасы мен анықтамасы. 2. Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы.
3. Тұрмыс-салт жырлары – фольклордың ең көне түрі.
Халық өлеңдерін классификациялау мен зерттеу мәселесінде алғашқы жол салған: Ш.Уәлиханов пен В.В.Радловтың еңбектерін пайдалана отырып, тұрмыс-салтқа байланысты жинақталған ұлттық құндылықтарға типологиялық-салыстырмалы талдау жасау арқылы түсіндіру.
Тұрмыс-салт жырларының отбасы, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт, ырым, әдет-ғұрып, наным –сенімдермен астасқан ерекшеліктерін ажырата білу. Салт өлеңдерінің ең көне үлгілерінің сақталуы мен дамуы хақында зерттеушілік қабілет таныту. Қазақтағы көшпелілік ұғымына тарихи, саяси мән беру, басты ұғымдарды бүгінгі жаңа көзқарастармен салыстыра ұғындыру. Қазақта мал шаруашылығынан басқа да тіршілік көздерінің болғандығын нақты материалдар арқылы дәлелдеу. Әдеби мәтіндерді мұқият талдап, тереңнен ойлауға немесе логикалық, аналитикалық талдауларға жол беру. Қазақ өміріне енген ІХ ғасырлардағы ислам дінінің әсері мен сол орайда фольклорға енген мұсылмандық діннің көріністерін белгілі бір әдеби туындылардан талдап көрсету. Халық өлеңдерінің тал бесіктен жер бесікке дейінгі түрлерінің әрқайсысына арнай тоқталып, машықтық түрде меңгеруге жеткізу.
№4 практикалық сабақтың тақырыбы: Тұрмыс-салт жырлары. Лирикалық өлеңдер.
Тапсырмалар:
1. Еңбек, кәсіппен байланысты туған өлең жырлар.
2. Аңшылық жырлары.
3. Наным-сенімдерге байланысты өлеңдер.
4. Отбасы салтына байланысты өлең түрлері.
5. Лирикалық өлеңдер.
.
№4-ОЖМӨЖ тақырыбы: Фольклор және оның жазба әдебиетпен байланысы.
Тапсырмалар:
1. Тұрмыс-салт жырларын қазіргі зерттеудің жайы мен классификациялаудың проблемалары.
2. Тұрмыс-салт жырларындағы діннің көріністері.
№4 – МӨЖ тақырыбы: Тұрмыстық фольклордың жазба әдебиеттен көрініс табуы.
Тапсырмалар:
1. Тұрмыс-салт жырларының композициясы мен стильдік ерекшеліктерін талдау, жаттау.
2. Лирикалық өлеңдердің композициясын, поэикалық тәсілдерін, құралдарынталдау, жаттау.
3. Өтілген тақырыптар бойынша реферат жазу (тақырыптары 1.9 бөлімінде көрсетілген).
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974. – 8-14 б.
2. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-кітап. – А., 1960.
3. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 7-21 б.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – А. 1992. – 3-47 б.
5. Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 1988.
6. Қазақ фольклорының тарихилығы. – А., 1993.
Бесінші апта
№5-дәрістің тақырыбы: Мақалдар мен мәтелдер.
Қарастырылатын мәселелер: 1. Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері. 2. Классификациялаудың принциптері.
3. Тақырыптық, логика-семантикалық жіктеулер туралы түсінік.
Мазмұны: Мақал-мәтелдердің жанрлық күші-сөз өнерінің бейнелегіштік барлық қадір-қасиетін молынан игепргендігінде жатыр. Бұл өміршең жанрдың халықтық сөз өнерінің конвенциясынан тыс қалмай, ғасырлар бойы өкше басқан ұрпаққа аман жетуінің өзінде ерекше жанды жанр екендігін дәлелдеу.
Семантикалық жағынан бай, ішкі құрылымының жинақылығы, мазмұн бірлігінің сапалылығының нәтижесінде мақал мен мәтел нағыз халықтық шығармашылық екенін дәлелдеу. Мақал-мәтелдердің эволюциялық бастауларын ежелгі дәуірлерден тартып, сонау б.з.д. ІІ ғасырлардардағы және біздің заманымыздың ІІ-ІҮ ғасырларындағы идеялық сілемдері арқылы тарқата отырып, бүгінгі әдебиетке дейінгі бұл жанрдың ғұмырнамасын, тақырыптары мен бейнеленушілік қабілеттерін арнайы синтетикалық талдаулар арқылы меңгерту.
№5 практикалық сабақтың тақырыбы: Мақалдар-мәтелдер. Жұмбақтар.
Тапсырмалар: 1. Мақал-мәтелдердің тақырыбы.
2. Мақал-мәтелдердің мағыналары.
3. Жұмбақ - өмірдегі зат пен құбылысты тану құралы.
4. Жұмбақтардың тақырыбы, ондағы қазақ тұрмысының көрінісі.
№5-ОЖМӨЖ тақырыбы: Мақал-мәтелдер
1. Мақал-мәтелдердегі тұрмыс-тіршіліктен екшелген түйіндер.
2. Табу және оның жұмбақтардың қалыптасуындағы рөлі.
3. Жұмбақтардың ересектер мен балалар шығармашылығында қатар жүруі.
№5-МӨЖ тақырыбы: Мақал мен мәтелдің айырмашылығы.
Тапсырма:
1. Қазіргі қоғамды бейнелейтін мақал-мәтелдерді жинастыру, талдау.
2. Тақырыбына байланысты жұмбақтарды жинастыру
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Абылқасымов Ш.Б. Жанр толгау в казахской устной поэзии. – А., 1984.
2. Өміралиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. – А., 1983.
3. Төреқұлов Н. Қазақ совет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері. – А., 1979.
4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 7-44 б.
5. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974. – 8-14 б.
6. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-кітап. – А., 1960.
7. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 7-21 б.
8. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – А. 1992. – 3-47 б.
9. Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 1988.
10. Қазақ фольклорының тарихилығы. – А., 1993.
Алтыншы апта
№-6 дәрістің тақырыбы: Шешендік сөздер.
Қарастырылатын мәселелер: 1. Шешендік сөздердің теориясы мен зерттелу тарихы. 2. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері.
3. Қызметі мен қоғамдық мәні.
Бұл тақырыпта фольклор мен әдебиеттің бір-бірімен тектес, туыстас белгілері және бір-бірімен ауысымдық қатар даму үдерістері қамтылады. Фольклордың халықтығы, идеясы, тақырыбы. Жанры, сюжеті, мотиві, көркемдік құралдары жағынан дәстүрлі әдебиетке ұқсас жақтары дараланады. Фольклорлық бастауларды ежелгі түркі халықтарына ортақ мұралармен байланыстыра отырып, ІХ ғасырлардағы ислам дінінің әсері тұсы және ХІ-ХІІ ғасырдағы ислам мәдениетімен суарылған төл әдебиетінің көріністері, ХҮ-ХҮІ, одан кейінгі ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің, ХХ ғасырлардағы фольклордың әдебиеттегі көрінісі, яғни фольклорды әр дәуірдегі әдеби сатыларда қолданудың жарқын үлгілерін қазақ әдебиеті кеңістігіндегі адамдардың шығармашылықтары арқылы талдап дәлелдеу. Фольклордың күллі әлемдік деңгейдегі ортақ белгілері мен туықан елдер әдебиетіндегі тел тумаластығы немесе ұлттық фольклордың өзгеге ұқсамайтын төл жетістіктеріне аса назар аударту.
№6 практикалық сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздердің қоғамдағы ролі.
Практикалық сабақ мазмұны: 1. Шешендік сөздердің теориясы мен зерттелу тарихы. 2. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері.
3. Қызметі мен қоғамдық мәні.
4. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты.
№6-ОЖМӨЖ тақырыбы: Шешендік өнердің басқа да ілім салаларымен байланысы.
Тапсырмалар:
1. Шешендік сөздердің аңыздармен байланысы.
2. Шешендік сөздердің эстетикалық, тәрбиелік маңызы.
№6 МӨЖ тақырыбы: Шешендікке үйренудің қыр-сырлары.
Тапсырма:
Шешендік сөздерді жаттап, талдау Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974. – 8-14 б.
2. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-кітап. – А., 1960.
3. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 7-21 б.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – А. 1992. – 3-47 б.
5. Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 1988.
6. Қазақ фольклорының тарихилығы. – А., 1993.
7.Түркі жазба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға қатысы.
Жетінші апта
№7-дәрістің тақырыбы: Ертегілер.
Қарастырылатын мәселелер: 1. Халық прозасы туралы түсінік. 2. Ертегілердің өзіндік ерекшеліктері.
3. Ертегілердің жиналуы мен зерттелуі.
Ертегі – ұлыс болып жаратылғаннан халқымыздың саналық өсу жолдарымен бірге дамып келе жатқан ең көркем және көлемді жанры.
Хайуанаттар жайлы ертегілердің өзіндік ерекшелігі, қиял-ғажаайып ертегілердің бүгінгі фантастикаға апарар оптимистік жолы, батырлық ертегілердің тарихилық сипаты, сатиралық ертегілердің жалпы адам факторын тәрбиелеудегі ролі, сонымен біргі ертегі емес жанрлардың сапындағы: аңыз, әпсана, лақап, ертегісімек, күлдіргі әңгімелердің ертегіге тән ұқсас және ерекше белгілері жөнінде әңгімелеу.
Ертегі өзегіндегі әрбір кейіпкердің ежелгі бейнесінен бүгінгі заманға да өгейсімейтін адами қадір-қасиеттері мен кем-кетіктерін жаңа көзқараста талдап үйрету. Ертегі тектес шығармашылықтардың ішкі тініндегі тарихи уақыт пен кеңістіктің обьективті уақыт пен кеңістіктегі орнын белгілеп, тарихилық мәселесіне көңіл аударту.
№7 практикалық сабақтың тақырыбы: Ертегілердегі көркемделген тарихи таным.
Тапсырмалар:
1. Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
2. Қиял-ғажайып ертегілері.
3. Батырлық ертегі.
4. Новеллалық ертегі.
5. Сатиралық ертегілер.
№7 ОЖМӨЖ тақырыбы: Ертегі тініндегі шындық.
Тапсырма:
1. Әдеттілік пен әділетсіздік.
2. Ертегілердегі миф пен тотемизм.
3. Сатира мен юмор.
.№7 МӨЖ тақырыбы: Ересектерге арналған ертегі ерекшеліктері.
Тапсырма:
Ертегі сюжеттерінің халықаралық сипаты, талдау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 44-60 б.
2. Тілеужанов М. Ел әдебиеті. – А., 1992. – 83-107 б.
3. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. – А., 1974.
4. Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы. – А., 1983.
Сегізінші апта
№8-дәрістің тақырыбы: Ертегіден тыс прозалық жанрлар (аңыздық проза).
Қарастырылатын мәселе: 1. Ертегіден тыс прозалық жанрлар –халық прозасының бір түрі. 2. Ертегіден тыс прозалық жанрлардың түрлері, ерекшеліктері.
3. Ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастықтары.
№8 практикалық сабақтың тақырыбы:
Ертегіден тыс прозалық жанрларды зерттеудегі натуралистік, антропологиялық, әлеуметтік т.б. мектептердің табыстары
№8 ОЖМӨЖ тақырыбы: Аңыздық әңгімелер.
Мазмұны:
1. Аңыз-әңгімелердегі тарихи тұлғалар.
2. Халық демонологиясының көріністері: албасты, күлдіргіш, жын, шайтан т.б.
№8 МӨЖ тақырыбы: Аңыз бен ақиқат.
Тапсырма:
Ертегіден тыс прозалық жанрларды зерттеудегі натуралистік, антропологиялық, әлеуметтік т.б. мектептердің табыстары.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 44-60 б.
2. Тілеужанов М. Ел әдебиеті. – А., 1992. – 107-127 б.
3. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974. – 29-64 б.
4. Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы. – А., 1983.
5. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. – А., 1974.
Тоғызыншы апта
№9-дәрістің тақырыбы: Эпостық жырлар. Көне эпос.
Қарастырылатын мәселелер: 1. Қазақ эпосының жанрлық құрамы. Классификациясы. 2. Жиналу мен зерттелу тарихы.
3. Көне эпос: сюжеттік құрамы мен тақырыбы.
Қазақ эпосының жанрлық құрамы. Классификациясы. Жанрлық-стадиялық белгілеріне қарай жеткізу. Көне эпос, батырлар жыры, лиро-эпос, тарихи жырлар. Зерттелу тарихы. Шындықтың бейнеленуі. Эпос пен тарих. Өлең құрылысы.
Көне эпос. Анықтамасы мен негізгі белгілері. Сюжеттік құрамы мен тақырыбы. Қаһармандық үйлену, ғажайып туу, өліп тірілу мотивтері. Миф, аңыз ертегілермен байланысы. Матриархат және патриархат дәуірлерінің көрінісі. Образдар жүйесі: бас қаһарман мен адамзатқа қас күштер /дию, пері, дәу, мыстан кемпір т.б./. Әйелдер бейнесі. "Құламерген-Жоямерген", "Дотан батыр" жырлары – көне эпостың үлгілері. "Алпамыс батыр" жырындағы архаикалық сипат. Көркемдік ерекшеліктері. Ұлғайту мен әсірелеу.
Батырлар жыры. Жанрлық белгілері. Жиналу, жариялану, зерттелу тарихы. Шығу мезгілдері туралы. Түркі қағанаты, оғыз-қыпшақ, ноғайлар дәуірлері мен жоңғар шапқыншъшығы кезіндегі оқиғалардың бейнеленуі. Батырлар жырының идеялық нысанасы, тақырыбы, халықтық сипаты. Историзм /тарихилық/ мәселесі. Батырлар жыры мен көне эпостың байланысы, бір-бірімен сабақтастығы. Батырлар жырындагы уақыт. Жырлаушы уақыты, сюжеттік уақыт. Эпикалық уақыт дәстүрі. Батырлар жырындағы эпикалық кеңістік. Эпостық кеңістік концепциясы. "Қобылынды батыр", "Ер Көкше - Ер Қосай", "Арқалық батыр" жырларының сюжеттері, ел қорғау, сыртқы жауларға қарсы күресу идеясы, образдар жүйесі. Бас қаһармандар, эпикалық жаулар. Әйелдер образы. Тұлпар бейнесі. Кейіпкерлерді типтендіру мен идеализациялау. Батырлар жырының циклизациялау /тұтастану/ жолдары: өмірбаяндық, генеологиялық, мекендік /эпикалық орталық/ және мезгілдік белгілеріне қарай тұтастануы. Жырау М.Сеңгірбековтің "Қырымның қырық батыры" жырының циклдену жолдары. Эпос шығарушы және таратушы жыршы, жыраулардың өнері. Батырлар жырының варианттары мен версиялары. Өзге халықтар фольклорымен байланысының болу себептері: генетикалық, қарым-қатынастық және жалпы типологиялық ұқсастықтар. Батырлар жырындағы халықтың саяси-әлеуметтік жағдайының, жер-су, елді мекен, табиғат тұрмыс-тіршілік, рухани тұрмысының сәулеленуі. Батырлар жырының поэтикасы. Тізбектеп жырлау. Негізгі мотивтер /ғажайып туу, жедел өсу, үйлену, жекпе-жекке шығу, соғысу, түс көру т.б./. Ұқсас жерлер /общие места/, қайталаудың түрлері, ауызша жырлау дәстүрі мен стильдің формулалығы. Әсірелеу мен теңеу. Өлең құрылысы. Аллитерация, ассонанс.
Лиро-эпос. Жанрлық сипаты. Жиналуы мен зерттелуі. Сюжеті мен тақырыбы. Әдет-ғүрып, салт-сананың лиро-эпос сюжетінен алатын орны, кейіпкерлер тағдырымен сабақтастығы. Әлеуметтік қайшылықтар. Трагедия, оның болу себептері. Образдар жасау ерекшеліктері. Идеализациялау мен даралау /индивидуализация/. Әлеуметтік-тұрмыстық /"Айман-Шолпан"/ және махаббат тақырыбы /"Қозы Көрпеш - Баян сүлу", "Қыз Жібек"/. Көшпелі тұрмыс-тіршіліктен туған жырлар мен шығыс елдерінің өмірінен алынған қазақ дастандары немесе романдық эпостары /"Бозжігіт", Таһир-Зухра", "Мұңлық-Зарлық", "Жүсіл-Зылиха", "Сейфүлмәлік", "Иранғайып шаһ Ғаббас", "Шәкір-Шәкірат" т.б./. Романдық эпостағы ертегілік, мифтік сарындар. Көркемдік ерекшеліктері, стилі, поэтикалық, тілдік өрнегі. Халық кітаптары /народные книги/ туралы түсінік.
Тарихи жырлар. Жанрлық ерекшеліктері. Батырлар жырымен байланысы. Тарихи оқиғалар мен тарихи жырлардың ара қатысы. Тарихи каһармандық жырлар /"Едіге батыр" т.б./ және олардың полистадиялылығы. Тарихи тұлғалар мен жыр кейіпкерлері /Абылай, Олжабай, Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Досан, Бекет, Жанқожа т.б./. Сюжеті мен тақырыбы. Жоңғар феодалдарына, Қоқан, Хиуа хандықтарына, ішкі қанаушыларға қарсы /"Исатай-Махамбет"/ күрес пен 1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар. ХҮІІ-XX ғасырлар арасындағы тарихи оқиғалардың бейнеленуі. Тарихи жыр /эпос/ пен тарихи өлеңнін /мәселен, "Елім-ай"/ ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тарихи жырдың поэтикасы, композициялық құрылымы.
Діни дастандар. Жанрлық ерекшеліктері. Тарихи негіздері. Батырлық жыр өрнектерінің молдығы /"Дариға қыз", "Зарқұм" т.б./. Тарихи қайраткерлер іс-әрекетінің ерекше әсіреленіп берілуі. Діни дастандардың ислам құндылықтарын таныстыру мен насихаттаудағы, имандылық тағлымын таратудағы мәні. Көркемдік ерекшеліктері.
Әдебиеттер: 1.4. бөлімдегі «Эпостық жырлар.Көне эпос.Батырлар жыры» атты 8-дәрістің жұмыс жоспарында көрсетілді.
№9 практикалық сабақтың тақырыбы: Қаһармандық жырлардағы инициация мәселесі.
Тапсырмалар:
1. Көне эпос.
2. Батырлар жыры.
№9 ОЖМӨЖ тақырыбы: Көне эпостар.
1. Көне эпостың миф, аңыз ертегілермен байланысы.
2. Көркемдік ерекшеліктері. Образдар жүйесі.
№9 МӨЖ тақырыбы: Эпос және дәуір.
1. Жыр, жыршы, жырау.
2. Эпос және тарих.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 126-194 б.
2. Ыбыраев Ш. Қазақ эпосы. – А., 1987.
3. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. – А., 1993.
4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – А., 1987. – 69-246 б.
5. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – А., 1992. – 92-131 б.
6. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. – А., 1958.
7. Бердібаев Р. Эпос – ел қазынасы. – А., 1995.
8. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. – А., 1989.
9. Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық жыры. – А., 1972.
10. Сыдықов Т. Ғасырдың кәусар бұлағы. – А., 1980.
Оныншы апта
№10-дәрістің тақырыбы: Лиро-эпостық жырлар.
Қарастырылатын мәселелер: 1. Лиро-эпостың жанрлық сипаты. 2. Лиро-эпостың жиналуы мен зерттелуі.
3. Ғашықтық жырлардың түрлері.
Лиро-эпос. Жанрлық сипаты. Жиналуы мен зерттелуі. Сюжеті мен тақырыбы. Әдет-ғүрып, салт-сананың лиро-эпос сюжетінен алатын орны, кейіпкерлер тағдырымен сабақтастығы. Әлеуметтік қайшылықтар. Трагедия, оның болу себептері. Образдар жасау ерекшеліктері. Идеализациялау мен даралау /индивидуализация/. Әлеуметтік-тұрмыстық /"Айман-Шолпан"/ және махаббат тақырыбы /"Қозы Көрпеш - Баян сүлу", "Қыз Жібек"/. Көшпелі тұрмыс-тіршіліктен туған жырлар мен шығыс елдерінің өмірінен алынған қазақ дастандары немесе романдық эпостары /"Бозжігіт", Таһир-Зухра", "Мұңлық-Зарлық", "Жүсіл-Зылиха", "Сейфүлмәлік", "Иранғайып шаһ Ғаббас", "Шәкір-Шәкірат" т.б./. Романдық эпостағы ертегілік, мифтік сарындар. Көркемдік ерекшеліктері, стилі, поэтикалық, тілдік өрнегі. Халық кітаптары /народные книги/ туралы түсінік.
Тарихи жырлар. Жанрлық ерекшеліктері. Батырлар жырымен байланысы. Тарихи оқиғалар мен тарихи жырлардың ара қатысы. Тарихи каһармандық жырлар /"Едіге батыр" т.б./ және олардың полистадиялылығы. Тарихи тұлғалар мен жыр кейіпкерлері /Абылай, Олжабай, Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Досан, Бекет, Жанқожа т.б./. Сюжеті мен тақырыбы. Жоңғар феодалдарына, Қоқан, Хиуа хандықтарына, ішкі қанаушыларға қарсы /"Исатай-Махамбет"/ күрес пен 1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар. ХҮІІ-XX ғасырлар арасындағы тарихи оқиғалардың бейнеленуі. Тарихи жыр /эпос/ пен тарихи өлеңнін /мәселен, "Елім-ай"/ ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тарихи жырдың поэтикасы, композициялық құрылымы.
Діни дастандар. Жанрлық ерекшеліктері. Тарихи негіздері. Батырлық жыр өрнектерінің молдығы /"Дариға қыз", "Зарқұм" т.б./. Тарихи қайраткерлер іс-әрекетінің ерекше әсіреленіп берілуі. Діни дастандардың ислам құндылықтарын таныстыру мен насихаттаудағы, имандылық тағлымын таратудағы мәні. Көркемдік ерекшеліктері.
Әдебиеттер: 1.4. бөлімдегі «Эпостық жырлар.Көне эпос.Батырлар жыры» атты 8-дәрістің жұмыс жоспарында көрсетілді.
№10 практикалық сабақтың тақырыбы: Романдық эпостар және онда бейнеленген ұлттық тіршілік.
Тапсырмалар:
1. Орта ғасырлық роман.
2. Қазақ фольклоры дәстүрімен жасалған сюжеттер.
3. Шығыстың ғашықтық тақырыбындағы қисса-дастандар.
4. Тарихи жырлар, ерекшеліктері.
5. Діни дастандар, ерекшеліктері.
№10 ОЖМӨЖ тақырыбы: Лироэпостық жырлар.
Тапсырмалар:
1. Жырлардың көп нұсқалық сипаты, салыстыру.
2. Жырлардың көркемдік ерекшелігі, құрылысы, стилі, тілі.
3. Тарихи жырлар және тарихи өлеңдер.
№10 МӨЖ тақырыбы: Романдық эпос аталу себептері.
Тапсырмалар:
1. Ғашықтық жырлар және театр, кино өнері.
2. Лиро-эпостық жырлардың варианттарына талдау жасау.
3. Тарихи жырларды, діни дастандарды оқу, талдау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 126-194 б.
2. Дүйсенбаев Ы.Т. Эпос және ақындар мұрасы. – А., 1987. – 5-91 б.
3. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. – А., 1993.
4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – А., 1987. – 69-246 б.
5. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – А., 1992. – 47-131 б.
6. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. – А., 1958.
7. Бердібаев Р. Эпос – ел қазынасы. – А., 1995.
8. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. – А., 1989.
9. Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық жыры. – А., 1972.
10. Сыдықов Т. Ғасырдың кәусар бұлағы. – А., 1980.
11. Сейітжанов З. Тарихи эпос. – А., 1994.
12. Бердібаев Р. Абылай асуы // Абылай хан. – А., 1993.
13. Қазақ тарихи жырларының мәселелері. – А., 1979.
14. Хан Кене. А., 1993.
Он бірінші апта
№11-дәрістің тақырыбы: Айтыс.
Қысқартылған мазмұны: 1. «Айтыс» деген атаудың мағынасы. 2. Айтыс жанрының сипаттамасы.
3. Айтыс өнерінің тарихы.
Зерттелу тарихы. Жанрдың сипаттамасы. Айтысты мазмұны мен тақырыбына, түріне қарай жіктеу. Әдет-ғұрыппен, салтпен байланысты айтылатын айтыстар: бәдік, жұмбақ айтыстары. Айтыс үлгісінде орындалатын мал мен иесі, өлі мен тірі, жар-жар, мысал өлеңдерінің осы жанрға қатысы. Салтпен байланысты айтыстардың көне екендігі. Сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс. Жазба айтыс, қыз бен жігіт айтысы /"Біржан мен Сара", "Кеншінбай мен Айсұлу", "Манат қыз бен молда Мүса" т.б./. Айтыстың айрықша дамыған түрі - ақындар айтысы. Атақты ақындар айтысының даралық сипаты, әдебиетке ұласуы /Сүйінбай, Шөже, Кемпірбай, Әсет, Нұржан, Сара, Жамбыл т.б./ айтыстары. Айтыста саяси-әлеуметтік мәселелердің көтерілуі, теңсіздіктің, әділетсіздіктің, қоғамдық кемшіліктердің сыналуы. Айтыстың тамашалық сипаты. Ақындық шеберлік пен тапқырлық. Кеңес дәуіріндегі айтыстардың дамуы, қазіргі даму сипаты.
№11 практикалық сабақтың тақырыбы: Айтыстың бүгіні мен болашағы.
Тапсырмалар:
1. Айтыс өнері.
2. Айтыс жанрының сипаттамасы.
3. Айтыстың түрлері.
№11 ОЖМӨЖ тақырыбы: Айтыс өнерінің эстетикасы.
Тапсырмалар:
1. Айтыс түрлеріне талдау жасау.
2. Кеңес дәуіріндегі айтыстың дамуы.
№10 МӨЖ тақырыбы: Қазіргі айтыстың күнгейі мен көлеңкесі.
Тапсырмалар:
1. Салтпен байланысты айтыстар.
2. Сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 60-64 б.
2. Мұхамбетқалиева Р. Фольклордағы тұрмыс-тіршіліктің этникалық танымы. – Орал, 2001. – 64-83 б.
3. Адамбаев Б. Халық даналығы. – А., 1976.
4. Шешендік сөздер. – А., 1967.
5. Қазақтың би-шешендері. – А., 1993.
Он екінші апта
№12-дәрістің тақырыбы: Балалар фольклоры.
Қарастырылатын мәселелер: 1. Балалар фольклорының ерекшеліктері. 2. Балалар фольклорының жанрлары мен жанрлық түрлері.
3. Идеялық-көркемдік табиғаты.
Балалар фольклорының ерекшеліктері. Идеялық-көркемдік табиғаты, атқаратын қызметі. Халық педагогикасымен байланысы. Балалар фольклорының жанрлары мен жанрлық түрлері.
Бөбектерге арналған өлеңдер: бесік жыры, сәбилік салт жырлары /"Бесікке бөлеу", "Бесікті аластау", "Тұсау кесу", "Өс-өс!" т.б./, уату өлеңдері. Айтылатын мезгілі мен себебі, тақырыбы мен стильдік өрнегі.
Балалардың өзі орындайтын өлең-жырлар: арнау-тілек өлеңдер, сұрамақ, өтірік өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар. Жыл мезгілдеріне, табиғат құбылыстарына /"Күн шыққанда", "Тұманға", "Айға", "Жаңбыр жауғанда", "Күзде", "Қыста", "Жазда", "Желге" т.б./ бағытталып айтылатын арнау-тілек өлеңдеріндегі ескі магиялық түсініктердің көрінісі. Сұрамақ өлеңдерінің танымдық қызметі. Олардағы сұрақ пен жауап. Өтірік өлеңдердің көркемдік шарты. Жаңылтпаш пен мазақтау өлеңдерінің тәрбиелік мәні.
Ойын өлеңдері: санамақ, қаламақ /жеребьевки/. Олардың атқаратын қызметі мен құрылысы. Түрлі ойындардың арасында айтылатын өлең-жырлар /"Соқыр теке", "Ақ сүйек", "Қуыр-қуыр, қуырмаш", "Қалай айтуды білмеймін" т.б./.
Жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік, өтірік өлеңдер мен ертегі, аңыз әңгімелер жанрларының балалар мен үлкендер фольклорына ортақтығы. Балалар фольклорының поэтикасы. Жинақылық /лаконичность/, қарапайымдылық, ойнақылык. Көркемдік бейнелеу құралдары мен тәсілдері.
Әдебиеттер: 1.4. бөлімдегі «Балалар фольклоры» атты 12-дәріс жоспарында көрсетілген.
№12 практикалық сабақтың тақырыбы: Балаларға арнаған үлкендер фольклоры мен баланың өзіндік төл фольклоры.
Тапсырмалар:
1. Бөбектерге арналған өлеңдер.
2. Балалардың өзі орындайтын өлең-жырлар.
3. Ойын өлеңдері.
№12 ОЖМӨЖ тақырыбы: Балалар фольклорының қызметі.
Тапсырмалар:
1. Өлеңдердің танымдық қызметі.
2. Балалар өлеңдеріндегі ескі магиялық түсініктердің көрінісі.
№12 МӨЖ тақырыбы: Балалар фольклорының тәрбиелік мәні.
Тапсырма:
Балалар фольклорының халық педагогикасымен байланысы.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-кітап. – А., 1960.
2. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 2-кітап. – А., 1964.
3. Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 1988.
4. Қазақ фольклорының тарихилығы. – А., 1993.
5. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – А., 1992.
6. Далгат У.Б. Литература и фольклор. М., 1981.
Он үшінші апта
№13-дәрістің тақырыбы: Фольклор мен әдебиет
Қарастырылатын мәселелер: 1. Фольклор мен әдебиеттің туыстастығы.
2. Түркі халықтарына ортақ ежелгі әдебиеттегі фольклордың орны (V-XV ғғ.).
3. XV-XVI ғасырлардағы жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы.
Фольклор мен әдебиеттің бір-бірімен тектес, туыстастығы. Фольклордың әдебиетке, әдебиеттің фольклорга әсері. Өзара байланыс, әдеби-фольклорлық процестердің түрлі деңгейінде, түрлі сипатта болатындығы /халықтығы, идеясы, тақырыбы, жанры, сюжеті, мотиві, көркемдік бейнелеу құралдары мен тәсілдері, образ жүйесі, құрылысы т.б. бойынша/.
Түркі халықтарына ортақ ежелгі әдебиеттегі /Ү-ХҮғғ./ фольклордың рөлі. Мифтер, аңыз-әңгімелер, халық өлеңдері, мақал-мәтелдердің түркі жазба ескерткіштерінен алатын орны. Олардың қолданылу себептері. Орхон-Енисей жазбаларындагы ерлік пафос пен эпостық жырлардың үндестігі. "Қорқыт ата кітабы", "Оғыз наме" т.б. кітаптарда кездесетін қазақтың миф, ертегі, хикая, эпос жырларындағы сюжеттер.
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы. Жыраулар шығармашылығының әдебиеттік және фольклорлық сипаттары. Олардың репертуарларына ұжымдық пен жеке авторлық шығармалардың ортақ болуы. Ауызша айтылуына байланысты бұл дәуірдегі әдебиетте ұқсас қайталаулардың, ортақ көркемдік тәсілдердің кездесетіндігі. Стильдегі формулалық өзгешеліктер. Толғау, арнау өлендерінің фольклорға қатысы. Жыраулар поэзиясында елдің азаттық, бірлік, ерлік үшін күресінің асқақ бейнеленуі.
ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет пен фольклор. Ақындық өнердің өркендеуі. Лирикалық өлендердің қанат жаюы. Терме, толғау, арнау өлеңдеріндегі даралық және ұжымдық белгілер. Әдебиет пен фольклордағы дидактикалық мотивтер, варианттылықтар. Ағартушы-демократтар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарии, А.Құнанбаев шығармашылығындағы фольклордың көрінісі, қолданылу сипаты. Шығыс халықтарының әдебиеті мен фольклорындағы сюжеттердің XIX ғасырда қазақ даласында жазбаша және ауызша таралуы. Қисса-дастандардың кітап болып шығуы /Ж.Шайхсламұлы, Ш.Жеңгірүлы, А.Сабалұлы т.б. шыгармалары/. Ағайынды Каримовтардың жинаушылық, редакторлық, баспагерлік жұмыстары. Айтыс жанрының әдебиетке қатысы. Жазба айтыстың пайда болуы. Мысал жанры.
XX ғасыр басындагы қазақ әдебиетінің фольклормен байланысы. Роман жанрының қалыптасуыңдағы халық прозасының дәстүрі. Мысалдардың өркендеуі. Поэма жанрыңдағы эпикалық үрдіс /И.Дәукебаев "Бекболат батыр", К.Әзірбаев "Әли батыр", О.Шипин "Амангелді", "Торғай соғысы" т.б./.
Қазіргі қазақ әдебиеті және фольклор. 20-30 жылдардағы көркемдік ізденістер мен ауыз әдебиетінің байланысы. Ж.Жабаев, Н.Байғанин, И.Байзақов, К.Әзірбаев шығармашылығында фольклор мен әдебиеттің қанаттас болуы. Халық ақындарына әдебиеттің әсері. Ақын, жазушылар шығармашылығының фольклормен тікелей және жанамалы түрде байланысты болатындығы. Фольклор мен поэмалар /С.Сейфуллин "Көкшетау", М.Жұмабаев "Батыр Баян", "Қорқыт", С.Мұқанов "Сұлушаш", І.Жансүгірів "Күйші" т.б./, лирикалық өлендер. Фольклор мен проза жанрлары /аңыз, ертегі, әпсана, миф сюжеттерін пайдалану/. Ән-өлеңдер. Қазіргі қазақ әдебиетінде фольклор сарынын пайдалану деңгейлері. Мифтік, аңыздық мотивтердің жазба әдебиетте адамзаттық мәні бар идеялар көтеруге жұмсалуы. /"Көшпенділер", "Алтын Орда", "Аңыздың ақыры" т.б./. Фольклоршылық күллі әлем әдебиетін көркейту жолындағы тенденциялардың біріне айналуы.
Әдебиеттер: 1.4. бөлімдегі «Фольклор және әдебиет» атты 13-дәріс сағатында көрсетілген.
№13 практикалық сабақтың тақырыбы: Фольклорды жазба әдебиетте пайдалану.
Тапсырмалар:
1. Түркі халықтарына ортақ ежелгі әдебиеттегі фольклордың орны (V-XV ғғ.).
2. XV-XVI ғасырлардағы жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы.
3. XVIII-XIX ғасырлардағы әдебиет пен фольклор.
4. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің фольклормен байланысы.
№13 МӨЖ тақырыбы: Ұлттық құндылықтар.
Тапсырма:
1.Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларындағы фольклордың көрінісі.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 97-126 б.
2. Мұхамбетқалиева Р. Фольклордағы тұрмыс-тіршіліктің этникалық танымы. – Орал, 2001. – 83-95 б.
3. Әуезов М. Ертегілер // Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т. – А., 1988.
4. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – А., 1984.
5. Қасқабасов С. Казахская волшебная сказка. – А., 1972.
6. Қазақ ертегілері. І, ІІ, ІІІ том. – А., 1965, 1965, 1966.
7. Пропп В.Я. Морфология сказки. – М., 1969.
Он төртінші апта
№14-дәрістің тақырыбы: Қазақ фольклоры және түркі халықтарының ауыз әдебиеті
Қарастырылатын мәселелер: 1. Қазақ ауыз әдебиеті мен түркі халықтары фольклорындағы ұқсастықтар. 2. Тарихи процестердің фольклорға тигізген әсері.
3. Түркі халықтары фольклорының жиналу, зерттелу тарихы.
№14 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазақ фольклоры және алыс-жақын елдердің ауыз әдебиеті.
Тапсырмалар:
1. Ауыз әдебиетінің даму ерекшеліктеріндегі, сюжетіндегі, жанрындағы, қаһармандар жүйесіндегі, поэтикасындағы ұқсастықтар.
2. Мақал-мәтел, жұмбақ жанрларының түркі халықтарының фольклорынан алатын орны.
3. Түркі халықтары фольклорының жиналу, зерттелу тарихы.
№14 ОЖМӨЖ тақырыбы: Түркі тектес туысқан халықтар фольклорымен байланыстыру.
Тапсырмалар:
1. Ауыз әдебиетіндегі шығыстық мотивтер.
2. «Көрұғлы», «Алпамыс», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» т.б. жырлар сюжеттерінің ортақтығы.
№14 МӨЖ тақырыбы: Түркі әлемі және фольклор.
Тапсырма:
Түркология және фольклор.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 97-126 б.
2. Мұхамбетқалиева Р. Фольклордағы тұрмыс-тіршіліктің этникалық танымы. – Орал, 2001. – 83-95 б.
3. Әуезов М. Ертегілер // Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т. – А., 1988.
4. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – А., 1984.
5. Қасқабасов С. Казахская волшебная сказка. – А., 1972.
6. Қазақ ертегілері. І, ІІ, ІІІ том. – А., 1965, 1965, 1966.
7. Пропп В.Я. Морфология сказки. – М., 1969.
Он бесінші апта
№15-дәрістің тақырыбы: Қазақ фольклорының зерттелу тарихы.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Қазақ фольклоры туралы ғылымның XVIII ғасырда қалыптаса бастауы. 2. XIX ғасырда қазақ фольклорының зерттелуі.
Көне дәуірдегі түркі жазба ескерткіштеріңде кездесетін ауыз әдебиеті нұсқалары, пайдаланылу сипаты. Мақал-мәтелдердің, шешендік сөздердің, мысал әңгімелердің, тұрмыс-салт жырларының орта ғасырлық сөздіктер мен антологияларға, дастандарға, шежірелерге /"Лүғат ат-түрк", "Кодекс куманикус"/ ену себептері.
Қазақ фольклоры туралы ғылымның ХҮІІІ ғасырда қалыптаса бастауы. Саяхатшылар мен зсрттеушілер: П.Паллас, Н.Рычков, И.Гиоргидің қазақ фольклоры туралы түжырымдары.
XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ фольклорының этнографиялық бағытта зерттелуі. Жинау, жариялау жұмыстары. Халықтың әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігін жете білу үшін фольклорлық материалдарға арқа сүйеу. Зерттеулердің жолжазба және сипаттама, таныстыру түрінде болуы.
Ш.Уәлихановтың қазақ фольклорын жинау және зерттеу еңбектері. Жырау, жыршы, ақын, бақсы жайында, халық поэзиясының жанрлары мен түрлері туралы XIX ғасырдағы ғалымдардың пікірлері.
В.В.Радловтың, Г.Потаниннің, А.Васильевтің т.б. зерттеушілердің қазақ фольклортану ғылымының дамуына қосқан үлестері. Батыс Европа мен Ресейдегі мифологиялық мектеп, оның қазақ фолъклорын зерттеулерге қатысы.
Г.Потанин - қазақ фольклорын жинаушы әрі зерттеуші. Оның еңбектеріндегі сюжет ауысу теориясының көрінісі. "Тарихи мектептің" қазақ фольклористикасындағы көрінісі.
А.Құнанбаев пен Ы.Алтынсаринның ауыз әдебиетінің тәрбиелік мән-маңызын жоғары бағалауы, фольклор үлгілерінің оқулыққа енуі, жазба әдебиет жанрларын /өлең, көркем қарасөз, көсемсөз/ нәрлендіруі.
XX ғасырдың басындағы қазақ фольклористикасы. Ә.Диваев пен М.Көпеевтің, А.Байтұрсыновтың, Ә.Бөкейхановтың ауыз әдебиеті нұсқаларын жинау, жариялау жұмыстары. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы қазақ фолъклоры туралы ғылымның Ресейдегі алдыңғы қатарлы ой-пікірлермен, түрлі әдеби-фольклорлық зерттеу мектептерімен сабақтас болуы.
Кеңес дәуіріндегі қазақ фолъклористикасының қалыптасу, даму жолдары. Халықтың мәдени, рухани мұраларын игеру туралы 20-30 жылдардағы көзқарастар. Жинау, жариялау, зерттеу, оқулықтар жазу мәселесі /Х.Досмұхамедов т.б./. Зерттеу методологиясының қазақ фольклористикасында игерілуі. Осы жылдардағы ұйымдастыру жұмыстары, кеңестер, қаулы-қарарлар. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, Ә.Марғүлан, М.Ғабдуллин, Н.С.Смирнова, Б.Кенжебаевтардың кеңес дәуіріндегі қазақ фольклористикасын қалыптастыру, өркендету жолындағы ізденістері. Олардың еңбектеріндегі әдебиеттану мен фольклортанудың методологиялық жағынан сабақтастығы. Фольклордан үйренудің, оны әдебиетте пайдаланудың ғылыми шығармашылық проблемаға айналуы. Фольклордың халықтығы мен тарихилығы туралы пікірталастар. Ауыз әдебиетінің спецификалық ерекшеліктерін танымаудың, оларды догматикалық тұрғыдан қараудың зардаптары. 40-50 жылдарда қазақ эпосының асыл ескерткіштерін /"Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Қыз Жібек" т.б./ байшыл-феодалшыл идеология туындысы деп мансұқтаудың орын алғаны.
Қазақ фольклорының пайда болуы, даму жолдары, жанрлары мен түрлері, идеялық-көркемдік ерекшеліктері, шығарушылар мен орындаушылар туралы 60-80-ші жылдарда жазылған еңбектер.
Әдебиеттер: 1.4. бөлімдегі «Қазақ фольклорының зерттелу жайы» атты 15- дәріс сабақтың жоспарында көрсетілді.
№15 практикалық сабақтың тақырыбы: Егемендік алғаннан кейінгі фольклордың зерттелу тарихы.
Тапсырмалар:
1. Қазақ фольклоры туралы ғылымның қалыптаса бастауы.
2. XIX-ХХ ғасырлардағы қазақ фольклорының зерттелуі.
3. Кеңес дәуіріндегі қазақ фольклористикасының қалыптасу, даму жолдары.
№15 ОЖМӨЖ тақырыбы: Фольклор зерттеушілерінің бүгінгі таңдағы жетістіктері.
Тапсырмалар:
1. Зерттеу методологиясының қазақ фольклористикасында игерілуі.
2. Фольклордың халықтығы мен тарихилығы туралы пікірталастар.
№15 МӨЖ тақырыбы: «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы.
Мазмұны:
1. Қазақ фольклорына арналған ғылыми еңбектер мен оқулықтарды талдау.
2. Өтілген тақырыптар бойынша реферат жазу (тақырыптары 1.9 бөлімінде көрсетілген).
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы, 1974.
Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. – Алматы, 1958.
Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-кітап. – Алматы, 1960.
Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 2-кітап. – Алматы, 1964.
Қазақ фольклористикасының тарихы. – Алматы, 1988.
Қазақ фольклорының тарихилығы. – Алматы, 1993.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, Ана тілі, 1991.
Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – Алматы, Қазақ университеті, 1992.
Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті (хрестоматия). – Алматы, 1990.
Тілеужанов М. Ел әдебиеті. – Алматы, Ана тілі, 1992
Емтихан сұрақтары:
Фольклорлық шығармаларды зерттеу мәселесі қай кезеңде қолға алына бастады?
а) ХҮІІІ ғ. І-ші жартысында
b) ХҮІІІ ғ. ІІ-ші жартысында
с) ХІХ ғ. І-ші жартысында
d) ХІХ ғ. ІІ-ші жартысында
Фольклор қай елдің сөзі?
а) неміс
b) ағылшын
c) француз
d) грек
Фольклордағы синкреттілік дегеніміз не?
a) батырларды сөзбен, іспен, ерлікпен сынау
b) соғыс жорықтары аяқталған кездегі жиын
c) халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінуі
d) өзге халықтардан аударылған түрі
Идеализация мен ұлғайтуды фольклорда қалай атайды?
a) эпитет
b) литота
c) символ
d) гипербола
Қазақ халқының ауыз әдебиеті, 1974 жылы шыққан оқулықты кім жазған?
a) Ғ. Мүсірепов
b) Ғ.Мұстафин
c) М.Ғабдуллин
d) С.Мұқанов
Ертегілік емес проза жанрын кім зерттеді?
a) С.Қасқабасов
b) Б.Уахатов
c) Ә.Қоңыратбаев
d) Н.С.Смирнова
“Қазақ фольклорының тарихы” атты оқу құралының авторы кім?
a) М.Әуезов
b) Ә.Қоңыратбаев
c) С.Мұқанов
d) С.Сейфуллин
“Қазақ эпосы” еңбегінің авторы –
a) Б.Адамбаев
b) Ш.Ыбыраев
c) З.Сейітханов
d) О.Нұрмағамбетова
Тасаттық өлеңдері мен рәсімі не үшін пайда болған?
a) табиғаттан жаңбыр тілеу
b) құдайдан бала тілеу
c) алыс сапарға шығардағы жиын
d) соғыс жорықтары аяқталған кездегі жиын
„Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертедегі ерлердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған”, - кімнің сөзі?
a) Ә.Қоңыратбаев
b) Ә.Марғұлан
c) М.Ғабдуллин
d) М.Әуезов
Заманым өтті басымнан,
Дәуренім кетті басымнан.
Бұл не деген іс болды,
Көлінен кеткен құс болдым.
Бұлғақтап жүрген заманым,
Қандай да жерге тұс болдым. – Тұрмыс-салт жырларының қайсысы?
а) сыңсу
b) беташар
c) қоштасу
d) жұбату
Абай Құнанбаев нешінші қара сөзінде қазақтың мақал-мәтелдерін талап, оларға өзіндік пікірлерін білдіреді?
a) 24
b) 9
c) 29
d) 45
От басында бүкір шал
Тірлігіне шүкір шал, – бұл жұмбақтың шешуі қандай?
a) мысық
b) құман
c) иінағаш
d) шалғы
Аяқ-табақ сылдырап
Құрт бергелі жатыр ма?
Аузы-басы жылтырап
Май бергелі жатыр ма ?
Сары аяққа салып бер
Сары майға малып бер, - деген қандай өлең?
a) жарапазан
b) тасаттық
c) бәдік
d) айтыс
Жылама, бикеш, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Ұл боп тусаң әуелден,
Сені мұндай қыла ма? – Тұрмыс-салт жырларының қайсысы?
а) сыңсу
b) жар-жар
c) қоштасу
d) жұбату
Ақсұңқар ұшты ұядан,
Қол жетпейтін қиядан.
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, - Тұрмыс-салт жырларының қайсысы?
a) жоқтау
b) сыңсу
c) қоштасу
d) естірту
Ненің жоқтауы?
Жаралғаннан жасымнан,
Күйіп, жанып сабылдым.
Тартып беру бала үшін,
Үстіме кілем жамылдым.
Көрер күнім бар ма екен?
Мен ботамды сағындым.
a) Бозінген
b) Құба інген
c) Шалқұйрық
d) Қара бура
„... байдың астындағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің наныдай иленейін, тырнадай жұлынайын, бастай үйтілейін”, - деп айтатын кім?
a) Қазыбек
b) Аяз би
c) Алдан Көсе
d) Жиренше
Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып,
Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық.
Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу,
Сөйлескеннен он бойым кетті балқып, - деп кім айтқан?
a) Қазыбек
b) Төле би
c) Едіге би
d) Сырым шешен
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол, - қай би-шешеннің сөзі?
а) Төле би
b) Қазыбек би
c) Бәйдібек би
d) Әйтеке би
Әпсаналық кейіпкер кім?
a) Ескендір
b) Алпамыс
c) Қобыланды
d) Ер Төстік
Қалмақ батыры Орақшымен ноғайлының қай батыры кездесіп еді?
Қалмақтың жері құм еді,
Қырық кісі әскермен
Қарауыл қарап, жол тосып,
Жүрген Орақшы сұм еді.
а) Құттықия
b) Парпария
c) Аңшыбай
d) Нәрік
Қай жырдағы кімнің сөздері?
Менің өзім нашармын
Кілттің аузын ашармын,
Бұл бейнетті көргенше
Шеш қолымды, Қарлыға,
Рұқсат берсең, қашармын.
а) Қобыланды
b) Естеміс
c) Аққозы
d) Қараман
Әкесіне:
Мал бақпаймын мен деді,
Мал соңында жалпылдап
Атқа мініп жүрмеймін
Ындысты іздеп барайын
Соған бір қайрат етейін – дейтін батыр кім?
a) Нұрадын
b) Парпария
c) Қобланды
d) Қосай
Қай жырдан үзінді?
Тоғай толған түйемді
Сары суға тапсырдым,
Желі толған жылқымды
Жасанған жауға тапсырдым.
Қорам толған ақты қой
Аш бөріге тапсырдым.
а) “Қобыланды” жырындағы Қобыланды
b) “Сүйініш батыр” жырындағы Сүйініш
c) “Ер Тарғындағы” Тарғын
d) “Алпамыстағы” Байбөрі бай
Қай батыр дүниеге келе сала тебінгенде өкшесінің тебінген жерінен екі бұлақ пайда болған ?
а) Қази
b) Телшора
c) Аңшыбай
d) Шора
Білейін деп шамаңды,
Алайын деп еліңді,
Сындырам деп беліңді,
Оярмын деп екі көзіңді,
Ағамның айтқанын етпесем,
Өлтіреді өзімді,- деген сөздерді “Қырымның қырық батырында” кім айтқан?
a) Қазы
b) Қарасай
c) Орақ
d) Мамай
Бедеу аттың бестісі-ай
Адамның азбас естісі-ай
Қайда кетіп барасың
Қарағымның артында
Аманат қойған ешкісі-ай, - қай жырдан алынған үзінді?
а) “Көрұғлы” жырынан
b) “Қозы Көрпеш – Баян Сұлудан”
c) “Қамбар батырдан”
d) “Алпамыс” жырынан
Алдымда неше түрлі тұрса да оқ,
Тартынып бұл сапардан қалуым жоқ.
Сұлуын дүниенің жисаң-дағы,
Бір жарымдай болмайды көңліме тоқ, - деген қай жырдан алынған?
а) Ер Тарғын
b) Айман-Шолпан
c) Қыз Жібек
d) Қозы Көрпеш - Баян сұлу
Қосабаның жолында
Құс қонбас құлан жапанда
Жылай-жылай бір жалғыз
Дүниеден өтті дегейсің... деген жолдар қай батырдың сөздері?
а) Аққозы
b) Қарақозы
c) Төлеген
d) Бұқан
„Қыз Жібек” фильмінде Жібек рөлінде ойнаған әртіс кім?
а) Н.Орынбасарова
b) В.Нығматуллина
c) М.Өтекешова
d) К.Бәйсейтова
Базарда теңге болсаң, пұл боларсың,
Қолыңа құрық алсаң, құл боларсың.
Батырдың айтқан сөзі рас болса,
Қолыма су құятын күң боларсың, - деп кім айтқан?
а) Жібек
b) Ақжүніс
c) Шолпан
d) Айман
М.Әуезов қай жырдың сюжеті негізінде 1934 жылы комедия жазды?
а) Айман-Шолпан
b) Қозы Көрпеш-Баян сұлу
c) Қыз Жібек
d) Мақпал қыз
Бұл күнде жиырма жеті жасқа келдім,
Әлі бар жан жолдасым – күрен атым.
Бұл күнде бір ұл, бір қыз перзентім бар,
Сұрасаң біздің жайды, міне осындай. Қай жырдан үзінді?
а) Күлше қыз - Назымбек
b) Құл мен қыз
c) Айман - Шолпан
d) Есім сері - Зылиқа
Қай жырдан үзінді?
Бес жүз қолға бас болып,
Қолыма байрақ ту алып,
Ханның жатқан ордаға
Таң алдында келгенмін.
Ханның жатқан ордаға,
Іркілмей жалғыз енгенмін.
a) Қобланды
b) Бекет батыр
c) Бекболат
d) Жанқожа батыр
„Сұраншы батыр” поэмасының авторы кім?
а) К.Әзірбаев
b) О.Шипин
c) И.Дәукебаев
d) Ж.Жабаев
Алдау түбі – бір тұтам.
Ертең оны көреміз.
Романов жауыз құлады,
Жойылсын деп тілеп ең, - қай шығармадан?
a) Прием
b) Бекет батыр
c) Досан
d) Жанқожа
„Біржан мен Сара” айтысын алғаш баспаға берген адам кім?
a) Мәшһүр Жүсіп Көпеев
b) Кәкітай Ысқақов
c) Жүсіпбек Шайқыисламов
d) Мұхтар Әуезов
Негізгі әдебиеттер:
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы, 1974.
Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. – Алматы, 1958.
Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-кітап. – Алматы, 1960.
Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 2-кітап. – Алматы, 1964.
Қазақ фольклористикасының тарихы. – Алматы, 1988.
Қазақ фольклорының тарихилығы. – Алматы, 1993.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, Ана тілі, 1991.
Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – Алматы, Қазақ университеті, 1992.
Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті (хрестоматия). – Алматы, 1990.
Тілеужанов М. Ел әдебиеті. – Алматы, Ана тілі, 1992.
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделеді: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Қорытынды бағалау мен рейтингті бақылау.
Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4.
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті.
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті.
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті.
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:
№
|
«Фольклор типологиясы» пәні бойынша білімді бағалау кестесі
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
Атпа
|
Жұмыс үшін %
|
Барлығы
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Үй тапсырмасы
|
1
|
15
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Жеке тапсырма (реферат, баяндама)
|
2
|
8
|
|
|
|
+
|
|
|
|
+
|
|
|
+
|
|
|
|
+
|
3
|
Практикалық сабақтардағы белсенділігі
|
0,5
|
7
|
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
4
|
МӨЖ
|
2
|
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
5
|
Р1 + Р2
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Емтихан
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).
Магистрлердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |