Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет3/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125

10
қанат  жайғаны  соншалық,  қоғам  өмірінің  қандай  саласын-
да  да  қазір  терминсіз  күн  кешу  мүмкін  емес.  Ал  арнайы 
лексиканың  аумағын  саралап,  оның  ғылыми  анықтамасын 
беру оңай іс емес екені мəлім.
Ғылыми-техникалық  революция  кезеңінде  мəселенің 
бұлайша  қарастырылмауы  мүмкін  де  емес.  Өйткені  тер-
минологиялық лексика, əсіресе қоғамдық, табиғат жəне тех-
ника ғылымдары тілі бұл кезеңде өзгеше даму жолына түсіп, 
соған байланысты неше алуан күрделі проблемаларды алға 
тартады.  Міне,  сондықтан  ұғымдар  жүйесін  тіл  материа-
лы арқылы жабдықтайтын терминология кез келген ғылым 
саласының қисындық мазмұнын жасайтын негіз деп аталуға 
хақысы  бар.  Ендеше,  терминология  дегеніміз  ғылым  тілі 
болып шығады.
Қоғам  дамуын  ілгерілете  түсудің  бірден-бір  тиімді 
жолы  ғылыми-техникалық  прогресс  болып  отырған  жағ-
дайда,  қоғамдық  ғылымның  үлесіне  тиер  шаруа  аз  емес. 
Іскерлік, жауапкершілік, білгірлік, білімдарлық, шапшаңдық, 
қабілеттілік  талабы  күшейген  қазіргі  кезең,  əсіресе,  тілдің 
ең  күрделі  де  бай  қатпары – терминологиялық  лексиканы 
реттеуді қажет етеді. Өйткені ғылыми-техникалық прогресс 
жетістіктеріне  сүйену  арқылы  экономика  мен  əлеуметтік 
шаруаны  жеделдете  түсуі,  бір  есептен,  сол  жетістіктерді 
дұрыс өрнектеуге тиіс тілдің терминдер жүйесіне де тікелей 
байланысты деп түсіну керек.
Мəселенің  бұл  жағына  келгенде,  əрбір  тілдің  өзіне  тəн 
міндеттері  айқын.  Кеңес  заманында  өзгеше  өріс  алып, 
дамыған  тілдер  қатарына  қосылған  қазақ  тілінің  термино-
логиясы  түбегейлі  зерттеліп,  оның  барлық  мəселесі  жан-
жақты  қарастырылды,  дəйекті  шешім  тапты  деп  əзір  айта 
қою  қиын.  Рас,  əдеби  тілдің  халықаралық  сипатын  таны-
татын  терминдер  жүйесін  жасап,  қалыптастыруда  кезеңдік 
қажетті  өтеген,  практикалық  рөл  атқарған  əрекеттер  бол-
ды.  Алайда  оның  ғылыми-теориялық  мəселелері  əлі 
түбірлі  де  терең  зерттеуді  керек  етеді.  Бүкіл  қоғамдық 


11
өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістер болып жатқан 
қазіргі  кезеңде  сол  өзгерістерге  лайықты  қызмет  ету-
ге,  соны  айна-қатесіз,  нақпа-нақ  білдіруге  тиісті  құрал – 
тіл  десек,  оның  ішінде  терминологиялық  лексиканың  жөні 
мүлде бөлек.
Термин  қатарына  қандай  сөздер  жатқызылатынынан 
жұртшылықтың  жалпы  мағлұматы  болғанмен,  бұл  салада 
да түсінісер жайт көп. Оның анықтамасына келгенде, мəнін, 
құрамын анықтау, жасалу принципі туралы əр алуан түсінік 
бар.  Енді  əңгіменің  осы  жағына  ойысалық.  Ең  алдымен, 
кеңес тіл білімпаздарының біразы бұл мəселе жөнінде сонау 
20–30-жылдардың өзінде-ақ ой толғап
1
, оның мəні, мазмұны, 
ғылым,  білім  игеруде  жасайтын  септігі  жайында  еңбектер 
жазған.
Алдымен соларды еске алалық.
Сонымен, термин жəне терминология дегеніміз не? Оны 
сөздік  құрамның  өзге  қабатынан  қалай  ажыратуға  бола-
ды?  Негізгі  белгілері  қандай?  Біз  бұл  жұмысымызда  осы 
ұғымға  байланысты  туатын  сұрақтардың  бəріне  бірдей 
жауап  береміз  деп  айта  алмаймыз.  Тек  күні  бүгінге  дейін 
ғылыми  əдебиетте  орныға  бастаған  кейбір  пікірлерді  ғана 
саралап,  салғастырып  өтпекпіз.  Терминологиялық  лек-
сиканы  зерттеуде  жəне  оның  қоғам  үшін  мəнін,  маңызын 
анықтауда  А.А.  Реформатскийдің,  В.В.  Виноградовтың, 
А.Н.  Баскаковтың,  Г.В.  Степановтың,  С.Г.  Бархударовтың, 
О.С. Ахманованың, И.Ф. Протченконың, В.И. Сифоровтың, 
Ю.А.  Дешериевтің,  К.М.  Мусаевтың,  Р.А.  Будаговтың, 
Л.И. Скворцовтың, В.П. Даниленконың, Т.С. Коготкованың, 
Т.С. Канделакидің, А.В. Суперанскаяның, Б.З. Букчинаның, 
В.Ф.  Журавлевтің,  И.Н.  Волковтың,  Б.О.  Орузбаеваның, 
1
 
Чаплыгин  С.А.  Задачи  и  методы  работы  по  упорядочению  технической 
терминологии  // Изв. АН СССР, ОТП, М., 1973; Винокур Г.О. О некоторых 
явлениях  словообразования  в  русской  технической  терминологии // Труды 
Московского института истории, философии и литературы. М., 1939. Т. 5.


12
М.Ш.  Гасымовтың,  Т.  Бертагаевтың  т.б.  зерттеуші  ғалым-
дардың рөлі ерекше болды.
Бұл  жайында  түркология  ілімінде  де  біраз  əңгіме 
қозғалды.  Оның  ішінде  өзіндік  пікір  өрбіткендері  де  бар. 
Атап айтқанда, А. Байтұрсынұлы, қазақ түрколог тілшілері: 
Қ. Жұбанов, Н.Т. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ə.Т. Қайдаров, 
М. Балақаев, Ш.Ш. Сарыбаев, А. Əбдірахманов, Р. Өрекенова, 
С. Исаев т.т.
Термин  жайында  бүкіл  түркология,  оның  ішінде  қазақ 
тіл  білімінде,  сондай-ақ  орыс  лингвистикасының  өзінде  де 
осыған  тоқтайық  дейтін  бəтуəлі  пікір,  тұжырым  тізгінін 
ұстау қиын. Оның не екенін, лексиканың қай тобына жата-
тынын елдің бəрі білгенмен, негізгі, басты белгілерін ажыра-
тып, тануда əрқилы түсінік бар. Оған берілетін анықтаманың 
өзі де ала-құла.
Ал  «термин»  деген  ұғымының  өз  басына  келер  болсақ, 
əлі  күнге  бұл  жайында  бірыңғай  пікір  қалыптаса  алмай 
келеді. Мына еңбекте қабылданған көзқарас бойынша, «Тер-
мин – бұл  арнаулы  қолданыс  саласындағы  ғылыми  немесе 
өндірістік-технологиялық  ұғымның  атауы  болып  табыла-
тын жəне дефинициясы (тиісті ұғымның анықтамасы) бар 
сөз немесе сөздер тіркесі»
2
. Ұсынылып жүрген анықтамалар 
бірыңғай емес. Принципінде кез келген сөз термин бола ала-
ды, бірақ ол оның ерекше қызметіне (функциясына) байла-
нысты.  Өндіріс  жағдайында  терминдер  белгілі  бір  адамдар 
(мамандар) тобының өзара қарым-қатынас құралы есебінде 
пайдаланылады. Яғни олар маман ортада, арнаулы əдебиетте 
қолданылады.
Кəсіби  терминология  əдетте  белгілі  практикалық  мұқ-
таждыққа, күнделікті қажеттілікке орай пайда болады. Əдеби 
тіл  мен  оның  функционалдық  стильдері  пайда  болмастан 
бұрын кəсіби лексика өзінше табиғи түрде жасалып отыра-
2
 
Прохорова В.Н. Актуальные проблемы современной русской лексикологии. 
М.: Изд- во МГУ, 1973. С. 40.


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау