Тәрбиешінің Әдістемелік қоржыны



жүктеу 2,42 Mb.
Pdf просмотр
бет25/34
Дата09.01.2020
өлшемі2,42 Mb.
#26084
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34

69 

 

айтасын.  Өзің  емес  пе,  «мен  күшті-і  тебем,  мен  күшті  тебем»  деп  мақтанып,  рульге 



отырған. Неге маған бале жабасың? 

Бастаушы:  Жарайды,  дауласпаңдар.  Кел,  автобусқа  отыра  қойыңдар.  Жолда  сендерді 

Айболитке апарамыз. Балалар байқадыңдар ма, мына жерде қандай белгі тұр?                                                                   

Балалар: «Велосипед тебуге болмайды!»-деген белгі. 

Бастаушы: Мына қасқырға не болған,  бұл  неге жылап келе жатыр? Ау, Қасеке, саған не 

болған, бетің көгеріп, аяқ-қолың жара болыпты. Біреу ренжітті ме? 

Қасқыр: Жоқ, мені кім ренжітуші еді. Бір машина үстіне қой мен ешкі      тиеп кетіп бара 

жатыр  екен.  Соның  біреуін  алып  қалайыншы  деп,  машинаның  артына  жабысып  едім, 

құлап түсіп, аяқ-қолымды жаралап алдым. 

Бастаушы:  Балалар,  жүріп  бара  жатқан  машинаға  жабысу  дұрыс  па?  Жарайды,  Қасеке, 

автобусқа кіріп, ана түлкі мен қояның жанына отыр, Айболитке барасың. 

-  Балалар сендер Айболиттің кім екенін білесіңдер ғой? 

Айдана: Айболит атамыз, бәрін де емдейді.  

              Ауырса адамды, аңды да емдейді.  

              Қадірлі, мейрімді, Айболит атамыз.  

              Айтыңдар, қанекей, оған кім келмейді. 

Бастаушы: Балалар, Айболит атаны қалай табуға болады? 

Айболит: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап отыр? 

Қасқыр: Айтайын мен сізге шынымды жасырмай,  

               Жармасып малы бар машина артына  

               Домалап түстім де,  

               Шыңғырдым құлындай. 

Айболит: Бір сәтке тойып жер мал үшін  

                 Тәртіпті бұзыпсың.  

                 Қарынның қамы үшін міне, енді  

                 Еңіреп тұрғаның ұят-ай,  

                 Аяқты сындырып, басынды жарыпсың. 

Аңдар:- Айболит ата, енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз. 

           - Машинаға жабыспайтын боламын. 

           - Рахмет, Айболит ата. 

Дастан: Апай, ана жерде кафе бар екен, міне, белгі тұр. 

Бастаушы:  Балалар,  онда  кафеде  тамақ  ішу  үшін  бірнеше  жұмбақты  тамақтар  туралы 

жасырайын: 

             Үсті тас,асты тас, 

             Ортасында піскен ас. (нан) 

                    Алыстан қарасам аппақ 

                    Татып қарасам тәтті-ақ      (қант) 

       Айдалада ақ отау, 

       Аузы,мұрны жоқ отау,  

       Отыз күнде сол отау, 

       Айдалада жоқ отау.  (жұмыртқа) 

                   Сылдыр сүйық,су емес, 

                   Ішсең сусын қанады, 

                   Ақ болса да қар емес, 

                   Шешуін кім табады? (сүт) 

Бастаушы: Балалар, енді бақшаға ораламыз. Қане автобусқа отырайық. 

         Ән:       «Бағдаршам»  

       («Байқа! Балалар!» белгісі көрінеді). Мынау қандай белгі, балалар? 

Балалар: Бұл «байқа, бұл жермен балалар жүреді» деген белгі. 

Бастаушы: міне, біздер бақшаға да келіп қалдық. Саяхат ұнады ма сендерге? Бүкіл саяхат 

барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық. 



70 

 

            Шуақты өміріміз күндей куліп,  



            Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт, 

            Арманға сапар тарту мүмкін емес, 

            Жол жүру ережесін білмей тұрып. 

 

Ахметова Сандуғаш Боранбаевна 

Малайсары ЖОББМ жанындағы  

шағын орталық 

Малайсары ауылы 

 

Тақырыбы: От - тілсіз жау! 



     Қатысушылар:     2 бала, 1 бала – сіріңке рөлінде, 1 бала от рөлінде. 

Мақсаты:  оқушыларға  өрт  қауіпсіздігі  ережесін  жетік  білудің  маңызын  ұғындыру.  Өрт 

қауіпсіздігі  ережесін  қатаң  сақтау  арқасында  түрлі  жазатайым  апаттың  алдын  алуға 

болатыны туралы түсінік беру. 

     Ұқыптылыққа, зеріктікке және адамгершілікке тәрбиелеу. 



Керекті  заттар:  Сіріңке  қорапшасы,  жалын  суреті  салынған  от  бейнесі,  өрт  сөндіруші 

машинасының макеті, нөл және бір саны жазылған бас киім, от бейнеленген бас киім. 



Тәрбиеші: 

Өткен  аптада,  саябакта  келе  жатып,  мен  бір  сұмдық  жағдай  болғанын  көрдім.  Кәдімгі 

сіріңке, бірақ өте зұлым от жағып, балаларды алдады. 

Тәрбиеші: 

     Саябақта балалар серуендеп жүріп, 

     Сіріңкені жолықтырды. 

     Ол балалардан онымен достасуын сұрады. 



Сіріңке: Үйім жоқ, тұратын жерім жоқ! (Балалар сіріңкені қолынан ұстап алды) 

Сіріңке: Ой, зеріккеннен жынданатын болдым! Менің қалай жынданатынымды көргілерің 

келе ме? (Балалар кідіріп қалды. Бірақ олар таң қалды) 



1-бала: Жағуға болады ма? 

2-бала: Жамандықтан құтыла алмайсың? 

Сіріңке: 

     Сендер не, сендер не! Бәрі орнында! 

     Мен тек жарық болып жарқыраймын! 

     Ештеңе жоқ, маған сеніңдерші! 

     Маған жарық жағыңдар! 

Тәрбиеші: Балалар – чирк! Міне, мұнда жалын, жамандыққа шалынды. 

     Маңайдың бәріне жайылды, содан соң айналаның бәріне! Құдай-ау! 



Тәрбиеші: 1-бала айқайлап жіберді. 

1-бала:  Қайтеміз,  біз  не  істеуіміз  керек?  Жалын  қазір  бәріне  жайылады!  Үйге  қарай 

қашайық! 



2-бала: Жоқ, біздің қашуымызға болмайды, қаланы қорғауымыз керек! Біз не істедік?  

Тәрбиеші:  От  лаулап  жанып  барады.  Сіріңке  болса  билеп  жүр!  Бірақ,  балалар 

саябағындағы, балаларға арналған үйшік жанып кетті! 



Тәрбиеші:  От  қызыл-жасыл-көк,  былай  қарағанда  өте  әдемі!  Бірақ  одан  ыстық  тарайды, 

бар болғаны 5 минут жанды. 



Тәрбиеші:  1-бала  жылап  жүр,  2-бала  болса  үрлеп  жүр.  Ал  от  болса  маздап  жанды.  Ол 

ауаны жақсы көреді. Ол өмір бойы жанып тұруға дайын. 



От:  Мен  аяусызбын  және  қатігезбін,  мені  жеңе  алмайсыңдар.  Балалар,  сендер,  зеріккен 

жоқсыңдар ма? Мен сендерге өрт шығарып берейін! 



     1-бала:Міне, түтін мен жалын қаптады. Не істеу керек? Біз білмейміз? 

Тәрбиеші: Қорқынышты?! Оларға кім көмектеседі? 

     Әрине, бұл – 101 қызмет көрсету! 




жүктеу 2,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау