6. Бұқаралық ақпарат құралдарымен және Министрдің блог тұғырнамасымен жұмыс тәртібі
82. БАҚ-тан сұрау түскен кезде Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі 30 минут ішінде оны жауапты хатшының қарауына жауапты орындаушыларды анықтау үшін енгізеді. Сұраудың көшірмелері Қоғаммен байланыс департаментіне (бұдан әрі – ҚБД) және сұраудың мазмұнына қарай тиісті құрылымдық бөлімшелерге жолданады.
83. БАҚ-тың сұрауларына жауаптарды әзірлеу олар келіп түскен күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады не жауап берілетін мерзімін көрсете отырып жауап беріледі немесе жауап беруден дәлелді бас тарту ұсынылады.
Қосымша зерделеудi және тексерудi талап ететiн өтiнiшке жауап ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
БАҚ-тан құрылымдық бөлімшелерге қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн өтiнiш келiп түскен жағдайда, бұл туралы БАҚ-қа хабарлана отырып осы өтiнiш бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей тиiстi органдарға жiберiлуге тиiс.
Жауапты құрылымдық бөлімшелер сұрау келіп түскен күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде жетекшілік ететін вице-министрлермен келісілген жауаптарды ҚБД –ға береді.
84. Мәселе Министрдің ресми блогына келіп түскен кезде ҚБД 30 минут ішінде осы мәселені қарау құзыретіне кіретін жауапты құрылымдық бөлімшені айқындайды. Жауапты құрылымдық бөлімше ҚБД-ға күнтізбелік үш күннен кешіктірмей осы Тәртіптің 30-қосымшасына сәйкес жауапты ұсынады. Блогқа жауаптар қысқа, сұрау субъектісіне түсінікті тілде жазылуға, қойылған сұрақтарға нақты жауап берілуі тиіс.
85. Министрліктің қызметін БАҚ-та жариялау үшін құрылымдық бөлімшелер, тоқсан сайын, тоқсанның бірінші айының 10-на дейін ҚБД-ға пул-спикерлерді береді. Спикерлер мына талаптарға сай болуы тиіс:
тақырыпты терең білу;
конструктивті диалог жүргізе білу (мемлекеттік/орыс тілдерінде).
86. Министрдің хатшылығы, вице-министрлердің, жауапты хатшының қабылдау бөлмелері, құрылымдық бөлімшелер күн сайын сағат 17-ге дейін басшылықтың келесі жұмыс күніне жоспарланған іс-шаралары туралы ҚБД-ны хабардар етеді, ақпараттық-анықтамалық материалдарды ҚБД-ға БАҚ-та ақпараттық жариялауды қамтамасыз ету үшін ұсынады.
87. Министрлік басшылығының қатысуымен өтетін (ҚР Үкіметінің, Парламент палаталарының отырыстары, форумдар және т.б.) БАҚ-ты аккредиттеуді талап ететін іс-шараларға қатысушылар тізіміне жауапты құрылымдық бөлімше ҚБД қызметкерін қосады. ҚБД-ға баспасөз релизін әзірлеу үшін жауапты құрылымдық бөлімше іс-шараның басталуына бір күн қалғанда ақпараттық-анықтамалық материалды, тезистерді береді.
88. Министрлік басшылығының қатысуымен өтетін брифингтерді ұйымдастыру кезінде ҚБД тиісті құрылымдық бөлімшеден мемлекеттік және орыс тілдерінде материалдарды (анықтамалар, сөз сөйлеу тезистері) сұратады, оларды тиісті құрылымдық бөлімшелер брифингтің басталуына бір күннен кешіктірмей беруі тиіс. Тиісті құрылымдық бөлімше ҚБД мен бірлесіп проблемалық мәселелер тізбесін және оларға жауаптарды әзірлейді.
89. ҚБД Министрліктің ресми интернет-ресурсының жұмысын жалпы үйлестіруді қамтамасыз етеді және құрылымдық бөлімшелермен Министрліктің ресми интернет-ресурсын уақтылы және толықтай толтыру бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
90. Ресми интернет-ресурсқа ақпараттық материалдарды орналастыру және жаңарту тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
7. Құрылымдық бөлімшелер арасындағы ішкі хат алмасу
91. Министрлік ішіндегі құрылымдық бөлімшелердің, комитеттердің арасындағы хат алмасу тек электрондық түрде Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бағдарламалық қамтамасыз етуінде ЭҚАБЖ-ның «Ішкі хат-хабарлар» деректер қорында шығыс және кіріс хат-хабарды тиісінше тіркеумен шығыс құжаттар үшін көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
Министрлік басшылығының атына жазылған қызметтік хаттар міндетті түрде «ЭҚАБЖ ішкі хат-хабарламалар» базасында тіркелуі қажет.
92. Ішкі хат алмасу кезінде Министрліктің бланкілері пайдаланылмайды. Құжат жолданған тұлғаның тегі мен аты-жөнін барыс септігінде көрсетуге рұқсат беріледі. Хаттарға орындаушы және құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
93. Сұрауға жауап беру мерзімі егер Министрліктің басшылығы немесе жоғары тұрған органдар өзге мерзімдерді белгілемесе, он күннен аспауы тиіс.
94. Бақылау құжатын бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелер негізгі орындаушы құрылымдық бөлімшеге жауапты:
1) бір ай мерзімінде орындалатын құжаттар бойынша бірінші орындаушы үшін белгіленген мерзім аяқталғанға дейін 7 күн бұрын;
2) 20 күн мерзімінде орындалатын құжаттар бойынша – 7 күн ішінде;
3) 10 күн мерзімінде орындалатын құжаттар бойынша – 5 жұмыс күні ішінде;
4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдері жобалары бойынша – екі күннің ішінде;
5) орындау мерзімі бір күннен бес күнге дейінгі басқа шұғыл құжаттар бойынша – бір жұмыс күнінің ішінде немесе дереу береді.
8. Шығыс хат-хабарларын ресімдеу
95. Шығыс хат-хабарларды дайындаған кезде мемлекеттік органдардың, қоғамдық және басқа да ұйымдардың атауларын жазған кезде біркелкілікті, қағаз және электрондық жеткізгіштегі құжаттардың сәйкестігін қатаң сақтаған жөн.
Құжаттарды дайындау сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау. Мәтінінің құрылымы оңтайлы және нақты тұжырымдары бар (қызметтік хат алмасудан кіріспе бөлімдер мен себепсіз жеке өтініштерді алып тастау) біріздендірілген нысандарды пайдалану, сондай-ақ мазмұны бойынша қосымша түсіндіруді талап етпейтін, ілеспе хаттарсыз құжаттарды жіберу.
96. Шығыс құжаттарды қағаз, сондай-ақ электрондық жеткізгіште дайындау жобаны әзірлеу, оны келісу және қол қою болып табылады. Электрондық құжат айналымы жүйесін және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының электрондық құжат айналымының тиісті ережесінде (бұдан әрі - ереже) айқындалған.
Қағаз жеткізгіштегі шығыс хаттар, әдетте, екі данада дайындалады және қол қойылады, бұл ретте тиісті құрылымдық бөлімшенің ағымдағы мұрағатында сақталатын екінші данасында қол қойылған күні көрсетіле отырып, орындаушы мен осы құрылымдық бөлімше басшысының қолы, сондай-ақ қажеттілігіне қарай Заң қызметінің және редакциялау және/немесе аударма қызметінің мерзімі көрсетілген бұрыштамасы болуы тиіс. Келіп түскен бақылау құжаттарға дайындалған жауап жобаларына бұрыштама немесе қол қоюды олар бұрыштама немесе қол қоюға берілген күннен бастап бір тәулік мерзімінде Министр, Бірінші вице-министр, Вице-министрлер, Жауапты хатшы және құрылымдық бөлімшелердің басшылары жүзеге асырады.
97. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеу «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген талаптарды сақтаумен жүзеге асырылады.
Әзірлеуші құрылымдық бөлімше қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберген күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған басқа қажетті құжаттарды осы Үкімет Регламентінің 50-тармағының талаптарын ескеріп, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.
Әзірлеуші құрылымдық бөлімше жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары түскен күннен бастап оны жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсына орналастырады, ал онымен келіспеген жағдайда қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады.
98. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоса алғанда шығыс хат-хабарлары, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Президент Әкімшілігіне және Премьер-Министрі Кеңсесіне жіберілместен бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда Құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың 20-1- тармағына сәйкес Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметімен келісілуі (бұрыштама қойылуы) тиіс.
99. Жіберілетін құжатта күні (күні, айы, жылы) және шығыс нөмірі болуы тиіс. Құжатта көрсетілген күн құжатты Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне тапсырған күнмен сәйкес келуі тиіс. Түзетілген немесе бұрын белгіленген күні бар құжаттарды Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі орындаушыға түзету үшін қайтарып береді. Барлық деректемелер басып шығарылуы тиіс.
100. Құжатты ұйымға жолдаған кезде, ұйымның атауы атау септігінде, ал құжат бағытталған тұлғаның лауазымы – барыс септігінде көрсетіледі. Құжатты ұйым басшысына жолдаған кезде ұйым атауы адресат лауазымы атауының құрамына енеді.
Құжаттағы адресат төрттен артық болмауы тиіс. Құжат төртткен артық мекенжайға жіберілген кезде жіберу көрсеткіші жасалады және құжаттың әр данасында тек бір адресат көрсетіледі.
Егер құжат бірнеше біртектес ұйымдарға бағытталатын болса, олар жинақталып көрсетіледі (мысалы: «Су ресурстары жөніндегі комитеттің облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы басқармаларына» және т.с.).
Қаладан тыс адресатқа жіберілетін құжатта оның атауынан кейін почтаның индексі, облыс, қала (село), көше, үйдің нөмірі көрсетіледі. Егер құжат факсимильдік байланыспен жіберілсе, онда адресаттың факсимильдік аппаратының нөмірі көрсетіледі.
101. Шығыс құжаттар (хат-хабарлар) құжаттардың деректемелерінің есепке алу деректерін электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкаларының деректер қорына бір мезгілде енгізумен тіркеу-бақылау карточкаларында (№1 қосымша) есепке алынады.
Электрондық шығыс құжаттарды жасау (әзірлеу) кезінде де Министрліктің ресми бланкісіне сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондары пайдаланылады.
Шығыс құжаттар электрондық құжат айналымы жүйесін пайдаланып белгіленген тәртіпте электрондық құжат форматында ғана жіберіледі.
102. Хатқа мәтіннің мағынасын дәл жеткізетін мәтіндік жиектің сол жағында орналасқан қысқаша тақырып қойылады. Жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жауап берген кезде міндетті түрде тапсырманың, хаттамалық шешімнің немесе директивті құжаттың нөміріне және күніне сілтеме жасалады. Қосымшаның соңғы парағына міндетті түрде құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе орынбасары бұрыштама қол қояды. Қолдаухатқа немесе сұранымға хат жіберілген барлық жағдайларда мекенжайдан кейін (сол жағында) осы қолдаухаттың немесе сұранымның нөмірі және күні көрсетіледі (мысалы: 04.01.2008. № 101 хатқа).
103. Шығыс хат-хабарлардың мәтіндері нақты тұжырымдалған және белгіленген нысандағы бланкілерде бірыңғай қаріппен басылуы тиіс.
Екі және одан да көп беттерден тұратын құжаттарды ресімдеу кезінде екінші және кейінгі беттері нөмірленуі керек. Ілеспе хат пен өкімдік құжатқа қосымшалардың беттері жеке нөмірленеді. Нөмірлер тыныс белгісіз құжат парағының жоғары жағының ортасына араб цифрларымен (колонтитулмен) қойылады.
104. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттар, қосымшаларын қоса алғанда мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
Қазақ тіліндегі шығыс құжаттар және қажет болған жағдайда онымен бір мезгілде жасалатын орыс тіліндегі (басқа тілде) тең түпнұсқалы құжат әрқайсысы жеке бланкілерде (жеке парақтарда) басылып шығарылады және бірыңғай деректемелермен ресімделеді.
105. Құжат мәтінінде аталған қосымшаның болуы туралы белгіге парақтардың, даналардың саны, қай тілде орындалғаны жазылады.
Мәтінде аталмаған қосымшалар болған жағдайда, олардың нөмірлері, атаулары, парақтар саны, даналар саны және қай тілде орындалғаны көрсетіледі.
106. Жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жіберілетін хат-хабарларға міндетті түрде:
Министр немесе Министрдің міндеттерін атқару ресми түрде жүктелген тұлға;
Министр ресми түрде құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
107. Жауапты хатшы болмаған жағдайда Жауапты хатшы жетекшілік ететін мәселелер бойынша шығыс хат-хабарларға «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі, бірінші вице-министрі, вице-министрлері және жауапты хатшысының арасында міндеттерді бөлу туралы» Министрліктің бұйрығына сәйкес ауыстыратын вице-министр қол қояды.
108. Құжаттың соңғы бетінде, төменгі сол жақ бұрышында орындаушының аты-жөні және оның қызметтік телефонының нөмірі көрсетіледі.
109. Қағаз және электрондық тасығыштағы шығыс құжаттарды жіберуге құрылымдық бөлімшелердің мамандары Электрондық құжат айналымы қағидаларына сәйкес дайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Премьер-Министрі Кеңсесіне, Парламентіне жолданатын шығыс құжаттар міндетті түрде Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің бақылау жөніндегі қызметкерлеріне Үкімет Регламентіне сәйкестікке тексеру үшін ұсынылады.
Мамандардың жіберуге дайындаған құжаттары және олардың адресаттардың саны бойынша көшірмелері жіберу көрсеткіштерімен бірге Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне тапсырылады.
110. Жалғыз адресатқа жіберілетін хаттар, әдетте, түпнұсқа түрінде жіберіледі, ал екінші данасы жіберілгені туралы белгімен тиісті құрылымдық бөлімшеге қайтарылады. Егер адресаттар бірнеше болса, оларға құжаттардың көшірмелері жіберіледі, ал жіберілгені туралы белгісі бар түпнұсқа тиісті құрылымдық бөлімшеге қайтарылады.
111. Тіркелгенге дейін барлық шығыс хат-хабарларды Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі құжаттың ресімделуі мен бағытталуының дұрыстығын, құжаттағы көрсетілген қосымшалардың болуын, қажет болған жағдайда – ұйымға құжаттың қайтарылуы туралы белгілерді де тексереді. Жіберуге тапсырылған құжатта көрсетілген дұрыс емес мекенжай бойынша құжатты жібергені үшін құжатты дайындаған құрылымдық бөлімшедегі орындаушы жауапты болады.
112. Хат-хабарларды жіберу үшін ресімдеуге байланысты барлық рәсімдер ЭҚАБЖ-ның «Шығыс құжаттары» деректер базасына осы құжаттар туралы деректерді енгізу жолымен мынадай деректер бойынша жүргізіледі: құрылымдық бөлімшенің индексін (6-қосымша) және кіріс құжатының нөмірін қамтитын шығыс нөмірі, тіркелген күні, қайда және кімге арналған, кім қол қойды, орындаушы, мәселенің түрі мен сипаты, қысқаша мазмұны, парақ пен қосымшалар парағының саны, жіберу түрі, фирмалық бланктің нөмірі. Бастамашы құжаттарға реттік есеп нөміріне сызықшамен «И» әрпі қосылады, мысалы, 24-2/168-И.
Шығыс телеграммаларды тіркеу ағымдағы хат-хабарларға ұқсас жүргізіледі.
113. Шығыс құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын тексергеннен кейін оларды хат-хабарлар бойынша сұрыптау, құжаттардың тапсырылғаны туралы есепке алу кітаптарына енгізу, конверттеу, жіберудің салмағы мен құны айқындалады, маркалар жапсырылады. Шығыс хат-хабарларын франкирлеу машинасы арқылы ресімдеу кезінде маркаларды жапсырудан басқа жоғарыда көрсетілген тәртіп өзгертілмейді (жіберу құны, күні, Министрліктің атауы франкирлеу машинасы арқылы жазылады). Электрондық тасығышта хат-хабарларды жіберуге дайындау ЭҚАБЖ-ның «Шығыс хат-хабарлар» базасында Электрондық құжат айналымы қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
114. Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері орындаушы көрсеткен мекенжайларға сәйкес шығыс хат-хабарларының уақтылы жіберілуіне жауапты болады. Тiзiлiмдер, біржолғы жазбалар және құжаттарды тапсыру және алу туралы есепке алу кітаптары Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде ағымдағы жылды қоспағанда, бір жыл бойы сақталады.
115. Факсимильді байланыс, сондай-ақ қажет болған жағдайда электрондық почта арқылы хат-хабарларды жіберуді орындаушы жүзеге асырады. Бұл ретте, орындаушы адресаттың факсимильді аппаратының нақты нөмірін көрсетуі және құжаттың факсимильді байланыс бойынша жөнелтілгендігі туралы белгімен дереу түпнұсқасын Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне мекенжай бойынша жөнелту үшін тапсыруы қажет.
116. Дұрыс ресімделмеген құжаттар пысықтау үшін орындаушыға қайтарылады.
117. Жіберілетін хат-хабарлар Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне жұмыс күндері жіберілетін күнгі 12.00 сағатқа дейін тапсырылады. Бұл ретте, жедел құжаттар мен тапсырмаларды (орындау мерзімі үш жұмыс күніне дейін) жылдам жөнелтуді қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімшелердің мамандары, көмекшілер мен Басшылықтың қабылдау бөлмелерінің мамандары көрсетілген құжаттарды факсимильді байланыспен жіберуі және содан соң адресаттарға жіберу үшін Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне тапсыруы тиіс.
Сақтау мерзімі 10 жылға дейін құжаттар бойынша хат алмасу электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған тек қана электрондық құжаттар нысанында жүзеге асырылады.
Бұл ретте, ерекше маңызы бар мәселелер бойынша электрондық құжаттар қағаз тасығыштарда да ресімделуі тиіс (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, сондай-ақ «сараптамалық-тексеру комиссиясы» белгісі бар құжаттар).
118. Құжаттарды ресімдеу техникасына қойылатын кейбір талаптар:
1) Министрлікте жасалатын және мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттар мемлекеттік органдарда құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс;
2) Министрлікте жасалатын құжаттар 6.0 және одан жоғары Word for Windows нұсқаларының мәтіндік редакторын пайдалана отырып, 1 интервал арқылы, № 14 өлшемдегі «Times New Roman» қарпімен басылады. Құжат мәтінінің бөлігін, тақырыбын, ескертпелерін бөліп көрсету үшін басқа түрлі қаріптер мен өлшемдерді, қалың жазу, курсив, жолдар арасындағы өзгертілген интервалдарды, негізгі мәтіннің шекараларына қатысты ығыстыруды пайдалануға болады. Кестелерді басу кезінде өзге өлшемдегі қаріптерді пайдалануға болады (қосымшаларда кіші, бірақ кемінде № 10 мөлшердегі қаріп қолданылуы мүмкін);
3) Бланкіде, сондай-ақ бланкіде емес ресімделген құжаттардың әрбір басылған парақтарындағы жиектердің өлшемдері мынадай болады:
сол жағы – 20 мм;
оң жағы – 10 мм;
үсті – 10 мм;
асты – 10 мм;
4) құжаттың мәтінін екі немесе одан да көп парақта ресімдеген кезде екінші және одан кейінгі парақтар нөмірленуі тиіс. Қосымшалар жеке нөмірленеді;
5) парақтардың реттік нөмірлері араб цифрларымен құжаттың жоғары жиегінің ортасына тыныс белгілерінсіз қойылады. Құжаттың бірінші парағы немесе қосымшалары нөмірленбейді;
6) деректемелер. Әрбір құжат оның жеке құрамдас элементтерінен (деректемелерден) тұрады. Құжаттарды жасау, ресімдеу және өңдеу кезінде пайдаланылуы мүмкін деректемелер жинағы мыналар: Министрліктің мемлекеттік және орыс тіліндегі атауы; индексі, почталық мекенжайы, телефон нөмірі, телефакс нөмірі; құжат түрінің атауы; құжаттың күні; құжаттың тіркеу нөмірі; кіріс құжатының тіркеу нөмірі мен күніне сiлтеме; жасалған орны; құжатқа қолжетімділікті шектеу грифі мен таңбасы; адресат; қарар; мәтіннің тақырыбы (қысқаша мазмұны); бақылау туралы белгі, мәтін; қосымшалардың болуы туралы белгі; қолы; мөр; орындаушы туралы белгі; құжатты орындау туралы және оны іске жіберу туралы белгі; құжаттың электрондық көшірмесінің сәйкестендiрушісі; түсуі туралы белгі (тіркеу мөртаңбасы).
Жеке нақты құжатта көрсетілген деректемелер құрамы толықтырылуы немесе қысқартылуы мүмкін. Мысалы, қажет болған жағдайда құжаттың жобасында «Жоба» белгісі қойылуы мүмкін. Бұл деректеме құжат жобасының бірінші парағының оң жақ жоғары бұрышына қойылады және оның оң жиегімен шектеледі;
7) мәтіннің тақырыбы әдетте телефонограммаларды, жеделхаттарды, хабарламаларды қоспағанда, А4 форматты парақтың жартысынан асатын көлемдегі құжаттарға жасалады. Тақырып құжаттың мазмұнын қысқа және нақты көрсетуі тиіс. Ол етістікті зат есімдердің көмегімен табыс септігінде («....жою туралы», «... ұйымдастыру туралы», «...жай-күйі туралы») жазылуы тиiс.
Мәтіннің тақырыбы мәтінге қатысты сол жағында басылады.
Тақырыптың соңында нүкте қойылмайды. Екі немесе одан көп жолдардан тұратын тақырыптар 1 интервал арқылы басылады. Тақырыпта сөздерді тасымалдауға жол берілмейді.
А5 қағазында ресімделген құжаттар тақырыпсыз құралады;
8) мәтін жиектердің бекітілген шекараларында тақырыптан 2 интервалды арақашықтықта басылады. Мәтіннің бірінші жолының басы абзацтан басылады. Абзац мәтіндік жиектің сол жақ шекарасынан бастап бес баспа белгіден кейін басталады, абзацтық бос жер (бірінші жолдың бос жері) – 1,25 см;
9) қолы. Лауазымның атауы мәтіндік жиектің сол жақ шекарасынан бастап нөлдік белгімен жоларалық 2 интервалдан кейін басылады. «Қолы» деректемесінде қолдардың таратылып жазылуы лауазымдар атауларының соңғы жолының деңгейінде мәтіндік жиек шекарасының оң жағында орналасады;
10) күні. Бланкілерде ресімделген құжаттарда күн осы деректеменің орналасуына сәйкес қойылады. Қағаздардың стандартты парақтарында ресімделген құжаттарда күн сол жағында құжатқа қол қойған лауазымды тұлға атауының астында қойылады. Күн бұдан алдыңғы деректемеден 2-3 интервалдық арақашықтықта мәтіндік жиектің сол жағынан бастап нөлдік белгімен басылады;
11) құжаттың индексі (нөмірі). Бланкілерде ресімделген құжаттарда нөмір осы деректеменің орналасуына сәйкес қойылады. Қағаздардың стандарттық парақтарында ресімделген құжаттарда нөмір күннің астында қойылады. Нөмір құжат басылған интервалмен мәтіндік жиектің сол жақ шекарасынан бастап нөлдік белгіден бастап басылады;
12) бекіту грифі, келісу грифі, қосымшаның болуы туралы грифі. «Бекіту грифі», «келісу грифі» көп қатарлы деректемелер, нормативтік актінің нөмірі мен күніне сілтемесі бар «қосымша» сөзі құжаттың бірінші парағының оң жақ жоғары бұрышында орналасады және жоғары жиектің шекарасында тырнақшасыз және 1 жоларалық интервалда басылады. Осы деректемелердегі «БЕКІТЕМІН» («БЕКІТІЛДІ», «БЕКІТІЛГЕН»), «КЕЛІСІЛДІ» («КЕЛІСКЕН», «КЕЛІСІЛГЕН») сөздері басқа құрамдас элементтерден жоларалық екі интервалмен бөлек жазылады;
Деректемелердің барлық құрамдас бөліктері ең ұзын жолға қатысты ортасынан жазылады. Жолдың ұзындығы 9-10 см-ден аспауы және құжаттың оң жақ жиегімен шектелуі тиіс. Бекіту немесе келісудің бірнеше грифі болса, онда оларды бір деңгейде орналастырады;
13) бұрыштама. Құжаттың орындалуы жөніндегі нұсқаулар орындаушының тегi мен аты-жөнi, тапсырманың мазмұны, орындау мерзімі, қолы мен күні бар бұрыштама нысанында тіркейді. Бұрыштама ЭҚАБЖ-да тіркеледі.
14) бақылау туралы белгі. Деректеме мөртаңба немесе «Ерекше бақылау», «Бақылауға алынды» деген белгілер түрінде бақылауға жататын құжаттарға парақтың жоғары оң жақ бөлігінде, мәтіндік жиектен жоғары немесе мәтіннен бос жерде қойылады.
15) орындаушының тегі, телефон нөмірі және электрондық мекенжайы. Құжатты орындаушының тегі, аты-жөні, оның телефон нөмірі және электрондық мекенжайы құжаттың соңғы парағының сол жақ немесе сырт бетінің төменгі беткі жағында бұрышында басылады. Деректеме мәтіндік жиектің сол жақ шекарасынан нөлдік белгіден бастап басылады. Орындаушы туралы белгі «Орынд.» деген қысқарған сөзді қамтиды.
16) құжаттардың көшірмелерін мөрмен куәландыру. Құжаттарды мөрмен куәландыру құжатқа қол қойған лауазымды тұлға атауының бір бөлігін қамти отырып, мөр бедерін қою арқылы жүргізілді. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі даналар мөрмен куәландырылады. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, бланкіде орындалған құжаттар мөрмен куәландырылмайды;
17) құжаттың тілі. Іс жүргізу тілі мемлекеттік тіл болып табылады, қазақ тілімен тең дәрежеде ресми түрде орыс тілі қолданылады, ал «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кейбір жағдайларда басқа да тілдер қолданылады. Мемлекеттік тілдегі және онымен бір мезгілде жасалған өзге тілдегі тең түпнұсқа құжаттардың әрқайсысы жеке бланкілерде (жеке парақтарда) басылады және бірыңғай деректемелермен ресімделеді.
119. Премьер-Министр Кеңсесіне енгізілетін Үкімет қаулыларының жобалары (Премьер-Министрдің өкімдерін, заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын және Премьер-Министрдің шұғыл енгізуді көздейтін тапсырмаларын орындау үшін әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда) қағаз және электрондық форматта (нысанда) ЭҚАБЖ бойынша сәрсенбіде сағат 9-дан бастап 18-ге дейін қабылданады. Премьер-Министрдің өкімдерін, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын, заң жобаларын және Премьер-Министрдің шұғыл енгізуді көздейтін тапсырмаларын орындау үшін әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады.
120. Ақпарат тәртібінде немесе аралық бақылау шеңберінде мәлімет үшін ұсынылатын мемлекеттік органдардың хаттарына бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің қорытындыларын жауапты орындаушы құрылымдық бөлімшелерге жіберуді алып тастау.
Достарыңызбен бөлісу: |