Тәрбиешінің Әдістемелік қоржыны



жүктеу 2,42 Mb.
Pdf просмотр
бет13/34
Дата09.01.2020
өлшемі2,42 Mb.
#26084
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34

38 

 

Құлақтан кіріп бойды алар, 



Әсем ән мен тәтті күй. 

Көңілге түрлі ой салар, 

Әнді  сүйсең,  менше  сүй!  –  деп,  Абай  атамыз  айтқандай,  ортаға  Мауленова  Әсемгүлді  

“Бізбақытты балалар”  әнімен қарсы алыныз. 



Жүргізуші: 

Бүгін  біздер  “Айгөлек”  ән-би  байқауынан  ақтық  сайысқа  шыққан  оқушыларымыздың 

өнерлерін тамашалаймыз. 

Қара жорға болмаса, 

Бидің сәні келер ме? 

Қос етек көйлек кимесе, 

Қыздың сәні келер ме? 

Ал, қане-ки, жолдастар! 

Біреуің  шық  тойбастар!  –  деп,  ортаға  “Қаражорға”  биімен  Белгибаев  Рамазанды 

шақырамыз, қабыл алыңыздар! 

Рахмет. Рамазанға ду қолшапалақтап қоялық. 

Жүргізуші: 

Талшыбықтай бұралған, 

Қазағымның қыздары-ай! 

Сүйсіндірген биімен, 

Өнерлі ғой, қыздар-ай! 

Келесі  кезекті  биге  береміз.  Ортаға  шоқ  қыздарымызды  шақырамыз.  Тәуелсізелімізге  не 

тілейсіздер? Би  “Шоққыздар”. 

Рахмет. 


Жүргізуші: 

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп. 

Алақай-ай, алақай! 

Ән шырқайық, балақай! 

Қызарғанша алақан, 

Қол соғалық, балақан! 

Қошеметпен Манатова Айжанды шақырамыз. Қарсы алыңыздар! 

Жүргізуші: 

Туған жерім, теңдесі жоқ мекенім! 

Қазір де мен қадіріңе жетемін. 

Қуанамын әр гүлденген гүліңе, 

Сен тұрғанда керек емес өзге елдің. 

“Туған жер” атты әнімен Айтпаева Аделияны қарсы алыңыздар. 

Ду қолшапалақтап қояйық. 

Рахмет, Аделия. 



Жүргізуші: 

Айгөлек-ау, айгөлек! 

Айдың жүзі дөңгеолек. 

Айдай толған кезімде, 

Би билеймін дөңгелеп. 

“Шейк-шейк” биімен Әлменова Алиманы шақырайық. 




39 

 

Жүргізуші: 

Анашым менің, анашым. 

Бойыңда сенің бар ма мін? 

Балалық парыз өтеліп, 

Бақытты қылу арманым! – деп Амангелді Назира барлық аналарға “Мама” әнін арнайды. 

Қарсы алыңыздар! 

Жүргізуші: 

Биле, жастық, биле, биле, биле сен. 

Көрермендер көңіл-күйін көтер сен. 

21 жылдық тойын тойлап баршамыз, 

Дүр сілкіндір сахнамыздың төрін сен, 

Келесі  кезекті  биге  береміз.  Мауленова  Әсемгүл  мен  Манатова  Айжанды  “Ақ  жайнақ”  

биімен ортаға шақырайық. 

Жүргізуші: 

Бүгінгі күн қандай керемет! Барлығымыздың көңілдеріміз көтеріліп, қуанышқа кенелдік. 

Әр  қашан  жүздеріңіз  жарқын  болсын!  Еліміз  аман,  жұртымыз  тыныш  болсын.  Тәуелсіз 

еліміз  гүлдене,  көркейе  берсін.  Ел  Тәуелсіздігінің  21  жылдығына  арналған  концерттік 

бағдарламамыз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар! 

 

МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ 

 

Тәрбиеші:  Эрика  Сергеевна  Гросс,  Карлығаш  Кабиденовна  Утеубаева,  Көктөбе  ауылы, 

«Ақбота» балабақшасы 



Тақырыбы: Жаңа жыл  

Мақсаты:  Балаларға  жыл  басы  туралы  түсінік  беру.  Балалардың    тілдік  қорын  байыту. 

Мерекеде  өзін  еркін  ұстай  білуге  тәрбиелеуге,  ұжыммен  бірге  болуға  дағдыландыру. 

Еңбексүйгіштікке, әсемділікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.     

Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру.  

Тәрбиелік:  Балаларды  табиғатты  сүюге,  аялауға,  еңбек  етуге  үйрету,  тәрбие  беру.  Жаңа 

жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту.  



Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.  

Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян.  

 Жүргізуші: Армысындар, ағайын!  

                     Бармысыздар,ағайын!  

Сіздерді жаңа 2013 жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт 

әкелсін!  

                            Ақ көңілмен айналды аппақ қарға,  

                            Көңілдене  қосыл сен ән мен жырға.  

                            Қыс қызығы басылмай ұласады.   

Сол  кезде  «Бауырсақ»  жүгіріп  кіріп,  шыршаны  айнала  қашады.  Артынан  түлкі  қуа 

жөнеледі.  

Бауырсақ: Тимеші мені, 

                   Жемеші мені.  

                   Жаңа жылды тойлауға барамын.  

                   Асыр салып, би билеп,  

                   Қошаметке мен қаламын.  

Түлкі: Жоқ, жоқ. Мен сені жеп қоямын, бауырсақ.  

Жүргізуші: Қой, түлкі, тиме бауырсаққа. Оданда бізбен бірге шырша мерекесін тойлауға 

қал да, қызықты тамашала.  




40 

 

Түлкі: Ендеше мен орманға кетемін (шығып кетеді). 



Артынан  жүгіріп  қоян  кіреді,  шыршаны  айнала  «Құтқарыңдар,  құтқарыңдар!»  деп 

жүгіреді.  

Жүргізуші: Қоян-ау, саған не болды?  

Қоян: Қасқыр қуып келді. Біз Аяз атаны қарсы алуға шығып едік. Жолда түлкі мен қасқыр 

бізді қуды. Әне қасқыр келді. Құтқарыңдар! (қасқыр кіре қоянға ұмтылады, жүргізуші оны 

тығады).  

Жүргізуші:  Батырым-ау,  бұл  қай  басынғаның!  Тоқтат  енді.  Көк  жалды,  айбарлы, 

қулағаның  «қасқыр»  деген  даңқына  сай  емес  қой.  Ал  айт  жөніңді  мына  қоян  саған  неге 

қажет болды?  

Қасқыр: Түлкі ғой, ұста деген.  

Жүргізуші: Неге? Өзі қайда?   

Қасқыр: Өзі Аяз атаны балабақшаға келтірмей адастыруға кетті. Ал мен қояндарды жегім 

кеп, осы жерге жеттім.  

Жүргізуші:  О,  қу  түлкі,  жүрген  жері  айқай  шу,  түлкі!  Бауырсақ  бір  қуып,  қояндарды 

үркітіп, бір шатақты ұйымдастырмаса жүре алмайды-ау. Қасқыр сен қазір балаларға қонақ 

болып  осында  қаласың.  Ал  қоян  мына  жедел  хатты  ормандағы  Аяз  атаға  жеткізсін. 

(Қояндар хатты алып шығып кетеді).  

Би: «Балапандар». 

 Жүргізуші: Балалар, Аяз ата жоқ қой әлі. Мүмкін бір дауыспен Аяз атаны шақырамыз?  

Аяз Ата, Аяз Ата!  



Есік ашылып Ақшақарын ертіп аяз ата кіреді.  

Сәлеметсіндерме  балалар!  Жаңа  жылдарың  құтты  болсын!  Алыс  жолдан  келіп 



қалдым, Ақшақарымды ертіп алып, қандай өнерлерін бар екенін тамашалауға. Кімнің 

өлен тақпағы бар, мен соны тамашалауға келдім.  

Жүргізуші: Әсем ән де, би де бар.  

                    Отыр, Ата, сәл демал!  

Ақшақар: Көрікті шыршамыз,  

                  Шамдары самсаған.  

                  Көңілді ұлпамыз.  

                  Көп билеп бұралған.  

Жүргізуші: Аяз ата, біздің балаларымыздың әнін қабыл ал.  

Ән: «Тауда туып».  

Жүргізуші:  Аяз  ата  әнмен  қатар  біздің  балалардын  жаңа  жылға,  сізге,  Ақшақарға  арнап 

дайындаған тапақтар бар соларды қабыл алыңыздар.  

Даниял: Безендіріп шыршаны,  

               Жыл қуантты баршаны. 

               Кімнің әні, күйі бар? 

               Кімнің әсем биі бар? 

               Кімде жақсы тақпақ бар? 

               Жаңа жылды мақтап қал! 

               Той-маскарад басталды,  

Жанэлия: Қыс келді, қыс келді,   

                 Ақтарып ақ қарды. 

                 Аралап қайтайық,  

                Ақ күміс қарларды.  

Жүргізуші:  Өте  жақсы  балалар.  Аяз  ата  осы  неге  біздің  шыршамыздың  шамдары  неге 

жанбайды? Барлығымыз бірге аязатаға көмектесейікші.  

Қуант бізді, таңырқат,  

Шамдарыңды жарқырат!   

Жүргізуші: Біздің балалардың тапақтарын тамашалаңыз.  

Балерке: О, алақай, Аяз ата!  



жүктеу 2,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау