Мұғалім арнайы мектептерде математикадан басқа барлық пәндерден үлгеретін
оқушьшардан топ құрастырып, олар мектеп педагогикалық кеңсесінде бекітілген жеке
бағдарлама бойынша оқытылады.
Бұндай окушылар өздерінің мүмкіншіліктеріне қарай оқытылып аттестациядан
өткізіліп, сыныптан сыныпқа көшіріледі.
Әсіресе бірінші сынып бағдарламасын оқытуға көп көңіл бөлінеді (5-ке дейін санау),
егер оқушылар бұл материалды жақсы меңгерсе, оларға 6-дан
10-ға дейінгі сандарды беру керек. Оқушыларды меңгерген білім деңгейінде оқытуды
тоқтатпау керек.
Бағдарламаның негізгі материалдарын қиындықсыз меңгерген жоғары сынып
оқушыларына қосымша материалдар беріледі. Олар 5-сыныптан жоғары бағдарламаның
тақырыбына сәйкес келетін тараулардан алынады.
Математика және кәсіби еңбек циклы пәндерінің пәнаралық байланысында
бағдарлама материалдарының орны (мазмұнын өзгертпей) ауыстырылуы мүмкін.
Дәріс мазмұны бойынша тапсырмалар мен сұрақтар:
1. VIII түрдегі арнайы мектептерде қандай жалпы және арнаулы міндеттер
шешіледі?
2. Пән аралық байланыстарды шешудің жолдары қалайша орындалады?
3. Жалпы білім беретін және арнайы мектеп бағдарламасының салыстырмалы
талдауын жаса.
4. Арнайы мектепте математиканы игеруде пәнаралық байланыстың маңызы
қандай?
Әдебиеттер:
1.Перова Н.М. Методика преподавания математикти во вспомогательной школе.
М., 2001 г.
2.Эк В.В. Обучение математике в младших классах вспомогательной школы.
Просвещение М., 1990.
3.Программы специальной школы 1-2-го вида. Алматы 2002.
4.Программы по математике для коррекционных школ 7-го, 8-го вида. Алматы.,
2002 г.
5.Стабильные учебники математики для вспомогательной школы.
6.Моро М.И., Пышкало А.М. Методика обучения математике в 1-3 классах. М.,
Просвещение, 1998.
7. Сүлейменова Р.А., Елисеева И.Г., Карипжанова Ш.Ж. Б19 Математика. Арнайы
мектепке арналған байқау бағдарламасы. -Алматы, 2004. - 48 бет.
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ
Аннотация Мүмкіндіктері шектеулі балаларға математиканы оқытудың
дайындық кезеңі (уақыт, кезең). Арнайы мектепте математика пәнін оқытудың
дайындық кезеңінің міндеттері. Дайындық кезеңіндегі математика сабағын
ұйымдастыру. Дайындық кезде қолданатын әдістері мен амалдары, көрнекі құрал және
дидактикалық жабдықтар.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі: көлемдік,
сандык, кеңістіктік, уакыттық,
геометриялық фигуралар туралы, салмақтық.
Кілт сөздер: дайындық кезеңі, көрнекі құрал және дидактикалық жабдықтар.
Жоспар: