266
дəл, əрі түсінікті етіп берерлік сөздердің іздестірілуі табиғи
қажеттілік. Осы қажеттілікті өтеу барысында сан алуан
сөздер жаңаша қолданысқа түсіп, жаңаша мағыналық өріс
алып жатады. Соның нəтижесінде тосын терминдер тобы
пайда болады. Əлгіндей ізденістер ана тіліміздің тұтыну-
шыларын, сөз, тіл мамандарын лексикалық қабаттарды
ақтармалап қарауға мəжбүр етеді. Олар – жазушылар, жор-
налшылар, баспагерлер, ғалымдар т.б. Ұлтымыздың əрбір
саналы өкілі ана тілінің тазалығына, мəдениетіне мəн бер-
мей тұра алмаса керек. Тіл жөніндегі ізденістерді осы
тұрғыдан қарап түсіну қажет жəне əрбір жаңалық, əрбір жаңа
қолданыс тіл шырқын бұзбайтын тіл мəдениетіне қосылған
үлгі есебінде қабылдау мақұл.
Сондықтан бəз біреулер сияқты кейінгі кезде орын алып
отырған терминологиялық ізденістерден үрке берудің қажеті
жоқ. Қазір, əсіресе, тілімізге соңғы 75 жылдың ауқымында
кедергісіз, саралаусыз еніп алған интернационалдық
терминдерді ретке келтірудің түрлі жолдары қарастыры-
луда. Ғалымдардың есебі бойынша бұлардың жалпы саны
70 пайызға барып қалған екен. Ал олардың қазақ тіліне енуіне
кезінде ешқандай тосқауыл болмаған. Тілді байытудың
төте жолы осы деп, тіпті оларды арнайы қабылдап
отырдық. Бақсақ, ол сөздердің көбін тіліміздің сөзжасам
заңдылықтарына орай қайта саралап, оларды аударудың,
баламалаудың, калькалаудың түрлі тəсілдері арқылы не-
месе аударуға, баламалауға келмейтіндерін қолданысқа
сəйкестендіріп қабылдауға əбден болады екен.
Егемендікке қол жеткізген соңғы онжылдықтардың
көлемінде ғылым мен білімнің сан алуан салаларында екі
тілді терминологиялық сөздіктер бірнеше рет басылым көріп
үлгерді. Қазақ тілін шын мəнінде мемлекеттік тіл дəрежесіне
көтеру жолында мемлекетаралық қатынас, ғылым, техника,
заң жəне тағы да басқа осы іспеттес көптеген қоғам дамуының
əртүрлі салаларындағы терминдер мен атауларды, терминдік
тіркестерді біріздендіруге қатысты ауқымды міндеттер
267
атқарылуға тиіс болатыны баршаға белгілі. Күнделікті
баспасөз беттерінде, əртүрлі арналардан беріліп жүрген
телехабарларда бір терминнің бірнеше нұсқада беріліп
жүргені, тіпті əлеуметтік-экономикалық реформаларға бай-
ланысты елімізде үсті-үстіне қабылданып жатқан заңдардың
өзінде əртүрлі қолданылып жүргені рас. Осы орайда тіліміз-
дің терминдер жүйесін қайта жүйелеп, кемелдендіру мақса-
тын көздеген Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне
ақпарат министрлігінің басшылығымен республикалық мем-
лекеттік «Рауан» баспасынан жарық көрген салалық сөздік-
тер топтамасын айта кеткен жөн болар. Терминологиялық
сөздіктер топтамаларында берілген терминдер мен олардың
аудармалары ғылым мен білім салаларының дамуына
қосылған қомақты үлес болып саналады. Десек те, осы
топтамалардың да кемшін тұстары байқалып қалады. Ол
негізінен топтамалар арасындағы өзара үйлесімдіктің бол-
мауында жатқан тəрізді.
ХХІ ғасырға бейімделген жаңа білім беру жүйесін жа-
сау қажеттігі айқын болып отыр, себебі жаңа өркениетте
қоғамдық өмірдің аса маңызды өнімі ақпараттық ресурс-
тар болып табылады. Сондықтан мұндай жүйенің мəні
компьютерлік телекоммуникациялық құралдарды тиімді
пайдаланудың негізінде жаңа білім беру технологияларын
жасаумен анықталады.
Мұндай жағдайларда Қазақстандағы білім беру жүйесі
үшін ақпараттық инфрақұрылым элементтерін əртүрлі тіл-
дерде, əсіресе, қазақ тілінде жасау проблемаларын біртіндеп
шешу аса маңызды рөл атқарады. Бұл проблеманың
шешілуі көп жағдайда ақпараттану, есептеу техникасы, те-
лекоммуникация, автоматика жəне электроника салалары
бойынша көптілді терминологиялық жəне түсіндірме сөз-
діктерін түзуге байланысты.
Белгілі бір ғылым саласының пайда болуына орай оның
ұғымдық аппараттарын беру үшін арнайы терминдер
жүйесінің жасалып, өмірге енетіні қалыпты жағдай. Соңғы
268
он-он бес жыл əлетінде бүкіл əлемде ақпараттық техноло-
гиялар қарқынды дамуға ие болды. Қазіргі кезде ақпарат-
тық технологиялардың қоғам өмірінде қолданылмайтын
саласы кемде-кем десек, артық айтқандық емес. Соның
нəтижесінде тұтастай ақпараттық технологиялар саласының
арнаулы сөздік қоры, терминологиялық жүйесі қалыптасып,
ол күн сайын толығу, молығу үстінде. Осы орайда ар-
наулы терминдер мен атауларды, терминдік тіркестерді
біріздендіруде, жіктеп жүйелеуде көп тілді салалық
терминологиялық сөздіктер түзудің тұтынушыларға берері
көп екендігін өмірлік тəжірибе сан рет дəлелдеді. Бір топ
маман-автордың құрастыруымен Қазақстанда жарық көр-
ген «Ақпараттану жəне есептеу техникасы терминдерінің
орысша-қазақша-ағылшынша сөздігінің» көздегені де осы
еді. Нақты заман талабынан туып, жұртшылықтың пайда-
лануына ұсынылған сөздік көпшілік көңілінен шыға білді.
Жоғары оқу орындарының, студенттердің, компьютерші
мамандардың, салалық мекемелер мен ұйымдардың кітапқа
деген қызығушылығы мен сұранысы жоғары болды. Қалың
қауымның талап-тілегін ескере отырып, сөздікті толықтыра
отырып, қайта басып шығу да ойымызда бар.
Ақпараттық технология саласына арналған сөздіктің
Қытайда тұратын қандастарымызды да бей-жай қалдырмай,
сөздікке айрықша ілтипат білдіріп жатуы бізді ерекше
қуанышқа бөлейді. Олардың жай қызығушылық танытып
қана қоймай, оған терминдердің қытай тіліндегі балалама-
ларын да қоса шығаруға қызу атсаласысқаны құптарлық іс.
Өйткені ғылымда шек, шекара болмайды. Ол – адамзаттың
ортақ асыл қазынасы. Мақсат – осы ортақ қазынаға өзіндік
үлесімізді қосу, ел мен елдің, халық пен халықтың мəдени-
ғылыми байланыстарына жол ашу. Сөздің орайын пайдала-
на отырып, екі ел арасындағы алтын көпір қызметін атқарып
отырған жəне осы сөздікті қытай тіліне аударып, толықтап
құрастыруға ерекше еңбек сіңірген Қытайда тұратын қандас
бауырларымыз – Шыңжаң телевизиясының басшысы Қанат
Достарыңызбен бөлісу: |