Түсініктеме бөлімі
- Мынау тауық. Шұбар түсті тауық екен. Міне мынау жұмыртқасы.
- Ал мынау-үйрек. Үйректің түсі жасыл екен. Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады.
- Мынау-қаз. Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Ал мынау қанаттары.
- Мынау - әтеш. Мына әтештің түсі қара екен. Әтеш тауыққа қарағанда үлкендеу болады.
- Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан басады.Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетіп, асырайды. Қора жасайды, ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.
- Енді балалар осы үй құстарын көрдік, енді олардың сендер сияқты кішкентай балапандары болады, солармен танысайық.
- Тауық - балапан,
Қаз- мамыр,
Үйрек- шүрегей деп аталады.
- Балалар үй құстарының дыбысын салу арқылы тілімізге жаттығу жасайықшы.
- Тауық қалай дыбыстайды?
- Үйрек қалай дыбыстайды екен?
- Қаз қалай дыбыстайды?
- Әтеш қалай дыбыстайды?
- Балалар, үй құстарына байланысты тақпақ білеміз бе?
Тауық туралы.
Ақ тауық-ау, ақ тауық,
Ақ тауық неткен қақсауық,
Аяп жүрсем тауықты.
Бір жұмыртқа тауыпты.
- Жарайсыңдар! Енді үйрек туралы тақпақ айтайықшы.
Үйрек айтты га-га-га,
Шыға алмаймын жағаға.
Су іздесең мұнда кел,
Самал жел бар мұнда да.
- Енді қаз туралы тақпағымызды айтайық.
Қазым, қазым, қаңқылда,
Көлде жүзіп салқында,
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ, жоқ, жоқ
Кәмпит тәтті, болмайды ас.
Арпа менен бидай шаш.
- Өте тамаша! Балалар бағанадан бері ертегі тыңдап, үй құстарымен және олардың балапандарымен таныстық,үй құстарына байланысты тақпақ айтып шаршаған боларсыңдар. Қәне, бәріміз ұйықтап демалып алсақ қалай қарайсыңдар?
( Балалар ұйқыға кеткенде, топқа "Ку-ка-ри-кукук" - деп әтеш кіреді.)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар мені таныдыңдар ма?
- Жарайсыңдар! Мен сендерге бүгін қонаққа келдім. Әдемі болып кетіпсіңдер!
- Балалар сендердің түрлеріңе қарасам қатты шаршаған сияқтысыңдар. Қәне бәріміз орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасап алайық.
- Мен қазір жем іздеймін, көп жем тапсам сендерді дауыстап шақырамын. Сол кезде барлығың келіп, жемді теріп алыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |