Шығарылатын
|
16-16.5%
|
3.5-4%
|
79.5%
|
Альвеолалық
|
14-14,5%
|
5,5-6%
|
80,5%
| Өкпедегі газдар алмасуы сол газдардың альвеола ауасындағы меншікті қысымы мен олардың қандағы кернеуінің айырмашылығы нәтижесінде диффузия жолымен жүзеге асады. Өкпедегі газдар алмасуы сол газдардың альвеола ауасындағы меншікті қысымы мен олардың қандағы кернеуінің айырмашылығы нәтижесінде диффузия жолымен жүзеге асады.
Газдардың меншікті қысымы мен кернеуі (мм с.б.)
Газдар
|
Альвеол. ауа
|
Веналық қан
|
Артериалық қан
|
Ұлпааралық сұйықтық
|
О2
|
100-110
|
40
|
~100
|
20-40
|
СО2
|
40
|
46
|
40
|
60
| Газдардың қанмен тасымалдану түрлері: - Физикалық еріген түрде.
- Химиялық қосылыстар түрінде.
Оттегінің қанмен тасымалдануы Физикалық еріген жағдайда оттегінің ~1%-ы тасымалданады. О2 негізгі бөлігі эритроцит Hb-імен қосылыс түрінде тасымалданады. 1г Hb 1,34-1,36 мл О2-ні байланыстыра алады. Hb-нің оксигемоглобинге айналуы еріген оттегінің кернеуімен анықталады және HbО2 диссоциациасының қисығымен көрсетіледі, оны Баркфот зерттеген
Қанның оттегіге сыйымдылығы О2-нің 100 қанмен байланыса алатын ең үлкен мөлшері, 18-20 мл немесе 180-200 мл/л.
СО2-нің қанмен тасымалдануы Еріген жағдайда 2,5-3 об% тасымалданады. Көмір қышқылының тұздары түрінде 48-51об%. Карбгемоглобин түрінде – 4-5 об%. НСО3 иондары –плазмада Na бикарбонатын – NaHCO3 в эритроциттерде КНСО3 түзеді. СО2 тасымалдану механизмінде эритроциттер карбоангидразасының маңызы зор, ол көмір қышқыл газын СО2 және Н2О-ға ыдыратады, СО2 альвеола ауасына өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |