Тәрбиенің маңызы



жүктеу 60,5 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі60,5 Kb.
#24191

Тәрбиенің маңызы

Алматы облысының баллардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандары» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қорғаншы, қамқоршы органдары қызметкерлері қатысқан жиынды Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау депаратаментінің директоры Г.Ермекбаева ашып, басқосудың мақсаты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру, яғни патронаттық тәрбие бағытын дамыту екендігін айтып өтті. Өйткені, баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуы үшін отбасында тәрбиеленуі, ата-ананың аялы алақанын, шынайы қамқорлығын сезініп өсуі қажет. Осыған орай отбасылық үлгідегі балалар үйлерін көбейтіп, жеткіншектерді арнайы жанұяларға патронаттық тәрбиеге берудің маңызы зор. Өйткені интернаттық мекемеде балалар білім, тәрбие алғанымен, болашақ өмірге, отбасылық жағдайға бейімделіп өспейді. Осы мақсаттағы «дөңгелек үстел» отырысында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы А.Смағұлова бүгінгі таңда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің төрт нысаны бар, ол – баланы асырап алу, туыстарына қамқорлыққа беру, интернаттық мекемеге орналастыру және патронаттық тәрбие екендігін атап өтті.

Басқосуға арнайы келген білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру республикалық институтының бөлім бастығы А.Құсайынова да балаларды отбасына орналастыру үшін көпшілікпен жұмыс жасап, арнайы үнпарақтар таратып, оларды осы мәселеге назар аударту үшін балалар үйінде есік ашық күндерін өткізудің маңыздылығына тоқталды.

Қарасай ауданынан келген А.Аджибаева апай болса, 13 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Перзент» жанұялық балалар үйінің бастан өткерген қиындығымен бөлісіп:



  • Шындығын айтқанда, жеті жыл ешкімге керек болмай, жертөледе

өмір сүрдік. Қайырымды адамдардың арқасында ғана соңғы жылдары көзіміз ашылып, үйлі болдық. Қарамағымда 40 бала бар. Оларды жеткізу оңай болсын ба? Өмірдің қиыншылығын әлі сүйреп келеміз, - деді.

Бүгінде 110 бала тәрбиелеп отырған Талғар аудандық «Нұр» балалар үйінің басшысы Т.Есқожина көтеріліп отырған тақырыпқа орай төмендегідей ой бөлісті.

- Мен патронаттық тәрбие дегенге қарсымын. Өйткені онда бала 18 жасқа дейін ғана тәрбиеде болады. Кейбір жағдайда келісім-шарт нақты уақытына жетпеуі де мүмкін. Қандай жағдайда да, белгілі бір мерзім өткеннен кейін патронат баламен қош айтысады. Сонда бала екі ойлы болып, қайда барарын білмей қалады емес пе?

Ал жанұялық отбасында тәрбиеленгендер осы үйде тұрып өмірден өз жолын тапқанда ғана қанат қағады. Бүгінде 66 студент балам бар. Олардың бәрі де білім алуда. Сондықтан балалар мәселесін шешеміз десек, отбасылық үлгідегі үйлерді көбейту керек, - деген ұсынысын білдірді.

Бұдан соң осы балалар үйінің демеушісі Қ.Қойбағаров сөз сөйлеп, қолдан келсе, балаға көмек жасаудан тартынбайтындығын айтып, жеткіншек ұрпаққа алаңсыз бақытты балалық шақ тіледі.

Өз кезегінде сөз алған облыстық білім басқармасының бас маманы Г.Жұмалиева бүгінгі таңда облыс бойынша 50 бала патронаттық тәрбиеге беріліп отырғандығын, оларға ай сайын ақшалай көлемде қаражат төленіп отырғандығын жеткізді.

Маман сөзіне зер салсақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалуына қарамастан әрбір бала отбасылық тәрбиеде өсуі қажет. Оған қоғам мүмкіндік туғызуы тиіс. Бүгінгі күнде 2 мыңға жуық бала қамқоршылыққа алынса, 2007 жылы 470 бала, 2008 жылы 408 бала асырауға берілген.

- Бір бала отбасынан орын тапса, соның өзі үлкен қуаныш. Сондықтан патронаттық тәрбие немесе жанұялық балалар үйлерін дамыту арқылы болсын жеткіншектің дұрыс дамуына жағдай туғызсақ, сол біздің жұмысымыздың нәтижесі, - деді өз сөзінде Г.Жұмалиева.



«Дөңгелек үстелге» қатысушылар да ендігі мақсат – қиын жағдайда тап болған отбасыларға көмек көрсетіп, жетімдіктің алдын алу мен жанұя тәрбиесінің артықшылығын насихаттау бағытындағы жұмысты жандандыра түсу екендігін айтып, басқосуды қорытындылады.

Жеке адамның қалыптасуы мен дамуындағы тәрбиенің маңызы. (0013)

Мазмұны.
І.Бөлім.
Тәрбие жеке басты мақсатқа сәйкес қалыптастыру процесі.
1.1 Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөнінідегі теориялық көз қарастар.
1.2 Жеке адамды қалыптастыру рухани дамытуда тәрбиенің маңызы

ІІ. Бөлім.
Тәрбие-арнайы ұйымдастырылған және саналы жүргізілетін

педагогикалық қызмет.
2.1 Жеке адамның қалыптасуындағы тәрбиенің жетекші ролі.
2.2 Жеке басты қалыптастыруда жаңа тәрбие әдістерін пайдалану жолдары.
Қорытынды…………………………………………………………

Пайдаланылған әдебиете тізімі:………………………………….
Кіріспе.
Жеке адам тәрбиелеу мен қалыптастырудың тарихы ерте кезден басталған. Бұл мәселені ежелгі грек философтары біздің жыл санауымыздан бұрын қарастырса, ал қазіргі кезде белгілі педагогтар, психолог-тар, социологтар, мәдениеттанушылар және тағы басқа да көптеген мамандар мәселені зерттеп, жаңа турғыдан жан-жақты ғылыми негіздегі талдауларды жасауда.

Ежелгі философтар Платон және Аристотель адамның дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің әсерін ескермей, ол тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деген дәлелдерді алға тартса, бихевиоризм бағытының негізін салушы американ психологы әдуард Торндайк ежелгі грек ойшылдарының тужырымдарына қолдау жасайды. Атап айтқанда, тұлғаның барлық қасиеттері геналарға, яғни шыққан тегіне байланысты деп есептелген. Ал ағылшын философы социологизаторлық бағыттың негізін салушылардың алғашқыларының бірі Джон Локк адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі деген сыңаржақ қорытындыға келді.

Сонымен жоғарыда қаралған мәселенің түйінін қорыта айтар болсақ, баланың дамуына ықпал ететін факторларға: тұқым қуалаушылық; әлеуметтік орта және тәрбие жатады екен.

Қазіргі кезде орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеқе тұлғаны қалыптастыру. Яғни қазіргі кезде жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігін ғана емес, оның жеке тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр. Бұл дегеніміз тұлғаның маңызды құндылықтарының және ішкі дүниесінің негізінде дүниетанымды қабылдауының даралығымен айқындалады. Білімділікті, біліктілікті тұлғаның интелектуалдық, эмоциональдық, өнегелілік потенциалынан бөлек қарауға болмайды. Бұл жағдайға байланысты белгілі орыс педагог ғалымы Г.М.Анохина тұлғаның танымдық қабілетін дамытуға жағдай жасап, оның құндылық-эмоциональдық қабылдауына зиянын тигізе жүргізген оқыту тұлғаны қалыптастыруда технократтық ойлауымен сыңаржақтылыққа әкелетіндігін айтады. Технократтық парадигмаға тән ұран "Күш - білімде", ал оқу-тәрбие процесіндегі нәтижелер "иә-жоқ", "біледі-білмейді", "тәрбиелі-тәрбиесіз", "меңгерген-меңгермеген",- деп бағаланады. Баланың құндылығы "жақсырақ-жаманырақ", "күштірек-әлсізірек" деген принцип бойынша анықталады. Ал бұл өз кезегінде бәсекелестікті туғызады. Кемшіліктерге қарамастан, технократтық парадигма білімнің жоғары деңгейін көрсетеді.

К.Д.Ушинский балаларды зерттеп олардың жеке адам ретінде қабілеттерін және қызығушылығын білу қажеттігін талай рет атап көрсеткен болатын. Н.Х.Вессель баланы "субъект" және "объект" ретінде қарастыра келе субъект ретінде тұқым қуалаушылық үлкен мағынаға ие екендігін, ал екінші жағдайда тәрбиенің рөлі басым екендігін айтады.

Қазақстандық ғалымдар Ж.Әбиев, С.Бабаев, және А.Құдиярова "индивид"- деп адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа қасиеттеріне қатысынсыз тануға болатын және бұл тұрғыдан әрбір ақыл-есі дұрыс адам "индивид" бола алатынын айтады. Сонымен қатар бұл авторлар "жеке адам" ұғымын қолданып, оған төмендегідей анықтама береді: "Жеке адам"-адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді. "Адам"- ойлау және сөйлеу сыйына, құрал-сайман жасай және еңбек процесінде оны қолдана алатын қабілетіне ие тірі организм, ол физикалық және руха-ни, табиғи және әлеуметтік, тұқым қуалаушылық және иемденушілік бірлікті білдіреді. "Тұлға" деп қоғамдық дамудың өнімін, еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісін, қоғамдық өмірдің нақты тарихи жағдайында анықталған адамды айтуға болады.

"Адам", "индивид", "тұлға", "даралықтағы жеке бас" ұғымдарын салыстыра келіп, ғалымдар әрбір адамзат баласы өмірге жеке адам болып келеді, "тұлға" ретінде қалыптасады, ал даралықтағы жеке бас ретінде өзін сақтап қалады - деген тұжырымға келеді. Тұлғаның өмір барысында "дамуы", "қалыптасуы" ұғымдарымен қатар, соңғы кезде педагогика ғылымында "социализация" ұғымы да кеңінен қолданылып жүр. Социализация дегеніміз адам мен қоғамның өзара қатынасы, тұлғаның әлеуметтік ортаға интеграция процесі, яғни бейімделуі. Тұлғаның жан-жақты ашылуына дұрыс ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу септігін тигізуі тиіс. Бұның басты принципі баланың барлық қызығушылығын, мүмкіндігін және шығармашылық қабілетін көрсетуге жан-жақты ықпал ету. А.Маслоу шығармашылық адамның жан-жақты әрекеті, яғни өзін-өзі көрсетудің барлық түріне және адамдардың жан-жақты сипаттамасына әкеледі. Шығармашылыққа деген қабілет әрбір адамда бар және оған арнайы талант керек емес деген пікірді айтады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Жеке адамды тәрбиелеу мен қалыптастыруда тәрбие ісінің маңызын ашып көрсетіп, оларды тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдарын қарастыру .

Зерттеудін міндеттері:

1.Жеке адамның саналық құндылықтарын қалыптастыруда тәрбиенің педагогикалық-психологиялық мәселелерін қарастыру.

2. Жеке адамның қалыптасуы мен дамуына тәрбиенің айрықша жетекшілік рольнің маңыздылығын ашу.

Зерттеу обьектісі:

Жеке адамның қалыптасуы мен дамуындағы тәрбиенің маңызы.

Зерттеу пәні: Педагогика.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Педагогикалық құбылыстарды бақылау, әдебиетерді зерттеу, педагогикалық тәжірибе, салыстыру мен қорытындылау.

Курстық жұмыстың құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады..

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Қазақстан азаматтық Альянсының» бастамасымен жер-жерде көпшілікке арналған дәрістер оқылуда. Сондай бір шара «Алматы облысының азаматтық Альянсының» ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы №2 орта мектебінде өтті.

Онда Талдықорған қалалық білім және спорт бөлімінің бастығы Болат Тұрысбеков «Ерте балалық және білім» деген тақырыпта баяндама жасады. Шараға «Алматы облысының ата-аналар комитеті» және «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубы» қоғамдық бірлестіктерінің төрайымы Дания Қыдырбаева, №2 орта мектептің директоры Ләззат Есботанова және облыс орталығындағы балабақшалардың меңгерушілері мен ата-аналар қатысты.

Жиынды «Алматы облысының азаматтық Альянсының» атқарушы директоры Людмила Ким ашып, мұндай дәрістердің мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы мен жүзеге асуы туралы нақты мәлімет алып, қоғамды алаңдатқан толғақты мәселелерді көтеруімен маңызды екендігін айтып өтті.

Өз кезегінде мінберге көтерілген Талдықорған қалалық білім және спорт бөлімінің бастығы Болат Тұрысбеков балабақшада берілетін мектепке дейінгі тәрбиенің баланың дамуында маңызды орын алатындығына тоқталды.

Алты жасқа дейінгі бүлдіршіннің қоршаған ортаны танып білу, әр нәрсеге қызығу қабілеті жоғары болады. Сондықтан да баланың дүниетанымы осы кезден дұрыс қалыптасуы қажет. Бұл ретте балабақшалардың алар орны ерекше, – деген Болат Каметұлы жас ұрпақтың болашағын жарқын етуде атқарылып жатқан игі істерді ортаға салды.



Бүгінгі таңда Талдықорған қаласы бойынша балаларды балабақшамен қамту деңгейі 56,5 пайызды құрап, облысымыз бойынша Көксу ауданынан кейінгі екінші орынды еншілеуде. Десе де, 7 мыңнан аса бала кезекте тұрғандықтан балабақшалардың санын көбейту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл ретте Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде қолға алынып жатқан істер көп. Биылғы жылдың соңына дейін бір балабақша ғимараты кеңейтіліп, тағы бір балабақша пайдалануға берілмек. Осындай игі істердің нәтижесінде бағдарламада көрсетілген жоспарға сай балаларды балабақшамен қамту деңгейін 2015 жылға дейін 74 пайызға, 2020 жылға дейін 100 пайызға жеткізу көзделген. Бұл істі жүзеге асыруда мемлекеттің көмегі мен бақылауында болатын жеке меншік балабақшалардың да үлесі зор. Өз дәрісінде осы жөнінде мәлімет беріп өткен Болат Каметұлы бүгінгі таңда балалабақшаларда 447 педагогикалық қызметкердің жұмыс істейтіндігін айта келіп, оларды мемлекет тарапынан қолдау лайықты жүзеге асып, 1 шілдеде еңбекақылары 30 пайызға артса, жаңа оқу жылынан жоғарғы, бірінші, екінші санатты тәрбиешілер жалақысының тағы да көтеріліп отырғандығын жеткізді.

Шара соңында жемісті жұмыс атқарып отырған балабақша меңгерушілері мен белсенді ата-аналар есімдері аталып, оларға «Алматы облысының азаматтық Альянсы» азын-аулақ сыйлықтарын ұсынды. Ата-аналар болса, Талдықорған қалалық білім және спорт бөлімінің бастығы Болат Тұрысбековке өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ


Табиғат – ортақ үйіміз. Қазіргі уақытта әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақ бойында жаңа экологиялық сезім қалыптастырылуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Сондықтан баланы сәби кезінен экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеуге баса назар аударамын. Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие берудің ең маңызды міндеті – балаларды табиғат әсемдігін көруге, оған қамқор бола білуге үйрету. Экология саласы бойынша нақты білім беріп, өңірімізде қолданылатын табиғат ресурстары шектеулі екенін түсіндіріп отырамын. Баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп, аялауға үйретемін.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін балалардың экологиялық білімдерін қамтамасыз ететін пәндік-дамытушы орта құрып, “Экологиялық соқпақ”, “Қызыл кітап”, “Дәрілік өсімдіктер” орталығы мен “Тірі табиғат” бұрышын ұйымдастырдым.

Үлестірмелі материалдар жинақтап, алға қойған мақсатымды (суреттер жинағы, табиғат туралы мақал-мәтелдер, оған байланысты тыйым сөздер, гербарий, слайдтар) көрсетіп, олардың қоршаған ортаны әртүрлі қалыпта тануын (бақылау, еңбек, табиғат бұрышы, т.б.) тақырыптық серуендер арқылы жүзеге асырамын. Экологиялық тақырып аясындағы бағдарламаны басқа ұйымдастырылған іс-әрекеттермен сабақтастырамын, ата-аналармен осы тақырыпта ағартушылық жұмыстарын жоспарлап өткізіп тұрамын.

Біздің мектепке дейінгі мекемеде басқа педагогтер де өздерінің шығармашылық белсенділіктерін танытып үлгерді. Олар да жаңа бағдарлама негізінде бүгінгі таңда өз жұмыс жоспарларын құрып, оны эксперименттік бағытта қолдануды бастап кетті. Педагогтер балаларды табиғатпен тығыз байланыста болуын қадағалай отырып, фауна мен флора туралы түсініктерін молайтуда. Түрлі табиғи материалдардан (ағаш қабығынан, бұтақтан, жапырақ, жаңғақтан, т.б.) әртүрлі бұйымдар жасалып, көрмелер ұйымдастырамыз. “Табиғат – біздің досымыз”, “Табиғатты аялайық” атты суреттер бәйгесі жиі өткізіледі.

Балабақшамыздың жанында “Әдемі” деп аталған экологиялық соқпақ орналасқан. Онда “Құстардың ауласы”, “Лимпопо”, “Кірпілер отбасы”, “Простоквашино”, “Альпі” стансалары, Буратино, қазақ ертегілерінің кейіпкері Алдар Көсені кездестіреміз. Осы экологиялық соқпақта ашық сабақтар, бақылаулар, іс-тәжірибелер, т.б. шаралар өткізіледі.



Осы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы балаларды қоршаған ортаға саналы, мейірімді көзбен қарауға, табиғат аясында тазалықты сақтауға, онымен етене қарым-қатынас жасауға, туған өлкесінің сұлулығына деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеуге бағытталған.

Өйткені, экологиялық тәрбие – баланың қоршаған ортаға құрметін арттыру үшін маңызды .
жүктеу 60,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау