қауым үнемі осындай мәселелерді алқаға салып, кеңесіп отыруды дәстүрге ай-
налдырса мақұл болар еді.
Жалпы, термин пайда болу үшін сол терминге негіз боларлық оқиға қажет.
Оқиға, құбылыс болмаса, оны атаудың да қажеттігі болмас еді. Сондықтан, біз
үнемі қабылдағыш, алғыш бола бермей, өзіміз де жасағыш, ат бергіш санаты-
на өтуіміз керек. Кез келген тіл осындай ғылыми табыстары арқылы көгереді.
Қолданыс аясы кеңейеді. Белгілі бір салада басымдық танытып, жетекшілікке ие
болмай, тілдік өркендеуге жету қиын.
Мысалы, ХІХ ғасырдың соңында халықаралық сауда-саттық артып, жүк тасы-
малдау саласының дамуына орай іргелі отаршыл державалар – Англия, Франция,
Голландия, Германия және Италия секілді елдер суырылып алға шықты. Осыған
орай шаруашылық-құқықтық, нарықтық қатынастарды, теңізде кемемен жүру
қауіпсіздігін реттеу үшін халықаралық одақтар мен әртүрлі қауымдастықтар,
инс титуттар пайда болды. Теңіз көлігінде қарым-қатынас жасау мен ақпарат ал-
масу үшін ортақ тіл ретінде ағылшын тілі, ал темір жолда – француз тілі таңдап
алынды. Ағылшын тіліне артықшылық берілуінің мәні теңіздегі құқықтық қарым-
қатынастарды реттеу ағылшын құқығына негізделген еді. Ал француз тілінде
халықаралық теміржолмен жүк және жолаушылар тасымалдау конвенциялары
жасалды. Осы арқылы әлемде көлік тасымалы саласындағы терминологиялық
жүйеде ағылшын және француз тілдері үстемдікке ие болды.
Соңғы кезде компьютердің пайда болуына орай қаншама құбылыстар ашыл-
ды. Саланың әрбір жаңа құбылыстарын атау үшін көптеген термин қажеттігі
туды. Соны терминологтер жиылып алып, қалай атаймыз деп отырған жоқ.
Компьютерші мамандар процесс барысында пайда болған әрбір жаңа құбылысқа
өздері атау беруде. Компьютер Америкада ойлап табылғандықтан, ақпараттық
технология атауларының бәрі ағылшын тілінде болатыны заңды.
Сол секілді түркі халықтары немесе қазақ халқы белгілі бір саланы дамытып
алып кетсе, сол сала терминдері түгелдей қазақша жасалып, әлемге солай та-
ралар еді. Жоғарыда айтылған екінші мақсаттан туындайтын міндеттер осыған
тікелей байланысты. Біз халықаралық өредегі осындай бас қосулар аталған
мақсаттар үдесінен шығуға сеп болса игі деп тілейміз.
14
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Әйгерім Смағұлова
Орталық Азия университеті профессоры,
филология ғылымдарының кандидаты
Кірме терминдер ана тіліне нұқсан келтірмеуі тиіс
Қазіргі уақытта мемлекеттер арасындағы экономикалық, әлеуметтік-саяси,
мәдени қарым-қатынастардың арқасында тіл білімінде терминдерді терең зерт-
теу қолға алынды. Әсіресе, мұнай мен газға байланысты лексиканы зерттеуге
ерекше қызығушылық туып отыр.
Қазіргі тіл біліміндегі «халықаралық» терминдер туралы пікірлерді айта кетсек,
қазақ тіліне орыс тілі арқылы Еуропа тілінен енген терминдерді «халықаралық»
терминдер деп атап жүргені белгілі. Бұл мәселе туралы ғалымдардың көзқа-
рас тары әр алуан. Олардың бір тобы халықаралық терминдерді аударуға бол -
майды, бұл өркениеттен бас тарту деген пікір айтады. Бұл жөнінде ғалым
Ш. Құрманбайұлының тұжырымдауынша «Қазіргі терминологиядағы шешімін
таппай жүрген мәселенің бірі – халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт
тіліне аудару, жазу немесе бір сөзбен айтқанда, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі»
[1.11]. Ал, Б.Момынова: «Өзге бір тілдің бір жүйесін білмеген адам өз ана
тіліндегі бөгде, кірме сөздерді түстеп, тани алмайды. Ол сөздерді шет тілден ен-
ген десе, тіктеп қарсылық білдіру де мүмкін. Ол кейбір өзге тілдік элементтердің
басқа тілге әбден сіңісіп, кірігіп кеткендігінен болмақ» деген пікірі негізсіз
емес сияқты [2.91]. Д.С.Лотте: «Кірме терминдерді дайын күйінде қабылдау,
әрине, басқа тәсілдермен салыстырғанда жеңіл екені белгілі. Осы «жеңілдік»
орыс тіліндегі ғылыми техникалық терминологияға негізсіз көптеген кірме
терминдерді енгізуге әкеліп тіреді» [3.8] – деп атап көрсетеді. Қазақ тілі терми-
нологиясы жөнінде де осыны айтуға болады. Термин қабылдаудың осындай оңай
жолы кеңінен қолданылғандықтан, қазақ терминологиясының қазіргі жағдайы
оған деген көзқарас пен принциптерді қажет етеді. Бұл, әсіресе, салалық тер-
миндер, оның ішінде нысан етіп отырған мұнай терминдерінен де анық сезіледі.
Қазақ тіліндегі мұнай терминдерінің қолданысында кейде жарыспалы түр де
айтылып, жазылып жүретін жалпы қолданыстағы және кірме сөздердің сино-
нимдері екі түрлі жағдайдан көрінеді.
Орыс тіліндегі терминдерді аударудан туындайтын синонимдік қатарлар. Мы-
салы: Месторождение – қайнар көз, кеніш орны, кен бұлағы. Изыскание – іздеу,
табу.
Месторождения терминіне сәйкес бұлақ, қайнар көз, кен орны сияқты
синонимдік қатардағы сөздер айтыла береді. Бұдан қазақ тілінің байырғы лекси-
касының пәрменділігі аңғарылады. Мұндай сөздерді балама ретінде батыл
қолдану – терминдік атауларды байыту жолдарының бірі.
Кірме және қазақ тілі терминдерінің қабаттасып келуінен туындайтын си-
Терминжасам жән
е терминалмасым
15
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
нонимде: анализ – талдау, бензин – жанармай, метод – әдіс. Осы терминдердің
соңғы сыңарларын мұнай өндірісінде қалыптастыруға назар аудару керек. Ол
кезде сөздер фонетикалық өзгерістерге ұшырап, үндестік заңына бағына ене-
тіндігі байқалады. Мысалы: зауыт, пойыз, резинке, тауар. Бұл 20-жылдардағы
қалыптасқан тілдік құбылыс. Осы аталмыш принцип негізінде сіңісіп, жалпы
халықтық сипат алған терминдер, жаңа сөздер зат пен құбылыс атауы ретінде ті-
лімізде көрініс табады. Ол зат пен құбылыстан бұрын не кейін қалыптаспайды.
Жаңа ұғым мен пайда болған атауды дәл түсіну үшін зат пен құбылыстың белгісін
айқын анықтап алуымыз қажет.
Мәселен, скважина сөзі бертінге дейін өзгеріссіз қолданылса, енді сөздіктер
мен оқулықтарда ұңғы сөзімен ауысты. Мұнай саласында байырғы сөздер ма-
ғына сының тарылуы байқалмайды, керісінше өзге тілден енген сөздердің аясы-
ның тарылуын кездестіруге болады.
Көтергіш – лифт;
Көлік – транспорт.
Кезекшілік – вахта секілді жаңа сөздер орыс тілінен енген сөздерді немесе
орыс тілі арқылы енген шет сөздерді ысырып шығарады.
Мұнай саласының лексикасында шет тілінен енген техникалық термин-
дер ерекше тоқталып кетуді қажет етеді. Шет тілінің сөздеріне мүмкіндігінше
ана тілімізден және туыстас түркітілдерінен балама тауып, ондай мүмкіндік
болмаған жағдайда оларды тіліміздің ішкі заңдылығына бағындыра қабылдасақ
терминдеріміз дұрыс қалыптасқан болар еді. Ал «халықаралық» терминдердің
бәрін өзгертпей қабылдау, ана тіліміздің мүмкіндігін шектеу деген сөз. Акаде-
мик Ә. Қайдаров «тілдердің арасында ортақ интернационализм болмаса неме-
се аз болса, ғылым дамымайды, ғылыми қарым-қатынас үзіледі деп байбалам
салудың бәрі бекер. Жер жүзінде термин ұғымдарының бәрін шет тілі сөздері
арқылы емес, өз тілінің негізінде меңгеріп, ғылым мен техниканы дамытып
отырған қытай, жапон, т.б. халықтарды біз білеміз» [4.22] – дейді.
Кірме күрделі терминдерді құрылымына қарай екі топқа жіктеп қарастырамыз.
Мұнай кірме терминдері біршама белгілі сөз тіркестерінен жасалған. Тіркесті
терминдерді компоненттерінің қай тілден енгеніне байланысты төмендегідей екі
топқа бөліп қарастырдық.
Екі компонентті кірме терминдерден тұратын анықтауыштық қатынастағы
тіркесті терминдер. Мысал: металл изолятор, дроссельдік эффект, ребортты
шкиф, механикалық қаратаж, магнит каратаж.
Бір компонентті төл сөзден, екінші кірме сөзден тұратын тіркесті термин-
дер: бензин буы, газ қондырғылары цемент ерітіндісі, герметикалық құрылғы,
бұрғылау мастері, нақтылы диаметр, бұрғы станогы, құбыр муфтасы, бұрғылау
технологиясы т.б. Енді осы терминдердің тағы бір ерекшелігі көп жағдайда
екінші компонентіне тәуелдік жалғауының үшінші жағына келетін терминдер:
Терминжасам жән
е терминалмасым
Достарыңызбен бөлісу: |