ОНОМАСТИКА
76
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ру қажет.
Бірақ қалай болғанда да, біздің ойымызша, топонимнің
жергілікті түркітілді нұсқасы алдымен пайда болса керек, өйткені
Араб халифатының жаугершілік саясатында ең алдымен, жергілікті
жер-су атауларын өзгерту керек деген ұстаным болған. Нәтижесінде
түркітілді жергілікті топонимдік элементтер «жеңіп шыққан» дегіміз
келеді. Себебі түбінде жергілікті сан жағынан басым (массовый)
автохтонды (байырғы жергілікті) этнотілдік ая тұрақталып отырған,
біріншіден, арабтекті этнокомпоненттер Қазақстан аймағында
ұзақ уақыт, тіптен тұрақтамаған деуге болады, екіншіден, Араб
халифатының ықпалы негізінен, дін, мәдениет, ғылым, жазу арқылы
көрініс тауып отырған.
Сондықтан жазба көздерде сақталған көптеген тарихи топонимдер
мен араб- текті элементтері бар атаулардан өзге араб тілінің жергілікті
топонимдік жүйенің бет-бейнесін айтарлықтай өзгертіп жіберді
деуге келмейді. Негізі топонимдік жүйе қалың да пәрменді түркі,
қазақ тілді қабатта көрініс тапқан. Кейінгі орта ғасыр мен қазіргі
кезеңдегі Қазақстанның топонимдік кеңістігінде негізінен түркітілді,
қазақ тілді қабат сан жағынан салыстыруға келмейтін әлеуетті қабат
құрайтындығы, нұсқалардың ішінен түркі, қазақ тілдері тұрақталғаны
сөзсіз, ал сол кездегі топонимиядағы араб-парсы элементтері,
қостілділік жағдайындағы қолданыстар кітаби тіл нұсқасы ретінде
ресми, іскери құжаттарда сақталған нұсқасы ретінде орта ғасыр
құзырында «қалып» қойды деуге болады.
Қорытынды орнына айтарымыз, түркі ру, тайпалары мен ұлыстары,
оның ішінде қазақтар тарихтың түрлі сынынан өтіп, күрделі
де драмалық жағдаяттарды, қиын-қыстау замандарды басынан
кешкеніне қарамастан, ғасырлар бойы өз мәдениетінің, тілінің, салт-
дәстүрлерінің қайталанбас этникалық болмыс-өрнегін, рухын сақтап,
этникалық бірегейлігін жоғалтпай, күні бүгінге жеткізіп отыр. Өздерін,
аса құнды рухани мұраларын шексіз Еуразия кеңістігінде шашып-
жоғалтпай, тұтастығын берік ұстап, жер-су атауларында вербалданған
артефакті, ментефакті түріндегі бай ақпараттар мен құндылықтарды
біздерге, келер ұрпаққа жеткізе білген.
Әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих тағылымы.– Алматы: Атамұра. 2006. – 256 б.
2. Аязбекова С.Ш. Картина мира этноса: Коркут-Ата и философия
музыки. казахов. – Алматы, 1999. – 285 с.
3. Мусаев К. Лексикология тюркских языков. – М., 1984. – 288 с.
4. Бартольд В.В. Сочинения. – МV.: Изд.–во «Вост. лит-ры»,
1963. – Т.3.; Чехович О.Д. Бухарские документы ХІV в. – Ташкент,
1965.
5. Кашгари М. Девону лугот ит-турк /Под ред. канд. филол. наук
С.М. Муталибова. – Ташкент: Изд.–во УзССР, 1960. Т.1, Т.2.
ОНОМАСТИКА_77_«Тіл_және_қоғам»'>ОНОМАСТИКА
77
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
6. Хасанов Х. Ценный источник по топонимике Средней и
Центральной Азии //Топонимика. – М., 1962. – С. 125–131.
7. Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. Алматы: Ғылым,
1975. – 167 б.
8. Мурзаев Э.М. Словарь народной географической терминологии.
– М.: Мысль, 1984.
– 653 с.
9. История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней). В
пяти томах. – Алма-Ата: Наука, 1977. – Т.1. – С. 479.
10. Хромов А.Л. Об арабской топонимии на территории Средней
Азии // Ономастика Средней Азии. – Фрунзе, 1980. – С. 191–198.
11. Махпиров В.У. Имена далеких предков. – Алматы, 1997. – 302 с.
ОНОМАСТИКА
78
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қазақ ономатикасы өзінің даму тарихында жаңа бір кезеңнің
алдында тұр. Өткеніне көз жүгіртсек, әуелде атау беру мәселесі тарихи
әрі табиғи жолмен шешілді. Физика-географиялық нысандар адам
атымен, жер бедерінің сипатына қарай қалыптасқан терминдермен,
қалалар жергілікті жердің тарихи атауымен немесе сонда тұратын
халықтың, сирек жағдайда жекелеген адамдардың атымен т.б.
аталды. Жалпы алғанда атаудың негізгі қызметіне сәйкес өрбіді, яғни
нысанның белгілі бір ерекшелігін сипаттауға құрылды. Осы дәстүр
кеңестік идеологияның тәртібі бойынша өзгерістерге түсті. Тәуелсіздік
алған алғашқы жылдарда төл құндылығымыздан алшақтап қалған
сана кеңестік жүйенің ықпалынан шыға алмай, екі арада біршама
кемшіліктерді жіберіп алғанымыз да жасырын емес. «Менікі» деп
жүргеніміздің барлығы өзгенікі болып шықты. Енді ел есін жиған
қазіргі таңда, «қазақ ономастикасының алдағы даму бағыттары қандай
болмақ?» – дейтін сұрақтың туындауы заңды.
Қазақстан ономастикалық
кеңістігі жаңа құқықтық-
нормативтік құжаттарды
талап етеді
Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ
ҚР Мемлекеттік ономастика
комиссиясының мүшесі
ОНОМАСТИКА
79
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Халықаралық кеңістікке ықпалдасу туралы алдымызға стратегиялық
мақсаттар қойып отырмыз. Көршілермен арада сапырылысқан сан
ғасырылық тарихымыз бар. Тіршілік-тарихымыз ғана емес, ұғым-
түсініктеріміз де мидай араласты. Кей тұстарда «мынау сенікі, мынау
менікі еді» деуге келмейтін құндылықтар қалыптасты. Іргемізді аулақ
салайық десек те, маңдайымызға жазылған бөлінбейтін еншілеріміз
бар екен. Дегенмен, «бір кем дүние» кімде жоқ. «Бөлінбейтін еншінің»
мәселесін уақытқа аманаттап, осы бір талмауыр тұстан өгізді өлтірмей,
арбаны сындырмай, өзгені ренжітпей, өзімізді тоқыратпай аман-есен
өту міндеті тұр алдымызда.
Қылдай қиянат болмасын! дейді – Тәуелсіздік талаптары. Жас
та болса мемлекеттік басқару жүйеміздің басынан мәселені ауызша
бұйрықпен шешетін заман өтіп кеткелі қашан. Уақыт былқыл-
дақтықты көтермейді – алдымызға қойылған міндеттерге жаңаша
шешімдер керек. Өйткені, ел экономикасының дамуы мен халық-
аралық кеңістіктегі қатынастарымыздың ауқымы кеңейіп, өзіндік
орнымыз нығайған сайын, қазақ ономастикасының мәселелері де
күрделеніп келеді (оған ішкі дамуға байланысты ашылып жатқан
сан түрлі мекемелер атауын қосыңыз). Енді айнала жұрттың ғана
емес, алыс жатқан елдердің де баршасына ортақ ережені меңгеру
мен игеру міндеттері шықпақ алдымыздан. Өркениетті елдердің
тәжірибесіне қарасақ, ономасткасы өзіне де, өзгеге де лайықталып
бекітіліп қойыпты, нақтырақ айтсақ өз дәстүрін ережелеп, өзгеге
біздің талабымыз осындай деп ұсынып отыр. Үлкен қалалардан
бастап, көшелер мен кішкене аяқжолға дейін атау иелену тәртібі бар.
Жазылған, хатталып бекітілген. Оның сыртына ешкім шыға алмайды,
шығармайды да – құжаттың құдіреті.
Құдай берген құт-берекенің арқысында әлем елдерінің алдында
үзеңгі бауымыз алты қабат. Сол ырыстың қазынасы – жеріміздің
атаулары халықаралық карталарда қандай ережелер бойынша
өмір сүріп жатқанынан әлі хабарымыз жоқ. Ішкі жағдай да ала-
құла. Қалаларымыздағы шетелік компаниялардан бастап, олар
басқарып отырған мекемелер қымсынбастан өз әуенін салып тұр.
Ал ономастикамыздың құқықтық тағдыры ҚР «Тіл туралы» заңға
міңгескен бірнеше жолға байлаулы...
Енді не істейміз?– дейтін сұрақ туындайды. Жауабы – бізге
де құдіретті құжат керек. Қазір елімізде әуелгі жағдай өзгерген –
«өзім білемнің» жолы жіңішке. Саналы қоғам қалыптастырған осы
ұстаным енді заңдастырылуы тиіс. Атау атаулының басын қосып, бір
орталықтан жүйелеп отыратын құқықтық-нормативтік құжат керек
– жұртшылықтың көңілінен шығатын, жұмыс істеуге қауқарлы.
Құжаттың құдіреті ең бірінші – қоғам талаптарының үдесінен шыға
алуында, екіншіден – қайшылықсыз болуында. Мамырдың соңын ала
сонау Орал қаласында өткен «Ономастка саласындағы нормативтік-
құқықтық актілерді реттеу» атты республикалық дөңгелек үстел
Достарыңызбен бөлісу: |