Терминологиялық хабаршы №1 (51) 2016



жүктеу 0,91 Mb.
Pdf просмотр
бет4/32
Дата25.05.2018
өлшемі0,91 Mb.
#17605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

9

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

Өмірзақ Айтбайұлы,

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті

академик

Ортақ түркі терминологиясын қалыптастыру – бүгінгі 

күн талабы

ХХІ ғасыр тек қазақ халқының ғана емес, тұтас түркі тектес жұрттардың ал-

дына мол мүмкіндіктер ашуымен бірге, шешімін табуды көздейтін зор міндеттер 

де  қоюымен  ерекшеленуде.  Рухани  құбылнаманы  анықтауда,  ғылымның  сан 

алуан  саласында  зерттеулер  жасап,  ізденістер  жүргізуде  осы  кезге  дейін  бір 

жақты еуропа менмендік («ұлы орыстық») ойарна аясында қалыптасып қалған 

әдіс-тәсілдер мен негіз-тіректерге, көзқарастық бағдарларға ғана сүйеніп елеулі 

табыстарға  жете  алмайтынымыз  әрі  көне  сүрлеуді  шиырлаудан  аса  алмай, 

көшірінді еліктеушілік шеңберден шыға алмайтынымыз анық болып тұр. Оның 

үстіне Кеңес Одағы аясында өмір сүрген түркі халықтарының ойлау жүйесіне 

ғасырға жуық уақыт бойы үстемдік еткен «формасы – социалистік, мазмұны – 

ұлттық» әдіс-тәсілдің де тигізген әсер-ықпалы аз емес.

Дербес  даму  арнасына  түскенімізге  біршама  уақыт  өткеніне  қарамастан, 

одақтық ойарна құрсауынан құрық үзіп шығудың өзі оңайға түспей тұрғанын 

жасырмауға тиіспіз. Әдетте, белгілі бір жағдай аясында туындаған мәселені сол 

кезеңде қалыптасқан ойлау жүйесі арқылы шешу мүмкін де емес. Мұны қай-

қай салаға қатысты болсын, дәлел-дәйекті молынан келтіре отырып айтуымызға 

әбден болады.

Еліміздің  ғылыми-зерттеушілік  өрісінде  қазақ  тілінде  өзіндік  бағыт-бағ да-

ры, соны пайымдау жүйелері бар дербес ғылым жасаудан гөрі орыс оқы мысты-

ларының зерттеулеріндегі жетекші ойлар мен ғылыми әдістемелерге, солар ар-

қылы жеткен еуропалық ғалымдардың ғылыми тұжырымдарын, ой байламдары 

мен қалып-нысандарын негіз ете отырып, ұлт өмірінен мысалдар енгізу арқылы 

ғылыми ізденістер жасаудың ишаралық түріне ден қоюшылықтың етек алғаны 

да рас. Қысқаша қайырғанда, бұл құбылысты ғылыми зерттеушілік деуден гөрі 

«ғылымды түсіндірушілік» деп атасақ, ауа жайыла қоймаспыз.

Әлбетте, елімізде осы кезге дейін жүргізілген ғылыми ізденістердің барлығын 

біржақты теріс бағалауға болмайды және оған қақымыз да жоқ. Ғылымның бел-

гілі бір салаларында елеулі жетістіктерге қол жеткізгеніміз де рас. Бірқатар гу-

ма нитарлық  салалар  болмаса,  жаратылыстану  саласы  бойынша  ғылыми  зерт-

теулердің  толықтай  орыс  тілінде  жүргізілгені  және  бұл  үрдістің  қазіргі  күннің 

өзін де оңалып кете қоймағаны мәлім. Сондықтан, ащы да болса ауық-ауық ақи-

қатқа  жүгініп,  одан  ауытқымауға  ұмтылып  отырудың  ісімізге  келтірер  пайдасы 

болмаса, тигізер зияны жоқ.



Терминжасам жән

е терминалмасым


10

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

Жалпыға белгілі жалқы жайттарды тәптіштеп жатуымыздың сыры өмір бойы 

«үйренушілік» позициясын ұстанудың ұшпаққа шығармайтындығын көрсетуден 

туындап  жатыр.  Жоғарыда  келтірілген  жайттарды  ғылымға  тірек  болар  –  төл 

терминдер  жүйесін  қалыптастыруға  да  тікелей  қатысы  бар.  Ғылым  –  жалпы 

адамзатқа ортақ игілік болғанымен, оны әрбір ұлт өз тілінде игеріп, таңбалап, әрі 

қарай өрістетуге қақысы бар екендігі де талас туғызбайтын ақиқат. Бұл маңызды 

мәселе түркі халықтарына да жат емес. Кеңес Одағы ыдырап, түркі мемлекеттері 

жеке-жеке  шаңырақ  көтеруіне  орай  терминологиялық  жұмыстарға  қатысты  да 

елеулі  өзгерістер  орын  алды.  Бұрын  қалыптасқан  терминжасам  қағидаттары 

да  қайта  қаралып,  жаңа  қағидаттар  белгіленді.  Тілдің  табиғи  заңдылықтары 

ескерілді. Осыған байланысты халықаралық аяда қолданылып жүрген сан-сала лы 

терминдердің ұлттық тілдердегі баламалары пайда болды, жаңа терминдер жасал-

ды, үздіксіз ізденістер қарқын алды. Осы ретте артық-кем тұстар да бой көрсетті. 

Біздіңше, ендігі кезекте мынадай келелі жайттарға назар аудару қажет секілді.

Біріншіден, қоғамдық-саяси өмір мен ғылымның сан-саласында халықаралық 

аяда  кеңінен  қолданылып  жүрген  және  жаңадан  пайда  болған  терминдерді  ана 

тілімізде баламалау кезінде түркі халықтары бөлек-бөлек бағыт ұстанбай, ұлттық 

терминологиялық жүйелерін ортақтастыру жайын қолға алғандары жөн.

Екіншіден, ғылымның жаңа салаларын бірлесе өрістетіп, әлемге тың ғылыми 

бағыттар  ұсынуды  ойластырмай,  іргелі  елдердің  қатарына  кіре  алмайтын дығы-

мызды ұғынғанымыз абзал.

Міне, осы екі бағыттағы жұмыстарды ынтымақтаса, үйлестіре отыра жүргіз-

сек, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге жол ашылар еді. Сонымен қатар, бұл 

жұ мыс тарды болашақ Тұтас Түркістан идеясының іске асуына қаланар іргетас, 

маңызды қадам ретінде қарауға да мүмкіндік бар. Ақыл, күш біріктіруден ұт па сақ, 

ұтылмайтынымыз айдан анық. Әлбетте, мұны іске асырудың түрлі қиын дықтары 

бар  екендігі  сөзсіз.  Қаржылық,  интеллектуалдық  ресурстарды  топтастыруды 

айтпағанның  өзінде,  саяси  шешім  қабылдау,  ұлттық  өзімшілдікке  бой  алдыру 

секілді тосқауылдардың да кесе-көлденең тұрмайтынына кепілдік бере алмаймыз. 

Сондай-ақ, мұндай бірлестікке мүдделі емес тараптар жағынан туындайтын түрлі 

қысымдардың да бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Алайда түркі халықтарының 

қай-қайсысы болсын, дүние дидарында дамыған мемлекет ретінде өмір сүруі үшін 

осынау арманды іске асырмай болмайды. Бұл мәселеге біз қайта-қайта айналып 

соға беретін боламыз.

Егер түрік халықтары ортақ бірлестікке қол жеткізіп, үлкен одаққа айналма-

са, түптің түбінде шағын елдер ретінде ірі мемлекеттерге жем болуы ғажап емес. 

Сондықтан  да  біз  биік  мақсаттарға  ұмтыла  отырып,  шағын  болса  да  үздіксіз 

қадамдар жасай бергеніміз абзал. Бұл қадам мәдени өріс, тілдік тұтастық саласын-

дағы рухани қарым-қатынастардан бастау алғаны тиімді.

Бүкіл  түркі  жұртының  болашағы,  мәдениетінің  сақталып,  өсіп-өркендеуі  – 

Терминжасам жән

е терминалмасым



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау