Тіл ¤нері дертпен тењ…



жүктеу 1,13 Mb.
бет6/6
Дата19.11.2018
өлшемі1,13 Mb.
#21080
1   2   3   4   5   6

Дерек пен дәйек

… Өзбекстанда 90-жылдарға дейін 1200 қазақ мектебі болған екен. Қазір содан қалғаны 262 мектеп қана. Былтырға дейін 575 мектеп болса, қазір солардың көбі аралас мектепке айналып кеткен.


«Түркістан»

(02.06.05).
Ескерту: Газетке осы ақпаратты беруші Ташкент қазақ-мәдени орталығының төрағасы М.Бәкірдің айтуына қарағанда, Өзбекстан қазақ мектептерін әдейі жауып тастап жатқан жоқ. Тек қазақ мектебін бітірген бала жоғары оқу орнына түсу үшін қиналады. Өйткені тесттің бәрі өзбек тілінде. Сондықтан ата-аналар балаларын өзбек мектептеріне беруге мәжбүр. Мәдениетті мәжбүрлеу деген осы.
* * *
1 миллионға жуық қазақ өмір сүретін… Ресейде бірде-бір қазақ мектебі жоқ… Қазақ теледидарларын да көре алмайды.

… Омбы облысының өзінде 100 мыңға жуық қазақ бар. Олар қазақ тілін тек факультативті сабақ ретінде үйрете алады.

Ескерту: Омбы облыстық «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының төрайымы Алтынай Жүнісова Ақмола облыстық «Көкшетау» газетінің қосымшасы ретінде «Омбы үні» деген газет шығарғандарын, оларды Ресей кеденшілерінің «бұл орыс тіліне аударылсын, онда не жазылғанын білмейміз ғой» деп кері қайтарып жібергенін күйіне айтады.

Осы ретте Ресейден ағылып жатқан миллиондаған газет-журналды біздің кеден тексермек түгілі, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне зияны тиер неше түрлі мақалалары бар газеттерге де көз жұма қарайды. Ал Ресей кеденшілері аса сақ. Бізге олардан үйрену керек-ақ.
* * *
… Бүгінгі таңда 2 миллионнан астам қазақ өз бабасы мен анасының тілінде оқи да, жаза да алмайды. Бұл – біздің бүгінгі ұлттық қасіретіміз.
* * *
… Республиканың бас қаласы – Астанадағы 49 мектептің 49-ы орыс тілінде, 14 министрлік іс қағаздарын түгелдей дерлік орыс тілінде жүргізіп отыр. Балабақшалардың жайы да сын көтермейді. Егер 1996 жылға дейін елімізде 1100 қазақ балабақшасы болса, бүгінде 200-дейі қалған.

* * *

…Бүкіл Астана қаласында республикалық газет-журналдар үш-төрт-ақ жерде сатылады екен. Негізінен бас пошта үйінде, теміржол вокзалы мен әуежай ғимараттарында…


Мұхтар Шаханов,

Мәжіліс депутаты.

* * *
… Елімізде 1860 жылы қазақтар халықтың 92 пайызын құраса, 1967 жылы 29 пайызға құлдырады.
«Жас Алаш», 21.10.03.

* * *
... Дәл қазір орыс мектептерінде жарты миллион қазақ бүлдіршіндері оқып жатыр. Тек Алматы қаласында 369 балабақша болса, соның 30-ы ғана қазақ тілді балабақша екен. Осы қарқынмен жүре берсек, енді 10 жылда Қазақстандағы орыс тілділер үлесі қазақ тілділерден басым түсуі мүмкін.

Тілдік иммунитеті жоқ халықтың ұлттық иммунитеті қайдан болсын.
Смағұл Елубай,

жазушы, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық

қозғалысы төрағасының бірінші орынбасары

(«Астана хабары», 30.09.06).

* * *
... Емдеу ісі мамандығының қазақ бөліміне қабылданған ең соңғы талапкердің емтиханда жинаған балы 77 екен. Ал орыс бөліміне қабылданғандардың ең соңғысының көрсеткіші 52. Яғни екі бөлімдегі конкурстың айырмашылығы тура 25 балл. Конкурс кезінде бұл ұшан-теңіз, бір-бірінен аспан мен жердей айырмашылығы бар көрсеткіш. Соның салдарынан қазақ бөліміне түскісі келген жастардың 70 балл жинағандары да оқуға түсе алмай бос қалған, ал орыс бөліміне ең төменгі 50 балдан сәл артық жинағандар еш кедергісіз қабылдана берген. Сонда қалай, қазақша жақсы оқып, 70 балл жинаған талапкерден гөрі орысша орташа оқып, 50 балл жинаған адам болашақта әлдеқайда жақсы дәрігер бола ма?

Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру мамандығы бойынша қабылдауда қазақ бөліміне конкурстан өту 95 балмен аяқталса, ал орыс бөлімінде бұдан 24 балл кем, яғни 71 балл жинағандар оқуға түскен.

Өңдеу өндірісінің технологиясы мамандығы бойынша қазақ бөліміне түскендер 70 балмен әрең өтсе, орыс бөліміндегілер 50 балмен де қабылдана берген. Яғни бұл мамандық бойынша орыс бөлімінде ешқандай конкурс болмаған.

Авиациялық техника және технологиялар мамандығын игергісі келген қазақ бөлімінің 75 балдан кем жинаған талапкерлері мемлекеттік гранттан үміт үзсе, ал орыс бөлімінде 52-ақ балмен студент атанған.

Ең қиын конкурстардың бірі – мұнай, газ ісі мамандықтары бойынша болған. Мұнда қазақ бөліміне түскендердің ең нашары 90 балл алса, ал орыс бөлімінде олардан бақандай 28 балл кем жинағандар да мемлекет есебінен оқу мүмкіндігіне қол жеткізген.

Қазақ бөлімі мен орыс бөліміне қабылданғандардың білім көрсеткішіндегі бұл сияқты айырмашылықтар тізімнің басынан аяғына дейін өріп жүр.

... Орысша оқығандар қазақша оқығандардан 20-30 балл кем жинаса да оқуға түсе берсе, онда жұрт қазақшадан безініп, балаларын орыс мектептеріне қайта сүйрейді.

... Ал сонда қазақ тілін өркендетейік, ана тілінде оқитын мектептерді көбейтейік деп жүрген әңгімеміз қайда қалады?!


Сұлтанәлі Балғабаев,

жазушы

(«Егемен Қазақстан», 20.09.06).
* * *
... Қазақстандық әрбір азаматқа лайықты еңбекақы алу үшін алдымен ағылшын, сондай-ақ басқа да тілдерді білу талабының көлденең тұратындығы. Ал мемлекеттік тілге нарықтық өндірісте, жоғарғы еңбекақылы салада сұраныс та жоқ.

... Мемлекеттік тіл кең көлемде қолданылады деген білім беру, мәдениет, мемлекеттік қызмет органдары салалары қызметкерлерінің орташа еңбекақысы мен мемлекеттік тіл көп қолданбайтын өндіріс, қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жалақысын салыстырып көрелік:

Мәдениетте – 20600 теңге

Білім беруде – 24100 теңге

Мемлекеттік басқаруда – 32200 теңге

Құрылыста – 72200 теңге

Қонақүй мен мейрамханаларда – 85900 теңге

Көлік пен байланыста – 76300 теңге

Қаржылық қызметте – 68700 теңге

Мұнайгаз кешенінде – 129000 теңге

Жылжымайтын мүлік операцияларын жүзеге асыру, кәсіпорындарға қызмет көрсету, жалға беру мекемелерінде – 148100 теңге.

Айырмашылық жер мен көктей. Адам қайда ұмтылады? Әрине, ақшасы бар жерге.


Хабибулла Қуанышқали,

Атырау облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы

(«Ана тілі», 22.06.06).
* * *
Мына дерекке қараңыз: еліміздің жоғары оқу орындарының кітапханаларында 24,4 миллион дана кітап болса, оның 20,4 миллионы (85 пайызы) орыс тілінде. Ал қазақ тілінде 3,4 миллион дана. Сонда әрбір қазақ бөлімінің студентіне 13,5 оқулықтан ғана келеді екен.
Рахымжан Елешов,

академик

(«Егемен Қазақстан», 13.12.06).

Сауалнама
Тіл беделі қайтсе артады?
Ерден Қажыбек, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы:

- Әлі де болса, тіл заңын орындау тетіктерін толық пайдалануымыз қажет. Аз болса да, тіл дамыту саласында нақты істер атқарып, бірізділікті сақтағанымыз дұрыс. Сондықтан айтатын тағы бір тілек: тіл дамыту мәселесі – тек бір мекеменің, не жеке азаматтардың ғана ісі емес. Сондықтан үлкенді-кішілі болып, жастарымыз бен зиялыларымыз, ғалымдарымыз бен көзі ашық азаматтарымыздың барлығы осы ұлы іске атсалысқаны абзал дер едім.



Кенжехан Матыжанов, Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының бастығы:

- ... «Тіл туралы» заңның 7-бабында: «Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады» деп жазылған. Бұл жерде «кедергі келтіретін лауазымды адамдар» деген тіркесті «жағдай туғызбаған лауазымды адамдар» деп жазған жөн болар еді. Себебі осының алдындағы 6-бапта «Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды» деп жазылған. Лауазымды адамдардың жауапкершілігі осыған келіп саймай ма? Оның үстіне тілге қарсы ашық «кедергі келтіріп» отырған адам жоқ. Тілді дамытуға жағдай туғызатындай әрекет жасалмаса, кедергіні қайдан жасайды?!

... Ал заңға солай деп жазған күннің өзінде ондайларға қолданылатын шаралардың түрі Қазақстан Республикасының ешбір заңында көрсетілмеген. Дәл осындай пікірді... Заңның «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың, кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады» деп келетін 24-бапқа қатысты да айтуға болады. Алғашқы Тіл заңының қабылданғаннан бергі 17 жылдық тарихында осы баптар бойынша жауапқа тартылған бірде-бір адам жоқ.ндайларғы йларғы салмаса, кедергіні қайдан жасайды?!өнінде қамқорлық жасайдыелтіретін лауазымды адамдардың Заңда мұндай дүдәмал туғызатын баптар өте көп. Демек мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің заңдылық негізі бүгінгі заман талабын қанағаттандырмайды деуге әбден болады.
Өмірзақ Айтбайұлы, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы:

- Біріншіден, Елбасымыз Н.Назарбаев қол қойып заңдастырған Мемлекеттік тіл туралы құжаттарды әрі қарай іске қосуға міндетті билік басындағы бауырларымыздың салғырттығынан. Мұны олардың ұлттық намысы мен ұлттық санасының төмендігімен байланыстыруға болады. Яғни олардың көбінің ұлт мүддесін қолдау жағы кемшін.

Екіншіден, 70 жыл бойы жоспарлы түрде жүргізіліп келген орыстақы тәрбие құрсауынан әлі күнге құтыла алмай отырғандығымыздан.

Үшіншіден, соңғы кездегі ағылшын тіліне деген бетбұрыс тағы да қазақ тілінің болашағына деген сенімнен айырып барады. Мемлекеттік тілдің мәселесін Үкімет үнемі қадағалап, жүйелі жұмыс жүргізгенде ғана бұл дерттен құтылуымыз әбден мүмкін.


Сейітжапар Арпабеков, Алматы қаласының тұрғыны:

- Біріншіден, қазақ тілін үйден, балабақшадан, мектептен, оқу орындарынан бастау керек екендігін құр айта бермей, талап етуіміз керек. Тек сабақ беру сағатын көбейтіп қана қою аз. Барлық деңгейдегі қазақ тілі пәнінің оқытушыларын сараптаудан өткізіп, сыныптап, соған қарай жалақыларын көбейту қажет...

Екіншіден, жастардың, әсіресе, орыстілді жастардың көкірегіндегі «Мен қазақпын» деген ұйықтап жатқан сезімді ояту қажет. Ол үшін тек қазақ ақпарат құралдарында ғана емес, орыстілді газеттерде, теледидар бағдарламаларында қазақ тілі туралы, оның мемлекет өміріндегі болашағы мен өмірі туралы, отаншылдық туралы ой тастайтын арнаулы орыс тіліндегі бағдарламалар жүргізу керек. Біз қазақ тілін біл деп, қазақша білетін қазақтарды ғана үгіттеп жатырмыз. Көз жасымызды көл етіп айтып, жазып жатқанымызды орыстілді жастарымыз, қандастарымыз естімейді, білмейді. Мысалы, қандай орыстілді ақпарат құралы қазақ тілінің қолданыс жағдайын көтеріп отыр. Сондықтан арнайы орыстілді газет шығару керек.

Үшіншіден, заңдарға тезірек... толықтырулар енгізілсе. Қазақ тілін меңгермеген адам мемлекеттік іске жоламауы керек. Мұндай талап қойсақ, талантты балаларымызды жоғалтып аламыз деп сылтау айтушылар табылады. Егер бала ондай талантты болса, оған қазақ тілін меңгеру түкке де тұрмас (рас сөз, кезінде орыс тілін білмейтін талантты қазақ балалары қажеттілікке байланысты сол бір тегі де, түбі де бөтен, түркі тілдерінің біріне де жанаспайтын бұл тілді үйреніп қана қоймай, бүгінде орыстардың өздеріне үлгі болып, үлкен лауазымдарда отыр емес пе – Д.Д.), себебі әкесі қазақ, шешесі қазақ болса, не қиыншылық бар. Балаларымызды соған баулиық та одан да!

Сөзіміз көп, нақты іс-әрекетіміз мардымсыз. Жалтақтауымыз, жалпақшешейлігіміз басым. Соның әсерінен қазақша білмейтін қазақ балаларының саны күннен күнге көбеюде. Ертең оларды қазақшаға қалай үйретеміз?
«Ана тілі», 21.09.06.

________________

2-бөлім
Бұрыс сөздер
Сорақы байлам
Посткеңестік елдерде орыс тілінің

«мәртебесі түсіп» кетіпті-мыс
Ресей бүкіл посткеңестік елдерде орыс тіліне ресми мәртебе алып беруге атсалысады. Сыртқы істер министрлігі шетелдерде, оның ішінде, жақын шетелдерде орыс тілінің абыройын арттыруға күш салады.

ТМД елдері көлемінде орыс тіліне қысым көрсетіп, ұлттық тілге көшу басталған. Орыс мектептерін жауып, білім беру саласында және қоғамдық жерлерде орыс тілін қолану аясы тарылуда. Орыс тілінде таралатын теле және радиохабарлар азайып, орыс тіліндегі әдебиет қолданыстан бірте-бірте шыға бастады. Орыс тілін қолдану – шетелде жүрген отандастарды қолдау.

Осы мақсатта 2003 жылы 210 миллион рубль бөлінді. Қаржы ТМД елдеріне орыс тіліндегі оқулықтар мен мұғалімдердің білімін жетілдіруге жұмсалады.
Эленора Митрофанова,

Ресей Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

(«Жас Алаш», 30.09.03).
Масқара!
Қазақ тілі адамдардың өзара пікір алысу ролін атқара алмайды. Өйткені бұл тіл – көшпенділер тілі. Бұл тілде мәдениетті кісілер сөйлесе алмайды. Өйткені олардың ойларын жеткізу үшін бұл тілдің сөз қоры тапшы, жетпейді.
Нұрболат Масанов,

саясаткер

(«Ана тілі», 01.06.00).
* * *

Қазақ тілінде мемлекеттік іс жүргізер болсақ, қаншама оқулық, көрнекі құрал қажет болады. Оны жасайтын елде ақша да, интеллектуал да жоқ. Сондықтан да дұрысы қазақ тілін өлтіре салу.


Нұрболат Масанов,

саясаткер

(«Астана хабары», 30.09.06).
* * *
Русский язык для казахстанских властей такой же занозой, как для президента Путина – российское НТВ. Это отношение вскрывает политически похотливые желания властей, и именно на нем казахстанская оппозиция более эффективно борется с дальнейшей автократизацией режима.

Что касается собственно казахов, ради которых прежде всего вроде был и затеян весь этот сыр-бор с государственной Программой развития языков (читай, только казахского языка!), то сними произошло то, чего не ожидали чиновники: они с головой ринулись в русский язык. И причина этого – социально-экономических основаниях повседневной жизни.


Казус Тогузбаев

(«Мегаполис», 07.03.01).
* * *
Перегибы в языковой политике чреваты. Возьмем, например, Кызылорду. Там уже давно действует схема, за которую ратуют по всей стране ярые сторонники казахского языка. На нем проводятся официальные и не официальные совещщания, все мероприятия. Подписка на русскоязычные издания – мизерная. Делопроизводство – на казахском. И что произошло? Выросло молодое поколение – очень продвинутое, умное, хорошо одетое, но обсолютно не знающее русского языка, лишившееся огромного пласта культуры. То есть, приобретя одно, оно потеряло другое. Где востребован сегодня специалист без английского языка? А кому нужен специалист русского языка?
Нұрлан Ерімбетов

(«Түркістан», 02.06.05).
* * *

Олжас Сүлейменов, ақын:


Вот это поспешность, это растерянность… не понимаю, как можно делопроизводство Алма-Аты с 1 января… на казахский язык?

Если это закон, то, это антиказахстанский закон! … Есть такие законы, которые на пользу республике. А есть – во вред, которые взрывают… этот закон, как «Бикфордов шнур», который взрывает просто-напросто. Поэтому очень деликатно, очень осторожно вот к этой области языковых отношений надо подходить… Я думаю, Национальная комиссия об этом скажет, безусловно, в своих выводах… после встречи 15-ти регионов республики. И эти выводы предложим рассмотреть Президенту.


(«Ана тілі», 22.09.05).
* * *
Қазақ тіліне асықпау керек. Өзінің реті келеді, сонда бола жатады.
(«Заң газеті», 05.10.05).
* * *
Что касается предложений решительно перевести делопроизводство по всей республике на казахский, в Мажилисе выступать только на казахском и даже лишить гражданства тех, кто не успел изучить казахский, их авторы могут, сами того не сознавая, нанести непоправимый вред и языку и своему народу.
(«Аргументы и факты»,

7, 2005 г.)


* * *
Есть люди, которые считают язык единственным критерием национальной принадлежности. Не знаешь казахского – ты не казах. Чуть ли не обьект какой-той специальной полиции, которая будет определить, твое место в иерархии, на самом верху которой, разумеется, только казахскоязычные. Я сам казахский язык по настоящему люблю…

… Конечно же, языком не исчерпывается национальное самосознание…


Мұрат Әуезов

(«Мегополись», 16.05.05).
* * *
… Казахов, как народа в природе не существует вовсе, такого государьства, как Казахстан не было и быть не должно, ибо все это есть российские губернии...

Владимир Жириновский

(«Власти», 10.2005 г.).
* * *
Казахский язык – это язык застолья, песен и айтысов. Он был у нас на кухне, там и останется. Так зачем надевать на высохшее дерево праздничные букеты. Там далжен висеть венок.

Владимир Нусупханов

(«Известия-Казахстан», 06.01.03).
* * *
Казахский язык мощнее древнерусского! Но слабее современного русского.
«Мегаполис» (07.02.02).
* * *
… Татары на своей территории развивают татарский язык и культуру;

в президенты избирают только татарина (по закону президент должен владеть татарским – так и получается). А русскоязычные области избирают власти без национального ценза…

… Определенная часть этих мыслей, возможно, даже справедлива. Действительно, даже в тех республиках РФ, где большинство населения – русские, президент все равно коренной (пример: Адыгея).

… А попробуй заикнись о приоритете русского в Волгограде – сразу напомнят: это – область многонациональная! Совсем примитивно: в России существуют частные школы, куда принимают только евреев, и это легально. Только представте, ЧТО будет, если кто-то предложит ввести классы только для русских (да еще надо будет доказывать, что ты русский).


«Комсомольская правда»

(11.08.04).
* * *
Сейчас более востребованы иностранные языки, нежели государственный язык.
Асель Махметова,

адвокат

(«Юридическая газета», 20.08.04).
* * *
В Жамбылском областном акимате нашли способ быстро и ненавязчиво решить проблему внедрения государственного языка во все сферы жизни. Начальник отдела управления по развитию языков облакимата Женисбек Егембердиев предложил ноу-хау. Посетовав, что «во многих государственных учреждениях... работники при взаимном общении используют русский язык», госчиновник в областной газете «Знамя труда» предложил объявить один день недели «днем общения на государственном языке».

Однако не все «работники» считают такую перспективу для общества заманчивой.



- Кроме того что это предложение – общаться только на одном государственном языке – практически невыполнимо, оно еще и противоречит Конституции, - говорит преподователь экономики и права гимназии №40 Марат Досов. - Эти азы мы детям на уроках объясняем. А акиматовские работники, наверное, в каком-то другом государстве живут.
Галина Выворнова,

Тараз

( «Время», 16.03.06).
_____________________
Түйін

немесе сөз соңы
2006 жылғы 24 қазанда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясы болып өтті. Оған Ассамблеяның барлық 364 мүшесінің 357-сі қатысты. Олардан тыс сессия жұмысына қатысу үшін Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, дипломатиялық корпустың өкілдері, саяси партия басшылары, қоғамдық және ұлттық мәдени бірлестік мүшелері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері шақырылды. Бұл сессияны қазақ халқы, оның тілі, бүкілқазақстандықтардың мемлекеттік тілі – қазақ тілі үшін тарихи кезең деп санауға әбден болады. Әдеттегідей, сесссияда сөз алған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекеттік тілдің республикамыздағы орнын атап айтты.

Сөзіміз дәлелді болу үшін Елбасы баяндамасынан үзінді келтірейік.

«Тәуелсіздіктің бастауында біздің мемлекеттік ұлттық саясатымыз екі мәселені шешуге тиіс болды.

Бұл мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақтардың құқықтарын іске асыру және барлық азаматтарымыздың ұлттық белгілері бойынша құқықтарын шектеуге жол бермеу. Біз екі міндетті де сауатты түрде шеше алдық…

Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен сіздерді осыған шақырамын.

Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Тәуелсіздіктің барлық жылдарында біз бүкіл посткеңестік кеңістікте ең либералды тіл саясатын жүргіздік.

Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек және дәлірек түсіндіру керек.

Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі болып табылатыны жақсы мәлім. Әлемде көп ұлтты елдер аз емес. АҚШ-ты, Ұлыбританияны, Францияны, Германияны, Ресейді алып қарайық. Олар көпұлтты және бұл елдерге көптеген эмигранттар келіп жатады. Бұл елдерде мемлекеттік тілді білмей өмір сүруге және жұмыс істеуге бола ма? Әрине, жоқ.

Біз бұл мәселеде қажетсіз саясаттандырушылыққа ұрынбадық, тіл проблемасын ел халқының тілдік сұраныстарын ескере отырып, өркениетті әдістермен шешуге ұмтылып келеміз.

Егер тіл туралы алғашқы заң бұдан 17 жыл бұрын, 1989 жылы қабылданғанын, ал мемлекеттік тілде іс жүргізуге 16 өңірдің тіпті жартысы да көшірілмегенін еске түсірсек, біздің елдегі қазақ тілінің шынайы жағдайы айқын бола түседі.

Турасын айтайық, мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жақсартуды қажет етеді.

Мен Үкіметке бір айдың ішінде мемлекеттік тілді білетін қазақ ұлтынан емес мемлекеттік қызметшілерді айтарлықтай материалдық ынталандыру жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырамын.

Ал қазақтар үшін мемлекеттік тілді білу – міндетті талап болуы тиіс.

Үкімет, сондай-ақ тілдер жөніндегі бағдарламаны қайта қарап, мектептерге, мекемелерге мемлекеттік тілді үйрену, әдістемелер мен оқулықтар жасау жөнінде айтарлықтай қолдау көрсетуі керек. Қазақ тілі оқытушыларын даярлауға және оларды материалдық ынталандыруға айырықша назар аудару қажет.

Қазақстандағы жастар мынаны білуге тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді…



Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Және мұнда қазақ тілінің ғалымдары, лингвистері ғылым мен осы заманғы технологиялардың, әсіресе нарықтық қазақ тілінің терминдерін жасаумен айналысуы керек. Бұл – шұғыл мәселе. Үкімет барлық проблемаларды кешенді түрде зерттеп, шара қабылдауы тиіс.

Екіншіден, орыс тілінің жағдайы. Қазақстанда бүкіл жиырмасыншы ғасырда орыс тілі орнықтырылған әдістерді – миллиондаған қазақтардың өз ана тілін ұмытуына соқтырған әдістерді айыптауға болады. Бірақ та осы үшін қазақтардың орыс тілін жаппай білуінен бас тартуға болмайды…

Үшіншіден, ағылшын тілін білу қазіргі кезде тілекке қарай, ал ертеңгі күні қажеттілік болады…

Төртіншіден, қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие. Және де көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жыл ішінде мәселені зерделеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс»..

Елбасы тіл саясатының бүгінгі бет-бейнесін өрнектейтін бағдарлама сұлбасын жасады. Ендігі жұмыс, өз ынта-ықыласы мен ой-өресін көрсету Үкіметтің еншісінде. Уақыт күттірмейді. Асығуға тағы да болмайды, ондай әрекет шалағайлыққа апарып соқтыруы мүмкін. Аз мерзім ішінде ел Президентінің осы баяндамасына орай сапалы да салиқалы ұсыныстар беріліп, республика іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшірудің түбегейлі бағдарламасы жасалуға тиіс деп ойлаймыз.

Осы Ассамблея сессиясында жарыссөзге шыққан адамдар да мемлекеттік тіл туралы өз ойларын білдірді.

Магдалина Фендель, Оңтүстік Қазақстан университеті студенттер ассамблеясының төрайымы:

- Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін өзіміздің екінші ана тіліміз санап, ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналдыруға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.



Михаил Даниленко, Ақмола облыстық казактар қауымдастығының мүшесі:

  • … Қазақ тілін үйренуді міндетті түрде іске асыру керек… Тілді үйренуші өзге ұлт өкілдеріне материалдық ынталандыру жасаудың керегі жоқ деп ойлаймын. Бәрі де: «Менің Отаным – Қазақстан» деп мақтанғанда жақсы ғой, ендеше мемлекеттік тілді де ақысыз үйренсін.

Оксана Селикова, «Лад» славян мәдени орталығының мүшесі:

- … Әрбір өзін-өзі сыйлайтын мемлекет өзінің мемлекеттік тілін үйретуге көңіл бөлуі және оны халқынан талап етуі керек. Ал ұлттық тілдерді дамытуға сол ұлт өкілдері талап білдірсе ғана көмек берілуі тиіс.



Андрей Марамзин, еврей ұлттық мәдени орталығының мүшесі:

- Мемлекеттің адамдары мемлекеттік тілді білуі керек қой. Әйтпесе, оны несіне мемлекеттік тіл деп қабылдаған…



Зураб Шургая, Грузияның Қазақстандағы елшісі:

- Тіл мәселесі әрбір мемлекет үшін басты элементтердің бірі ғой. Қазақстан секілді ұлы мемлекеттің тілі де өзінің биік тұғырында болуы керек.



Виктор Мун, Батыс Қазақстан облыстық корей ұлттық мәдени орталығының төрағасы:

- Ресей жерінде туған, өзінің ана тілін үйренуге ешқандай мүмкіндігі болмаған қазақтар бар. Сонымен бірге біздің облыстың Шыңғырлау ауданында өмір бойы қазақ арасында туып, қазақтармен біте қайнасып кеткен орыстар бар… Сондықтан бұл жерде тілді бұрын білмеген, енді үйреніп жатқан адамдарға ғана материалдық ынталандыру шарасы қолданылуы тиіс.



Анатолий Башмаков, сенатор:

- Қазақ болып, қазақ отбасында дүниеге келген бала өзінің ана тілін білуі міндет емес пе? Әрине, Қазақстанды Отаным деп білетін басқа ұлт өкілдерінің де адами міндеті бар. Дегенмен, тілді үйренуді жандандыру жолында оларды ынталандыру артық емес деп білемін.



С.Казарезова, Ақмола облыстық «Виддергебург» неміс орталығы төрағасының орынбасары:

- Сессияда басты мәселе ретінде тілдің алға шығуы өте дұрыс, менің ойымша, бұл – қоғамымыз үшін аса қажет іс. Жеткіншектердің өзі Отандарындағы мемлекеттік тілді білуі қажеттілік, қоғамның алға қойған ең бір игілікті мақсаты деп ұғынамын.



Моисей Гольдберг, Астана қаласы еврей мәдени орталығының жетекшісі:

- Нағыз ұлтты алға апаратын локомотивті идея дер едім.

Ал мұның негізі, әрине, тілдерді жетік білу. Мемлекеттік тілге қоса әр қазақстандық бірнеше тіл біліп жатса, байлық емес пе?

Ю.Стричук, Қазақстан халықтары Павлодар облыстық кіші Асссамблеясының төрайымы:

- Патриот болуда өз Отаныңның мемлекеттік тілін білу мәселесі де алға шығады… Мен жұмысыма байланысты жастармен жиі араласамын, олардың тіл үйренгілері келеді, қазір үлкен де, кіші де мемлекеттік тілді білудің маңыздылығын түсінеді. Осындай жастарға көмек көрсетіп, тіл үйренудің жағдайларын дұрыс ұйымдастыруымыз қажет.

Бұл – ой-пікірлердің бір парасы ғана. Сөйлеушілердің бәрі де мемлекеттік тілді үйренудің маңыздылығын мойындап, оның болашағы зор екендігіне сенімді.

Кей жағдайларда самарқаулық көрсетіп жүрген атқарушы органдар бұл жолы елгезектік танытты. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Даниал Ахметов Ассамблея сессиясының ізін ала бір күн ішінде өз құзырындағы тиісті ведомостволар басшыларының қатысуымен кеңес өткізіп, онда Елбасымыз Н.Назарбаевтың аталған Ассамблеяда берген тапсырмалары жөнінде сөз қозғады.

Мемлекеттік тілді үйрету жөнінде білім беру бағдарламасын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру, заңнамалық базаға қажетті өзгерістер енгізуге байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мәселесі жан-жақты талқыланды.

Кеңес қорытындысында Үкімет басшысының жетекшілігімен құрамында Әділет, Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Сыртқы істер министрліктері, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы бар жұмысшы тобы құрылды. Бұл топ қысқа мерзім ішінде аталған мәселелер бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуі тиіс.

Премьер-министр мемлекеттік тілді меңгермеген ел азаматтарына көмек көрсетуге, қазақ тілін үйрену жұмыстарына ұлттық-мәдени орталықтарын, қоғамдық ұйымдарды тартуға, терминологиялық жұмысты жетік білетін, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері болып табылатын мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандырудың тиімді тетігін табуға тапсырма берді, осы бағыттағы іс-шараларды қажетті қаржымен қамтамасыз ету тапсырылды.

2007 жылғы қаңтарда Министрліктер үйінде Үкіметтің жаңа басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Мәдениет және ақпарат министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтті. Осы отырыста Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаев биылғы жылды Қазақ тілі жылы деп жариялап, тіл саласына 2 млрд. 700 млн. теңге қаржы бөлінгенін мәлім етті («Егемен Қазақстан», 19.01.07).

Сонымен «сең қозғалды». Қашанда ел саясатының көшбасшысы, кепілі болып табылатын Елбасымыз өз сөзін айтты, басшылықтың тізгінін ұстаған өзге де атқамінерлер қостады, мемлекеттік тілге бет бұрылды. Енді ісіміз оңға басар деп ойлаймыз.

Алда құнары да, байлығы да бүгінде әлемдік тілдер қатарында қонжиып отырған көптеген тілден артық болмаса, кем емес ана тілімізді қастерлеп, кейінгі ұрпағы – бізге жеткізіп кеткен бабаларымыздың аруақтары қолдап, байтақ жерімізге оның қасиеті, киесі қонар күн де алыс емес шығар. Лайым, соған жазсын!

Ендеше жоғарғы жақ «не дейді?» деп қол қусырып қарап отырмай, бірлесіп істейтін бұл іске сәттілік тілей отырып, мемлекеттік тіл бола ма, болмай ма деген дауды доғаратын, тіліміздің тұғырын нығайтып, байлығын еселеуге үлес қосатын кез жетті, құрметті тіл жанашырлары, қадірлі қазақстандықтар!
______________________

Ескерту: Жинақ, негізінен, кітапта, баспасөзде жарияланған материалдардан тұратындықтан, ондағы сөздер грамматикалық, стилистикалық жағынан өзгерістерге түспей, түпнұсқада қалай жазылды, сол күйінде алынды.

МАЗМҰНЫ
1. Алғысөз орнына 3-бет.

2. Замана талабы 4-бет.

3. Мәселе қайда жатыр 5-бет.

4. Елбасы айтады 6-бет.

5. Өткен ғасыр сабағы 13-бет.

Ұлылардан – ұлағат

6. Қазақ тілі жоғалмас 17-бет.

7. Қазақ тілінің мұңы 17-бет.

8. Мектеп қай тілде болуы керек? 18-бет.

9. Мұсадан хат келді 21-бет.

10. Олай емес «казахский язык!» 22-бет.

11. Перевод 23-бет.

12. Тіл үшін күрескен қайраткерлер 27-бет.

13. Сәкен сынды ұл қайда? 28-бет.

14.Қазақ Мырзажан атаған жанашыр 29-бет.

15. Қазақша хатқа орысша жауап бергені үшін жауапкершілікке тарту

керек 31-бет.

16. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің басшыларына

хат 33-бет.

17. Үкімет тілге шындап бет бұра ма? 35-бет.

18. Ортақ тіл ортақ рухты қалыптастырады 37-бет.

19. Тіл саясаты – ішкі саясатымыздың негізгі өзегі 44-бет.

20. Тіл туралы мақал-мәтелдер 49-бет.

21. Ұлы ойшылдар тіл туралы 57-бет.

22. Қазақ тілінің қалыптасу тарихы 62-бет.

Тіл туралы: дұрыс сөздер мен бұрыс сөздер

23. 1-бөлім... Дұрыс сөздер 68-бет.

24. Менің тілім... 69-бет.

25. Тіл: іс-тәжірибе, ұсыныс, пікірлер 100-бет.

26. Асыл топырақ 102-бет.

27. Тілдің аяғына тұсау болған себептер 108-бет.

28. Бағдарлама ұсынамын 110-бет.

29. Сот үкімін орындауға... міндетті 113-бет.

30. Мемлекеттік тіл мәселесін партизандық жолмен шешуге болмайды

123-бет.


31. Дерек пен дәйек 166-бет.

32. Тіл туралы тезистер 167-бет.

33. Статистикалық мәліметтер 172-бет.

34. Қазақстанды мекен еткендердің қаншасы қазақ тілін, қаншасы орыс

тілін біледі? 174-бет.

35. Қазақ тілін меңгеруге алты топ та мүдделі 176-бет.

36. Әлемдегі қазақтардың саны 177-бет.

37. Қазақстандағы халықтың ұлттық құрамының өзгеруі 178-бет.

38. Қазақтар қалай көбейеді? 178-бет.

39. Қазақ мектептері орыс мектептерінен әлдеқайда озық 184-бет.

40. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшірген облыстар,

аудандар мен қалалар 186-бет.

41. Тіл ажалы 194-бет.

42. Өзге ел тәжірибелері: күнгей мен көлеңке 206-бет.

43. Жанайқай 219-бет.

44. Қате қазақ бола ма? 220-бет.

45. Ойлаудың өзі қорқынышты 221-бет.

46. Өз ұлтының тілін, рухын мойындамағандардың сол ұлттың есебінен

билік тұғырына көтерілуге хақысы жоқ 223-бет.

47. Ұлтсыздық идеологиясы 233-бет.

48. Ұлтымыздың сорына біткен он сорақылық 236-бет.

49. «Мәңгүрт» деген немене «мәмбет» деген немене? 244-бет.

50. Қап, әттеген-ай 250-бет.

51. Дерек пен дәйек 263-бет.

52. Тіл беделі қайтсе артады? 266-бет.

53. 2-бөлім... Бұрыс сөздер 269-бет.

54. Посткеңестік елдерде орыс тілінің «мәртебесі түсіп»

кетіпті-мыс 269-бет.

55. Масқара! 269-бет.

22. Түйін 274-бет.

23. Мазмұны 279-бет.


Титулды параққа
«Тіл төңірегіндегі толғамдар» атты жинақ дер кезінде құрастырылған, бүгінгі таңдағы өте маңызды, көкейкесті мәселені көтеріп отыр. Мемлекетіміздің, Елбасының тіл саласындағы саясатын қолдайтын, іске асыруға айтарлықтай үлес қосатын, қоғамның барлық мүшесінің қажетіне жарайтын құнды ізденіс деп атауға тұратын еңбек.

Жинақтың жалпы құрылымы, құрастырылуы, мазмұны салмақты, тіл саласының мәселелерін тарихи буыннан, алыс және жақын шетел тәжірибелерімен байланыстыра отырып, жан-жақты қозғайтындығымен ұтымды болса, ал мақал-мәтелдер, бұрынғы ойшылдардың, қазіргі мемлекет, қоғам, мәдениет, өнер саласы қайраткерлерінің нақыл сөздері мен пікірлері, тұжырымдары оқырманға терең ой салары анық.



Жинақ қалың оқырманға арналған.
жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау