41
Сынаптың әсер етуінен ағзаның иммунитеті төмендейді. Сынап қанның
ағзадағы бөтен денелерін жоятын Т-клеткаларын қоса алғанда ақ клеткалар
мөлшерін кемітеді.
Сынаптың әсер ету көздері мен салдарлары 5- кестеде келтірілген.
5-
кесте. Сынап: дерек көздері, салдары, қорғаныс құралдары
ДЕРЕК КӨЗДЕРІ
-
минералды тыңайтқыштар
-
минералды тыңайтқыштар
-
ластанған сулардағы балық
-
ластанған сулардағы балық
-
амалгамдар пломбысы
-
амалгамдар пломбысы
-
жарылғыш заттар
-
жарылғыш заттар
-
фунгицидтер
-
фунгицидтер
-
өнеркәсіптік қалдықтар
-
өнеркәсіптік қалдықтар
-
су негізіндегі бояулар
-
су негізіндегі бояулар
САЛДАРЫ
-
аллергиялық реакциялар туғызады
-
аллергиялық реакциялар туғызады
-
артрит
-
артрит
-
туғаннан ақаулар
-
туғаннан ақаулар
-
ми қызметінің бұзылуы
-
ми қызметінің бұзылуы
-
шынтақ және тізе буындарының дәнекер
тінінің құрылымының бұзылуы
-
шынтақ және тізе буындарының дәнекер
тінінің құрылымының бұзылуы
-
көрудің нашарлауы, катаракта, соқырлық - көрудің нашарлауы, катаракта, соқырлық
-
депрессиялық жағдай
-
депрессиялық жағдай
ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ
-
ас талшықтары
-
ас талшықтары
-
орамжапырақтың түрлі сорттары
-
орамжапырақтың түрлі сорттары
Сынаптың максимал мөлшері, азық-түлік қатарының жоғарғы деңгейнен
орын алатын және Канаданың тұщы суқоймаларын мекендейтін балықтардың
80%-
нан (көксерке, алабұға, шортан) анықталып отыр. АҚШ-та 1900 жылдан
бері химияда, ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте 160 миллион фунттан
аса сынап пайдаланылған. Сынап кумулятивтік у болып табылады. Ол
қоршаған ортаға утты бу түрінде немесе метилсынап атпен белгілі улы
органикалық нысан түрінде тарайды. Метилсынап суға сіңеді және азық-түлік
қатарына жиналады. Азық-түлік қатарында алдымен үлкен балықтардың
сынаппен ластануы болады мысалы, балықтың – семсері.
Кадмий қорғасынға қарағанда қауіптірек болуы мүмкін. Кадмий шаңы мен
буы өте уытты болады. Кадмидің әсер етуі ішкі құрылыстардың: бүйрек пен
өкпенің елеулі ауруына соқтырады және ракка айналуна себеп болады. Кадмий
никель-кадми аккумуляторларын жасап шығару үшін, сондай-ақ пластмассалар
жасап шығаруда пигмен және қатайтқыш ретінде пайдаланылады. Кадмий
гальваникалық жабын құрышты коррозиядан қорғайды. Ғалымдар шылым
құмарлардың ағзасында кадмидің елеулі мөлшері болатынын анықтады.
«Енжар шылымшылар», яғни шылым тартушылардың айналасындағы адамдар
да кадмидің шартты мөлшерін қабылдап алады. Кадмий – кумулятивтік у,
42
адамды түрлі улануларға ұшыратады. Гипертонияға себепкер болады,
бүйректерге өтіп алып жиналып қалады және иммунитетті төмендетеді.
Ағзадағы кадмидің артықтығы өмір сүру ұзақтығын қысқартады, анемияны
тудырады, мырыш, кальций, темір, мыс, марганец және селеннің метаболизміне
әсер етеді, өкпенің тыныс жолдары ауруларына соқтырады және қандағы
симфоциттер мөлшерін кемітеді. Кадмимен улану жүрек, қан тамырлары
жұмысының бұзылуына, бауыр мен бүйректің дистрофиясына әкеліп
соқтырады. Т – клеткалар мөлшерінің төмендеуінен және иммундық жүйе үшін
өмірлік маңызды барлық ағзалар жұмысының бұзылуынан жалпы иммунитет
төмендейді.
6-
кесте – Кадмий: пайда болуы, салдары, қорғаныс құралдары
ПАЙДА БОЛУЫ
-
темекі түтіні
-
темекі түтіні
-
құнарлы топырақ қабаты
-
құнарлы топырақ қабаты
-
минералды тыңайтқыштар
-
минералды тыңайтқыштар
САЛДАРЫ
-
антиденені баяулату, басу
-
антиденені баяулату, басу
-
терінің қабыршақтануы
-
терінің қабыршақтануы
-
жүрек аурулары
-
жүрек аурулары
-
гипертония
-
гипертония
ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ
-
С дәрумені және басқа да
антиоксиданттар
-
С дәрумені және басқа да антиоксиданттар
-
кальций
-
кальций
-
селен
-
селен
Алюминий – бұл улы ерекшелігі бар жеңіл металл. Көптеген жылдар бойы
адамның ағзасы оны сіңіре алатындығы туралы ешкімнің күмәні болған жоқ,
алайда осы күнге дейін ол ас үй ыдыстарын әзірлеуде қолданылып келеді.
Алюминийді медициналық көптеген құралдарды дайындау үшін де қолданады.
Кейде ас судың құрамында да табады.
Алюминий фольгасы, ас үй ыдыстары, тотықтырғышқа қарсы зат тәрізді
алюминий көздерін жою өте маңызды, себебі тағамның құрамында табиғи
көздерден (топырақтан) келген алюминийдің біршама мөлшері болады. Басқа
да қоспалар тәрізді, тамақтанудың азықтық тізбегі бойынша алюминийдің
шоғырлануы артады. Альцгеймер белгісі (кәрілік ақыл кемдігі) ауруы бар
науқастың ми жасушасындағы алюминийдің мөлшері қалыпты шамадан төрт
есе жоғары болатыны анықталған. Алюминийдің көп үлесі осы аурудың негізгі
көзі болуы мүмкін. Сонымен қатар балалардың аса жоғары әсерленгіштігінің
пайда болуының және психологиялық қозғаушы реакциясы бұзылуының себебі
болуы да мүмкін. 7-кестеде алюминий көздерінің және оның әрекетінің салдары
туралы мәліметтер жинақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |