40
кейін біртіндеп, оның, яғни сөйлеудің кіші бөлшектеріне
кіріседі. Сонда сөйлеу – сөз – буын – дыбыс деген жүйе
сақталып отырады. Сөйтіп, лингвистикалық талдаулар ірі
тұлғадан кішкене бөлшектерге бөліп қарайтын нақты бағыт-
бағдарлама бойынша жүріп отырады. Сондай-ақ, тіл үйрету,
оқыту процесі де осы принцип бойынша жүргізіледі. Бұл
принцип оған тіл элементтерінің (бөлшектерінің) сөйлеу
«текстен» дыбыс, «əріптерге» дейінгі бөлшектерін тауып,
сипаттап беруге көмектескен.
Ал қазақ тілінің құрылымдық жүйесі əлі күнге кіші
бөлшектен, яғни дыбыстан басталып, одан ары ірілеу
лингвистикалық единицаларға ұластырылып сипаттала-
ды. Əйтсе де көптеген зерттеушілер назарының қазіргі
кезде текске көбірек аударылуы тегін болмаса керек.
Өйткені мəтін ең ірі лингвистикалық единица болып сана-
лады да, өзгелері осының компоненттері есебінде қаралады.
Бұлардың фонетика-грамматикалық белгілерінің бəрі осы
мəтін арқылы соның ішінде анықталады. А. Байтұрсынұлы
өзінің барлық оқу құралдарында өзі тауып, өзі енгізген тек
осы принципті ұстанып отырған. Сонда, қарап отырсаңыз,
А. Байтұрсынұлының өз кезеңіндегі лингвистикалық ой-
пікірді ғана емес, көп мəселеде қазіргі қазақ тіл білімі
өкілдерінің көбінен ілгері оза ойлап отырғанын байқаймыз.
А. Байтұрсынұлының қай еңбегін қарасаңыз да, сол
кезде бел алып, үстемдік көрсетіп тұрған фонологиялық
теорияға бірде-бір сілтеме жасамағаны байқалады. Соған
қарамастан, оның фонетикалық ұғымдар жүйесін соншама
бір зеректікпен түсініп жасауы қайран қалдырады. Қазіргі
теория тұрғысынан қарасаңыз, мүлтіксіз жасалған бұл
жүйені көре отырып, бұл кісі кезінде фонетика саласындағы
лингвистикалық теория жетістіктерімен таныс болмады ма
екен деген ойға қаласыз. Ғасыр басында фонология сала-
сында əйгілі екі бағыт (Москвалық жəне Санкт-Петербург
мектебі) өмір кешкенін білеміз.
Біз А. Байтұрсынұлының фонетикалық мұрасына ғылы-
ми талдау жасағанда, əрине, қазіргі лингвистика талаптары
41
тұрғысынан қараймыз. Осы тұрғыдан қарағанда, ол жасаған
теорияның тұғыры мықты екенін көреміз. Бұған мына
төмендегі мысалдар куə бола алады:
Буын (бір сөздің ішінде бірнеше буын болады).
Дыбыс (бір буынның ішінде бірнеше дыбыс болады).
(Мəселен, не, же, ма, ат, аш деген сөздердің ішінде бір буын-
нан бар, мұндағы əр буында екі-үш дыбыс бар).
Таңба, қарып (дыбыс таңбасын қарып деп атаймыз,
сондықтан жазған сөз ішінде пəлен қарып бар дейміз,
айтқан сөз ішінде пəлен дыбыс бар дейміз). Əрине, буын
анықтамасын қазіргі түсінігімізге дөп бере қоймағанмен,
оның дыбыстық құрамы мен буынға бөлу жөнінде көптеген
мысалдар келтіре отырып түсіндіруі керемет. Дыбысқа
берілетін анықтамасы да дəл.
Дыбыс пен қарып терминдерінің аражігін əдемі ажыра-
тады. Қараңыз: «Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нəрсе,
біріне-бірін қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс есті-
летін, көзге көрінбейтін нəрсе, қарып көрінетін, естілмейтін
нəрсе» деуінен біз бұл екеуінің табиғатын айна қатесіз тани-
мыз. Басқа да түсініктемеге назар аударалық.
«Дəйекші» дегенге берілетін анықтама (бұлардан басқа
бір көмекші белгі «дəйекші» – бар) да бұл атаудың жөнін
білдіріп тұр.
Дауысты, дауыссыздар (дыбыстар дауысты, дауыссыз
болады). Дауысты таңбалар, дауыссыз таңбалар (төмендегі
сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі дауысты таңбалардың
астын сызып көрсетіңдер).
Алғашқысында анықтама «диакритикалық көмекші белгі-
лер» деп үстемелетіп берілген. Жалпы, бұл екеуі, яғни диа-
критика жəне көмекші белгілер дегендер бір-біріне сино-
ним болып келеді. Осыны біле тұра А. Байтұрсынұлы бұған
нағыз қазақша анықтама бере отырып, арабша белгіні дə-
йекше деп атайды. Сол арқылы терминнің кітаби қолда-
нысы сақталған. Бəлкім, мұның қолданыста ыңғайлылығы
да əсер еткен болар оған. Шұбатылған емес, бір-ақ сөзбен
өрнектелген ұғым, əрине, əлдеқайда қолайлырақ.
42
Осы ретте А.Байтұрсынұлы жасаған терминдер жүйесінің
кестесіне назар аударалық.
№ 1-кесте
сөйлем жүйесі
сөз жүйесі
буын жүйесі
дыбыс жүйесі
үндестік жүйесі
жуан жіңішке
езулік еріндік
А. Байтұрсынұлы пайдаланған
бірегей терминдер
№ 2-кесте
Дыбыс жүйесі, сөз жүйесі, сөйлем жүйесі. Бастауыш
мектепте балаларға тіл таныту үш тарау болып бөлінеді:
1) дыбыс жүйесі мен түрлері. 2) сөз жүйесі мен түрлері;
3) сөйлем жүйесі мен түрлері.
Түбіршік тіл, жалғамалы тіл, қопармалы тіл. …Дүние-
дегі жұрттың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) түбіршік тіл;
2) жалғамалы тіл. 3) қопармалы тіл.
Сөйлем. Жоғарыдағы жазылған екі сөйлеуден көрінеді –
бір сөйлеудің ішінде бірнеше сөйлем болатындығы.
Буын. Бір сөздің ішінде бірнеше буын болады.
43
Жарты дауысты дыбыс. Дағдыландыру: төмендегі сөз-
дердің ішіндегі жарты дауысты дыбыстардың таңбаларын
айыру.
Сөйлеу. Дағдыландыру: төменде жазылған сөйлеулердің
əрқайсының ішінде неше сөйлемнен барын айыртып, бала-
ларды дағдыландыру.
Ымыралы дыбыс. Дағдыландыру: төмендегі сөздердің
ішіндегі ымыралы дыбыстардың таңбаларын айыру.
Косалқы сөз. Қосалқы сөз дегеніміз – өз алдына мағы-
насы кем, басқа сөздің маңайында тұрғанда ғана мағына
шығатын сөз.
Демеу. Сөз артынан жалғанатын демеулер алдындағы
сөзден сызықшасыз бөлек жазылады.
Түбіршік тіл. Түбіршік тіл түпкі қалпынан өзгерілмей
жұмсалады, мəселен: қытай, жапон тілдері.
Жалғамалы тіл. Жалғамалы тіл сөздің аяғына жалғау
қосылып өзгерілетін тіл, түрік-финн (пиын) тілдері.
Қопармалы тіл. Қопармалы тіл сөз түбірімен қопары-
лып, өзгерілетін тіл, мəселен: орыс тілі, араб тілі.
Сызықша.Төмендегі сөздерді буынға бөліңдер, буындар
арасына сызықша қойыңдар.
Қарып. Төмендегі сөздердің буындарында неше қарыптан
бар екенін айыру.
Дауысты. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі
дауысты таңбалардың астын сызып көрсетіңдер.
Дауыссыз. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі
дауыссыз таңбалардың астын сызып көрсетіңдер.
Жарты дауысты дыбыс. Төмендегі сөздердің ішіндегі
жарты дауысты дыбыстардың таңбаларын айырту.
Қатаң дыбыс. Төмендегі сөздердің ішіндегі қатаң
дыбыстардың таңбаларын айырту.
Ұяң. Төмендегі сөздердің ішіндегі ұяң дыбыстардың таң-
баларының астын сызып көрсетіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |