Дәрістің жоспары: - Тыныс алу, оның маңызы.
- Тыныс алудың кезеңдері.
- Тыныс алу жүйесі.
- Тыныс алу қозғалыстарының биомеханикасы.
- Өкпенің ауа көлемдері.
- Газдардың қанмен тасымалдануы.
- Өкпе мен ұлпалардағы газдар алмасуы.
- Тыныс алудың реттелуі а) тыныс орталығы, оның орналасуы б) тыныс орталығының тонусы в) тыныстың рефлекстік өзін-өзі реттеуі, тыныс фазаларының алмасу механизмі
Тыныс алу – оттегіні ағзалар мен ұлпаларға жеткізу, оның жасушалардағы тотығу үрдістерінде пайдаланылуы, сондай-ақ организмнен көмір қышқыл газын шығару үрдістерінің жиынтығы. Тыныс алу кезеңдері тыныс алу 5 кезеңнен тұрады: - Сыртқы тыныс алу – өкпенің желденуі, атмосфералық ауа газдарының өкпе альвеолаларына және өкпеден сыртқы ортаға тасымалдануы.
- Өкпедегі газдар алмасуы – альвеола ауасы мен қан арасындағы газдар алмасуы.
3. Газдардың қан арқылы тасымалдануы – оттегінің өкпеден ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан өкпеге тасылуы. 4. Ұлпалардағы газдар алмасуы –оттегінің капиллярлар қанынан ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан қанға диффузиясы. 5. Ұлпалық тыныс алу –жасушалардағы тотығу-тотықсыздану үрдістері. Тыныс алу жүйесі Адамның тыныс алу жүйесіне мыналар кіреді: - Ауа жолдары.
- Өкпе.
- Тыныс бұлшық еттері.
- Тыныс жүйкелері.
- Тыныс орталықтары (ОЖЖ).
Өкпенің морфо-функциялық бірлігі ацинус болып табылады.
Рис 91
Сыртқы тыныс алу көкірек қуысы көлемінің өзгеруі арқасында жүзеге асады. Өкпе оның соңынан дем алғанда кеңейіп (инспирация) және дем шығарғанда (экспирация) тарылып пассивті түрде ілесіп отырады. Негізгі инспирация еттері: - Көкет.
- Сыртқы қабырға аралық еттер.
- Шеміршек аралық еттер.
Қосымша:
- Тіс тәрізді еттер.
- Көкірек-бұғана-емізік еттері.
- Трапеция тәрізді еттер.
- Үлкен және кіші көкірек еттері.
Негізгі инспирация еттерінің жиырылуы нәтижесінде көкірек қуысының көлемі фронталдық, сагиталдық және вертикал бағытта ұлғаяды.
Осылайша, дем алу – белсенді үрдіс.
Жай дем шығару пассивті жүреді, инспирация еттері босаңсиды, көкірек қуысы тарылады. Белсенді дем шығаруда экспирация еттері қатысады:
- Құрсақ еттері (ішкі және сыртқы қиғаш, тік және көлденең құрсақ еттері).
- Ішкі қабырға аралық еттер.
Достарыңызбен бөлісу: |