Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы


§ 4. Локомотивтер, моторвагонды поездар және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы



жүктеу 0,57 Mb.
бет3/9
Дата21.11.2018
өлшемі0,57 Mb.
#23004
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 4. Локомотивтер, моторвагонды поездар және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы

құрам машинистерінің поездарды жүргізу тәртібі

 

64. Машинист:



локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның конструкциясын, қызмет көрсететін учаскенің профилін, онда тұрақты сигналдардың, сигналдық нұсқағыштардың және белгілердің орналасуын және олардың тағайындалуын, сондай-ақ қызмет көрсететін учаскеде темір жол өтпелері орналасқан жерлерді білуге тиіс, онда поездардың қозғалыс кестесі болуына міндетті;

локомотивті (моторвагонды поезды), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды қабылдаған кезде тежегіштердің, құмсалғыштардың және радиобайланыстың, дыбыстық сигналды беруге арналған аспаптардың жұмыс істеуіне ерекше назар аударып, оның түзулігіне көз жеткізуге, ал локомотивтің техникалық күйі журналындағы жазба бойынша автоматты локомотив сигнал беруінің және қауіпсіздік құрылғыларының дұрыс жұмыс істейтіндігіне көз жеткізуге; сигналдық құрал-жабдықтардың, өрт сөндіру құралдарының болуын тексеруге;

қозғалыс графигін дәл сақтай отырып, поездың қауіпсіз жүруін қамтамасыз етуге міндетті.

65. Локомотивті поездың құрамына, ал өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам шаруашылық поездың құрамына тіркеген соң машинист:

1) локомотивтің, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның бірінші вагонға дұрыс тіркелуіне құрамның және ауа жеңдерінің дұрыс жалғануына, сондай-ақ олардың арасындағы шеткі крандардың ашық екендігіне көз жеткізуге;

2) тежегіш магистральді сығымдалған ауамен зарядтауға, қысымның төмендеуі белгіленген нормалардан асып түспейтіндігіне көз жеткізуге және автотежегіштерді сынауға;

3) поездың тежегіштермен қамтамасыз етілгендігі туралы анықтаманы алуға, соңғы вагонның сонда көрсетілген нөмірін анықтама қағазымен салыстырып тексеруге және поездағы тежегіштік басудың белгіленген нормаларға сәйкестігіне көз жеткізуге;

4) анықтама қағазы бойынша жүк және жүк-жолаушылар поезының құрамымен - адамдар отырғызылған, Жүк тасымалдау қағидасында аталған жекелеген санаттардың қауіпті жүктері бар вагондардың болуымен, сондай-ақ ашық жылжымалы құраммен танысуға;

5) анықтама қағазы бойынша жолаушылар және почта-багаж поезының құрамымен - жүк-багажы және багажы бар жүк вагондарының болуымен танысуға міндетті.

66. Егер локомотив жеке шақыруы бар радиостанциямен жарақталса, поезға берілген нөмірді радиостанцияны басқару пультіне орнатып қою қажет.

Локомотивті вагондары электрмен жылытылатын жолаушылар поезының құрамына тіркеген соң машинист электр механиктің вагонаралық жоғары вольтты электр жалғағыштарды іске қосуы үшін токқабылдағыштарды түсіруге міндетті.

Автоматты локомотив сигнал беруімен жабдықталған учаскелерде жетекші локомотивтің, моторвагонды поездың, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның машинисі станциядан жөнелтілер алдында осы құрылғыларды іске қосуға, ал радиобайланыспен жабдықталған учаскелерде радиостанцияның іске қосылғандығына және шақыру арқылы жолаушылар поезының бастығымен (механик-бригадирімен) және шаруашылық поезында тиісінше жұмыстар басшысымен радиобайланысты тексеруге міндетті.

67. Поезды жүргізген кезде машинист және оның көмекшісі:

1) жолдың бос болуын, сигналдарды, сигналдық нұсқағыштар мен белгілерді қадағалауға, олардың талаптарын орындауға және бағдаршамдар беретін барлық сигналдарды, жолдан және поездан берілетін тоқтау және жылдамдықты азайту сигналдарын бір біріне қайталауға;

2) поездың күйін және тұтастығын, ал электрлендірілген учаскелерде, бұдан басқа, түйіспе желісінің күйін де қадағалауға;

3) локомотив пен өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам жұмысының толассыздығы мен қауіпсіздігін бақылайтын аспаптардың көрсеткіштерін байқап отыруға;

4) электр энергиясы мен отынды үнемдеп жұмсап локомотив қуатының ұтымды қолданылуын қамтамасыз етуге;

5) станцияға кіргенде және станциялық жолдар бойынша өткенде белгіленген сигналдарды беруге, бағыттамалық нұсқағыштар бойынша маршруттың дұрыстығын, жолдың бос болуын және станциялар қызметкерлері беретін сигналдарды, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төнген кезде тоқтатуға дереу шаралар қолдана отырып, поездардың қозғалысын және шектес жолдардағы маневрлік қозғалыстарды қадағалауға міндетті.

68. Поезд станцияда тоқтаған соң, егер онда қандай да болмасын ақаулықтар анықталса, машинист бұл туралы станция бойынша кезекшіге, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поезд диспетчеріне дереу баяндауға міндетті.

Станцияда тоқтау қажет болғанда машинист қабылдау жолының шығу бағдаршамынан (ол болмаған кезде - шектік бағаншадан) өтпей поезды тоқтатуға міндетті. Бұл ретте жүк поезының локомотиві шығу сигналының (ол болмаған кезде - шектік бағаншаның) жанында тоқтатылуы тиіс. Оларға жетпей тұрып машинист поездық радиобайланыс бойынша станция бойынша кезекші арқылы бүкіл құрамның қабылдау жолының пайдалы ұзындығы шегінде қойылғанына көз жеткізгенде ғана поезды тоқтата алады.

69. Жол жүріп келе жатқанда автобұғаттау бағдаршамдарында ақаулықтар, жолдың, түйіспе желісінің және басқа құрылыстар мен құрылғылардың зақымдануы, шектес жолдар бойынша келе жатқан поездарда ақаулықтар анықталған жағдайларда машинист бұл туралы жақын маңдағы станция бойынша кезекшіге немесе поезд диспетчеріне хабарлауға міндетті. Поездық радиобайланыс болған кезде машинист осы ақаулықтар туралы хабарламаны радио арқылы жақын маңдағы станция бойынша кезекшіге немесе поезд диспетчеріне, ал қажет болғанда шектес жол бойынша келе жатқан поездың машинисіне де беруі тиіс.

Сигналдар, сигналдық нұсқағыштар мен белгілердің нашар көрінуі (тұман, нөсер, қарлы боран және т.б.) жағдайында келе жатқанда машинистке қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін поездар қозғалысының белгіленген жылдамдығын төмендетуге рұқсат етіледі.

70. Поезды жүргізген кезде машинист:

1) онда қолдануға әрқашан дайын күйде тежегіш құрылғылары болуы, оларды жүрген жолда тексеруі, бас резервуарда және магистральда қысымның белгіленген нормалардан төмен түсуіне жол бермеуі;

2) тұрақты сигналдардың тыйым салушы көрсеткіштері, жылдамдықты азайту сигналдарының және жылдамдықты төмендетуді талап ететін басқа сигналдардың көрсеткіштері кезінде қызметтік тежеуді қолдана отырып, тоқтау сигналынан өтіп кетпей поезды тоқтатуы, ал жылдамдықты азайту сигналынан осы сигнал үшін белгіленгеннен аспайтын жылдамдықпен өтуі;

3) бейтарап ендірмені қоршайтын сигналдық белгіден (онда локомотивтің тоқтауын болдырмау үшін) кем дегенде сағатына 20 км жылдамдықпен өтуі;

4) тоқтау сигналын кенеттен берген кезде немесе кедергі пайда болған кезде поезды тоқтату үшін шұғыл тежеу құралын қолдануы тиіс.

71. Жол жүргенде машинистке:

1) осы Қағидада берілген ескертулерде және сигналдардың нұсқауларында белгіленген жылдамдықтарды асыруға;

2) локомотивті, моторвагонды поезды, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды басқарудан, оған қызмет көрсетуден және сигналдар мен жолдың күйін қадағадаудан алаңдауға;

3) дұрыс жұмыс істеп тұрған қауіпсіздік құрылғыларын ажыратып тастауға немесе олардың жұмысына килігуге;

4) локомотивте, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамда поездың жүргізілуін қамтамасыз ететін тартым жабдықтары істен шыққан кезде және істен шығудың себебіе анықтау мүмкін болмаған кезде аралыққа шығуға тыйым салынады.

72. Поездың қозғалысын жетекші локомотивтің машинисі басқарады. Басқа локомотивтердің, соның ішінде итермелегіш локомотивтің машинистері жетекші локомотив машинисінің нұсқаулары мен сигналдарына бағынуға және оларды қайталауға міндетті.

73. Локомотивтің жұмыс кабинасында, кондукторларды (құрастыру бригадасын), рұқсаты бар лауазымды тұлғаларды қоспағанда (екі адамнан артық емес), локомотив бригадасының құрамына кірмейтін адамдардың жүруіне тыйым салынады.

 

 

§ 5. Поездың аралықта тоқтауға мәжбүр болған кездегі іс-қимылдар тәртібі



 

74. Поездың аралықта тоқтауға мәжбүр болған кезде мәжбүр машинист:

1) егер шұғыл тоқтау қажет болмаса, поезды мүмкіндігінше алаңда және жолдың тік учаскесінде тоқтатуға;

2) поездың автотежегіштерін және локомотивтің қосалқы тежегішін, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамда автотежегіштерін, ал басқару аспаптары болған кезде қосалқы тежегішті де іске қосуға;

3) бұл туралы поезд диспетчеріне дереу баяндауы тиіс аралықта келе жатқан локомотивтер мен моторвагонды поездардың машинистеріне және аралықты шектейтін станциялар бойынша кезекшілерге тоқтағандығы туралы радиобайланыс бойынша дереу жариялауға, олар, сондай-ақ радиобайланыс бойынша жолаушылар поезының бастығына (механик-бригадиріне), ал өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның машинисі шаруашылық поезындағы жұмыстар басшысына хабарлауға;

4) егер тоқтау поездың тыйым салу көрсеткіші бар бағдаршамның жанында кідіруіне байланысты болмаса оның себептерін және әрі қарай жүру мүмкіндігін анықтауға;

5) егер поездың қозғалысын 20 және одан артық минут ішінде қайта бастау мүмкін болмаса және поезды сол жерде автотежегіштерде ұстап тұру мүмкіндігі болмаса, локомотивтің, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның қол тежегішін іске қосуға және құрамда бар қол тежегіштерін (жолаушылар вагондары жолсеріктерінің, кондукторлардың, шаруашылық поезындағы жұмыстар басшысының) іске қосуына сигнал беруге.

Мұндай қызметкерлері жоқ поездарда машинистің көмекшісі вагондар доңғалақтарының астына локомотивте бар тежегіш табандықтарды салуы, ал олар жеткіліксіз болғанда, бұдан басқа, вагондардағы қол тежегіштерді белгіленген мөлшерде және тәртіпке сәйкес іске қосуы тиіс;

6) станция бойынша кезекшіге немесе поезд диспетчеріне поездық радиобайланыс бойынша тоқтау себептері және қозғалыс үшін пайда болған кедергілерді жою бойынша қажетті шаралар туралы қосымша хабарлауға; Поездық радиобайланыстың ақаулықтары кезінде станция бойынша кезекшіге немесе поезд диспетчеріне хабарды телефон байланысы бар жақын маңдағы пункттен беруге (машинистің көмекшісі, кондуктор, жолаушылар вагонының жолсерігі, шаруашылық поезындағы жұмыстар басшысы арқылы);

7) поезға қызмет көрсетуші барлық қызметкерлерімен бірлесіп қозғалыс үшін пайда болған кедергіні жоюға шаралар қолдануға, ал қажетті жағдайларда поездың және шектес жолдың қоршалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Жолаушылар поездарының локомотивтеріне бір машинист қызмет көрсеткен кезде поезды бекіту және қоршау жөніндегі операцияларды орындауды машинистің радиобайланыс бойынша берілетін нұсқауы бойынша жолаушылар поезының бастығы (механик-бригадирі) және вагондардың жолсеріктері жүргізеді.

Аралықта тоқтаған поезды қоршау мынадай жүргізіледі; жолаушылар поезын қоршау: - қалпына келтіру немесе өрт сөндіру поезының талап етуі бойынша, сондай-ақ қосалқы локомотивті қоршау - шақыртқан соң дереу;

8) егер поезд барлық сигнал беру және байланыс құралдарының жұмысы үзілген кезде жөнелтілсе - поезд тоқтаған соң дереу жүргізіледі.

75. Барлық жағдайларда қос жолды немесе көп жолды аралықтың шектес жолында және бірінші кезекте күтіліп отырған жақтан поездар қозғалысы үшін кедергінің орны дереу қоршалуы тиіс.

76. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде жолаушылар поезы аралықта тоқтаған кезде соңғы жолаушылар вагонының жолсерігі поездық сигналдардың көрінуін тексеруге, аралықты мұқият байқауға және соңынан келе жатқан поезд пайда болған жағдайда оны тоқтатуға шаралар қолдануға міндетті.

77. Егер поезд өрде тоқтаса және соңында итермелегіш локомотив болмаса, машинист қажет болғанда поезды сол аралықтың жеңілдеу профиліне шегіндіре алады.

Бұл жағдайда шегіндірілетін поездың алдында локомотив бригадасының қызметкері, бас кондуктор немесе шаруашылық поезындағы жұмыстар басшысы тұруы тиіс. Поезды шегіндіру жылдамдығы сағатына 5 км-ден артық болмауы тиіс.

78. Мына жағдайларда:

1) барлық жағдайларда жолаушылар поездарын;

2) автобұғаттаумен немесе автоматты локомотив сигнал берумен жабдықталмаған аралықтарда;

3) тұман, қар бұрқасыны кезінде және сигналдар нашар көрінетін басқа да қолайсыз жағдайларда;

4) егер тоқтаған поезд барлық сигнал беру және байланыс құралдарының жұмысы үзілген кезде жөнелтілгенде шегіндіруге жол бермейді.

79. Салмағы осы өрде орнынан қозғалу шарттары бойынша нормадан асып түсетін және оны шегіндіруге жол берілмейтін поезд өрде тоқтаған кезде машинист дереу қосалқы локомотивті сұратуы тиіс.

80. Поезд аралықтан жөнелту станциясына кері қарай осы станция бойынша кезекшінің өкімі бойынша ғана қайтарылуы мүмкін.

Автобұғаттаумен және поездық радиобайланыспен жабдықталған учаскелерде тоқтаған поезға көмек көрсету үшін ізінше келе жатқан жүк поезының локомотиві қолданылуы мүмкін және ерекше жағдайларда салмағы мен ұзындығы қалыпты ізінше келе жатқан поезбен итермелеуге рұқсат етіледі.

Моторвагонды поезд аралықта мәжбүр түрде тоқтап қалған және оның әрі қарай өз бетімен қозғалуы мүмкін болмаған кезде станцияға қосарланған құраммен шығару үшін оған ізінше келе жатқан моторвагонды поезды тіркеуге рұқсат етіледі.

81. Егер қалпына келтіру немесе өрт сөндіру поезы, сондай-ақ қосалқы локомотив сұратылса, онда тоқтап тұрған поезд сұратылған көмек келгенше немесе қозғалуға тиісті рұқсат берілгенше дейін қозғалысты бастай алмайды.

 

 



§ 6. Алынатын жылжымалы бірліктердің қозғалысы

 

82. Алынатын жылжымалы бірліктердің қозғалысы аралыққа кіру құқығын беретін жол жүру құжаттарын берусіз жүргізіледі. Алынатын бірліктердің қозғалысы поездардың кесте бойынша қозғалысының бұзылуына әкелмеуі тиіс.



Барлық алынатын жылжымалы бірліктердің электр оқшауламасы бар белдеулері болуы тиіс.

 

 



4. Қазақстан Республикасының магистральдық темір жол желісінде арнайы жылжымалы құрамды пайдалану тәртібі

 

 



§ 1. Жалпы ережелер

 

83. АЖҚ жөндеудің жоспарлы-алдын алу түрлерін, техникалық қызмет көрсетуді уақтылы өтеді және пайдалану барысында оның толассыз жұмыс істеуін, қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғау бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін қалыпты күйінде ұсталады.



84. АЖҚ бақылау-техникалық қарап тексеруден жыл бойына пайдаланылғанда жылына екі рет (көктемде және күзде) және маусымды пайдаланылған кезде жылына бір рет (маусым басталар алдында) өтеді.

85. Бақылап-техникалық қарап тексеруді МТЖЖ операторының бұйрығымен тағайындалатын, құрамына МТЖЖ бөлімшесінің бас инженері, АЖҚ тіркелген филиалдың бас инженері, вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің өкілі, сигнал беру және байланыс дистанциясының өкілі, МТЖЖ бөлімшесінің машинист-нұсқаушысы кіретін комиссия (бұдан әрі - Комиссия).

86. Бақылап-техникалық қарап тексерудің нәтижелері, жөндеудің, кезеңдік қызмет көрсетудің барлық түрлері АЖҚ жұмысы, кезеңдік қызмет көрсетілуі және жөнделуі журналында белгіленуі тиіс.

87. Қызмет көрсету мерзімі бойынша қозғалыста шектелген АЖҚ МТЖЖ бөлімшесінің оперативтік резервінде болады.

88. АЖҚ жетпеген кезде жұмыста қиындықтардың, сондай-ақ поездар қозғалысында іркілістердің пайда болуын болдырмау үшін МТЖЖ операторы бөлімше бойынша бұйрықта белгіленген тәртіппен деполық және/немесе күрделі жөндеуден өткен оперативтік резервтегі АЖҚ-ты жұмысқа тартады.

89. Техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді жүргізу кезеңділігі, сондай-ақ жұмыстардың орындалу көлемі АЖҚ-ның әр үлгісіне арналған пайдалану құжаттамасында көрсетіледі. Ауысым сайынғы техникалық қызмет көрсетуді орындамастан АЖҚ-тың шығуына жол берілмейді.

90. АЖҚ-ты күрделі жөндеуді қажетті жабдығы, технологиялық жарақтары және бекітілген жөндеу құжаттамасы бар жұмыстардың түрлерін жүргізуге арналған лицензиясы бар мамандандырылған ұйым орындайды.

 

 



§ 2. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы пайдалану тәртібі

 

91. МТЖЖ операторы жылдың кез келген мерзімінде жолаушылар және жүк поездарының толассыз қозғалысы үшін жағдайларды қамтамасыз етеді.



92. Қар басуды жоюдың барлық механикаландырылған құралдары - соқалы қар тазалағыштар, қар тазалағыш жоңғылар, роторлы қар тазалағыштар, қар жинағыш поездар ағымдағы жылғы 15 қазанға дейін жөнделеді және қыстағы жұмысқа дайындалады. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканың қыс кезіндегі жұмысқа дайындығын МТЖЖ бөлімшелерінің бас инженерлері төрағалық ететін арнайы комиссия анықтайды.

93. Соқалы қар тазалағыштардың сынамалық сапарлары бекітілген учаскелері бойынша ағымдағы жылғы 20 қазанға дейін жүргізіледі. Қар тазалағыштардың қыс кезіндегі жұмысқа дайындығын тексеру нәтижелері актімен ресімделеді. Барлық қар жинағыш және қар тазалағыш техникаға жұмыстардың басшылары, машинистер және олардың көмекшілері тәулік бойына жұмыс істеу есебінен бекітіледі.

94. Қар тазалағыш поездарды, қар тазалағыштарды, жоңғыларды және электр роторлы қар тазалағыштарды қою жоспары, қармен күресудің оперативтік жоспарын уәкілетті органмен келісу бойынша МТЖЖ операторы бекітеді.

95. Қар жинағыш поездар, роторлы және соқалы қар тазалағыштар жұмыс басшысының локомотив машинисімен, маневр және поезд диспетчерімен, станция бойынша кезекшімен байланысуы үшін радиоаппаратурамен жабдықталады.

96. Соқалы қар тазалағыштар электрлендірілген учаскелерде жұмыс істеген кезде түйіспе сымының кернеуі алынбайды. Учаскеде жол осінен тіректердің ішкі шетіне дейінгі қашықтық 3,3 метрден кем болатын түйіспе желісінің тіректері болған кезде соқалы қар тазалағыштардың қанаттарын ашып жұмыс істеуіне тыйым салынады.

97. Роторлы қар тазалағыштар электрлендірілген учаскелерде жұмыс істеген кезде түйіспе сымының кернеуі алынады

98. Қызмет көрсету иіні бір соқалы қар тазалағыш үшін қар қатты басатын және қар басатын учаскелерде бас жолдың жазылмалы ұзындығының кем дегенде 100-150 км-ін, қар орташа басатын және қар нашар басатын учаскелерде кем дегенде 200-300 км-ін құрайды.

99. Қиын метеорологиялық жағдай кезінде, қар жауғанда және қар бұрқасындары кезінде, қар жинағыш және қар тазалағыш техника жетіспеген кезде, поездар қозғалысындағы іркілістер мен қиындықтарды болдырмау үшін МТЖЖ операторы бөлімше бойынша бұйрықта қар жинау жөніндегі жұмысқа белгіленген тәртіппен деполық және/немесе күрделі жөндеуден өткен оперативтік резервтегі қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы жұмысқа тартады.

100. Оперативтік резервтегі АЖҚ-ны АЖҚ тіркелген филиал мен вагондарға техникалық қызмет көрсету пункті өкілінің техникалық қарап тексеруінсіз станциядан жөнелтуге рұқсат етілмейді.

 

 



§ 3. Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының жұмыс тәртібі

 

101. Қалпына келтіру поезы МТЖЖ операторының арнайы құрылымы болып табылады және жылжымалы құрамның рельстерден шығып кетуі мен соқтығысуының салдарларын жою үшін тағайындалады.



102. Өрт сөндіру поезы МТЖЖ операторының арнайы құрылымы болып табылады және өрт сөндіру-профилактика жұмысын жүргізу және МТЖЖ операторының объектілері мен жылжымалы құрамындағы өрттерді сөндіру үшін тағайындалады.

103. Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының АЖҚ жөндеудің жоспарлы-алдын алу түрлерін, техникалық қызмет көрсетуді уақытылы өтеді және пайдалану барысында оның толассыз жұмыс істеуін, қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін түзу күйде ұсталады.

104. Қалпына келтіру поездары орналасқан пункттер арасындағы қашықтық 300 км-ден аспауы тиіс, ерекше жағдайларда аз әрекетті учаскелерде 400 км-ден аспайтын қашықтыққа жол беріледі. Өрт сөндіру поездарының шығатын учаскелері өрт сөндіру поезын шығу радиусы 100 км-ден аспайтын шектелген учаскелердің соңғы пунктіне жеткізу үшін қажетті уақыттың есебінен (1,5 сағаттан аспайтын) анықталады.

105. Қалпына келтіру поездары тұратын жерлері екі жаққа шығуы бар жолдарда болады және қалпына келтіру поездары АЖҚ-ның ғана тұруына тағайындалған.

106. Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының қызметкерлерін жылжымалы құрамның рельстерден шығып кетуінің, соқтығысу салдарларын жоюмен байланысты емес жұмыстарға тартуға, сондай-ақ қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының АЖҚ-сын шаруашылық мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

107. Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының АЖҚ, механизмдері және жабдықтары техникалық түзу күйде ұсталуы тиіс, ол жөндеулер мен техникалық қарап тексерулердің белгіленген жүйесін міндетті түрде орындаумен қамтамасыз етіледі.

108. Рельстерден шығып кетулердің, авариялардың, объектілердегі және жылжымалы құрамдағы өрттерді сөндіру салдарларын жою үшін АЖҚ жетіспеген кезде МТЖЖ операторы бөлімше бойынша бұйрығымен белгілеген тәртіппен деполық және/немесе күрделі жөндеуден өткен оперативтік резервтегі АЖҚ-ны қолдануға тартады.

 

 



§ 4. АЖҚ-ның қозғалу тәртібі

 

109. АЖҚ аралыққа жөнелтілгенде және қызмет көрсететін учаске бойынша қозғалған кезде поезд ретінде қаралады. АЖҚ-дан магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғыларын күтіп ұстау, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындауға тағайындалған шаруашылық поездары қалыптастырылуы мүмкін.



110. Шунттау қабілетін арттыру үшін оларды шунттаушы құрылғылармен жабдықтау шартымен оське жүктемесі 10 тоннадан кем АЖҚ-ның рельс тізбектерімен жабдықталған учаскелер бойынша қозғалуына жол беріледі.

111. Машинист (жүргізуші) және машинистің (жүргізушінің) көмекшісі жолға шығар алдында тежегіш жабдықтардың жұмысына, қозғалтқыштың, жүріс бөліктерінің, серіппегіштік аспаның, шунттағыш құрылғылардың күйіне, вагондар мен тіркемелерге дұрыс тіркелуіне, жүк пен көлік қалпындағы жұмыс органдарының дұрыс тиелуі мен бекітілуіне, жылжымалы құрам мен жүк габаритінің қамтамасыз етілуіне ерекше назар аудара отырып, АЖҚ-ның және тіркемелі бірліктердің түзулігін тексереді.

112. Жұмыс істемей тұрған күйінде жіберілетін (жаңа жасалған, жөндеуге және жөндеуден жіберілген немесе бір бөлімшеден екіншісіне берілетін) АЖҚ-ны АЖҚ-ны пайдалану жөніндегі басшылыққа және оның техникалық күйіне сәйкес жеке локомотив немесе жүк поезының құрамында өз өсінде немесе платформаға немесе ашық вагонға тиеліп тасымалдануы мүмкін.

 

 



§ 5. Арнайы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту тәртібі

 

113. АЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды АЖҚ жөндеумен айналысатын, жұмыстарды жүргізуге құқық беретін тиісті куәлігі немесе лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрі - жөндеуші ұйымдар) жүргізеді.



114. АЖҚ-ның консервацияда тұру уақытын темір жол көлігі ұйымдары, сондай-ақ олардың меншік иелері АЖҚ-ның қызмет мерзіміне енгізбейді.

115. АЖҚ-ны пайдалану кезінде жоспарлы-алдын ала жөндеу жүйесіне сәйкес жөндеуші ұйымдар деполық жөндеуді, күрделі жөндеуді және қызмет ету мерзімін ұзартатын күрделі жөндеуді орындайды.

116. Қызмет ету мерзімін ұзарту үшін тексеруге қызмет ету мерзімі аяқталып жатқан немесе аяқталған АЖҚ жатады.

117. Қызмет ету мерзімі аяқталған АЖҚ-ның техникалық күйін тексеруді тораптар мен бөлшектердің бар зақымдануларын, ақаулықтарын, сондай-ақ конструкциясының негізгі элементтерінің тозу деңгейін анықтау мақсатында қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында техникалық диагностикалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығы бар ұйымдар жүргізеді.

118. АЖҚ-ның меншік иелері техникалық пайдалану, жоспарлы жөндеулердің қауіпсіздігі талаптарының және техникалық куәландыру көлемдерінің сақталуы үшін және пайдалану құқығын беретін құжаттарды ресімдеу тәртібі үшін жауапты болады.

 

 



§ 6. АЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарын жүргізу ережелері

 

119. АЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзарту мынадай тәртіппен белгіленеді:



жөндеуші ұйым меншік иесімен шарт жасасқан соң АЖҚ-ны жөндеу ережелері мен техникалық шарттарына сәйкес АЖҚ-ны техникалық диагностикалау жөніндегі жұмыстарды толық көлемде жүргізеді;

диагностикалау жұмыстары аяқталған соң жөндеуші ұйым жөндеудің қажетті түрі мен көлемін көрсете отырып, АЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзарту туралы техникалық шешімді 2 дана әзірлейді және оны Комиссиямен келіседі;

жөндеуші ұйым АЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзарту туралы техникалық шешімде көрсетілген жөндеу жұмыстарын орындаған соң арнаулы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту туралы актіні жасап, бір данасын АЖҚ-ның меншік иесіне береді, екіншісін өзіне қалдырады, олар АЖҚ-ның ұзартылған қызмет ету мерзімі аяқталғанша сақталады.

120. Жөндеуші ұйым тағайындалған жөндеу түрін орындаған соң келесі күрделі жөндеуге дейін қызмет ету мерзімі ұзартылғаны туралы қорытынды береді.

121. АЖҚ-ның меншік иесі пайдалану мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстар және қызмет ету мерзімін ұзартып күрделі жөндеу орындалған соң жөндеудің жүргізілгендігі және қызмет етудің қосымша мерзімі тағайындалғандығы туралы құжаттардың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің тиісті аумақтық басқармасына жылжымалы құрам тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін береді.

122. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөндеуші ұйымдар қызмет ету мерзімін ұзартып күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізген кездегі мемлекеттік стандарттау жүйесінің 1.9-99 Қазақстан Республикасының Стандартына сәйкес талаптары:

1) Қазақстан Республикасының экономикасының темір жол саласының қажеттіліктеріне жауап беретін, Қазақстан Республикасының аумағында АЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмейтін;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, техникалық регламенттерге, өзге мемлекеттік және халықаралық стандарттарға өнімнің (АЖҚ), процестердің және көрсетілетін қызметтердің халық өмірі мен денсаулығы, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі, қоршаған орта үшін қауіпсіздігін, үйлесімділігін, өзара ауысымдылығын және таңбалаудың бірыңғайлығын қамтамасыз ету бөлігінде қайшы келмейтін халықаралық стандарттар және шет елдердің нормативтік құжаттары қолданылуы мүмкін;

3) АЖҚ-ның жаңа қызмет ету мерзімін тағайындаған кезде аталған АЖҚ-ның бастапқы құны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалпына келтіріледі.

 

 




жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау