«Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі №416-i заңы



Дата07.02.2020
өлшемі84 Kb.
#28496

«Терроризмге қарсы күрес туралы»

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-I Заңы

 

Ескерту. Заңның тақырыбында және бүкіл мәтінінде «терроршылдыққа», «терроршылдық», «терроршылдықты», «терроршылдықтың», «терроршылдықтан», «террорлық», «террорлыққа», «терроршыларды», «терроршы», «терроршылардың», «терроршылармен», «терроршымен», «терроршыны», «терроршыларға», «терроршыға» деген сөздер тиісінше «терроризмге», «терроризм», «терроризмді», «терроризмнің», «терроризмнен», «террористік», «террористікке», «террористерді», «террорист», «террористердің» «террористермен», «террористпен», «террористі», «террористерге», «террористке» деген сөздермен ауыстырылды Қазақстан Республикасының 19.02.02 ж. № 295-II Заңымен.



Осы Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер

Осы Заңда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) терроризм - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту;

2) террористік iс-әрекеттер - террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға бағытталған және төменде аталған әрекеттердiң кез келгенiн қамтитын iс-әрекет:

терроризм идеологиясын тарату;

террористік акцияларды ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау және жасау;

террористік акцияларды жасауға айдап салу, террористік мақсатта зорлық-зомбылық жасауға шақыру;

террористік акцияларды жасау мақсатымен әскерилендiрiлген заңсыз құрамаларды немесе қылмысты ұйымдарды құру, сондай-ақ оларға қатысу;

террористік акцияларға террористерді тарту, қаруландыру немесе пайдалану, сондай-ақ оларды террористік дағдыларға үйрету;

террористік ұйымдарды немесе террористерді қаржыландыру;

террористік әрекеттi дайындау мен жасауға жәрдемдесу;

3) халықаралық террористiк iс-әрекет:

террорист немесе террористiк ұйым бiреуден көп мемлекеттiң аумағында немесе бiреуден көп мемлекет мүдделерiне зиян келтiретiн;

бiр мемлекеттiң азаматтары басқа мемлекеттiң азаматтарына қатысты немесе басқа мемлекеттiң аумағында;

террорист те және терроризмнiң құрбаны да бiр мемлекеттiң немесе әртүрлi мемлекеттiң азаматтары болып табылған, бiрақ қылмыс осы мемлекеттер аумағының шегiнен тыс жерлерде жасалған жағдайда жүзеге асыратын террористiк іс-әрекет;

4) террористiк акция - терроризм актiсiн не Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген террористiк мақсаттарды қудалайтын өзге де қылмыстарды тiкелей жасау;

5) терроризм актiсi - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi зардаптар туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай iс-әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өмiріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өмiрiне оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында қастандық жасау;

6) террористiк ұйым - террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым. Ұйым, егер осы ұйымның басқарушы органдарының бiрiнiң келiсiмiмен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрi террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыратын болса, террористік ұйым деп танылады;

7) террорист - террористік iс-әрекеттi жүзеге асыруға қатысушы адам;

8) терроризмге қарсы операция - азаматтар мен лауазымды адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, террористік акцияларды тыю, террористерді, жарылғыш қондырғыларды зиянсыздандыру, сондай-ақ террористік акциялардың зардаптарын барынша азайту үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн арнаулы шаралар кешенi.

терроризмге қарсы операцияларға Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы экс-Президентiнiң және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн тiзбе бойынша өзге де адамдардың, сондай-ақ шет мемлекеттердiң мемлекет, үкiмет басшыларының және халықаралық ұйымдар жетекшiлерiнiң Қазақстан аумағында болуы кезiнде олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет шаралары жатқызылады;

9) терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу аймағы - аталған операция жүргiзiлетiн шектегi жекелеген жер учаскелерi немесе су айдындары, әуе кеңiстiгi, көлiк құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға жапсарлас аумақ;

10) арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер - терроризмге қарсы күресу үшін заңдарға сәйкес құрылған мамандар топтары.



ҚР заңыменмен 19.02.02 ж. № 295-II Заңымен 1-бап өзгерді

 

2-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы күрес саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы күрес саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

 

3-бап. Терроризмге қарсы күрестiң негiзгi принциптерi мен мақсаттары

1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрес:

1) террористік акциялар салдарынан қауiп төнген адамдардың өмiрi мен денсаулығына, құқықтарына басымдық беру;

2) заңдылықты сақтау;

3) терроризмнің алдын алуға басымдық беру;

4) террористік iс-әрекеттi жүзеге асырғаны үшiн жазаның болмай қалмайтындығы;

5) алдын алу, құқықтық, саяси, әлеуметтiк-экономикалық, насихат шараларын кешендi пайдалану;

6) терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезiнде тартылатын күштер мен құралдарға оралымды басшылық етуде дара басқару принциптерiне негiзделедi.

2. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрес:

1) террористік iс-әрекеттiң алдын алу, анықтау, тыю және оның зардаптарын жою;

2) жеке адамды, қоғамды және мемлекеттi терроризмнен қорғау;

3) террористік iс-әрекеттi жүзеге асыруға жәрдемдесетiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады.



2-тарау. Терроризмге қарсы күресті ұйымдастыру негіздері

 

4-бап. Терроризмге қарсы күрестi жүзеге асыратын субъектiлер

1. Террористердің қол сұғушылықтарынан қауiпсіздікті қамтамасыз ету субъектiсi мемлекет болып табылады, ол осы саладағы өз қызметiн билiктiң заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы жүзеге асырады.

2. Терроризмге қарсы күрестi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды.

3. Терроризмге қарсы күрестi тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi;

2) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;

3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi;

4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi.

4. Террористік көрiнiстердiң алдын алу, оларды анықтау және тыю жөнiндегi iс-әрекеттерге өз құзыретi шегiнде басқа да мемлекеттiк органдар қатысады.

 

5-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы тiкелей күрестi жүзеге

асыратын мемлекеттiк органдарының өзара iс-қимылы

Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы тiкелей күрестi Жүзеге асыратын мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде:

1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүмкiндiктерiн, сондай-ақ азаматтардың көмегiн пайдалана отырып, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды;

2) террористік iс-әрекетке жататын және осы мемлекеттiк органдардың құзыретiне енгiзiлген әрекеттердiң дайындалу фактiлерi мен белгiлерi туралы хабардар етедi және өзара қажеттi көмек көрсетедi;

3) терроризмге қарсы бiрлескен операцияларды жүргiзедi.

 

6-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы тiкелей

күрестi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының шет

мемлекеттердiң органдарымен және халықаралық құқық қорғау

ұйымдарымен өзара iс-қимылы

Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы тiкелей күрестi жүзеге асыратын мемлекеттік органдары терроризмге қарсы күрес саласында шет мемлекеттердің органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ұлттық заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес ынтымақтастық орнатады, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы немесе шет мемлекеттер аумағында жедел-іздестіру шараларын жүргізеді.

Қазақстан республикасы террористік акцияны кімнің қай жерде жасағанына қарамастан, террористік іс-әрекетке қатысты адамдарды басқа мемлекеттердің құзыретті органдарының өтініші бойынша өз аумағынан қуғындайды.



3-тарау. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы күреске

қатысатын мемлекеттік органдарының құзыреті

 

ҚР Заңымен 19.02.02 ж. № 295-II 7-бап өзгерді



7-бап. Терроризмге қарсы тікелей күресті жүзеге асыратын

мемлекеттік органдардың құзыреті

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және ұлттық қауіпсіздігін бүлдіруге бағытталған террористік іс-әрекетті, сондай-ақ террористердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту, қару-жарақты, жарылғыш, уландыратын, психотроптық заттарды, радиоактивті материалдарды және террористік акция жасау үшін пайдаланылуы мүмкін өзге де заттарды мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу әрекеттерін анықтайды, алдын алады және жолын кеседі, қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес террористік іс-әрекетке байланысты қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізеді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, Республикадан тыс жерлердегі азаматтары мен ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әлеуметтік, соның ішінде қылмыстық мақсатты көздейтін террористік сипаттағы қылмыстардың алдын алады және жолын кеседі, оларды анықтау мен ашуға қатысады.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы экс-Президентінің және Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен тізбе бойынша өзге де адамдардың, сондай-ақ шет мемлекеттердің мемлекет, үкімет басшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының Қазақстан аумағында болу кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әуе, су және жер кеңістігінің қауіпсіздігін, терроризмге қарсы операциялар жүргізуді қамтамасыз етуге қатысады.

 

8-бап. Терроризмге қарсы күрестегі өзге де мемлекеттік

органдардың құзыреті

Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде террористік акциялардың алдын алу мен жолын кесудің, тәртіптік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік және өзге де шараларын әзірлеу мен іске асыру, ведомстволық жүйелердің қажетті даярлығында террористік сипаттағы қылмыстардың жасалуына қарсы әрекет етудің сақтандырушы шараларының жасалуы мен бұл шараларды қолдау, ақша қаражатын, ақпаратты, көлік және байланыс құралдарын, медициналық жабдықтарды, дәрі-дәрмектерді беру және медициналық қызмет көрсету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету арқылы терроризмге қарсы күреске қатысады.

 

9-бап. Терроризмге қарсы күресте мемлекеттік органдарға көмек

көрсету міндеттілігі

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен меншік нысандарына қарамастан ұйымдарының лауазымды адамдары терроризмге қарсы тiкелей күрестi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға көмек көрсетуге және қажеттi жәрдем беруге мiндеттi.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары өздерiне белгiлi болған дайындалып жатқан немесе жасалған террористік акция туралы мәлiметтердi терроризмге қарсы күрестi тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға дереу хабарлауға мiндеттi.

3. Дайындалып жатқан немесе жасалған террористік акциялар туралы ақпаратты мемлекеттiк органдарға хабарлау азаматтық борышты орындау болып бағаланады. террористік акцияны болғызбай тастауға немесе тыюға көмектескен ақпарат үшiн сыйақы төленедi, оның мөлшерiн терроризмге қарсы күрестi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.



4-тарау. Террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және

жолын кесу

 

10-бап. Террористік iс-әрекеттiң алдын алу

1. Қазақстан Республикасының аумағында:

1) терроризмді насихаттауға;

2) террористік ұйымдардың, сондай-ақ заңсыз әскерилендiрiлген құрамалардың құрылуына, тiркелуiне және жұмыс iстеуiне тыйым салынады.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының террористік iс-әрекетке қатысқан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне тыйым салуға құқығы бар.

 

11-бап. Террористік iс-әрекеттi анықтау

1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы күрестi тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк органдары террористік iс-әрекеттi анықтауды заңдарға сәйкес өткiзедi.

2. Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк органдар мен меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар, террористік iс-әрекет белгiлерi бар барлық оқиғалар туралы терроризмге қарсы күрестi тiкелей жүзеге асыратын органдарға хабарлауға мiндеттi.

 

12-бап. Террористік акцияның жолын кесу

1. Террористік акцияның жолын кесу үшiн терроризмге қарсы тiкелей күрестi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар қолда бар күштер мен құралдарды, соның iшiнде арнаулы мақсаттағы бөлiмшелердi iске тартады. Қажет болған жағдайларда террористік акциялардың жолын кесу үшiн терроризмге қарсы операциялар жүргiзiледi.

2. Терроризмге қарсы операцияларды тiкелей жүзеге асыру үшiн оралымды штабтар құрылады. Террористік акцияның қоғамдық қаупiнiң ауқымы мен дәрежесiне, күтiлiп отырған келеңсiз салдарына қарай республикалық немесе аймақтық оралымды штабтар құрылады.

3. Оралымды штабтардың iс-әрекетi терроризмге қарсы күрестi тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың ведомствоаралық нормативтiк актiлермен белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлетiн олар туралы ереже арқылы анықталады.

 

13-бап. Терроризмге қарсы операцияларға басшылық жасау

1. Оралымды штаб басшысы террориизмге қарсы операцияны жүргiзудiң басынан бастап оның басшысы және сонымен бiр мезгілде оны жүргiзуге тартылатын барлық әскери қызметшiлердiң, қызметкерлер мен мамандардың бастығы болады.

2. Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыратын оралымды штаб басшысы терроризмге қарсы операцияның жүргiзу аймағының шекарасын, басталу және аяқталу уақытын белгiлейдi, берілген күштер мен құралдардың қолданылу бағыттары мен шегi туралы шешiм қабылдайды.

3. Атқаратын қызметiне қарамастан басқа лауазымды адамның терроризмге қарсы операцияның оралымды басшылығына заңсыз араласуына жол берiлмейдi.

4. Адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ террористік акцияның жолын кесу мүмкiндiктерiн зерделеу мақсатында террористермен келiссөз жүргiзуге жол берiледi. Келiссөз жүргiзуге оралымды штаб басшысы арнайы уәкiлдiк берген адамға ғана рұқсат етiледi.

5. Егер террориспен (террористермен) оның (олардың) террористік акцияны тоқтатуға келiспеуi себептi келiссөз мақсатына қол жеткiзiлмей, адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қатер төнiп тұрса, терроризмге қарсы операцияның басшысы террористі (террористерді) жою туралы шешiм қабылдауға құқылы.

6. Қорғалатын адамға немесе объектiге айқын қатер төнген немесе ондай қатердi өзге заңды құралдармен жою мүмкiн болмаған жағдайда террорист (террористер) терроризмге қарсы операция басшысының өкiмiмен келiссөз жүргiзбей және ескерту жасалмай жойылуы мүмкiн.

 

14-бап. Терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу үшiн тартылатын

күштер мен құралдар

1. Терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу үшiн оралымды штабтарға терроризмге қарсы тiкелей күрестi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қажеттi күштерi мен құралдары берiледi.

2. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес, қажет болған жағдайларда террористік акцияның жолын кесу үшiн шет мемлекеттердiң арнайы мақсаттағы бөлiмшелерi тартылуы мүмкiн.

 

15-бап. Терроризмге қарсы операцияны жүргiзу аймағындағы

құқықтық режим

1. Терроризмге қарсы операцияны жүргiзу аймағының шекарасында терроризмге қарсы операцияға қатысушы адамдардың:

1) көлiк құралдарының, соның iшiнде дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер көлiк құралдарының, сондай-ақ азаматтардың сол жердiң жекелеген учаскелерi мен объектiлерiнде жүруiн уақытша шектеуге тыйым салуға немесе осы учаскелер мен объектiлерден оларды кетiруге;

2) жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, ал олар болмаған жағдайда азаматтарды жеке басын анықтау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұстауға;

3) терроризмге қарсы операцияға қатысушы адамдардың заңды талаптарына кедергi келтiруге бағытталған құқық бұзушылықты немесе өзге де iс-қимылды, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны жүргiзу аймағына рұқсатсыз енуге немесе енуге әрекет жасауға байланысты iс-қимыл жасаған немесе жасап жатқан адамдарды ұстауға және iшкi iстер органдарына жеткiзуге;

4) террористердің iзiне түсу кезiнде азаматтардың тұрғын үйлерiне және өзге де үй-жайларына, жер учаскелерiне, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың аумақтары мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге, егер кешiгу адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiретiн жағдайда көлiк құралдарына енуге;

5) азаматтарды және атқаратын қызметiне қарамастан лауазымды адамдарды жеке тексеру, сондай-ақ көлiк құралдарын және олардағы заттарды, соның ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру жүргiзуге;

6) қызметтiк мақсатта арнаулы байланысты қоса байланыс құралдарын, сондай-ақ дипломатиялық, консулдық және өзге де шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң көлiк құралдарын есептемегенде, азаматтарға және меншiк нысандарына қарамастан ұйымдарға тиесiлі көлiк құралдарын террористік акцияларды болдырмау, террористік акцияны жасаған адамдарды iздеу және ұстау немесе жедел медициналық көмекке зәру адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу, сондай-ақ террористік акция жасалған жерге бару үшiн пайдалануға;

7) террористерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қару мен арнаулы құралдарды ескертпей және шектемей қолдануға құқығы бар.

2. Терроризмге қарсы операцияны жүргiзуге қатысушы адамдардың iс-қимылы ол басталған кезден аяқталған кезге дейiн қажеттi қорғаныс жағдайында немесе өте қажеттi жағдайда жасалған іс-қимыл деп саналады.

3. Терроризмге қарсы операцияны жүргiзу аймағында бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң болуына оралымды штаб басшысының рұқсатымен жол берiледi.



5-тарау. Террористік акция салдарынан зардап шеккен адамдардың

залалдарын өтеу және оларды әлеуметтік жағынан оңалту

 

16-бап. Террористік акция салдарынан келтiрiлген залалды өтеу

Террористік акция салдарынан келтiрiлген залалды өтеу республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен, кейiн сол соманы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтеткiзу арқылы жүргiзiледi.

 

17-бап. Террористік акциядан зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту

Террористік акциядан зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тегiн қажеттi құқықтық көмектi, психологиялық және медициналық оңалтуды қамтиды.

 

18-бап. Терроризмге қарсы күреске қатысушы адамдарды қорғау

Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы тiкелей күрестi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ терроризмге қарсы күресте көмек көрсететiн адамдарға және олардың отбасы мүшелерiне өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда, олардың өтiнiштерi бойынша келбетiн, тегiн, атын және әкесiнiң атын, сондай-ақ жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн осы органдарды ұстауға бөлiнген қаражат есебiнен өзгертудi жүзеге асыруға болады.

 

19-бап. Террористі келтiрiлген зиян үшiн жауаптылықтан босату

Терроризмге қарсы операция жүргізу кезiнде осы Заңда белгiленген негiзде және шектерде террористің денсаулығы мен мүлкiне, сондай-ақ өзге де құқықпен қорғалатын мүдделерiне лажсыз зиян келтiруге жол берiледi. Бұл орайда терроризмге қарсы күреске қатысушы әскери қызметшiлер, мамандар және басқа адамдар терроризмге қарсы операция жүргiзу кезiнде келтiрiлген зиян үшiн немесе террористі жою туралы шешiм қабылдағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықтан босатылады.

 

6-тарау. Террористік іс-әрекетке қатысқаны үшін жауаптылық

 

20-бап. Адамдардың террористік iс-әрекетке қатысқаны үшiн жауаптылығы

1. Террористік iс-әрекетке қатысушы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық жауапты болады.

2. Егер террористік акцияны дайындауға қатысқан адам мемлекеттiк органдарға дер кезiнде ескертсе немесе террористік акцияны болғызбауға өзге де әдiспен жәрдемдессе және оның iс-қимылында өзге қылмыс құрамы болмаса, ол қылмыстық жауаптан босатылады.

 

ҚР Заңымен 19.02.02 ж. № 295-II 21-бап өзгерді



21-бап. Қоғамдық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдардың

террористік iс-әрекет үшiн жауаптылығы

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынуымен Қазақстанның аумағында террористік қызметті жүзеге асырушы қоғамдық бірлестіктің немесе халықаралық ұйымның іс-әрекеті тоқтатылады.

Сот шешiмi бойынша террористік деп танылған қоғамдық бiрлестiктi жою кезiнде оған тиiстi мүлiк тәркiленедi және мемлекет кiрiсiне берiледi.

Сот халықаралық ұйымды террористік ұйым деп таныған жағдайда ол ұйымның Республика аумағындағы iс-әрекетiне тыйым салынады, ал оның бөлiмшелерi (филиалдары) жойылады, оларға тиесiлi мүлiк пен аталған халықаралық ұйымның мүлкi тәркiленiп, мемлекет кiрiсiне берiледi.

 

7-тарау. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы



тікелей күресті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының

арнаулы мақсаттағы бөлімшелерін материалдық-техникалық

жағынан қамтамасыз ету

 

22-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы тiкелей

күрестi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының арнаулы

мақсаттағы бөлiмшелерiн материалдық-техникалық жағынан

қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының терроризмге қарсы тiкелей күрестi жүзеге асыратын арнаулы мақсаттағы бөлiмшелерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

 

8-тарау. Терроризмге қарсы күресті жүзеге асыру заңдылығын

бақылау мен қадағалау

 

23-бап. Терроризмге қарсы күрес жөнiндегi iс-әрекеттi бақылау

Қазақстан Республикасындағы терроризмге қарсы күрес жөнiндегi iс-әрекетке бақылауды Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн терроризмге қарсы күрестi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

 

24-бап. Терроризмге қарсы күрестегі заңдылықты жоғары дәрежеде

қадағалау

Терроризмге қарсы күресті жүзеге асыру кезінде заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары дәрежеде қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Ә. Назарбаев

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау