310
Нендей шарттар мен талаптар қажет?
Бұл біріне-бірі тығыз байланысты, бірінен-бірі туындап
жататын бірнеше мəселенің басын қарайтады. Олар мына-
лар:
1. Ғылым атаулының барлық салалары, тармақтары бо-
йынша ғылыми-зерттеу жұмыстары қазақ тілінде жүргізілуі
тиіс. Бұл жөніндегі біздің жағдайымыз қалай? Шындығына
келсек, ғылымның қайсыбір салалары (тіл білімі мен
əдебиеттану, кейінірек биология, математика) бойынша
жүргізілген кейбір зерттеу жұмыстары болмаса, басқа ауыз
толтырып айтар еңбектер көп емес. Тек 50-60-жылдардан
бері қарай ғана тіліміз ғылымның көптеген салаларына
қызмет ете бастайды. Алайда мұның ешқайсысының өзіне
тəн терминологиялық жүйесі жасалып, қалыптасты деп айта
алмаймыз.
2. Білімнің барлық жүйелері бойынша мектеп, орта
жəне жоғары оқу орындарына арналған төл (аударма емес)
оқулықтар мен оқу құралдары жазылып, қалыптасуы тиіс.
Құдайға шүкір, бар. Алайда мұнда да, біз, жоғарыдағыдай
алақұла жайтты байқаймыз. Бірінде тəп-тəуір, екіншісінің
тілі не қазақша, не орысша екені белгісіз, үшіншілерінде
мұндай да еңбектер түзілмеген. Қазақша деген оқулықтар
мен оқу құралдарының өзді-өзіне ғана тəн ерекшеліктерін
танып-білу тіпті қиын.
3. Ғылым тілі ретінде қалыптасатын тіл – ғылым мен
білімнің барлық салаларының ең əуелі құрылымдық қаңқасы
боларлық терминолгиялық жүйесі жасалуға тиіс. Ол үшін
лексикографиялық жұмыстар, яғни терминологиялық
сөздіктер көптеп түзілуі керек. Ал бұл жөнінде не айта
аламыз? Əрине, сөздік түзу жөнінен құр алақан емеспіз.
Сонау 20-жылдан бері қарай түзіліп келе жатқан екі тілді
терминологиялық сөздіктер тіліміздің ғылымға қызмет ету
қабілетін едəуір арттыра түскені мəлім. Бірақ мұнда да күні
бүгінге дейін даулы мəселелер көбейе түспесе, азайған жоқ.
311
4. Тілдің ғылымдана түсуіне қажетті ең басты шарттың
бірі – ғылыми ізденістер мен сөйленістердің бəрінің қазақ
тілінде жүргізілуі дер болсақ, бұл турасындағы табысымыз
да шамалы. Сол баяғы тіл білімі мен əдебиеттану ғылымы са-
лалары бойынша ғана сұранысқа жауап бере алатын үлгілер
бар.
5. Бірен-саран болса да жарық көрген ғылыми еңбектерді
саралап байқасақ, мынау мына ғылымның, анау ана
ғылымның өзіне ғана тəн қалам сілтесін баяндау тəсілін,
стильдік өрнегін танытады дейтіндей бұлтартпас айғақты
мысалды табу өте қиын. Яғни ғылыми стильдің ара-жігі əлі
айқындала қойған жоқ.
6. Сондай-ақ ғылым тілін, ғылыми мəтін (текст) стилін
тарам-тарамымен талдап беретін арнайы ғылыми бар-
лау еңбектері тағы жоқ. Бірде-бір ғылым туралы, бірде-бір
ғылымның өзіндік зерттеу мақамы, қалам сілтесі жайында
жазылған зерттеу жұмысын қолға шам ұстап табу қиын.
7. Əдеби тіліміздің ғылыми қолданыс құралы ретінде ба-
рынша жандана түсетін ортасы – ғылым ордасы. Иншалла бір
кезде Ұлттық Ғылым академиямыздың құрамында отыздан
астам ғылыми-зерттеу институт бар еді. Оның əрқайсысында
кем дегенде бірнеше жүзден ғылыми қызметкерлер (сырт-
тан ізденушілер мен аспиранттарды қоспағанда) жұмыс
істейтін, бұлардың қазіргі халы екіұдай. Жаңадан шаңырақ
көтеріп, өз алдына отау тігіп жатқан салалық Академиялар
мен ғылыми мекемелер қаншама! Осының бəрінде қазақ
тілі ғылымның қажетіне жаратылып жатыр ма? Бұларда ана
тілге деген мұқтаждық, қажеттілік мүлде сезілмейді. Айтулы
ғалымдарымыздың өзі халқымыздың абыройын асқақтатар
жаңалықтар мен ой-пікірлерін қазақ тілінде емес, көбінесе
орыс тілінде жазғанды артық санайды. Өйткені олардың
көзін ашқалы бергі көргені қазақ жазуы емес, орыс жазуы.
Сондықтан оларды кінəлаудың де қисыны жоқ. Тиіп-қашып
қазақша жазылған бірді-екілі ғылыми еңбектер ғылым тілі
дейтін күрделі де қызық саланың жүгін көтере алмайды.
312
Сондай-ақ қазақ мəдениетінің тарихында азғана мерзім
ішінде, атап айтқанда, небəрі он-он бес жылдың айналасын-
да үш жазу алмасты. Жазудың тұрақсыздығы сауатымызға
нұқсан келтіргені мəлім. Ол ғылыми тілдің де дамуына кері
əсерін тигізді.
Міне, осы айтылған мəселелердің өзі-ақ біздің қазақ
қауымында өзінің толық мəніндегі ғылым тілі қалыптасты
деп айту қиындау екенін дəлелдесе керек.
Баз біреулердің қазақ энциклопедиясы, он томдық
түсіндірме сөздігі, бес томдық Қазақ Республикасының тари-
хын, əр алуан монографиялық еңбектерді, түрлі ғылыми ба-
сылымдарды т.т. тіліне тиек етіп, бізде ғылым тілі əлдеқашан
жасалды, оның басы-қасында А. Байтұрсынұлы сынды асқан
тұлғалар тұрды деп өрепкуі əбден ықтимал. Бар нəрсені
бағаламай табысымызды тəркілеуден біз де аулақпыз. Бұлар
сөз жоқ ғылым тілінің жүйелене, қалыптана түсуіне негіз бо-
лар орны, жөні бөлек бағалы дүниелер.
Бұл жерде арнайы тоқталуды қажет ететін бір мəселе
бар. Ол Ахмет Байтұрсынұлы жəне оның айналасы жөнінде.
Қазақ мəдениеті мен ғылымның тарихында бұлардың
есімдері алтын əріппен жазылары хақ. Неге десеңіз, қазақ
ғылымының еңсе көтеруіне, саралануына негіз болатын
терминдік сөздер жүйесінің жасалу, қалыптасу тарихын сөз
еткенде, əсіресе, Ахаңды айналып өту тіпті мүмкін емес. Ана
тілінде тұңғыш сауатын ашып, қазақ тілі дейтін пəнді оқыған
қазақ зиялыларының бірде-бірі тайға таңба басқандай анық
та дəл, ұғынықты сипатталатын терминдік жүйені тірек
еткен заңдылықтарды ұмыта алмайды. Себебі мұнда əр
алуан мағынаны арқалап тұрған даралық сипаттағы атау
сөздерінің бəрі Ахаңның асқан білгірлігінің нəтижесінде
пайда болған. Қаншама сүзгілесең де қайталап соқпайтындай
етіп мүсінделген бұл терминдер жүйесі шынында да əлі
күнге мызғымай, сауатымыздың жетіле беруіне қалтқысыз
қызмет етіп келеді. Сонымен бірге елдің еңсе көтеруі жап-
пай сауат ашуға тікелей байланысты деп сенген Ə. Ермеков,
М. Дулатұлы, Е. Омарұлы, Қ. Жəлелұлы, Ж. Аймауытов,
Достарыңызбен бөлісу: |