Кератиноциттер. Пішіні призма тәрізді,цитоплазмасы базофильді боялған, құрамында жасуша органелларынан кератинді тонофиламенттері мен меланин пигменті болатын жасуша. Базальді қабаттың құрамында бағаналы жасуша дифферонына жатады,тез бөлінуге қабілеті бар және де митоздық жолмен бөлінеді. Осыған орай эпидермистің бұл қабаты регенерациялық қызмет атқаратын физиологиялық жаңару қабаты болып саналады.
Меланоциттер. Шығу тегі невральді, денесінен тармақталған көптеген өсінділер шығатын, цитоплазмасында тонофибриллары болмайтын,бірақ өте көп рибосомалар мен меланосомалар бар пигментоциттер. Меланасомалар-пішіні сопақша келген, Гольджи комплексінен пайда болған, құрамында тығыз пигментті түйіршіктері бар, фибрилярлы құрылым. Меланосомаларға – тирозиназа, ДОФА- оксидаза ферменттері байланысып, терідегі пигмент меланинді түзуге қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |