Типовая форма



жүктеу 71,32 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі71,32 Kb.
#12988
түріКонкурс

«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:


  1. «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ қорғаншылық

және қамқоршылық секторының меңгерушісі

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-3.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 96607 теңгеден 129920 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық қызметтер: Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды айқындау және орналастыру. Бөлімнің «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу», «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру», «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру», «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру», «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы(балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау», «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру», «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын тағайындау», «Бала асырап алуға тілек білдірген тұлғаларды есепке қою», «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметтерді көрсетуін бақылау. Асырап алуға (халықаралық, Қазақстан Республикасы бойынша, екінші рет) құжаттаманы даярлау. Шетел азаматтары санынан бала асырап алуға үміткерлер жайлы деректер картотекасын жүргізу, сотқа құжаттар даярлау. Бала асырап алуға үміткерлерді таңдауда балалар үйімен, Сәби үйімен және қорлар өкілдерімен өзара қатынас жасау жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар жөнінде есеп (жылдық, тоқсан сайынғы) дайындау және тапсыру. Білім бөлімінің кеңестеріне және аппараттық кеңестерге бақылауындағы мәселелер бойынша сұрақтар дайындау. Балалық шақты қорғау бойынша қоғамдық инспекторлармен кеңестер, семинарлар дайындау және өткізу. Олардың қызметін бақылау. Жетім балалар, қамқорлыққа алынған балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қайырымдылық акциялар, Қорғаншы күнінің өткізілуін ұйымдастыру және бақылау. Азаматтарды қабылдау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау, жауап жобаларын дайындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: «Білім» немесе «Құқық» бейіндері бойынша жоғары білім

Тиісті санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкесті салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу.

Осы санаттың лауазымдары бойынша  функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға «Е-R-3» санаты үшін тестілеу бағдарламасына: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік құзыреттерін анықтауға арналған тестілер енгізіледі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:



  1. мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік

органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  1.   осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес

салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  1. мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық,

облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

  1. жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына


орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) бекітілген нысан бойынша өтініш;

2) бекітілген нысан бойынша 3х4 үлгідегі суретпен толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;


4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде Petropavlovsk@sko.kz электрондық поштасы не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күні бұрын кешіктермей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ персоналды басқару қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ персоналды басқару қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті орган болып табылатын Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150008, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 23, «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ, персоналды басқару қызметі, 426-кабинет немесе Petropavlovsk@sko.kz электронды поштасы арқылы немесе құжаттарды қабылдау мерзімінде «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы. Анықтамаларды 8(7152) 50-30-09 телефоны арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
жүктеу 71,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау