ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
Тәуелсіздіктің 20 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.
1990 жыл.
1990 жылы қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың егемендігі туралы Декларация қабылдады.
1991 жыл.
1991 жылы тамыз айындағы Мәскеуде өткен дүмпуден кейін, Коммунистік партия таратылып, қоғамдық мүлік билікке берілді.
1991 жылы 24 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ағымдағы жағдайды бағалау және Республика егемендігін нығайту шаралары туралы» Қаулы қабылданды.
1991 жылдың 29 тамызындағы Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы болды. Қазақ жерінде 40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қойылды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.
Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.
Қазақстанда 1991 жылдың тамыз-қазан айларында Президенттің жарлығымен мынадай қайта құрулар болды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет және сот органдары бөлінді. Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Одаққа бағынышты кәсіпорындардың Қазақ КСР үкіметінің қарамағына түбегейлі өтіп, республикада алтын қоры мен Алмас қоры, т.б. құрылды.
Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы – қазақтың тұңғыш ғарышкері 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
1991 жылы 16 қазанда – Қазақ КСР-інің Президентін сайлау туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы қабылданды.
1991 жылы Жоғарғы Кеңестің таңдауымен президенттің қызмет орны бекітілді. Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда - Қазақ КСР-інің Президентін сайлау өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 % дауысын жинаған Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды.
1991 жылы 16 желтоқсан күні -
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазақстанның бұл қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің ішінде ең соңғы заңы болып табылады.
Осы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.
1991 жылы 12 желтоқсан күні - «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды.
1986 жылғы желтоқсан көтерілісі.
1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды.
Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы әдіс бойынша шешілген еді. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады.
Желтоқсанның 17 ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты.
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын түсіруге зор үлес қосып келеді.
16 желтоқсан күні – 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасын еске алу күні. Алматы қаласының халқы бұл күні Республика алаңына шығып, 1986 жылы қаза болғандарды естеріне алады.
1991 жылы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының азаматтығы
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы қабылданды
1991 жылы 21 желтоқсанында Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген он бір тәуелсіз мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды. Сөйтіп, ТМД-на мемлекеттік тәуелсіздік, тең құқылық және егемендік қағидаттарымен кіру туралы шешім қабылданды.
1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды.
1991 жылы Қазақстан бойынша репрессия құрбандарына тұңғыш рет Ақтөбе қаласында Түйетөбеде ескерткіш қойылған. Осы жерден жаппай ату жазасына ұшыраған жүзге жуық адамның сүйегі табылған, ескерткіштің ашылуында жиылған халықта есеп болмады. Жақындарының сүйегі қайда қалғанын білмей жүрген талай ақтөбелік үшін, жалпы халқымыз үшін елеулі оқиға болды. Бұл ескерткіштің авторы — сәулетші Әбубәкір Әжіғалиев.
1992 жыл.
1992жылы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
Қорғаныс –тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды нышандарының бірі. 1992 жылдың 7 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» № 745 Жарлығымен өзінің дербес құрылымы, басқару мен қаржыландыру тәртібі бар республиканың Қарулы Күштер құрылысының негізі салынды.
- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент
Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы болып табылады.
- 2003 ж.7 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің № 1085
Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-
теңіз күштері құрылды.
1992жылы 15 қаңтарда«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды
1992 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді.
- Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде бірінше болып 56 мүше елді біріктірген мемлекетаралық беделді ұйым Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына 2010 жылы төрағалық ету мүмкіндігіне ие болды.
1992 жылы 18 ақпанда Қазақстан балаларының мейірімділік қоры «Бөбек» дүниеге келді.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы басталды. 1991-1994 жылдар аралығында әлемнің 111 елі ҚР таныса, 92 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
1992 жылы 8 мамырда ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды.
1992 жылы 15 мамырда ТМД-ның 6 мемлекетінің (Армения, Қазақстан,Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды.
1992 жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.
1992 жылы 22 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев және мемлекет басшылары Стратегиялық шабуыл қару-жарағы (СШҚ-1) туралы зымырандық-ядролық қаруды таратпау және бірте-бірте бөлшектеп, шығарып тастау туралы Лиссабон хаттамасына ядролық қарудан арылу міндеттемесін алды.Өз аумағын ядролық қарусыз аймақ деп жариялады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен ұлттық сипатын жаңа мемлекеттік рәміздер бейнелейді. 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдар күшіне енді. 11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні туралы» заң қабылданды.
1992 жылы 17 қазанда Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
ЮНЕСКО-ның келісімі мен тәртібі бойынша 1992 жылдың қазан айында тағайындалған «ЮНИТИ» («Бірлік») халықаралық сыйлығы «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваға тапсырылды.
1992 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Екі елде өз елшіліктері ашылды.
1992 жылы Тама Есет батыр Көкіұлының кесенесі салынды. Бұл шараға 75 мың адам қатысты деген дерек бар. Бұл идеяның авторы, жалпы осы істің басы-қасында болған — тілші ғалым Мұхтар Арын. Ескерткіш авторы — Тоқтаған Жанысбеков.
1993 жыл.
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
1993 жылы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Т.О.Әубәкіров Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры болып тағайындалды
1993 жылы 26 ақпанда республика аймағының тұтастығын, біркелкілігін, өзгешелігін дәлелдейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы өз күшіне енді.
Қазақстан - әлемде аумағы жағынан 9-орынды иеленетін ірі мемлекет.
Шекарасының ұзындығы шамамен 14 мың шақырым. Мемлекеттілікті
құруға кіріскенде, ең алдымен мемлекеттік шекараны рәсімдеу мәселесі
назарға ілікті.
- Бұл біріншіден, ҚХР-сымен ұзындығы 1700 шақырымға созылған
шекараға қатысты еді. 1994 жылы Қазақстан мен Қытай шекара сызығына
қатысты ірі келісімдерге қол қойылды,
Орта азиялық көршілеріміз Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен екі жақты келіссөздердің барысында барлық мәселелер шешілді.
- Ресей мен Қазақстан арасындағы ұзындығы 7591 шақырым болатын заңды түрде рәсімделген шекараға иеміз.
1993 жылдың наурызында Қызылордада «Арал – ғасыр қасіреті» атты халықаралық конференция қатысушылары мемлекет басшылары атынан Біріккен Ұлттар Ұйымына үндеу жолдады. Халықаралық Арал қорын құру жөнінде келісімге келді. Азиядағы ірі мемлекеттерді Аралды қорғау қозғалысына атсалысуға шақырған үндеу қабылданды. Аралды қорғау Халықаралық қорының төрағасы болып, Н.Ә.Назарбаев сайланды.
Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді.
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын тағайындады. Осы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
1994 жыл.
1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.
Ата Заң негізінде 1994 жылы наурыз айында алғаш рет парламенттік сайлау өткізілді. Сол жылы парламент таратылды.
1994 жылы 27 мамырда Қазақстан рамалы құжатқа қол қойып, НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған серіктестік» бағдарламасының 19-шы қатысушы мемлекеті болды.
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Ресей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жыл.
1995 жыл – Абай жылы болып жарияланды.
1995 жылы 12 қаңтарында Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Т.О.Әубәкіровке, Т.А. Мұсабековқа, Ресей ғарышкері Ю.И. Меленченкоға –«Халық Қаһарманы» атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі –«Алтын Жұлдыз» тапсырылды. Т.А. Мұсабековқа, Ю.И. Меленченкоға «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» құрметті атағы берілді.
1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.
1995 жылы 29 сәуірде өткізілген бүкілхалықтық референдумда сайлаушылардың 95,4% Президент өкілеттілігінің мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуды жақтап дауыс берді.
1995 жылы 19 мамырда Алматыда банкнот фабрикасының бірінші кезегінің ашылу рәсімі болды.
1995 жылы 26 мамырда Қазақстан аумағынан ядролық қарудың соңғысы шығарылды.
1995 жылы 3 шілдеде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы шықты.
1995 жылы 30 тамызда Конституциялық өзгерістер процесі аяқталып, қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді.
1996 жыл.
1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.
1996 жыл – ұлы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың жылы.
1996 жылы 3 сәуірде Қазақстандағы қазақ ұлтының азаматтары құжатқа тари хи халық дәстүрге сәйкес өз әкесінің аты-жөнін, ата-бабасының атымен жаздыруға мүмкіндік алды.
1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу (ЯСЖТ) шартына қосылды.
1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды. Авторлары:архит. Ш.Уалиханов(топ жетекшісі, мүсіншілер: Н.Далбай, Ә.Жұмабав, сәулетшілер Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев т.б)
1997 жыл.
1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.
1997 жылы 8 қарашада мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Президентінің байрағын Алматы қаласынан Ақмола қаласына табыс ету салтанаты өтті.
1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
1997 жылдың 20 қазанындағы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» № 3700 Жарлығына сәйкес, Ақмола қаласы ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан астана болып саналады. 1998 жылдың 10 маусымы – астананың тұсаукесер күні ретінде белгіленеді.
1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. 2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
1997 жыл –халықтық жалпы келісім мен саяси репрессия құрбандарына арналған жыл болып, «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
1998 жыл
1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының жұртшылығының тілегі ескеріліп, ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Ақмола атауын Астана қаласы деп өзгерту туралы Президент Жарлығы шықты.
1998 ж. 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды.
1998 жылы 10 маусымда тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, астана күні тойланды. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
1998 жылы 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастаған ресми делегацияның Ватиканға сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасындағы өзара байланыс туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасында римдік-католиктік шіркеулердің 77 бірлестігі жұмыс істейді. 1991 жылы Қазақстан мен Орта Азия католиктеріне арналған Қарағандылық епархия құрылды. Сонымен қатар, Республика аумағында 3 апостолдық әкімшілдік жұмыс істейді.
1998 жыл – Ұлттық тарихы мен бірлігі жылы.
1998 жылы 6 шілдеде ХХІ ғасырға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достастық пен одақтастық туралы Декларацияға қол қойылды.
1999 жыл.
1999 жыл – Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы жылы.
"НҰР ОТАН" Республикалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды, ал сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Төраға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның 1-ші орынбасары - Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы.
Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында "НҰР ОТАН" филиалдары бар. Партияның әлеуметтік негізін бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, студенттер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері құрайды.
Басты мақсаттары ретінде партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесу; азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру; әлеуметтік әділеттілікті бекіту және елдегі тұрақтылықты сақтау; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту; азаматтардың отансүйгіштік сезімі мен Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін жауапкершілігін тәрбиелеу деп жариялады.
Мәжілісте "НҰР ОТАН" парламенттік көпшілікке ие.
2007 жылы Мәжіліске сайлау қорытындылары бойынша партия 88.41% дауысқа ие болды. "НҰР ОТАН" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына партиялық тізім бойынша 98 депутат сайланды.
1999 жылдың 10 қаңтарында өткізілген мерзімінен бұрын болған президенттік сайлауға қатысқан дауыс берушілердің 79,78 %-ы Н.Ә.Назарбаевты қолдады.
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін 1999 жылы бірінші санақ өтті .
2000 жыл.
2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.
2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.
2000 жылы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесін күшейту жөнінінде» Президент Жарлығы қабылданды.
2000 жылы 10 қазанда Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Кедендік одаққа қатысушы елдер – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісі болды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.
2000 жыл Елбасы Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Облыстық әкімшілік Ленин ескерткішінің орнына Кіші жүздің ханы, даңқты қолбасшы Әбілқайыр ханға ескерткіш орнату жайлы шешім қабылдады. Ескерткіш авторы — мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев.
2000 жылы халықтан жиналған қаржыға Көтібар батыр Бәсенұлына кесене орнатылды. Оның авторлары — сәулетші Несіпбек Қожағұлов және суретші Әділғали Баяндин.
2001 жыл.
2001 жыл 21 ғасыр бастамасы.
2001 жыл – осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толды.
2001-2010 жылдары –Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлығы» ұлттық мәдени жобасы іске асырылды.
2001 жылы 13 маусымда Алматыда І республикалық «Бөбек» шақырады» фестивалі өтті.
2001 жылы 14 маусымда «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды.
2001 жылы 7 қыркүйекте Ақтау қаласында, Қазақстан жастарының 1-ші Конгресі өтті.
2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.
2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.
2001 жылдың 22-25 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен Рим Папасы ІІ Иоанн Павелдің Қазақстанға мемлекеттік пасторлық сапары болып өтті. Қазақстан Республикасындағы дінаралық келісім дін өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді қатысуымен сипатталады. Еліміздегі конфессияаралық келісім мен ұлтаралық келісім бірін-бірі толықтырады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы 22-24 қыркүйек аралығында католиктер мен христиандар, православиеліктер мен иудейлер бастарын қосып, барлық мәселелерді бірлесе талқылаған Әлемдік діндер съездерінің өткізілуі – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың айғағы.
Орыс православие шіркеуі Қазақстанда дінге сенушілер саны жағынан алғанда екінші орында тұр. 1996 жылы орыс православие шіркеуі Н.Ә.Назарбаевты І дәрежелі Киелі князь Даниил Московскийдің орденімен марапаттады.
2001 жылы 18 мамырда астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
2002 жыл.
2002 жыл – «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
2002 жыл 4 маусымда Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) Саммиті өтті.
АӨСШК екінші Саммиті Декларациясында Азиядағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастық мәселелерінің жалпы жағдайы қарастырылды. Хатшылық
Алматы қаласына орналасты.
2002 жылы 25-26 қыркүйегінде - Ежелгі Тараз қаласының көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
2002 жылы 23-24 қарашада Түркістан қаласында қазақтардың Екінші Бүкіләлемдік құрылтайы өтті.
2002 жылы 24-26 қарашада – Екінші Еуразиялық Медия Форум өтті (Алматы қаласында).
2002 ж. Евразияның кіндігі — Астананың төрінде, сулы жасыл-желекті бульвар орталығынан - шыңына алтын шарды көтерген күміс түсті жарқыраған мұнара – «Бәйтерек» монументі пайда болды. Ол көкке ұмтылған Астананың символына айналды. Н.Ә.Назарбаев жасаған сызба-нұсқаның жобасы негізінде тұрғызылған «Бәйтерек» халықаралық байқауда ТМД елдеріндегі 2002 ж. ең үздік нысаны ретінде алтын медальға лайық деп танылды. Оның биіктігі 97 метр.
2003 жыл.
2003-2005 жылдары –«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.
2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.
Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді.
2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды.
2003 жылы берілген ойын-суық кешен-аквариум «Думан» дүниежүзілік мұхиттың ең шалғайдағы бөлшегі іспеттес Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
2004 жыл.
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.
2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.
2004 жыл – Ресейдің Қазақстандағы жылы.
2004 жылы маусымда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттінде «Еуразиялық ықпалдастық: осы заманғы даму үрдістері және жаһандану сынақтары» деген тақырыпта халықаралық форум өтті.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдени мұра» мемлекеттік Бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама бойынша Ақтөбе облысындағы Абат-Байтақ мавзолейі, киіз үй тәрізді Қарағұл тамы республикалық бюджет қаржысы есебінен қалпына келтірілуде.
Байғанин ауданында б.з.д. IV-V ғ.ғ. Сармат дәуірінен қалған ескерткіш биіктігі 12 метр, қабырғасының қалыңдығы 7 метр болатын Қызылүйік, Тасастау ғибадатханаларында қазба жұмыстары жүргізілді. Археолог Зейнолла Самашев аталмыш нысандарды 2004 жылдан бері зерттеп жүр.
2005 жыл.
2005 жылы 9 мамырда Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 60 жылдығына Н.Назарбаев , В.Путин, басқа да жаңа тәуелсіз мемлекет басшылары қазіргі демократиялық Германия көшбасшыларымен бірге фашизмді күйреткен Жеңіс Күнін Мәскеуде мерекеледі.
2005 жылдың 5 шілдесінде Астанада өткен Мемлекет басшыларының саммитінде астана декларациясына қол қойылып, антитеррорлық сипаттағы негізгі құжаттар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық тұжырымдамасы, ережесі бекітілді.
2005 жылы 2 маусымда Байқоңырдың 50 жылдығы аталып өтті.
2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
2005 жылдың 4 желтоқсанындағы кезекті президент сайлауында сайлаушылардың 91,15%-ы өз дауыстарын мемлекет басшысына берді.
2005 жылы Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбе қаласында ескерткіш бой көтерді. Авторлары — мүсіншілер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бақытжан Әбішев және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сергебаев.
2006 жыл.
2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне композитор Ш.Қалдаяқовтың (сөзі Ж.Нәжімеденовтың) 1950 жыдары жазылған «Менің Қазақстаным» әні алынды. Қолданыстағы әнұранның заңды авторларының бірі – Н.Ә.Назарбаев.
2006 жылы 11 қаңтарда «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми түрде қызметіне кірісуіне арналған салтанатты рәсім өтті. Қазақстан Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Астанаға әлемнің 70-тен аса елінен өкілдер келді.
2006 жылдың 17 маусымында Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) екінші Саммиті болды.
2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
2006 жылы академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Ақтөбеде Ғ.Жұбанова атындағы филармония алдында А.Жұбановтың ескерткіші қойылды. Авторы — мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев.
2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды.
2006 жылы - Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
2007 жыл.
2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
2007 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, бұрынғы консультативтік-кеңесші орган - Қазақстан халықтары Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы деген жаңа атау берілді.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
2007 жылы қазан айында - 2008-2010 жылдарына арналған «Жасыл ел» бағдарламасы бекітілді.
2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары бағдарламасы»
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды
2007 жылы КСРО және ҚР халық артисі Ғазиза Жұбанованың 80 жылдық мерейтойына орай филармония алдына ескерткіш мүсіні орнатылды. Авторы – мүсінші Жәдігер Кенбай.
2007 жылы Ауғанстандағы соғыста шейіт болған интернационал жауынгерлерге арналған «Қақ жарылған құлпытас» атты ескерткіш орнатылды. Авторы — Ж.Кенбаев.
2007 жылы «Қобыланды батыр» кешені салынды. Авторы — ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі Бек Ыбыраев.
2008 жыл.
2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
2008 жылы қаңтар айында – Оралмандардың көшіп келу квотасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.
«Самрұқ-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстан Республикасының «Қазына» тұрақты даму қоры мен «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару холдингінің бірігуі туралы ҚР Президентінің Жарлығымен 2008 жылы 13 қазан айында құрылды. Қор қызметінің басты мақсаты мемлекеттік даму институттарын тиімді корпоративтік басқару жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инфестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру мен ынталандыру болып табылады.
Қор Директорларының Кеңесін Премьер-Министр басқарады.
2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам - 6 шілде - Астана күні енді.
2008 жылы шілде айында – 2008-2009 оқу жылына мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы ҚР Үкіметінің бұйрығы.
2008 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.
2008 жылы қазан айында – Қазақстан азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы қабылданды.
2008 жылы 2 желтоқсанда – 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді.
2008 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары қабылданды.
2008 жыл – Украинаның Қазақстандағы жылы.
2008 жылы халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» кітабының кейіпкерлеріне ескерткіш қойылды. Бұл — Қазақстанда әдеби шығарма кейіпкерлеріне қойылған тұңғыш ескерткіш. Оның авторы — Ерік Жауынбаев.
2009 жыл.
Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды.
2009жылы қаңтар айында –ҚР –да ұлттық халық санағы өтті.
2009 жылы 19 мамырда Қазақстан Республикасының білім ғылым министрлігінің № 224 Бұйрығымен – «Болашақ» халықаралық стипендиясы бекітілді.
2009 жылы «Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік сарайы, Орталық концерт залы, футбол стадионы және өзге де ірі объектілердің салтанатты ашылуы болды.
2009 жылы 1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің ІІІ съезі өтті.
2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында елiмiздегi тұрғындар арасында екінші Халық санағы өттi. 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2009 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қараған түнгі сағат 12-дегі санақ мезетіне 16004,8 мың адамды құрады.
Республика халқының санақаралық кезеңдегі саны 1022,9 мың адамға артты, алдыңғы 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі (1999 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қараған түнгі сағат 12-ге) 6,8%-ды құрады.
Қала халқының саны 8639,1 мың адамды, ауыл халқының саны 7365,7 мың адамды құрады. Сонымен қатар, қала халқының саны 195,1 мың адамға немесе 2,3%-ға, ал ауыл халқының саны 827,8 мың адамға немесе 12,7%-ға артты. Еліміздегі қала халқының үлесі 54%-ды, ауыл халқының үлесі 46%-ды құрады, 1999 жылы олардың арақатынасы тиісінше 56,4% және 43,6%-ды құраған болатын. Анағұрлым урбанизацияланған өңірлерге Қарағанды (мұндағы қала халқының саны 77%-дан астам), Павлодар (67,9%) және Ақтөбе (61,1%) облыстары жатады. Ауыл халқы негізінен алғанда Алматы (барлық халықтың 76%-ы), Солтүстік Қазақстан (61,5%), Қызылорда (60,8%) және Жамбыл (60,5%) облыстарында шоғырланған.
Еркектер саны 7722,8 мың адамды, әйелдер саны 8282,0 мың адамды құрады. Алдыңғы санақпен салыстырғанда еркектер саны 507,1 мың адамға немесе 7%-ға; әйелдер саны 515,8 мың адамға немесе 6,6%-ға артты. Еркектер мен әйелдер санының арақатынасын қарастыратын болсақ, әйелдер үлесі еркектерден басым (тиісінше 51,7% және 48,3%). Егер 1999 жылғы халық санағы бойынша әрбір 1000 әйелге 929 еркектен келсе, 2009 жылғы санақ бойынша 932-ден келді.
Санақаралық кезең ішінде жекелеген этностар санының өзгеруі мынадай деректермен сипатталады:
Алдыңғы санақпен салыстырғанда қазақтар саны 26,1%-ға артты және 10098,6 мың адамды құрады. Өзбектер саны 23,3%-ға артып, 457,2 мың адамды, ұйғырлар 6%-ға артып, 223,1 мың адамды құрады. Орыстар саны 15,3%-ға азайып, 3797,0 мың адамды; немістер - 49,6%-ға азайып, 178,2 мың адамды; украиндар – 39,1%-ға азайып, 333,2 мың адамды; татарлар – 18,4%-ға азайып, 203,3 мың адамды; өзге де этностар - 5,8%-ды азайып, 714,2 мың адамды құрады.
Еліміздегі халықтың жалпы санындағы қазақтар үлесі 63,1%-ды, орыстар – 23,7%-ды, өзбектер – 2,8%-ды, украиндар – 2,1%-ды, ұйғырлар – 1,4%-ды, татарлар - 1,3%-ды, немістер – 1,1%-ды, өзге де этностар 4,5%-ды құрады.
2009 жылғы халық санағын ескере отырып, жедел деректер бойынша республика халқының саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 16196,8 мың адамға жетті. 2010 жылдың басына қазақтар үлесі 63,6%, орыстар – 23,3%, өзбектер - 2,9%, украиндар – 2,0%, ұйғырлар – 1,4%, татарлар – 1,2%, немістер – 1,1%, өзге этностар – 4,5%.
2009 жылы Кеңестер Одағының екі мәрте Батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновке өзінің атындағы Ақтөбе жоғары әуе институтының алдынан ескерткіш мүсіні қойылды. Авторы — мүсінші, Жастар Одағы сыйлығының иегері Марат Габдрахманов, сәулетшісі — Ж.Айнабеков.
2010 жыл.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті. Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік) болады.
Біріншісі бірі-бірімізге деген бізге аса қажетті сенімді білдіреді.
Екіншісі ЕҚЫҰ –ның негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.
Үшіншісі - халықаралық қарым-қатынастарда барынша ашықтық пен транспаренттік.
Төртіншісі - әлемдегі мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогті нығайту.
2010 жылы 1-2 желтоқсанда -Астанада Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кең ауқымды, бөлінбейтін және кооператтивті қауіпсіздік құрудың көкейкесті мәселелерін талқылау үшін Ұйымға қатысушы елдер Мемлекет және үкімет басшыларының Саммиті өтті. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы.
2010 жылдың 31 желтоқсанда және 2011 жылдың 7 қаңтар аралығында VII Қысқы Азия Ойындары Астана –Алматы қалаларында өтті. 2011 Азиада Қазақстан үшін салтанатты түрде мәресіне жетті. Азиадада тұңғыш рет 11 спорт түрі бойынша 69 мадақтау жиынтығы таразыға салынды. Оған Азианың 27 мемлекетінен 1000-нан астам спортшы қатысты, олардың арасында атақты спортшылар, Олимпиада және әлем чемпионатының жеңімпаздары бар. Азиада ойындары барысында 10 континенталдық рекордтар анықталды.
Қазақстандық құрама команда 70 медаль, оның ішінде 32-алтын, 21-күміс, 17-қола медальдарды иелене отырып, қысқы Азиада ойындары тарихында жаңа рекорд орнатты.
Азиада-2011 ресми сайтының ақпараты бойынша бұрынғы рекорд – 29 алтын белгі Жапония құрама командасына тиесілі болған. Ол 1986 жылы Саппаро қаласында өткен Алғашқы қысқы Азиада ойындарында алынған болатын. Ойындағы басты рекорд – Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты мықты қарсыластармен болған күресте қазақстандықтармен алынған 32 алтын медаль.
Елбасының тапсырысы бойынша Азиаданың басталу кезеңінде халықаралық кластағы 10 спорт алаңдары күрделі жөндеуден өтті, оның ішінде кейбірі әлемдік талапқа келмейді.
Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады.
2010 жылы Қазақ халқының біртуар ұлы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жауынгер жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толады. Осы орайда қаңтардың 9-ы күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Аманкелді Момышев Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевқа депутаттық сауал жолдады.
Депутат сауалында дүние жүзіне белгілі тұлға, аты аңызға айналған батыр,
белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойын
ЮНЕСКО деңгейінде атап өту қажеттігін алға тартты.
2011 жыл
Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі мемлекетіміздің ЕКЫҰ-на төрағалық еткен соң, көпқырлы дипломатияны жалғастыруға, мұсылман әлемі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және республиканың беделі мен рөлін күшейтуге деген ұмтылысы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдаулары
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Елдегі жағдай және ішкі, сыртқы саясаттың 1997 жылға арналған негізгі
бағыттары туралы (Алматы, 7 қазан 1996 жыл)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Алматы,10 қазан 1997 жыл
«ҚАЗАҚСТАН-2030»
БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨСІП-ӨРКЕНДУІ, ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ АРТУЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана,29 қыркүйек 1998 жыл
ЕЛДЕГІ ЖАҒДАЙ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ: ЖАҢА ҒАСЫРДА ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ РЕФОРМА
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана, 15 желтоқсан 1999 жыл
ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ҒАСЫРДАҒЫТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана, 24 қазан 2000 жыл
ЕРКІН ДЕ ЕҢСЕЛІ ӘРІ ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМҒА ҚАДАМ БАСАЙЫҚ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана 3 қыркүйек 2001жыл.(Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары);
Қазақстан Республикасының Президенті Н.ӘНазарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана, 29 сәуір 2002жыл. (Ішкі және сыртқы саясаттың 2003жылғы негізгі бағыттары);
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана, 4 сәуір 2003жыл. (Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылғы негізгі бағыттары);
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана, 19 наурыз 2004жыл. (Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, Бәсекеге қабілетті экономика үшін, Бәсекеге қабілетті халық үшін);
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана, 18 ақпан 2005жыл.(Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында);
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана,1наурыз 2006жыл.(Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы);
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана,28 ақпан 2007жыл. (Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан);
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана, 6 ақпан 2008жыл. (Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты);
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана, 6 наурыз 2009жыл. (Дағдарыстан-дамуға);
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана, 2010жыл. (Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері);
11. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана, 29 қаңтар 2011жыл.(Болашақтың іргесін бірге қалаймыз)
Достарыңызбен бөлісу: |