Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет5/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125

16
техниканың,  көркем  өнер  мен  қоғам  өмірінің  алуан  түрлі 
саласына  байланысты  қолданылатын,  тұжырымды 
білдіретін сөздер мен сөз тіркестері, атау сөз»
6
, – деп түйін 
жасайды. Қазақ Кеңес энциклопедиясында да негізінен осы 
типтес анықтама берілген: «Термин, атау – ғылым, техника, 
сол сияқты тұрмыстың белгілі саласындағы ұғымдарды дəл 
атау үшін жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестері»
7
.
Ғылыми əдебиеттерде кездесетін пікірлердің бəрі де, сай-
ып келгенде, негізінен осы тұжырымдарға тоқтайды. Сонда 
термин дегеніміз, ең алдымен, негізінен, белгілі бір ғылым 
мен техника саласында қолданылатын арнайы лексика болып 
шығады. Оның басты белгілері: дəлдік, қысқалық, жүйелілік. 
Дəлдік туралы. Термин арқылы ғылыми ұғым білдіріледі. 
Ондай  жағдайда  термин  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының, 
ізденістердің негізгі құралына айналады.
Ғылыми  ой-пікір  қашанда  өзінің  анықтығымен,  дəлді-
гімен, нақтылығымен ерекшеленуге тиіс. Термин дəл болсын 
дейтін талап осы негізде пайда болған. Сонда осы дəлдікті 
кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда (Гасымов М.Ш.) 
қамтамасыз ететін үш түрлі фактор бар сияқты: 
1) термин білдіруге тиісті ұғым белгілерін дəл іріктеп алу;
2)  термин  жасау  кезінде  пайдаланылатын  оның  компо-
ненттері мен элементтерін дұрыс саралау;
3)  термин  жасау  барысында  осы  аталған  элементтердің 
органикалық бірлігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Қысқалық  туралы.  Термин  қысқа  болсын  дейтін  та-
лап  əншейін  айтыла  салған  сөз  емес.  Оның  негізінде  на-
зар  аудармауға  болмайтын  себеп  бар.  Əсіресе,  ғылым  мен 
техниканың  ерекше  қарқынды  даму  жолына  түскен  қазіргі 
кезде  ақпарат  жиілігі  барған  сайын  үстемелене  түсуде. 
Оның  игерілуі  едəуір  қиындыққа  айналып  отырған  осын-
6
 
Кеңесбаев І., Жанұзақов Т. Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. 
Алматы, 1966.
7
 Қазақ Кеңес энциклопедиясы. Алматы, 1977. 2-том.


17
дай  жағдайда  айтылатын  ұғымның,  мəліметке  тірек  бо-
латын  термин  сөздердің  барынша  қысқа,  тұжырымды 
келуінің  практикалық  мəні  айрықша  болып  отыр.  Ал  авто-
маттандырылған  ақпараттық-іздеу  жүйесі  (автоматическая 
информационно-поисковая система) қолданысқа ендірілген 
кезеңде осыған лайықталған мəтіндердің қысқалығы қажет-
ақ. Мұның үстіне көңілге жатталып, есте сақталуы үшін де, 
сондай-ақ есептеу машинасына берілетін мəтінді бастыруға 
кететін уақытты үнемдеу үшін де оның маңызы зор.
Қысқа  əрі  ыңғайлы  термин  жасау  үшін  түркологияда 
мынадай əдістер қолданылып жүргенін байқаймыз: термин 
құрауға  қатыстырылатын  кейбір  элементтерді  қысқартуға 
болады;  термин  құрамының  қайсыбірін  басқа  элементтер-
мен  алмастыруға  болады;  термин  құрамындағы  жеке  сөз-
дерді  қосымшалармен  алмастыруға  болады;  бір  синтаксис-
тік  құрылымды  екіншісімен  ауыстыруға  болады;  кейбір 
бөліктері мен элементтерін қысқартуға болады; аббревиату-
ра көмегін пайдалануға болады
8
.
Жүйелілік туралы. Кейінгі кезде, əсіресе лингвистикалық 
əдебиеттерде, терминдердің жүйелі болу жағы жиірек əңгіме 
болып жүр. Ал енді бұл жүйелілік дегенді елдің бəрі бірдей 
дұрыс  түсіне  бермейтін  сияқты.  Əрқилы  пікір  бар.  Мұның 
əркім əртүрлі жағын алып, өзінше түсіндіргісі келеді. Мəсе-
лен,  белгілі  терминолог-тілшілердің  бірі  В.А.  Даниленко
9
 
мұның  классификациялық  мəніне  баса  назар  аударып,  сол 
тұрғыдан  түсіндірмек  болады.  Əйгілі  тілші  А.А.  Рефор-
матский
10
  терминнің  сөз  жасамдық  жүйесіне  көбірек  көңіл 
8
 
Гасымов  М.Ш.  Основы  терминологии  азербайджанского  языка:  Автореф. 
дисс. д-ра филол. наук. Баку, 1972; Орузбаева Б.О. Современная киргизская 
терминология // Советская  тюркология.  Баку, 1972. №4;  Чернов  И.Ф.  К  во-
просу о структурно-семантической классификации и образовании составных 
терминов современного чувашского языка. Чебоксары, 1979.
9
 Даниленко В.П. Как создаются термины // Русская речь. 1967. №2. C.58.
10
 Реформатский А.А. Что такое термин и терминология? // Вопросы терми-
нологии. М., 1961. С.54.


18
бөледі.  Ал  үшінші  бір  пікір  осы  айтылғандарды  дамыта 
келіп,  терминдер  жүйесін  екі  түрлі  ыңғайда  қарастырады. 
Яғни оны, бір жағынан, терминологиялық жүйенің элементі 
ретінде,  екінші  жағынан,  жалпы  тіл  жүйесінің  элементі 
есебінде бағалайды
11
.
Түркология  ілімінде  де  бұл  жайында  белгілі  бір  түсінік 
орныға  бастаған  тəрізді.  Олардың  қайсыбірі  мына  тек-
тес.  Жүйелілік  талабы  термин  құрайтын  элементтер  мен 
белгілерді іріктей білу жүйесіне тікелей байланысты. Іріктеу 
сəтінде ол белгілердің бір тектестігіне қатты көңіл бөлумен 
қатар,  терминдер  жүйесінің  дұрыстығы  белгілі  жүйе  бо-
йынша  белгілерді  іріктеуге  ғана  емес,  сонымен  бірге  сол 
белгілердің  қай  түрде  болатынына  да  байланысты  екенін 
ескеру  қажет
12
.  Оның  айтуынша,  терминология  жүйелілігі 
термин  элементтерінің  тіркесімділігіне,  басқаша  айтқанда, 
олардың орналасу тəртібіне де қатысты болады.
Жүйелілік тəртібі сақталатын жерде синонимдік қатарға, 
көп  мағыналылыққа  орын  жоқ.  Əсіресе,  əрқилы  қызмет 
атқаратын  жалғау,  жұрнақтарды  белгілі  бір  мағынада  қай-
талап қолдануға əуес болмаған жөн. Жалпы, қалайда термин-
дер  жүйелілігі  лексика  тұрғысынан  да,  морфология  тұрғы-
сынан да талап етілген дұрыс.
Жай сөздер табиғатына тəн кейбір грамматикалық ауыт-
қулар терминдерде болмауға тиіс.
«Терминология»  терминінің  өзін  жете  түсінбей,  оның 
нендей мағынаны білдіретінін дəл танымай тұрып, бұл тура-
лы ғылымда жүйелі ой-пікір өрбіту қиын. Бұл ұғым, жалпы, 
ғылымда екі түрлі ыңғайда түсіндіріледі. Қалыптасқан пікір 
бойынша, жоғарыда əңгіме болғандай, «терминология», ең 
алдымен,  тілдің  арнайы  лексикасының  даму  заңдылықта-
рын тексеретін ғылым саласы, сонымен бірге ол ғылым мен 
техниканың жеке салалары – терминдерінің жиынтығы.
11
 Будагов Р.А. Введение в науку о языке. М., 1965. С.33, 36.
12
 Гасымов М.Ш. Основы терминологии азербайджанского языка: Автореф. 
дисс. д-ра филол. наук. Баку, 1972. С.19.


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау