301
ортақ қазынаға айналған сөздерді – интертермин дейміз.
Бірақ екінші тілге енген мұндай сөздердің бəрі бірдей ин-
тертермин дəрежесін ала алмайды. Дүниежүзілік дең-
гейге танымал болған терминдер мен атаулар ғана
интернационалдық деген мəртебеге ие бола алады. Ал осы-
дан келіп интернационалдық терминдерді басқа тілдерге
аударуға болмайды деген принципті күні бүгінге дейін қатып
ұстанып келуіміз қалай? Шындығында, өзге тілдің байлы-
ғын, мүмкіндігінше есепке алмайтын бұл не қылған прин-
цип. Бұл турасын айтқанда, басқа тілдердің даму жолдарын
тұмшалау дегенмен бара бар екенін ойлана бермегендейміз.
Əуелде осы принципті қабылдағанда біз өз тіліміздің
мүмкіндігімен ісіміз болмаған тəрізді. Тілдер арасындағы
əділетсіздікке ең алдымен өзіміз жол беріп отыратын
сияқтымыз.
Ғылым мен техника жүгін көтеретін тілдер бар, көтере
алмайтын тілдер бар деген пиғылды жылдар бойы дəлелдеп
келгендейміз. Қазақ тілінің əлі толық іске жегілмей
жатқан сан алуан қатпарларына тереңдеген сайын, əлемдік
деңгейдегі сан алуан ұғымды да толық жеткізе аларлық
қауқарының барлығына көзіміз толық жетіп отыр. Сонда тіл
табиғатына жат «дайын» нəрселерге бас шұлғи бергенше, өз
байлығымызды іске қосудың жолдарын қарастырған абзал
емес пе?! Кейінгі жылдар тəжірибесі осыны толық дəлелдеп
отыр. Осы тұрғыдан келгенде, туыс түркі тілдерінің ортақ
қазынасы əлі жеткілікті дəрежеде қозғалысқа түскен жоқ.
Бірінен-бірі нəр алып, бірін-бірі байыта түсудің орнына,
алшақтай алыстай берген. Мұның түп негізі ең алдымен
жазу алшақтығына байланысты деп ойлаймыз.
Қазақ халқы небəрі 15-20 жылдың ішінде үш түрлі жа-
зуды бастан кешірді. Міне, осы бір жазудан екінші жазуға
көшу əлегінде өзге туыс тілдердегі ортақ қазынаға үңілмек
түгілі, таза өз байлығымыздың қадіріне жетуден де қалып
қоя жаздаған жоқпыз ба?! Бұл, əрине, өз алдына өрбітуді
керек ететін күрделі сала. Жалпы интертерминдер төркініне
302
бойлаған сайын олардың белгілі бір ұғымға негізделіп,
нақты мағыналық жүк арқалап тұратынын көреміз. Ал енді
осыны берерлік сөздерді қазақ тілінен іздегенде көп ретте
жазығымыз табылып жатады. Дəл қазір тілімізде осы іздеу,
іздену процесі жүріп жатыр. Көп жоқтың орны толып жатыр.
Осы уақытқа дейін тіл-тілдерді интернационализмдер
болмаса, не аз болса, ол тілдің қауқарсыздығы, дамымай
қалғандығы деген түсінік басым болып келеді. Шынын-
да, тілдің дамуы ондағы интренационалдық сөздердің көп-
аздығына қарап өлшенбесе керек. Егерде əңгіме таралған
барлық терминдерді сол қалпында қабылдап, оларды өз тілің
арқылы меңгерсең, интертерминдер шапқыншылығына тап
келгендей болар едік. Онсыз да дендеп бара жатқан шетел
сөздері қаптай беретін болса, ана тілімізге қатер төнді дей
беріңіз. Интертерминдерге тəуелді болмай-ақ, өз тіліңнің
байлығын іске жаратқан жапон мен қытай халқының
тəжірибесін алыңыз. Олар ғылым мен техника жетістіктерін
өз тілі негізінде меңгеріп, дамытып отыр. Тексере келсек,
жапон тілі кеше ғана, яғни 1945 жылдан былай қарай ғана
өзіндік қуатқа ие болған екен.
Интертерминдерге тиюге болмайды дейтін түсінік
бұларды шынында да құран сөздеріндей етіп жіберді. Со-
дан барып бұлар да баста белгілі бір тіл ішінде туындап,
терминдік мəнді жүре келе жүктеген қарапайым сөздер екенін
елемейтін де болдық. «Тиіспе», «аударма» деуден бұрын
бұл сөздер нені білдіріп тұр, қандай мағынаны арқалап тұр
дегенге зер салу керек қой. Міне, қазір интернационалдық
терминдерге осылайша қарау ағымы пайда болды. Бұл тіл
дамуының өзіндік даму табиғатына тəн құбылыс.
Терминдер төркініне үңілгенде, олардың да шығу, жасалу,
пайда болу тегі, тілдік мекен-жайы болатынын байқаймыз.
Мысалы, медициналық терминдер əуелде латын тілінде пай-
да болған екен. Олар кейін барлық тілдерге еніп, сол күйінде
қалыптасып кетті. Бұларды аударып əуре болудың қажеті
шамалы. Ал кеше ғана ғарышты игеруге орай пайда болған
303
спутникті, Октябрь революциясына орай туған совет,
большевиктерді көптеген тілдер өз мүмкіндіктері негізінде
қабылдап алды.
Термин аудару, жасау, қалыптастыру мəселесінде ғылым
саласын саралап қарастыру қажет. Мəселен, техника, фи-
зика, математика, механика тəрізді дəл ғылымдардың, хи-
мия, биология, медицина сияқты табиғаттану ғылымдары
терминдерін бір қатарға қойып қарауға болмайды. Бұлардың
терминдерін аударуға келгенде барынша ыждағаттылық,
біліктілік қажет. Кейбір тілдер компьютерді аударып
қолданып жатыр. Мəселен, түріктер мұны белгі саяр («санай
білетін») деп алған екен.
Ал қоғамдық ғылымдар саласына келер болсақ, əңгіме
басқаша. Бір қарағанда бұл ғылымдар қоғамдық өмірдің ай-
насы іспеттес қой. Саяси-экономикалық, мəдени-əлеуметтік,
оқу-тəжірибелік, өнер-білімге байланысты ұғымдардың
бəрін жинақтап, оларды аударуға тиістілері қайсы, тіліміз-
ге бейімдеп алуға болмайтыны қайсы, сол қалпында
қалдырылатындары қайсы дегендерді саралау керек. Олар-
ды аударудың принциптері мен тəсілдері айқындалуға тиіс.
Онсыз терминологияда жүйелілік болмайды.
Терминологияның бұл мəселелері қазақ тілі түгілі орыс
тілінде əлі түбегейлі қарастырылған жоқ. Интернационалдық
термин атауларының төркініне тереңдемей, олардың əуелгі
лексикалық мағынасын тексермей-ақ, терминдік тұлғада
мəнін ғана аударып қателесіп жүрміз. Шынында, бұлар да
əу баста кəдімгі қарапайым сөздер ретінде дүниеге келгенін
аудармашылар ескеріп отыруға тиіс. Сөйтіп əлгі атаулар ке-
ле-келе шарттылық пен дəстүрлі қолданысқа көшкен. Міне,
мəселенің осы жағына қатты мəн беріп отыруға тура келеді.
70 жыл бойындағы терминологиялық процесті қадағалап
отырсақ, тілімізге еніп, ендіріліп жатқан термин мен атау-
ларды «орыс, совет жəне интернационалдық» деп жіктеп
келген екенбіз.
Профессор Ə. Қайдар бұларды осылайша үш топқа бө-
леді де, əрқайсысының арасалмағын, санын ойша топшы-
Достарыңызбен бөлісу: |