Типовая программа информатизации регионов



жүктеу 352,5 Kb.
бет2/4
Дата23.11.2018
өлшемі352,5 Kb.
#24157
түріБағдарламасы
1   2   3   4

3. Бағдарламалық-техникалық жарақтау


Облыстық әкімдіктің бөлімшелерінде пайдаланылатын негізгі техникалық құралдар – Celeron, Pentium базасындағы, соның ішінде файл-сервер, сервер қосымшалар мен мәліметтерді мұрағаттау құралдары ретінде пайдаланылатын дербес компьютерлер. Қазіргі уақытта ШҚО әкімі аппаратының ғимаратында 100 Мбит/сек жылдамдықпен ақпарат алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, құрылымдалған жергілікті жүйелерді монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қолда автоматтандырылған АТС бар.

ШҚО мемлекеттік мекемелерінің техникалық толық жарақталғанына қарамастан, қызметкерлердің компьютерлік білімдері деңгейінің төмендігі байқалады.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, қаржы департаментінде, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінде компьютерлік білімдерінің орташа деңгейі анықталды. Бұл бөлімшелерде құжаттармен офистегі бірлескен жұмыс байқалады, бұл электрондық құжат айналымы мен мәліметтерді орталықтандырылған сақтауды тез енгізуге мүмкіндіктер қалыптастырады.

Интернет жүйесіне кіру жалғанатын немесе бөліп шығаратын желілермен жүзеге асырылады, электронды пошта пайдаланылады.

Жергілікті атқарушы органдар бөлімшелері өз жұмысында бухгалтерия мен қоймалық есеп жүргізу және т.б. жұмыстарды автоматтандыратын, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланады.

Облыс әкімдігінде ШҚО әкімі мен Өскемен қаласы әкімдігінің веб-сайты әзірленді.

Өскемен қаласында Интернетке кіретін қоғамдық 3 нүкте жұмыс істейді, 54 оқу орны компьютер сыныптарымен жабдықталған және Интернетке шығу мүмкіндіктері бар. Барлық облыстық және қалалық мемлекеттік органдардың жеке электрондық мекен-жайы бар.

Жергілікті басқаруды ақпараттандыру бөлігінде белгілі бір проблемалар да бар, олар:

- мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық ресурстарына қолжеткізу бөлігінде нормативтік құқықтық базаның жетілмегендігі;

- ақпараттандыру қызметінің болмауы және ақпараттық технологиялар саласында қызметшілердің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі.

Қазіргі уақытта ақпараттық қоғам қалыптастырудағы ең басты факторлардың бірі ретінде ақпараттық теңсіздік деп аталатын кедергіні жою өзекті мәселе болып отыр.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның негізгі мақсаты е-әкімдіктің ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану негізінде жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелеріне халық пен бизнес- құрылымдардың қолжетімділігін ұйымдастыру болып табылады.

Бағдарламаның мақсаттарына жету үшін мынадай міндеттерді шешу керек:



1) жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын реттейтін, тиімді нормативтік және әдіснамалық база құру;

2) жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, шаруашылық субъектілерімен және облыс тұрғындарымен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру;

3) жергілікті атқарушы органдардың базалық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру;

4) жергілікті атқарушы органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту және оған тұрғындар мен бизнес құрылымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

5) ақпараттық теңсіздікті жою және АКТ саласындағы білім деңгейін көтеру жөнінде жұмысты ұйымдастыру;

6) е-үкіметтің базалық инфрақұрылым құрамдас бөліктерін енгізу үшін жағдайлар жасау;

7) е-үкіметтің үлгілік жобалық шешімдерін енгізу базасында жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру;

8) жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін қорғауды қамтамасыз ету;

9) мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдарын және облыс әкімдігінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы мен өзара іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында бірыңғай телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ету, көрсетілетін ақпараттық телекоммуникациялық қызметтердің әр түрлілігін, сапасын және көлемін арттыру.



5. Шығыс Қазақстан облысының

жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық инфрақұрылымын

қалыптастырудың негізгі бағыттары


Бағдарламаны іске асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

1) облыс әкімінің жанында ақпараттық-талдау орталығын құру;

2) облыста ақпараттандыру үдерістерін нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру;

3) облыстың е-әкімдік ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру;

4) облыста е-үкімет инфрақұрылымының базалық және үлгілік құрамдас бөліктерін пайдалану;

5) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық ресурстары мен жүйелерін пайдалану;

6) облыстық әкімдіктің электрондық қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;

7) облыстағы мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.


4. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жанында

ақпараттық-талдау орталығын құру


Бағдарламаны іске асырудың қажетті шарты облыс әкімінің жанында ақпараттық-талдау орталығын құру болып табылады.

Ақпараттық-талдау орталығы:

1) Бағдарламаны тікелей іске асыру үшін әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінен, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарынан қажетті материалдар мен ресурстар алуды және жедел дайындауды талап ету бөлігінде өкілеттілікке ие болу;

2) өңірдегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға жауап беру;

3) Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы әкімдік жанындағы ақпараттандыру жөніндегі Комиссияның алдында мерзімді есеп беру;

4) өз жұмысында пайда болған қиындықтар туралы әкімдік жанындағы ақпараттандыру жөніндегі Коммиссия үшін материалдарды жедел түрде беру керек.

Ақпараттық-талдау орталығының бірінші кезектегі міндеттері:

1) әкімдік, азаматтар мен ұйымдар ақпаратына қажеттіліктерге өңірлік зерттеу жүргізу;

2) ақпараттық ресурстарды ұсыну бойынша әкімшілік және техникалық регламенттерді әзірлеу мен келісу;

3) әкімдіктің ақпараттық-талдау жүйесін құрудың кезеңдің жоспарын әзірлеу мен іске асыру;

4) облыс әкімдігінің ақпараттық жүйесіне жүйелі-техникалық қызмет көрсету болу керек.
5. Шығыс Қазақстан облысындағы ақпараттандыру үдерісін нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру
Бағдарламаны іске асыру үшін облыстық басқару органдарының мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелермен, халықпен және ұйымдармен өзара қарым-қатынасын ақпаратты өндірушілер мен тұтынушылардың және ұйымдардың құқықтық қатынастарын реттеу үшін ақпараттық қамтамасыз етудің тиімді нормативтік құқықтық базасын құру қажет.

Қаралған бағыттағы мақсаттарға жету үшін шешілуі керек негізгі міндеттерге мыналар жатады:

1) өңірлік ақпарат жүйесін әзірлеу, іске асыру, пайдалану және дамыту тәртібін және оның бөліктерін, ақпаратты қорғау саясатын анықтайтын нормативтік құжаттар пакетін қалыптастыру;

2) Интернетте ақпараттық ресурстарды құру, орналастыру мен сақтау және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ұсынылатын ақпараттық ресурстар үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін бекітетін ережелерді әзірлеу;

3) азаматтар мен ұйымдардың электрондық өтініштерінің өту регламенттері есебімен, жергілікті атқарушы органдарда электрондық құжат айналымын реттейтін нормативтік актілер қабылдау;

4) жергілікті атқарушы органдардың орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен ақпараттық өзара іс-қимылын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді белгіленген тәртіпте әзірлеу мен қабылдау;

5) облыстық деңгейде «электрондық үкімет» инфрақұрылымының жүйелік және техникалық құрамдас бөлігін пайдалану және әкімшілік тәртібін регламенттейтін нормативтік-өкімдік құжаттар қабылдау.

Нормативтік құжаттарды әзірлеген кезде негізге республикалық деңгейдегі базалық нормативтік құжаттарды пайдалану керек, соның ішінде:

1) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 14 мамырдағы № 138-139 Заңы;

2) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңы;

3) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-ІІ Заңы;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Электрондық үкімет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы;

5) «Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қазандағы № 1075 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу және Ақпараттық ресурстар ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесі;

7) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысы;

8) «Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің шынайылығын растау жөніндегі лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 202 қаулысы;

9) «Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу және Ақпараттық ресурстар ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қазандағы № 1076 қаулысы және басқалар.
6. «Е-әкімдіктің» ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру.
«Е-үкіметтің» базалық және үлгілік құрамдас бөліктерін пайдалану.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру кезінде Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігімен іске асырылатын, е-үкіметтің базалық және үлгілік құрамдас бөліктерін әзірлеу және олардың бар болуы қажет.

Базалық құрамдас бөліктерге мыналар жатады:

1) байланыстың қолда бар магистральдық арналарын жалдау негізінде іске асырылатын және жергілікті атқарушы органдардың өзара, орталық атқарушы органдармен және олардың аумақтық бөлімшелерімен электрондық ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін облыстың мемлекеттік органдарының бірыңғай көліктік ортасы;

2) авторлықты бірден белгілеу мүмкіндігін және электрондық құжаттар мен хабарлардың тұтастығын қаматамасыз ететін және «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы шеңберінде құрылатын Ұлттық сәйкестендіру жүйелерін тіркеу орталығы;

3) «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Мекен-жай тіркелімі», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» деген жүйе құратын мемлекеттік дерекқорлар;

4) қоғамдық сектордың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын пайдалану базасында, соның ішінде пошта бөлімшелерінде, кітапханаларда құрылатын және облыстың мемлекеттік органдарының тиісті ресурстарына халықтың және ұйымдардың қолжетімділік мүмкіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың ашық ақпараттық ресурстарына қоғамдық қолжетімділік инфрақұрылымы.

Орталық органдардың ақпараттандыру жүйелерімен облыстық атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін бірегейлендіруді және ықпалдастыруды қамтамасыз ету мақсатында е-үкімет инфрақұрылымының үлгілік ақпараттық жүйелерін пайдалану жоспарлануда. Е-үкімет шеңберінде қалыптастатын, осындай үлгілік жүйелерге мыналар жатады:

1) электрондық құжат айналымы - (ЭҚА);

2) әкімшілік-шаруашылық қызметтің ақпараттық жүйесі;

3) Интранет – портал;

4) Интернет – портал.

Әкімдіктер мен оның құрылымдық бөлімшелерінде құжат айналымның технологиялық үдерістерін іске асыруға құжаттарды дайындау және оларды жүйеге енгізу, тіркеу, бөлу мен тарату, редакциялау және түрлендіру, жедел сақтау және мұрағатқа жіберу, іздеу мен қарау, құжаттарды алу және жаңғырту, олардың орындалуын бақылау, қолжетімділікті шектеу, құжаттардан ақпарат алу және оған талдау жасау кіреді.

«Электрондық құжат айналымы» жүйесі басқарудың барлық деңгейінде ақпаратты өңдеудің бірыңғай технологиясын қолданады және ақпараттар ағынын тиімді ұйымдастыруды, ақпараттың қайталануын болдырмауды, оның анықтығын, өзектілігі мен қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Әкімдіктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің әкімшілік-шаруашылық қызметін автоматтандырудың үлгілік ауқымды ақпараттық жүйесінің жоспарланған әзірлемесі, өзіне персоналды басқару, еңбекақы есептеу, облыс бюджетін қаржылық жоспарлау мен мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу міндеттерін ықпалдастырады.

Ақпаратты тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелеріне облыстың мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің регламенттелген қолжетімділігін қамтамасыз ететін, облыс әкімдігінің Интране-порталы іске асырылатын болады.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелеріне халықтың және бизнес-құрылымдардың қолжетімділігін ұйымдастыру Интернет-портпл арқылы жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық ресурстары мен жүйелерін пайдалану.
Облыс аумағында орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері қызмет етеді. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін қалыптастыру кезінде қайталауды болдырмау мақсатында бұл ресурстар базалық ресурстар ретінде пайдаланылады. Осы мақсаттарда осы ақпараттық жүйелерге қолжетімділік және тиісті электрондық өзара іс-қимыл ұйымдастырылатын болады, соның ішінде on-line режимінде. Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық ресурстарына ақпараттық жүйелермен қалыптасатын, ақпараттық ресурстар жатады, олар:

1) ҚР Қаржы министрлігінің салық комитеті;

2) ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті;

3) ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;

4) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

5) ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі;

6) Ауыл шаруашылығы министрлігі;

7) ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі;

8) ҚР Статистика агенттігі;

9) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі;

10) ҚР Ішкі істер министрлігі;

11) ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;

12) ҚР Индустрия және сауда министрлігі;

және оларды іске асыру шаралары бойынша басқа да бірқатарлар.


Әкімдіктің ақпараттық ресурстарын,

жүйелері мен е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру.
Е-әкімдіктің ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

1) жергілікті басқару органдарымен е-қызмет көрсетулерді қалыптастыру;

2) облыстағы жоспарлау мен басқару жүйесін жетілдіру;

3) өңірді дамытумен және жедел басқарумен байланысты әкімдіктегі жұмысты оңтайландыру;

4) тұрғындарға әкімдік ұсынатын ақпараттар көлемін барынша кеңейту;

5) азаматтарға ақпараттық қызметтер көрсетудің оларға аса ыңғайлы түрдегі тиімді жүйесін құру;

6) әкімдіктің, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметіне қоғамдық бьақылау тетігін қалыптастыру бойынша жағдайлар жасау.

Әкімдіктің ақпараттық жүйелерінің электрондық қызмет көрсетулері нәтижесінде азаматтардың өмір сүруінің және облыстағы ұйымдар қызметінің мынадай барлық негізгі саласын қамтау керек:

1) жергілікті нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;

2) энергетика және отын;

3) кәсіпкерлік;

4) ауыл, орман және балық шаруашылығы;

5) құрылыс және қозғалмайтын мүлік;

6) көлік және байланыс;

7) денсаулық сақтау;

8) экономика және сауда;

9) қаржы және салық салу;

10) еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту;

11) қоршаған ортаны қорғау;

12) білім және ғылым;

13) құқықтық тәртіп;

14) коммуналдық сала;

15) мәдениет, спорт және туризм;

16) әлеуметтік сала.

Е-қызмет көрсетулер ретінде бірінші кезекте іске асыруға жататын қызметтер тізбесі 1 қосымшаға сәйкес қарастырылды.

Электрондық қызмет көрсетулер рәсімін іске асыру үшін облыстық әкімдіктің Интернет-порталы әзірленеді және енгізіледі. Сонымен қоса, әкімдіктің электрондық қызмет көрсетулеріне қолжетімділік е-үкіметтің Интернет-порталы арқылы да ұсынылады.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстарын қалыптастыру мынадай үш көздер арқылы жүзеге асырылатын болады:

1) әкімдіктік құрылымдық бөлімшелері;

2) облыстық бағынышты ұйымдар,

3) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері.

Е-әкімдіктің базалық ақпараттық жүйесі пайдалануға бірінші кезекте және кезең-кезеңмен жүргізілетін ақпараттық-талдау жүйесі болады, олар мынадай функциялар мен кіші жүйелер:

1) әкімдік қызметін басқару мен жоспарлау;

2) Интранет портал мен әкімдіктің бөлімшелерін ақпараттық қамтамасыз ету;

3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен отын-энергетика кешенін басқару (коммуналдық төлемдерді, су мен энергетикалық ресурстарды, қоқысты есептеудің кіші жүйесі, ТКШ негізгі қоры жағдайының мониторингісінің кіші жүесі және т.б.);

4) тұрғын үй қорының есебі, тұрғын үй қорынан тұрғын үй емес қорға енгізілген және кері енгізілген объектілер тізілімі, құрылысы аяқталмаған объектілер тізілімі;

5) заңнамаға сәйкес жеңілдікке құқығы бар азаматтар есебі және жергілікті бюджеттен жеңілдіктер беруді бақылау (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жол жүру және т.б.);

6) қала құрылысының қызметі туралы халықты хабардар ету және олардың қала құрылысының проблемалары жөніндегі талқылау мен шешімдер қабылдауға қатысуын қамтамасыз ету;

7) инвесторларды инвестициялық шарттармен құрылыс салуға берілетін жер телімдерінің болуы туралы мәліметтермен хабардар ету;

8) жолаушыларды тасымалдауды бақылау және дамытудың ақпараттық-анықтамалық кіші жүйесі;

9) жергілікті атқарушы органдардың құжаттарын мұрағаттау;

10) басқа кіші жүйелер.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру, электрондық қызмет көрсетуін іске асыруда мыналарға ықпал ететін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді:

1) орталық және жергілікті атқарушы органдарды өңір аумағында тұратын және уақытша келген халықтар туралы өзекті және анық ақпараттармен қамтамасыз етуге;

2) ақпаратқа қолжетімділікке халықтың құқығын іске асуруға;

3) қоғам үшін жергілікті атқарушы органдар ақпаратының ашықтығын арттыруға, олардың өзара іс-қимылының тиімділігін өсіруге және олардың халық пен ұйымдарға көрсететін қызметтерінің сапасын арттыруға;

4) облыстың іскер өмірін жандандыруға.
7. Әкімдіктердің электрондық қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою жөнінде жұмыстар ұйымдастыру
АКТ-ны пайдалануда халықтың түрлі әлеуметтік топтары мүмкіндіктерінің тең болмауы «е-үкіметтің» бастамаларын іске асырудағы негізгі кедергілердің бірі болып табылады.

Осы Бағдарлама шегінде ақпараттық теңсіздікті жою жөнінде іс-шаралар өңделетін болады, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер мен халықты оқыту.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру мақсатында е-әкімдік бойынша, облыс әкімінің электрондық порталымен жұмыс, электрондық құжат айналымын жүргізу бойынша оқу курстарының бағдарламалары әзірленетін болады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдармен электрондық өзара іс-қимылдың ақпараттық технологияларының негізін халықтың оқып-үйренуі үшін өңірлік орталықтар құру жоспарлануда. Халықтың неғұрлым қалың жігіне жергілікті теледидар арналарында компьютерлік сауаттылықтың ТV-сабақтары ұйымдастырылатын болады. Жергілікті БАҚ айдарларында Интернет – сабақтар сериясын жариялау ұйымдастырылады.

Е-қызмет көрсетуге қоғамдық қолжетімділікті дамыту кітапханалар мен «Қазпошта» ААҚ бөлімшелері базасында ақылы, тегін және жеңілдікті негізде, Интернетке қолжетімді сымсыз нүктелер арқылы е-қызмет көрсетуге қоғамдық қолжетімді пункттер желісін құру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

«Ақпараттық теңсіздікті» жою жөніндегі орындалатын іс-шаралар мониторингісін жүзеге асыру мақсатында жүйелі іріктеп әлеуметтік сауалнама жүргізу ұйымдастырылатын болады.


8. Өңірдегі мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету
Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулер ұсынуы ақпаратты қорғау үшін белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын болады, ол ақпараттың жоғары деңгейде қорғалуын және е-қызмет көрсетулерді пайдаланушылардың сенімін қамтамасыз етеді.

Облыстың мемлекеттік органдары инфрақұрылымының сапалы және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік актілерге, тұжырымдама талаптарына және ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкестігіне техникалық құралдар мен бағдарламалық өнімдерді сертификаттау жүргізілетін болады.

Ақпараттық жүйлерді әзірлеуге ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған техникалық тапсырмаларды келісудің бірыңғай тәртібі айқындалатын болады.
9. Бағдарламаны іске асырудың тетіктері мен ұйымдастырушылық қолдау
Бағдарламаның Іс-шаралар жоспарын іске асыруға бақылау жасауды басқару үшін ақпараттық ресурстарды басқаруға, облыста жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар енгізуге жауапты, жоғары атақты әкімдік өкілінің басшылық етуімен (CIO – Chief Information Officer), әкімдік жанында ақпараттандыру жөнінде комиссия құрылатын болады.

Өңірде АКТ қалыптастыру, дамыту және енгізу жөніндегі жұмыстарды тікелей орындаушымен облыс әкімдігі жанында Ақпараттық-талдау орталығы құрылады.

Бағдарламаны іске асыру осы бағдарламаның 8-тармағына сай Іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жыл сайын облыс бюджетінде Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыруға қаражат қарастырылады.

Бағдарламаның жекелеген іс-шараларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері, Бағдарлама бағыттары бойынша жеке құрылымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылатын болады.

Бағдарламаның жекелеген іс-шараларының бастамашылары ретінде негізгі орындаушылар тиісті кезеңдерде техникалық тапсырмаларды және орындалған жұмыстардың актілерін келіседі, жұмыстарды орындаушылардың мүмкін болатын құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді, жұмыстарды орындаушыларды анықтау бойынша конкурстық комиссия жұмысына қатысады.

Өңірде ақпараттық технологияларды дамыту мен қолдау үшін бюджеттен тыс қаражаттарды кеңінен тартуға ықпал ететін тетіктерді құруға айрықша назар аударылатын болады.

Бағдарламаға қатысушыларды нақты үйлестіру мен өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етпей, ақпараттық және кадрлық қамтамасыз етуді қалыптастырмай, сондай-ақ Бағдарламаны қоғамдық қолдамай, Бағдарламаны іске асыру мүмкін емес.

Бағдарламаға қатысушылар мен оның орындаушыларын үйлестіру мен өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етуде мынадай міндеттерді шешу керек:

1) ақпараттандыру бойынша, жұмыстарды жоспарлауды әзірлеу мен мақсатты қаржыландыру тәртібін, қызмет ерекшелігін ескеретін, конкурстық негізде тараптық ұйымдардың жабдықтарды сатып алу мен қызмет көрсетулер тапсырысын алу тәртібін қоса, жұмыстарды басқару тетігін жетілдіру;

2) Бағдарламаны орындау барысы мен нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернет желілерінде кеңінен жариялау бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму проблемалары және оларды облыста, Қазақстанда және басқа да елдерде пайдалану, сондай-ақ қоғамның назарын Бағдарламаға тарту;

3) Бағдарламаны орындау барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мен енгізуді ынталандыратын іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.
6. Бағдарламаны қаржыландыру

Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаржы ресурстарының жалпы көлемі 341,46 млн.теңгені құрайды, соның ішінде жылдар бойынша:




Кезең

Қаржы шығындары

(млн.теңге)






облыстық бюджет

басқа да

көздер


Жиыны

2006 жыл

155,3







2007 жыл

113,41







2008 жыл

72,75







Жиыны

341,46






2006-2007 жылдары Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру шығысы тиісті жылға облыс бюджетін қалыптастыру кезінде анықталады.


жүктеу 352,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау