Меркель жасушалары. Терінің сезімтал жерлерінде кездеседі. Жасушалардың базальді - полюсіне афферентті нерв талшықтары келіп, жалпы эпидермисті сезімталдық - механорецепторлы қасиетке ие етеді. Меркель жасушаларының цитоплазмасында тығыз түйіршіктері болады. Бұл түйіршіктерінің құрамында бомбензин, ВИП, энкефалин және гормонға ұқсас заттар болғандықтан Меркель жасушасы эндокриндік қасиетке ие.
Лангерганс жасушалары. Эпидермистегі макрофагтар, иммунды қорғаныс қызметін атқарады. Пішіні өсінділі, тармақталған, өсінділері эпидермистің негізгі каркасын түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |