Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы



жүктеу 0,57 Mb.
бет1/9
Дата21.11.2018
өлшемі0,57 Mb.
#23004
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 10 мамырдағы № 261 бұйрығы

 

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 


Министрдің

міндетін атқарушы

 

А. Бектұров

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің м.а.

2011 жылғы 10 маусымдағы

№ 261 бұйрығымен

бекітілген

 

 



Темір жол көлігін техникалық пайдалану

қағидасы

 

 



1. Жалпы ережелер

 

 



§ 1. Кіріспе

 

1. Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) темір жол көлігін пайдаланудың негізгі тәртібін және оларға қойылатын талаптардың қағидаттарын белгілейді.



2. Осы Қағида темір жол көлігінің барлық бөлімшелері мен қызметкерлері үшін қажетті болып табылады.

3. Осы Қағиданы орындау темір жол көлігінің барлық буындары жұмысының үйлесімділігін, темір жол ұйымдарының нақты және толассыз жұмыс істеуін және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

 

§ 2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер



4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) автоматты локомотив сигнал беру сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде (бұдан әрі - АЛСО) - аралықтағы поездар қозғалысы локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылатын, ал бөлектенген пункттер блок-учаскелердің белгіленген шекаралары болып табылатын жүйе;

2) ауа аралығы (оқшаулағыш түйіндесу) - түйіспе желісінің шектес учаскелерінің электр оқшауламасымен түйіндесуі (ток айырық). Оқшаулағыш түйіндесу электр жылжымалы құрамның ток қабылдағышы өткен кезде түйіндесетін учаскелер электрмен жалғасатындай етіп орындалады;

3) аз әрекетті учаскелер - жолаушылар және жүк поездарының (қосындысында) кесте бойынша қозғалыс мөлшері тәулігіне 8 жұптан аспайтын учаскелер;

4) аралық - темір жол желісінің шектес станциялармен, разъездермен, озу пункттерімен немесе жол посттарымен шектелген бөлігі;

5) ауыр салмақты жүк поезы - локомотивтердің тиісті сериялары үшін салмағы қозғалыс кестесінде белгіленген осы поезд жүретін учаскедегі салмақ нормасынан 100 т және одан астам жүк поезы;

6) арнайы мақсаттағы жолдар - аралықтар мен станциялардағы сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтар және кірме жолдар.

7) арнайы жылжымалы құрам - темір жолмен жүретін алынбайтын жылжымалы бірліктер:

өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам, мотовоздар, дрезиналар, жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдарды тасымалдау немесе темір жол көлігі кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмыс орнына жеткізу үшін қажетті арнайы автомотрисалар, көлік режиміндегі тартым жетекті дербес қозғалтқышы бар темір жол-құрылыс машиналары;

өздігінен жүрмейтін арнайы жылжымалы құрам - көлік режиминдегі тартым жетегі жоқ темір жол-құрылыс машиналары, тіркемелер мен шаруашылық поездарына енгізілетін темір жолдардың құрылыстары мен құрылғыларын күтіп ұстау, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тағайындалған басқа арнайы жылжымалы құрам;

8) алынатын жылжымалы бірліктер - электрлендірілген учаскелердегі алынатын дрезиналар, жөндеу мұнарасы, электрлендірілген учаскелердегі, жол вагондары, жол өлшегіш, ақау тапқыш және басқа арбашалар және оларға қызмет көрсетуші қызметкерлер жолдан қолмен түсіріп алуы мүмкін жылжымалы бірліктер;

9) блок-учаске - автобұғаттау кезінде немесе сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотив сигнал беруі кезінде станциялар арасындағы аралықтың өту бағдаршамдарымен (блок-учаскелердің шекараларымен) немесе өту бағдаршамымен (блок-учаскенің шекарасымен) және станциямен шектелген бөлігі;

10) бас жолдар - аралықтардың жолдары, сондай-ақ іргелес аралықтар жолдарының тікелей жалғасы болып табылатын және әдетте, бағыттамалы бұрмаларда ауытқуы жоқ станциялар жолдары;

11) бейтарап ендірме - екі ауа аралығы (оқшаулағыш түйіндесу) арасындағы қалыпты кернеуі жоқ түйіспелі аспаның учаскесі. Бейтарап ендірме электр жылжымалы құрамның ток қабылдағыштары өткен кезде түйіндесетін учаскелердің электр оқшаулауы қамтамасыз етілетіндей етіп орындалады;

12) біріктірілген жүк поезы - әрбір поездың басында жұмыс істеп тұрған екі немесе одан артық локомотиві бар жүк поездарынан құрастырылған поезд;

13) біріктірілген жолаушылар поезы - әр поездың басында жұмыс істеп тұрған локомотиві бар екі жолаушылар поезынан құрастырылған поезд;

14) бөлектенген пункт - темір жол желісін аралықтарға немесе блок-учаскелерге бөлетін пункт;

15) барынша тік еңіс - ұзындығы тежеу жолынан кем болмайтын ең тік еңіс (қисықтардың кедергісін ескергенде);

16) бағыттама - рамалық рельстен, үшкірлерден және бұру механизмінен тұратын бағыттамалы бұрманың бөлігі. Жылжымалы өзекшесі бар айқастырмасы болған кезде бағыттама ұғымына айқастырма да кіреді;

17) бағыттама посты - бағыттама постының бір кезекшісі қызмет көрсететін орталықтандырылмаған басқарудағы бір немесе бірнеше бағыттамалы бұрмалар;

18) бағыттамалық аудан - бағыттама постының бір кезекшісінің бақылауындағы шектес бағыттама посттар тобы;

19) бағыттамалы бұрма - жылжымалы құрамды бір жолдан екіншісіне бұру үшін қолданылатын құрылғы. Бағыттамалы бұрмалар бағыттамалардан, айқастырмалардан және олардың арасындағы жалғастыру жолдарынан тұрады. Айқастырмалар жылжымайтын немесе жылжымалы өзекшесімен болуы мүмкін;

20) сигнал - соның көмегімен белгілі бұйрық берілетін көзге көрінетін немесе дыбыстық шартты белгі;

21) сигналдық белгі - соның көмегімен қызметкерлердің белгілі санатына бұйрық немесе нұсқау берілетін көзге көрінетін шартты белгі. Сигналдық белгілерге шектік бағаншалар, станцияның шекарасын нұсқайтын белгілер, ысқырық беру, токты ажырату және қосу және т.б.;

22) дыбыстық хабаршы - алдын ала бағдарламаланған хабарлардың байланыс арналарына автоматты берілуін қамтамасыз ететін электронды құрылғы;

23) көлбеу - көлденең сызыққа көлбеулігі бар темір жол жолының бойлық профилінің элементі. Төменгі нүктеден жоғары қарай қозғалып келе жатқан поезд үшін өр, ал кері бағытта - еңіс деп аталады;

24) ерекше жол белгілері - темір жолға бөлінген алқаптың шекаралары, бағыттама нөмірінің көрсеткіші, жолаушылар ғимараты белдеуінің белгісі, желілік жол ғимараттарындағы белгілер, шеңберлі қисықтардың басы мен соңының, сондай-ақ өтпелі қисықтар басының, ортасы мен соңының, жер төсемінің жасырын құрылыстарының, сулардың ең жоғары көкжиегінің және толқынның ең жоғары биіктігінің реперлері;

25) жылжымалы құрамның габариті - түзу көлденең жолға қойылған, тиелген де, сондай-ақ бос та жылжымалы құрам сыртқа шықпай орналасуы тиіс шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін;

26) жүк поезының индексі - барлық жүк поездарына оларды қалыптастыру станциясында берілетін, 10 цифрдан тұратын арнайы код. Алғашқы төрт цифр - поезды қалыптастыру станциясының бірыңғай желілік белгісі (БЖБ), келесі екеуі - осы станцияда қалыптастырылған құрамның реттік нөмірі, ал соңғы төртеуі - поезд тағайындалған станцияның БЖБ-сы;

27) жолаушылардың аялдама пункті - жол тарамдары жоқ, тек қана жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған аралықтағы пункт (бөлектенген пункт болып табылмайды);

28) жүк-жолаушылар поезы - жүктерді және жолаушыларды тасымалдауға тағайындалған жүк және жолаушылар вагондарынан аз әрекетті учаскелерде қалыптастырылады;

29) жолаушылар поезы - жолаушыларды, багажды және почтаны тасымалдауға арналған, жолаушылар вагондарынан құралған поезд. Қатынас түрлері бойынша жолаушылар поездары 700 км-ден артық қашықтыққа жүретін - алысқа қатынайтын, 700 км-ге дейінгі қашықтыққа жүретін - жергілікті және 150 км-ге дейінгі қашықтыққа жүретін - қала маңындағы болып бөлінеді;

30) жол белгісі - темір жол желілерінің профилі мен ұзындығының тұрақты көрсеткіш;

31) жол посты - жол тарамдары жоқ, темір жол желілеріндегі бөлектенген пункт (жартылай автоматты бұғаттау кезінде блок-пост, қос жолды ендірмесі бар дара жолды аралықтағы жанасу постты, торап алдындағы пост және т. б.);

32) жұмыстардың басшысы - пайдаланылатын темір жолдарында, құрылыстар мен құрылғылардағы жұмыстарға басшылық ету жүктелген жауапты тұлға;

33) итермелегіш локомотив - жекелеген аралықтарда немесе аралықтың бөлігінде жетекші локомотивке көмек көрсету үшін арналған локомотив (поездың соңында);

34) кепілдік учаске - ұзындығы поездың құрамында вагондардың түзу жай-күйде қауіпсіз жүруі қажеттілігін негізге ала отырып анықталатын техникалық қызмет көрсету пункттерімен шектелген учаске. Темір жол өтпесі. Темір жолдары автомобиль жолдарымен және трамвай жолдарымен бір деңгейде қиылысатын жер;

35) бүйірлік жол - оған бара жатқанда жылжымалы құрам бағыттамалы бұрма бойынша ауытқитын жол;

36) қосалқы пост - жол тарамдары жоқ және кірме жолдың жанасу пунктіне қызмет көрсетуге ғана арналған аралықтағы пост (бүкіл аралық бойынша жүріп келе жатқан поездар үшін бөлектенген пункт болып табылмайды);

37) посттар арасындағы аралық - жол посттарымен немесе жол пост және станциямен шектелген аралық;

38) құрылыстардың жақындау габариті - соның ішіне құрылыстар мен құрылғылардың ешқандай бөлігі кірмеуі тиіс шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін. Ерекшелікті тек олардың жылжымалы құраммен өзара әрекеттесуіне арналған құрылғылар ғана (жұмыс күйіндегі вагондық баяулатқыштар, бекіту бөлшектері бар түйісу сымдары, бағананың суды алу кезіндегі бұрылатын бөлігі және басқа) құрауы мүмкін;

39) қорғағыш бағыттама - поезды қабылдау немесе жөнелту маршрутын дайындаған кезде жылжымалы құрамның дайындалған маршрутқа шығу мүмкіндігін болдырмайтын қалыпқа орнатылатын бағыттама;

40) шұғыл тежеу - магистральдық шұғыл разрядтау және барынша жоғары тежеу күшін іске асыру арқылы поезды дереу тоқтату үшін қолданылатын тежеу;

41) локомотив бригадасы - локомотивтерге, сондай-ақ моторвагонды поездарға қызмет көрсету үшін тағайындалатын қызметкерлер;

42) маневрлік құрам - өзара және маневрлер жүргізуші локомотивке тіркелген вагондар тобы. Бір вагонға тіркелген локомотив маневрлік құрам ретінде қаралады;

43) маневрлердің басшысы - маневрлерге қатысушы барлық тұлғалардың іс-қимылдарына тікелей басшылық ететін, оның нұсқауынсыз маневрлерді жүргізуші локомотив машинисінің локомотивті қозғалысқа келтіруге құқығы жоқ қызметкер;

44) озу пункті - жол тармақтары бар, поездарды басып озуға жол беретін және қажетті жағдайларда поезды бір бас жолдан екіншісіне ауыстыруға жол беретін қос жолды желілердегі бөлектенген пункт;

45) орталықтандырылмаған бағыттама - үшкірлері қолмен тікелей бағыттаманың жанындағы бұру механизмінің көмегімен бұрылатын бағыттама;

46) орталықтандырылған бағыттама - үшкірлері (ал жылжымалы өзекшесі бар айқастырмасы болған кезде өзекшесі де) бір орталық пункттен басқарылатын арнаулы құрылғылармен бұрылатын бағыттама;

47) өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді және өзге объектілерді сертификаттау (сертификаттау) - өнімнің, үдерістің, жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкесігін өндірушіге (сатушыға, орындаушыға) және тұтынушыға (сатып алушыға) тәуелсіз органның жазбаша растауы;

48) өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамның бригадасы - өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды басқару және оған қызмет көрсету үшін тағайындалатын қызметкерлер. Өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды басқару үшін бригада - машинист және машинистің көмекшісі немесе дрезинаның жүргізушісі және жүргізушінің көмекшісі (тиісті машинаны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес) тағайындалады;

49) поезды ерекше қырағылықпен жүргізу - поездың жүру жағдайларына локомотив бригадасының тұрақты жоғары назар салуы;

50) поездардың қарқынды қозғалысы - жолаушылар және жүк поездарының (қосындысына) кесте бойынша тәулігіне қос жолды учаскелерде 50 жұптан артық және дара жолды учаскелерде 24 жұптан артық қозғалу мөлшерлері;

51) поездардың аса қарқынды қозғалысы - кесте бойынша қос жолды учаскелерде тәулігіне 100 жұптан астам және дара жолды учаскелерде 48 жұптан астам жолаушылар және жүк поездары қозғалысының мөлшерлері (сомасында);

52) почта-багаж поезы - жолаушылар вагондарынан және почтаны, багажды және жүк-багажды тасымалдауға тағайындалған жүк вагондарынан, сондай-ақ жолаушылар поездары қатынамайтын учаскелерде ғана тіркелетін жолаушыларды тасымалдауға арналған жекелеген жолаушылар вагондарынан қалыптастырылады;

53) поездық сигналдар - поездарды, локомотивтерді және басқа жылжымалы бірліктерді белгілеуге қолданылатын сигналдар;

54) разъезд - поездардың айырылысуы және озуы үшін тағайындалған жол тарамдары бар дара жолды желілердегі бөлектенген пункт;

55) станция бойынша кезекші - поездарды қабылдауды, жөнелтуді және өткізуді, сондай-ақ станцияның бас және қабылдау-жөнелту жолдары бойынша (маневрлік дисретчер жоқ жерде - басқа да жолдар бойынша) жылжымалы құрамның басқа қозғалыстарын жеке өзі басқаратын станция бастығының ауысымдық көмекшісі;

56) станциялар арасындағы аралық - станциялармен, разъездермен және озу пункттерімен шектелген аралық;

57) салмағы жоғары жүк поезы - бір немесе бірнеше - құрамның басында, басында және соңында, құрамның басында және соңғы үштен бір бөлігінде жұмыс істеп тұрған локомотиві бар салмағы 6 мың тоннадан артық жүк поезы;

58) сақтандырғыш тұйық - жылжымалы құрамның поездардың жүру маршруттарына шығуының алдын алуға тағайындаған тұйық жол;

59) созылмалы еңіс - тіктігі мен ұзындығының келесі мәндері болған кездегі еңіс:

 


Тіктігі

 

Ұзындығы

0,008-ден 0,010-ға дейін

 

8 км және одан артық

0,010-нан 0,014-ға дейін

 

6 км және одан артық

0,014-нан 0,017-ға дейін

 

5 км және одан артық

0,017-нан 0,020-ға дейін

 

4 км және одан артық

0,020-нан және одан тік

 

2 км және одан артық

 

60) станция - поездарды қабылдау, жөнелту, айыру және озу жөніндегі операцияларды, жүктерді беру және жолаушыларға қызмет көрсету, ал дамыған жол құрылғылар болған кезде - поездарды тарату және қалыптастыру жөніндегі операцияларды және поездармен техникалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін жол тарамдары бар бөлектенген пункт;

61) станциялық орталықтандыру қосыны - станциядағы орталықтандырылған бағыттамалар мен сигналдар тобын басқару шоғырландырылған қосын;

62) станциялық жолдар - станцияның шекарасындағы жолдар - бас, қабылдап-жөнелту, сұрыптау, тиеу-түсіру, тартымдық, деполық (локомотив және вагон шаруашылықтарының), жалғастыру (станциядағы жекелген парктерді жалғайтын, контейнерлік пункттерге, отын қоймаларына, базаларға, сұрыптау платформаларына, вагондарды тазалау, жуу, дезинфекциялау, жылжымалы құрамды жөндеу және басқа операцияларды жүргізу пункттеріне апаратын), сондай-ақ тағайындалуы оларда жүргізілетін операциялармен белгіленетін өзге жолдар;

63) тиеу габариті - жүк (орамасын және бекітпесін ескергенде) түзу горизонталды жолда тұрған ашық жылжымалы құрамда сыртқа шықпай орналасуы тиіс шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін;

64) темір жол-құрылыс машиналары - өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның құрылыс, жөндеудің барлық түрлері, магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғыларын күтіп ұстау және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындайтын бір немесе бірнеше жұмыс органдары бар түрінің бірі;

65) түйіспе желісі - электр энергиясының тартымдық қосалқы станциялардан электр жылжымалы құрамның ток қабылдағыштарына берілуін қамтамасыз ететін сымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың жиынтығы;

66) толаскез - жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін аралық, аралықтың немесе станцияның жекелеген жолдары бойынша поездардың қозғалысы тоқтатылатын уақыт;

67) шапшаң жүретін жолаушылар поезы - интервалдардағы жылдамдықтары, км/сағ: 141-160 және 161-200, жолаушылар поездарының шапшаң қозғалысына сәйкес келетін жылдамдықтармен қатынайтын жолаушылар поезы;

68) тежеу жолы - кранның тұтқасын машинистке немесе шұғыл тежеу кранын тежеу жағдайына аударған сәттен бастап толық тоқтағанға дейінгі уақыт ішінде поезд жүріп өтетін қашықтық. Тежеу жолдары тежеу түріне (қызметтік, толық қызметтік және шұғыл) қарай бөлінеді;

69) ұзын құрамды жүк поезы - ұзындығы (шартты вагондарда) қозғалыс кестесінде белгіленген осы поезд жүретін учаскедегі барынша жоғары нормадан асып түсетін жүк поезы;

70) ұзындығы жоғары жүк поезы - ұзындығы 350 ось және одан артық жүк поезы;

71) ұзын құрамды жолаушылар поезы - ұзындығы осы поезды қалыптастыру схемасында белгіленгеннен асып түсетін жолаушылар поезы;

72) ұзындығы жоғары жолаушылар поезы - құрамында 20 және одан артық вагоны бар жолаушылар поезы;

73) ұстағыш тұйық - басқаруын жоғалтқан поезды немесе ұзақ еңіс бойынша қозғалыстағы поездың бір бөлігін тоқтатуға тағайындалған тұйық жол;

74) шаруашылық поезы - жұмыс істеп тұрған локомотивтен немесе локомотив ретінде қолданылатын өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамнан, темір жол ұйымының арнаулы және техникалық қажеттіліктері үшін бөлінген вагондардан, магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғыларын күтіп ұстау, жөндеу және оларға қызмет көрсету үшін тағайындалған өздігінен жүретін арнаулы және өздігінен жүрмейтін жылжымалы құрамнан қалыптастырылған поезд;

75) қызметтік тежеу - жылдамдықты баяу азайту немесе поезды алдын ала көзделген жерде тоқтату үшін кез келген шамадағы сатылармен тежеу;

76) уәкілетті орган - темір жол көлігі саласында басшылықты жүргізетін орталық атқарушы орган, және де Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етуші.

 

 

2. Темір жол көлігі қызметкерлерінің жалпы міндеттері



 

 

§ 1. Жалпы ережелер

 

5. Темір жол көлігі қызметкерлерін қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктің, багаждың және жүк-багаждың сақталуын қамтамасыз ете отырып, жолаушылар, жүк, багаж және жүк-багаж тасымалдайды техникалық құралдарды тиімді пайдаланып, қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын сақтауды.



6. Поездар қозғалысымен байланысты әр қызметкер осы Қағиданың талаптарын орындалуын және қозғалыс қауіпсіздігін сақтайды.

Темір жол көлігі қызметкерлерінің осы Қағиданың талаптарын бұзуға рұқсат етілмейді.

7. Темір жол көлігінің әр қызметкері адамдардың өмірі мен денсаулығына немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайларда поезға немесе маневрлік құрамға сигнал беруге және оларды тоқтатуға басқа шаралар қолдануға міндетті. Құрылыстардың немесе құрылғылардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп немесе қоршаған табиғи ортаны ластау қаупін төндіретін ақаулығы анықталған кезде қызметкер қауіпті орынды қоршауға және ақаулықты жоюға дереу шара қолдануы тиіс.

8. Темір жол көлігі қызметкерлері жұмыс орнын және сеніп тапсырылған техникалық құралдарды қалыпты күйде ұстауы тиіс.

Темір жол көлігі қызметкерлері үшін нысанды киімді кию міндетті түрде белгіленген темір жол көлігінің жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға қызмет көрсетумен, поездар қозғалысымен және маневрлік жұмыспен байланысты қызметкерлері еңбек міндеттерін орындаған кезде, егер олар үшін арнаулы өндірістік киім белгіленбесе нысан бойынша киінуі тиіс.

Темір жол көлігінің әр қызметкері еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, санитарлық ережелер мен нормаларды, олар орындайтын жұмыс үшін белгіленген стандарттардың, метрологиялық нормалар мен ережелердің және өзге нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауы тиіс. Осы Қағида мен нұсқаулықтардың орындалуы үшін жауапкершілік орындаушыларға және тиісті бөлімшелердің басшыларына жүктеледі.

9. Локомотивтерге, моторвагонды поездарды, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамды (мотовоздарды, дрезиналарды, арнаулы автомотрисаларды, темір жол құрылыс машиналарын) және басқа жылжымалы бірліктерді басқару кабиналарына, сигналдарға, бағыттамаларға, поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты аппараттарға, механизмдерге және басқа құрылғыларға, сондай-ақ сигналдар мен осындай құрылғыларды басқару жүргізілетін жайларға оларға қол жеткізу құқығы жоқ адамдарды жіберуге тыйым салынады.

Локомотивтерді, моторвагонды поездарды, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамды (мотовоздарды, дрезиналарды, арнаулы автомотрисаларды, темір жол-құрылыс машиналарын) және басқа жылжымалы бірліктерді, сигналдарды, поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты аппараттарды, механизмдерді және басқа құрылғыларды басқаруға, бағыттамаларды бұруға соған уәкілетті қызметкерлердің ғана қызметтік міндеттерін орындаған кезде құқығы бар.

 

 

§ 2. Темір жол көлігі қызметкерлеріне қойылатын талаптар



 

10. Белгіленген тәртіппен екінші тұлға ретінде машықтанудан өтіп жатқан темір жол көлігі қызметкерлері локомотивтерді, моторвагонды поездарды, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамды (мотовоздарды, дрезиналарды, арнаулы автомотрисаларды, темір жол-құрылыс машиналарын) және басқа жылжымалы бірліктерді, сигналдарды, бағыттамаларды, поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты аппараттарды, механизмдерді және басқа құрылғыларды басқаруға осы құрылғыларға тікелей қызмет көрсететін қызметкерлердің қадағалауымен ғана жіберілуі мүмкін.

11. Темір жол көлігіне поездар қозғалысымен байланысты жұмысқа келетін адамдар кәсіптік оқудан және кезең-кезеңмен оларды осы Қағида, Қазақстан Республикасының Темір жол көлігіндегі сигнал беру жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі - СИН), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылдың 18 сәуірінің № 209 бұйрығымен бекітілген, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген № 6954) және қызметкерлердің міндеттерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтарды білуі тексерілуі тиіс.

12. Осы тармақта көзделген, қызметтер мен лауазымдар тізбесі, сынақтан өтуге тиісті қызметкерлері әрбір қызметтер (мамандықтары) білім аумағы, жұмысқа қабылдау кезіндегі сынау жүргізу тәртібі мен мерзімділігі - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылдың 20 қыркүйектегі № 424 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігі жұмысшыларының қызметтері (мамандықтары) және оларға қойылатын біліктілік талаптарының тізіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде тіркелген № 6581) сәйкес жүргізіледі.

13. Поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерлері белгіленген тәртіппен міндетті түрдегі бастапқы және кезеңдік медициналық қарап тексеруге жатады.

14. Жасы 18-ден төмен адамдар поездар қозғалысымен тікелей байланысты келесі лауазымдар мен кәсіптерге орналасуға жіберілмейді:

1) локомотивтер, моторвагонды поездар, мотовоздар мен арнаулы автомотрисалардың машинистері;

2) темір жол жолдарымен жүретін жүк көтергіш крандардың машинистері және олардың көмекшілері;

3) паровоздар кочегарлары, дрезиналарды жүргізушілер және олардың көмекшілері;

4) диспетчерлер, станциялар бойынша кезекшілер, қосындар, парктер мен дөңестер бойынша кезекшілер;

5) сұрыптау дөңестерінің операторлары;

6) станциялар бойынша кезекшілер жанындағы операторлар;

7) поездардағы кондукторлар;

8) құраушы бригадалардың қызметкерлері;

9) вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеушілер, сигналшылар, орталықтандыру посттың операторлары;

10) бағыттамалық посттың кезекшілері, жол, көпір және тоннель мастерлері, жол бригадирлері, жол қараушылар, жол монтерлері (екінші разрядты және одан жоғары);

11) өтпелер бойынша кезекшілер, құрылғылар мен сұрыптау дөңестеріне қызмет көрсету жөніндегі электр механиктер мен электр монтерлер;

12) вагондарды қарап тексеруші-жөндеушілер, вагондарды қарап тексерушілер, жолаушылар поездарының бастықтары (механик-бригадирлері);

13) вагондардың жолсеріктері, вагондарды ағытпай жөндеу шеберлері мен жұмысшылары;

14) вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінің операторлары;

15) поезд электр механиктері, электрмен жабдықтау дистанцияларының мастерлері мен электр механиктері;

16) рефрижераторлық поездар мен секциялардың механиктері, ақау тапқыш және жол өлшегіш вагондардың реттеушісі;

17) темір жол-құрылыс машиналарының машинистері және олардың көмекшілері;

18) ақау тапқыш арбашалардың операторлары;

19) жол өлшеу жөніндегі операторлар және олардың көмекшілері.

15. Темір жол көлігі қызметкерлері темір жол ұйымының сеніп тапсырылған мүлкін және тасымалданатын жүкті сақтауы тиіс.

16. Темір жол көлігі қызметкерінің алкогольдік немесе нашақорлық мас күйінде немесе өзге үлгідегі интоксикация күйінде міндеттерін орындауына рұқсат етілмейді. Мұндай күйде анықталған адамдар дереу жұмысынан босатылып, жауапқа тартылады.

 

 



3. Жылжымалы құрам және арнайы жылжымалы құрам

 

 




жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау