Тындалды: Бірінші сұрақ бойынша доәіжо а. Бөртебаева сөйледі



жүктеу 29,21 Kb.
бет3/12
Дата11.01.2022
өлшемі29,21 Kb.
#32357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ӘК1

Жоғары санатты мұғалімдер саны - 20 /21,0 %/, бірінші санатты мұғалімдер саны-34 / 35,0%/, екінші санатты мұғалімдер саны-26 / 27,0 %/, санаты жоқ мұғалімдер саны – 17 /17,5 %/, яғни санаты бар мұғалімдер саны-80.

Аттестаттаудың жаңа ережесі бойынша 6 ұстаз педагог-зерттеуші, 2 мұғалім педагог-сарапшы, 3 мұғалім педагог-модератор біліктілік санатына ие болды. Мектепте 57 мұғалім жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен Жоғары санатты география пәні мұғалімі З.Войцеховская «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының аудандық кезеңінде І орынды иеленіп , 10 қазанда өткен байқаудың облыстық кезеңінде Алғыс хатпен марапатталды.

1-2 желтоқсан 2018 жылы Алматы қаласында өткен «Математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің ҮІ халықаралық шығармашылық байқауына» математика пәндерінің мұғалімдері Батыршаева Д.С., Бейсбаева Ж.К. қатысып сертификат алды. 11.12 өткен «Педагогикалық тандем» байқауына дене шынықтыру пәнінің жас маманы Тұрдалы Бегалы тәлімгері Алимжанов Нұрсейітпен бірге қатысып, Алғыс Хатқа ие болды

Қараша айында жас мамандарға арналған аудандық «Педагогикалық дебют» байқауына Алимжанова Б.М қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді.

Құқық пәні мұғалімі Жұмабекова Анар желтоқсан айында Талдықорған қаласында «Қазіргі замандағы діни ахуал және зайырлы мемлекеттегі дінтанушылардың рөлі» тақырыбында өтілген пікірталасқа қатысып дипломмен және сертификатпен марапатталды.

Аудандық «Ең үздік әдістемелік бірлестік – 2019» байқауына қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ 3-орынды иеленді . Ақпан айында аудандық «Ең үздік қысқа мерзімді жоспар -2019» сырттай байқауына 19 мұғалім қатысып, нәтижесінде 10 мұғалімнің сабақ жоспарлары орындарға ие болды.Фазылова Т.М. Bilimland сайтында «Учитель новатор» онлайн байқауына қатысып «ИКТ на уроке» номинациясын иеленді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік эссе»аудандық байқауында А.Мусаева «Ізденімпаз мұғалім»номинациясын иеленіп, білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Аудандық «Жылдың үздік мұғалімі -2019» байқауына қатысқан бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі Өктябров Ө 2- орын иегері дипломымен марапатталды.

12 наурызда өткен мектепішілік «Жылдың үздік мұғалімі» байқауына 4 мұғалім қатысты. Байқау қорытындысында математика пәні мұғалімі Ж.Бейсбаева- І орын,биология пәнінің мұғалімі А.Сайлауова- ІІ орын,орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.Байшымырова- ІІІ орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Мусаева «Ізденімпаз мұғалім» номинациясын иеленді Дене шынықтыру мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіптік өсуіне ықпал ету, осы мамандық мұғалім еңбегінің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген « Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2019» аудандық байқауында екінші санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі Дархан Сапаралиев бірінші орынға ие болды.

Білім беру саласы қызметкерлерінен талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін жетік меңгерген кәсіби білікті шет тілі пәнінің мұғалімін анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік инновациялық шет тілі сабағы» сырттай байқауының аудандық кезеңіне қатысқан бірінші санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Азимбаева бірінші орын, екінші санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі К.Курагулова үшінші орын иеленді.

Бірінші санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Азимбаева байқаудың облыстық кезеңінде екінші орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын география пәнінің мұғалімдерін анықтау, қолдау көрсету және олардың кәсіби дамуын, жаңашыл тәсілін жинақтап, тарату мақсатында ұйымдастырылған «Үздік география пәні мұғалімі» сырттай байқауының аудандық кезеңіне қатысқан жоғары санатты география пәні мұғалімі З.Войцеховская бірінші орынды иеленіп , жұмысы байқаудың облыстық кезеңіне жіберілді.

«Замануи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбындағы облыстық үздік сабақтар фестивалінде ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Мыркасымова І орынды иеленді.

Аудандық «Үздік педагог-2019» байқауынан бірінші санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Азимбаева, «Үздік логопед-2019»байқауынан А.Мамышова 2-орын иеленді. «Биология, химия пәні мұғалімдерінің білім мазмұнын жаңарту жағдайында ҚМЖ-ны жоспарлау ерекшеліктері» тақырыбында өткен аудандық педоқуда «Химия пәні мұғалімдерінің білім мазмұнын жаңарту жағдайында ҚМЖ-ны жоспарлау ерекшеліктері» тақырыбында ұсынған баяндамасы үшін жоғары санатты биология-химия пәндерінің мұғалімі А.Бөртебаева бірінші орынға ие болды.

Информатика пәнінің мұғалімі А.Сейдахметованың «Ustaz.info” сайтына жұмыстары жарияланып, «Алғыс хат», «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Математика пәнінің мұғалімі Б.Култаеваның «Ұстаз – мектеп тірегі» республикалық ғылыми – әдістемелік журналға(№2 желтоқсан 2018) «Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау» тақырыбында мақаласы шықты.

Республикалық «Ұстаз – мектеп тірегі» ғылыми әдістемелік журналына ең үздік сабақ жоспарларын жариялағандағы үшін Култаева Б.Д. «Дипломмен» марапатталды Математика пәнінің мұғалімі Ж.Бейсбаеваның «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім сапасын арттыру жолдары» жинаққа (2018) «Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу» тақырыбындағы сабағы шықты.

Информатика пәнінің мұғалімі Э Рахимованың Ziatker.kz порталына «Опасность интернета» мақаласы жарияланып, сертификат және Алғыс хат берілді.

Республикалық «Ұстаз – мектеп тірегі»ғылыми-әдістемелік.журналына А. Манжигулованың мақаласы, республикалық «Болашағың –ана тіл» ғылыми-әдістемелік журналына / №1/ А.Мусаеваның «Денсаулыққа зиян тағамдар» қысқа мерзімді сабақ жоспары жарияланды.

Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық «Білім әлемі» басылымының «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналына Г. Тустикбаеваның «Әке көрген оқ жонар...» , «Математика және физика» журналына Ж.Бейсбаеваның «Жиындар арасындағы қатынастар. Ішкі жиын» тақырыптарындағы қысқа мерзімді сабақ жоспарлары , «Орыстілі мен әдебиеті» журналына А.Жатебаеваның « Сложносочиненное предложение» тақырыбындағы сабағы жарияланып, аталған мұғалімдер редакцияның Алғыс хаты, Құрмет грамотасы және дипломымен марапатталды. А. Сайлауованың « Салауатты өмір негізі», «Адалдық адамдықтың белгісі», «Жүрек және қан тамырлар жұмысының ретелуі », « Өсімдік және жануар жасушасы» тақырыбындағы сабақтары және авторлық бағдарламалары Ziatker.kz-Қазақстан Республикасының Білім және ғылым порталында жарияланды


жүктеу 29,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау