28
тысы болған жағдайда ғана (снеговая линия, снеговое
питание т.б.) қолдануды ұсынған екен.
Қазақ жəне басқа түркі тілдерде туынды сөздер
грамматикалық тұлғасы тұрақты толық мағыналы сөздерге
қосымшалар жалғау арқылы жасалады. Кеңестік дəуірде
орыс тілінен енген кірме сөздердің жұрнақтары (суффикс)
қазақ тілі қосымшаларымен (аффикс) берілетін болады.
Басқаша айтқанда, сөзжасау қосымшалары морфологиялық
кейпі жасақталып бітпеген сөздерге жалғанады. Осы
тəсіл мен жасалған неше алуан жаңа сөздер (неологизм-
дер) көбейді. Абстракті – абстрактный, абстрактілік,
дерексіздік – абстрактностъ, агрессивті – агрессивный,
агрессивтік – агрессивность, объективті – объективный,
дұрыстық, əділдік – объективность т.б.
Соңғы жылдардағы өрістеген халықаралық байланыс,
екі тілділік, көп тілділік ұлт тілдерінде ғылыми-техникалық
терминологияны молайтып келеді. Қазақ тілі термино-
логиясы 20-30-жылдары негізінен ана тілдің лексика-
грамматикалық құралдары арқылы жасалса, 50-80-жыл-
дары бұл арнаулы лексика қоры, негізінен, орыс жəне
халықаралық терминологиялық үлгілермен толыға түсті.
Ал қазақ тілі терминологиялық жүйесін бірізге салып,
қалыптастыруда, оны заман талабына сай етіп қайта жасауда
80-жылдардың екінші жартысынан былайғы кезеңнің ала-
тын орны айырықша. Айырықша болатыны, өмірдің басқа
салалары сияқты, қазақ тілінің де ғылыми ой-пікір өрбітер
өрісінде өзгеше сапалық құбылыстар бой көрсете баста-
ды. Бақсақ, қатып-семген қағидалық категорияға айналған
терминдердің көбін қайта қарап, олардың нақты қазақы ата-
уларын жасауға əбден болады екен. Тіпті соңғы екі-үш жыл
ішіндегі қазақ баспасөзінің беттерін қарасаңыз осыны айқын
аңғарасыз.
Кезінде əдеби тілімізге қаптап енген кірме сөздерге де
көзқарас басқаша болу керек сияқты. Сөйтіп, көптеген
пікірлер желісі мынадай түйін жасауға итермелейді.
29
Термин сөздер тілдің ғылыми-техникалық прогреске иек
артып, қол созған тұсына тəн лексиканың арнайы саласы,
яғни бұл, бір жағынан, тілдің əдебилігін тəптіштей түсетін
бір белгі. Басқаша айтқанда, терминологиялық лексика əдеби
тілмен тікелей байланысты дамып, оның əдебилігінің негізгі
көрсеткіштерінің біріне айналады. Олар алдымен ғылыми
ой-пікірді, техникалық ұғымды білдіру үшін пайда болады
да, олардың дамуымен бірге қанаттанады. Терминсөз нақты,
қысқа, тұжырымды, дəлме-дəл жəне бір мағыналы болуы ке-
рек. Алайда бұл шарттардың бəрін бірдей үнемі түгел сақтап
отыру қиынға соғады. Кейде кейбір техникалық ұғымдарды
білдіру үшін бірнеше сөздер тізбегін пайдалануға неме-
се тіркес жасауға тура келеді. Сөйтсе де термин жасау
процесінде оның негізгі талаптарын сақтау қажет.
А. Байтұрсынұлы –
қазақ терминологиясын жасаушы
Қазақ əдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай
болса, қазақ тіл білімі мен мəдениеті тарихында Ахмет
Байтұрсынұлының орны да сондай. А. Байтұрсынұлының
бай мұрасын жай санамалап өткеннің өзінде, осынау адам-
ның өмірдегі ғажайып ерлігі мен табандылығына, туған
халқына деген шексіз перзенттік сүйіспеншілігіне, асқан
білімдарлығына тəнті болмай тұра алмаймыз.
А. Байтұрсынұлының артына қалдырған маңызды да бай
мұрасына қарағанда, оны əлденеше университет бітірген,
əмбебап білімдар адам деп ойлауға болады. Ал шынында,
ол өмірінде екі-ақ оқу орнын көрген: бірі – Торғайдағы екі
сыныптық орыс-қазақ училищесі де, екіншісі – Орынбор-
дағы мұғалімдер даярлайтын қазақ (қырғыз) мектебі.
М. Əуезовтің сөзімен айтқанда, «Ахаңның тəртіпті мек-
тептен алған барлық оқуы осы» болса керек. Ал оның өз
бетінше оқып, өмірден əлденеше университетке татитын
білім алғанын артында қалған мол мұрасы айқын танытады.
30
Ол 1896–1907 жылдар аралығында Қарқаралыда оқы-
тушылық қызмет атқара жүріп, қалада оқып, көздері ашыла
бастаған жастарды жəне жергілікті жердегі бірен-саран са-
налы, ойлы азаматтарды төңірегіне жинайды. Олардың ара-
сына ағартушылық рухын тарата бастайды. Осының көрінісі
ретінде ол сол кездегі Ресей Империялық министрлер Кеңесі
Төрағасының атына петиция (арыз-тілек) жазып, жолдай-
ды. Бұл өз кезеңінде айрықша батыл қадам болатын. Онда,
негізінен, қазақ халқының жағдайлы өмір сүруіне қажетті
деген басты-басты мəселелерді тізіп жазған: жер мəселесі,
қазаққа земство беру, қазақты мүфтиге қарату туралы жəне
ең бастысы – «Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға
қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша
сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін» деген
жолдар еді.
Мектептерде оқу ана тілінде жүргізілу үшін бұрын
болмаған тың жол салынуы керек екенін Ахаң өте жақсы
түсінеді. Сондай үлкен жауапкершілікті өзіне сенгендіктен
де мойнына алып, əлгіндей хат жазған болатын. Ол хат жа-
зумен ғана тынбай, енді сол қазақ балаларының өз тілінде
сауат ашуына арнап тұңғыш əліппені жазады. Оны «Оқу
құралы» деген атпен 1912 ж. Орынбор қаласында бастырып
шығарады.
Бұған дейінгі қолданылып келген «Букварь», «Само-
учитель» (кейде оны «Жазуға үйрететін кнеге» деп те атап
келген) дегендер қазақ балаларының сауатын орыс графи-
касы негізінде орысша ашатын құрал болатын. 1892 жылы
Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген осындай
құралға А.Е. Алекторов «Əрпі орысша, сөздері, мəтіндері
таза қазақша» («Буквы русские, фразы, тексты начисто ка-
захском языке») деп анықтама беріпті.
Сонымен, А. Байтұрсынұлының 1925 жылға дейін 7 рет
басылған бұл «Оқу құралы» қазақ халқының тұңғыш əліппесі
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |