ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
27
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
да байырғы эпикалық шығармалар мен ХV-ХІХғғ. ақын-жыраулар
поэзиясындағы ауызша тіл мен жазба тіл дәстүріндегі сөз үлгілері
бүгінгі әдеби тілдің нәр алатын ең басты бұлақтары болып отыр.
Өйткені әдеби тілдің ең жақсы үлгілері жазбаша, ауызша тараған
тарихи-мәдени мұраларда ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастығы үзілмей
үздіксіз жетіп отырған.
Қазақ әдеби тілін жасаушы – халықтың өзі. Әдеби тілің қалыптасуы
мен дамуына аса көрнекті сөз зергерлері, мәдениет, ағарту, білім мен
ғылым, қоғам қайраткерлері ерекше еңбек сіңіріп үлес қосты. Әдеби
тілдегі көркем сөз, даналық сөз, танымдық, тәрбиелік сөз үлгілерін
ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды. Тілдік құралдарды саралап, талғап
қолданудың үлгісін көрсете отырып, тілдің ішкі мүмкіндіктеріне
сүйене келіп, өздерінің тыңнан жасаған бедерлі сөз өрнектерімен
әрдайым әдеби тілдің байып, сапалық дамуына әсер етті. Сөйтіп, әдеби
тілдің дәлдік, өткірлік, байлық, икемділік, серпінділік тәрізді ішкі
қуатын шыңдай түсті.
Тілдік ұжымның дүниетанымының кеңеюі, ақыл-ойының кемел-
денуі тілдің құрылым жүйесінің дамуына әсер етеді. Ал тілдің лексика-
грамматикалық құрылым-құрылысындағы сапалық даму қоғамдық
ой-сананың түрлерін қалыптастыру мен дамытудағы, қоғам мәдениетін
жетілдірудегі, объективті ақиқат туралы әлеуметтік таным-білімді
жинақтаудағы, оны шашаусыз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі, тәрбие
берудегі, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеудегі тілдің
қызметін күшейте түседі. Сөйтіп қоғам тілді дамытса, өз кезегінде тіл
қоғамдық сананың да дамуына ықпалын тигізеді.
Қазақ тілі – мемлекет құрушы этностың тілі
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Тіл саясаты
туралы тұжырымдамасы (1996) және осыларға негізделген Қазақстан
Республикасының Тіл туралы Заңы (1997) республикадағы тілдердің
ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде
қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік
тіл ретінде бір ғана тілге – қазақ тіліне конституциялық мәртебе
беріліп отыр.
ҚР-да қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше
алғышарттары бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылар санының
жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы,
Республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің
әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша және жазбаша түрде
қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ, қазақ
тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразелолгиялыққоры аса
бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық
тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы қазақ тілінің
мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
28
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Міне, осы айтылғандардың барлығы қазақ тілінің Қазақстан
Республикасында мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне аса қажетті
алғышарттардың жеткілікті және қазақ тілінің ішкі әлеуеттік
мүмкіндіктерінің мол екенін көрсетеді.
Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі
Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса
маңыздымынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат,
білім беру мен тәрбие (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта
мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника, (ғылыми-зерттеу
мекемелерінде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты
ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика
салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, ғылымның
салааралық түрлерінде, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс
жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер
мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм; денсаулық сақтау мен
емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; мәдени
мекемелерді (театр, кино); дипломатиялыққарым-қатынаста; әскери-
патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу
және ұйымдаструда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан
Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай,
конференция, мәжіліс, жиындар т.б. Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі,
тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған,
жалпыхалықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.
Мемлекеттік тілдің жоғарыда аталған қоғамдық қызметін мінсіз
атқаруы үшін оның ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі нормаларын
қатаң сақтау, жарыспалы қолданыстарды (босаң нормаларды) ғылыми
негізде саралап, тиімді нұсқаларын сөздіктер мен грамматикаларда дер
кезінде заңдастырып отыру аса қажет. Тілдік нормамен байланысты
мұндай шаралар мемлекеттік тілдің мәдениетін көтереді.
Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біздің ана тіліміз
«Қазақ тілі қандай тіл?» деген сұрауға қысқаша былай деп жауап
беруге болады:
түпкі түрін сақтаған түркі туыстас байырғы тіл;
ежелден жазба мәдениеті бар тіл;
әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу
тілі, ескі жазба тіл тәрізді қайнар көздері бар ұлттық тіл;
демографиялық тірегі бар тіл;
дәстүрлі нормасы бар әдеби тіл;
құрылым-құрылысы кемелденген, сөз байлығы аса мол тіл;
егемен Қазақстан Республикасы өз қамқорлығына алған
мемлекеттік тіл;
Міне, қазақ тілінің қандай тіл екенін байқататын мұндай деректер
тілдік тұлғаның санасында болуы шарт.
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
29
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Т
іл білімінің түркология саласында түрколог ғалымдардың
тарапынан көптен бері көңіл аударылып, қызыға зерттеліп
келе жатқан тақырыптардың бірі – түркі тіліне тән көне түбірлердің
табиғаты. Түбір мәселесінің ауқымы кең, көтерер жүгі де мол.
Сөз тарихы түбір тарихымен тікелей байланысты. Сөз қаншама
ғасырлар бойы өмір сүріп, қанша өзгерістерді басынан өткерсе де, көп
өзгерістерге түсе бермейтін, бүгінде дербес сөз ретінде танылмайтын,
көненің қалдығы ретіндегі түпкі түбірлер әлі де толық зерттелініп
болды деп айта алмаймыз. Сондықтан ғалымдар тарапынан күн
тәртібіне қойылып, ғылыми тұрғыдан шешілуге тиісті мәселелер
баршылық.
Сөз мағынасының негізгі ұйтқысы болып келетін түбір морфемалар
қаншама дәуірлерден бергі тарихи дамудың куәгері ретінде сырға
толы тіл тарихынан хабардар етеді. Мұндай түбірлердің табиғатын
танып-білудің өзіндік қыр-сырлары бар. Ол үшін әуелі өз тіліміздегі
ішкі деректерді тәптіштеп тексеріп, оны туыстас түркі және ежелден
тіл жағынан түбірлес, тарихи аралас-құралас өмір сүрген монғол,
тұңғыс-маншыжұр тілдерімен салыстыра-салғастыра зерттеудің
маңызы зор. Біз сөз еткелі отырған түпкі түбірлер – этимологиялық
Көне түбірлердің
өзгеру сипаты
Досжан РАЙХАН
шымкент қаласы аймақтық
әлеуметтік-инновациялық
университеті, филология
ғылымдарының кандидаты
Достарыңызбен бөлісу: |