93
– он саулық. Ата-бабамыз айтып кеткендей, ең алдымен саналы да жарқын
өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз
қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп
барады. «Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан
Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адамның басында
өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол
бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни «Ауруын жасырған өледі”
(Ә.Науаи) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша
дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет.
Еліміздегі
экономикалық
жағдайдың
өзгеріп
нарықтық
қатынастардың дамуы, қоғамның әлеуметтік тұрғыда жіктеле бастауы ол
мүмкіншіліктердің бірдей болмауы және осы теңсіздіктің балалардың тұлға
болып қалыптасуына да ықпалын тигізетіні анық. Ал бұл кәмелетке
толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп соғады. Есірткі
құмарлық жасарып келеді. Бұл – дабыл соғарлық жағдай. Бүгін
Республикамыздағы
тұрақты
есірткі
құмарлардың
2/3
бөлігін
жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балаларда да
есірткіні тұтынатын жағдайларда болады. Мамандардың айтуынша
есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың
жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған. Есірткі құмарлықтың үдеп бара
жатқаны қылмыстық ахуалдың күрт нашарлауына тікелей әсер ететіні
анық. Сондықтан жастарды улап, халықтың болашағына қатер төндіріп
жатқан бұл дертке аяусыз күрес ең бірінші өзіміз, отбасымыз және
мектепте басталуы қажет. Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар қасында
мемлекетіміздің алдына қойып отырғаны елулікке ену стратегиясы жүзеге
асу үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді елу ел
қатарынан көре аламыз. Сол үшін өз денсаулығымызды өзіміз күтуіміз
қажет. Денсаулық механизмі бар екені белгілі, ал, денсаулық өзі АЛТЫ
АСПЕКТІДЕН тұрады:
а) физикалық денсаулық.
б) психикалық және интеллектуалды денсаулық.
в) жеке.
г) рухани денсаулық.
д) эмоционалды денсаулық.
е) әлеуметтік денсаулық.
Мәтінге сұрақтар қойыңыз. Асты сызылған сөздер мен сөз
тіркестерінің баламасын тауып сөйлем құраңыз.
Тақырыптарға арналған тест жұмыстары.
Өзін - өзі тексеру.
1-тақырып.Менің Отаным-Қазақстан.
1.Қазақстанмен оңтүстігінде шектесетін елдер:
A) Ресей, Қытай, Қырғызстан
B) Әзербайжан, Түркменстан, Иран
C) Түркменстан, Өзбекстан
D) Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан
E) Ресей, Иран
*******************
2.Қазақстан тәуелсіздік алған жылы:
A) 02.03.1992 ж.
B) 16.12.1991 ж.
C) 29.12.1992 ж.
D) 26.08.1936 ж.
E) 10.12.1993 ж.
********************
3.Қазақстанның БҰҰ-на мүше болған уақыты:
A) 02.03.1992 ж.
B) 16.12.1991 ж.
C) 17.12.1992 ж.
D) 29.12.1992 ж.
E) 01.05.1970 ж.
********************
4.Қазақстанның көлемі:
A) 17 млн.км²
B) 600 мың км²
C) 2724 мың км²
D) 450 мың км²
E) 1563 мың км²
********************
5.Қазақстан орналасқан материк
А) Солтүстік Америка
В) Еуразия
С) Европа
D) Азия
Е) Оңтүстік Америка
********************
6.Қазақстан Республикасының аумағы
А) 3,2млн.км2.
В) 9,6млн. км2.
С) 2,7млн. км2.
D) 17млн. км2.
Е) 8,5млн км2.
95
********************
7.Дүниенің екі бөлігінде орналасқан Қазақстан облыстары
А) Маңғыстау, Атырау
В) Ақтөбе, Ақмола
С) Атырау, Батыс Қазақстан
D) Батыс Қазақстан, Маңғыстау
Е) Маңғыстау, Қызылорда
********************
8.Теңізге шығатын жолы бар Қазақстанмен шектесетін мемлекеттер
А), Қытай, Украина
В) Қытай, Ресей
С) Әзірбайжан, Үндістан
D) Түркия, Ресей
Е) Ресей, Өзбекстан
********************
9.Қазақстанмен шығысында шектесетін мемлекет
А) Ресей
В) Қытай
С) Өзбекстан
D) Қырғыстан
Е) Түркменстан
********************
10.Қазақстан көлемі жөнінен Еуразияда
А) 9-шы орында
С) 7-ші орында
В) 4-ші орында
D) 3-ші орында
Е) 2-ші орында
********************
11.«Шығыстың Аристотелі» деп атанған ғалым:
A) Әл-Идриси
B) Махмуд Қашқари
C) Әбу Насыр Әл-Фараби
D) Ш.Уәлиханов
E) Қ.Сәтпаев
********************
12.Қазақстан Ғылым академиясың тұңғыш президенті:
A) Ш. Уәлиханов
B) Қ. Сәтбаев
C) П.П. Семенов Тян Шанский
D) Н.А. Северцов
E) И.В. Мушкетов
********************
13.Қазақ жерін зерттеген орыс ғалымдары
А) П.П.Семенов-Тянь-Шанский,Н.Потанин,Н.Обручев,И.Мушкетов..
96
В) М.Поло,В.Докучаев,И.Черский,А.Бутаков.
С) В.Беринг,И.Рычков,Г.Карелин,А.Левшин..
D) Қ.Жалаири,П.Паллас,Н.Северцов,В.Обручев.
Е) С.Челюскин,М.Сомов,С.Неуструев,А.Краснов.
********************
14.Қазақстанның ең биік жері:
A) Ақсораң
B) Ұлытау
C) Хан Тәңірі
D) Мұзтау
E) Ақбет
********************
15.Қазақстандағы ең биік тау
А) Талғар.
В) Ұлытау.
С) Хан-Тәңірі.
D) Ақсораң.
Е) Мұзтау.
2-тақырып. Қазақстан Республикасының Ел басқару жүйесі.
1. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі
А) алты жыл
В) бес жыл
С) төрт жыл
D) жеті жыл
Е) дұрыс жауабы жоқ
********************
2. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі
А) алты жыл
В) бес жыл
С) төрт жыл
D) жеті жыл
Е) дұрыс жауабы жоқ
********************
3. Парламент дегеніміз не?
А) Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын
Республиканың
ең
жоғары
өкілді
органы.
В) Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады,
атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызетіне
басшылық
жасайды.
С) Мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының
негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық
қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары
лауазымды тұлға
Достарыңызбен бөлісу: |