288
жайт бар. Əңгіме іслəмтану ілімінің қалыптаса бастағаны
туралы. 2008 жылы жұртшылық қолына тиген жазушы
Өтеш Қырғызбаевтың «Сөз зергері Іслəм Жарылғапов»
дейтін кітабын ерекше атауға болады. Бұл іслəмтану іліміне
қосылған үлкен үлес болды. Егер ғылым əлеміндегі бұрынғы
жүйе орнында болғанда бұл еңбекті ғылыми атақ беретін
Ғылыми кеңеске ұсынуға болар еді.
Бүкіл түркі жұртшылығының бүгінгідей түпнегізге бет
бұра бастаған жаңа кезеңде Іслəм Жарылғапов тəрізді тіл
зергерлерінің жанкешті тəжірибелерінің жол нұсқалық
маңызын зор деп білеміз. Неге десеңіз кешегі бір ғасырлық
əре-тəрелік түркі халықтарының туыстық тұтастығына
өлшеусіз нұқсан келтіргені мəлім. Жаңа заман мүмкіндік ту-
дырып тұрған қазіргі кезде сол мүмкіндікті толық пайдалану
бəрімізге парыз болуға тиіс.
Тəуелсіздікке ие болған Əзірбайжан, Қазақстан, Өзбек-
стан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты бес мемлекеттің
алғашқы жəне басқа да ес жинаған туыс ағайындар іс-
əрекеттерінде осындай нышан байқалғанымен, əлі жүйелі
жұмыс жасала қойған жоқ. Рас, Түркия Республикасы өзінің
бауырлас елдерінің егемендік алғанына бірден қолдау
көрсеткені белгілі. Бірегей ел, біртұтас ұлт, ортақ тіл тəрізді
пиғыл-пікірлердің де оқтын-оқтын шығып қалатыны бар.
Біздің ойымызша, қазір тарихи əділетсіз шаралар бары-
сында бір-бірінен алшақтаңқырап кеткен туыс халықтар
тілдеріндегі ортақ түбір сөз, ортақ түбір тұлғалар негізінде
ортақ терминдік атауларды қалыптастыра бастау қажет деп
білеміз. Салғастыра, саралай қарасақ, бұған толық негіз
бар. Тіпті түркі тілдеріндегі ғасырлар бойы сақталып кел-
ген өлі түбірлердің сырына үңіліп, олардың əр тілдегі са-
нын шамалауға əрекеттенген əйгілі проф. Ə.Т. Қайдардың
зерделеуі де бізді осындай ойға жетелейді.
Мұндай ойға, əрине, əзірге үрке қарайтындар бар. Өйткені
біз əлі əр ұлттың тілдік қорында не бар, не жоқ екенін анық
айқындап біткеніміз жоқ. Əуелі əрбір туыс тілде жасалып
жатқан терминологиялық сөздіктерді өзара салыстырып,
ізденіс жұмысымен айналысу керек. Содан ортақ түбір,
ортақ атау, ортақ ұғымдарды саралау жұмысы туындайды.
Ал мұндай істі ортақ зерттеу бағдарламалары арқылы бір-
лесе отырып жүргізуге болады. Солай ету керек те. Біздің
мына бүгінгі Іслəм Жарылғаповтың 95 жылдығына орай
өткізіліп отырған бас қосуымыз осындай игі істің баста-
масы болғай деп тілеймін, себебі І. Жарылғапов тəрізді
сөз шеберлерінің тəжірибесі осынау ниетімізге от береді,
жылдар бойы басылып келген рухымызды көтереді, еңсе
тіктетеді.
290
ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖƏНЕ
ОНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ҚАТЫСЫ
«Терминологиялық жүйені мемлекеттік тілдің жонар-
қасы» (Ə. Қайдар) ретінде əңгімелеудің жөні бар. Тілдердің
өрелі бір биікке көтерілген, дамыған сəтінде бой көрсететін
лексикалық қабаттардың тақылеті өте күрделі де қызық.
Мұнсыз ешбір тілдің бүгінгі болмысын, болашағын болжау
мүмкін емес. Əсіресе ғылым, білім, мəдениетке қатысты
салалрдың қай-қайсысында да термин сөзге мұқтаждық
қатты сезіліп отыр.
ХVIII ғ. француз Сенан де Мейанның «өзге тілде сөй-
лейтін ұлт біртіндеп өзінің төл болмысын жоғалтады»
деген сөзі бар.
П.А. Симон дейтін тағы бір француз: «Тілі – əрбір
ұлттың өзіндік төл болмысын білдіретін, тарихтағы орнын
анықтайтын, өмірлік жəне шығармашылық қайталанбас-
тығын паш ететін құрал, тіл – сол елдің тағдыры» депті.
Бір кезде орыстың ұлы ойшылы А.Н. Толстой «… біздің
сөз сөйлеуіміз бен жазуымыз орысша болмай барады» деп
күйінген екен. Соның кері бізге де келгелі қашан. Мұның
бастамасын сонау 20-30-жылдардағы рухани, мəдени талас-
тартыстардан іздеу керек. Араб жазуын латынға, латын жа-
зуын кириллицаға алмастыруда тілдің табиғи даму желісіне
орасан зор зиян келгенін енді-енді байқай бастадық. Кезінде
біздің бұл əрекеттер тіл дамуына қаншалықты нұқсан
келтіретінін айтқан Ахмет Байтұрсынұлы сынды көреген-
дер пікіріне соңғы елу-алпыс жыл бойы құлақ аспай келдік
емес пе?
Бұл, əсіресе қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру бары-
сындағы əрекеттерден айқынырақ аңғарылды.
Біз діттеп отырған мəселелер туралы негізгі ойымызға
көшпес бұрын мемлекеттік тіл мен термин жəне терминоло-
гия деген ұйымдарға сəл тоқтап, түсініктеме бере кеткен жөн.
Неге десеңіз, терминдік ұғымдар қауызына нені сыйғызып,
291
нені жатқызудың мəнісін біле бермейтін жəне мемлекеттік
тілдің қызметі қандай болу керек дегеннен хабары шамалы
жандар бар.
Мемлекеттік тіл туралы əңгіме жай еріккендіктен шық-
қан нəрсе емес. Ол əбден шегіне жетіп, шиыршық ата, енді
болмаса жарылғалы тұрған мəселе болатын. Бұл, ең алды-
мен, əбден тынысы тарылып, құрып біткелі тұрған тілді аман
сақтап қалудың амалы еді. Қазақстан сияқты алып елдің
ұйтқы-тірегі болып отырған негізгі ұлттың тілін мемлекет
қамқорлығына алып, оның өзінің заңды даму арналарын
айқындап беру дегендік болатын. Яғни қазақ тілінің өмірге
қажеттілігін ең алдымен өзімізге-өзіміз дəлелдеуіміз керек
болды.
Бірақ ешбір талас тудырмауға тиісті осы мəселенің
төңірегінде күні бүгінге дейін қаншама дау-дамайлар
өрбітіліп, сөзбұйдаға салынып келеді.
Мемлекеттік тіл деген ұғым туралы энциклопедиялық
сөздіктерде (Советский энциклопедический словарь. М.,
1980) мынадай анықтама беріледі. Түпнұсқаны дəл жеткізу
үшін орысшасын келтірейін: «Государственный язык в бур-
жуазнонациональный государственный язык, объявленный
обязательным для ведения документации в госучреждени-
ях, преподавания в школах и т.п.». Мұнда айтылмай ұғыны-
латын мəселелер тағы сол сияқтының ішіне енгізілген болу
керек. Сол себеппен бұған біз ғылым тілі деген бір тармақты
арнайы қосар едік. Өйткені мемлекеттік тіл ауқымының
бұл т.б. қатарында емес, оның негізгі көрсеткіштерінің бірі
ретінде өз алдына дербес сала болып енуге тиіс. Осыдан
келіп шығатын бір түйін, тілді мемлекеттік деп жария-
лағанымен, ол тілде ғылыми ізденістер жүргізілмейтін бол-
са, ол ғылым тілі ретінде қалыптаса қоймаған болса, онда
оның əлі мемелекеттік тіл болып жарытпағаны.
Белгілі бір тілде жүйені қалыптастыру тіпті де оңай ша-
руа емес. Əсіресе ғылыми əлемі əрідегі жалғастығынан
үзіліп қалып, соңғы 70 жыл бойы өзге ірі тілдің ықпалында
Достарыңызбен бөлісу: |