Оқыту әдістерінің жалпылама түрлері
№
|
Оқыту әдістерінің түрі
|
Жалпылай сипатамасы
|
1
|
Тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістер
|
ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П. Ягодовский жетілдірген
|
2
|
Сөздік, тәжірибелік, көрнекілік
|
20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант ұсынған
|
3
|
Білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс- әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру
|
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістер
|
4
|
Репродуктивтік (бала «дайын» білімдерді есіне сақтап, кейін қатесіз айтып беру)
|
И.Я.Лернер, М.К. Скаткин оқыту әдістерін танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған.
|
5
|
Эвристикалық әдіс (зерттеу әдістері)
|
Сабақта әрдайым қолдану мүмкін емес.
|
6
|
Ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау
|
Ю.К.Бабанский оқу- танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады.
|
7
|
Ақпарат беру әдісі, түсіндіру әдісі, ынталандыру, тәжірибелік
|
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген.
|
Қолданатын әдістер түрі
Білім алу көзіне қарай
Сөздік Көрнекілік Тәжірибелік
Әңгіме Иллюстрация Жаттығу
Түсіндіру Демонстрация
Әңгімелесу
Инновациялық технологиялар және әдістер
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу» деп аталады. Инноватика ұғымының мәні латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |