«Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ереже Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру



жүктеу 58,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі58,5 Kb.
#22829



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ереже
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – қызмет беруші) «электрондық үкімет» www.e.gov.kz немесе «Е – лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi қызмет берушіге жүгінген күннен бастап портал арқылы:

1) лицензияны – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде беру;

2) қайта ресімделген лицензияны – 10 (он күн) жұмыс күні ішінде беру;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын – 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеру.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда қызмет беруші аталған мерзімде өтінішті қараудан бас тартады.

Егерде қызмет беруші белгіленген мерзімде қызмет алушыға лицензияны бермесе, не лицензияны беруден дәлелді бас тартуды бермесе лицензия оны беру мерзімінің өткенінен кейін берілді деп саналады.

Қызмет беруші лицензияны беру мерзімінің күні өткеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей сәйкес лицензияны беруге міндетті.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).



6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу (бұдан әрі – лицензия) электрондық лицензия нысанында, қызмет берушінің электрондық сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған не осы мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағымен қарастырылған жағдайда және негізде бас тарту жөнінде дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін нысаны: электрондық.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар ставкасы бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:

1) лицензияны, сондай-ақ лицензияның телнұсқасын беру үшін – алым төленетін күні қолданыстағы алты еселенген айлық есептік көрсеткіш;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі ставканың 10%.

Мемлекеттік қызмет үшін төлем екінші денгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол төлемей есеп айырысумен, сондай-ақ «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледi.

8. Портал арқылы жұмыс кестесі тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

осы мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес қызмет алушының ЭЦҚ қол қойылған электронды нысандағы құжат түріндегі сұрау хаты;

лицензиялық салымның бюджетке төленгені туралы электрондық құжаттың көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда);

осы мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасынга сәйкес қызмет алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық формат түріндегі құжаттардың көшірмелері.



Жеке басты куәлендіретін, заңды тұлғаның қызмет алушының мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы – заңды тұлға үшін қызмет алушының жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, сондай-ақ қызмет алушыны салық органдарында тіркеуге қою туралы мәліметті, жеке меншігіндегі жылжымайтын мүлік жөнінде мәліметті, күзет қызметіне лицензия жөнінде мілеттті қызмет беруші уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ куәлендірілген сәйкес мемлекеттік ақпарат жүйелерінен порталдың ақпараттық жүйелерінен электрондық құжат түрінде алады.

10. Лицензияны қайта ресімдеу үшін қызмет алушы 30 (отыз) календарлық күні ішінде қызмет берушіге осы мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағына сәйкес құжаттарды қайта ресімдеген сәттен бастап осы мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес сканирленген электрондық нысанда өтінішті ұсынады.

Қызмет алушы қайта ресімделген лицензияны алған жағдайда уәкілетті органға бұдан бұрын алған лицензияны (болған жағдайда) қайтарады.



11Лицензия мынадай:

1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген;


      2) дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;
      3) заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған;

     4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.

12. мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту мынадай:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметтің түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

3) қызмет алушы біліктілік талаптарына сай келмеген;

4) қызмет алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;

5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда негіз болады.




3. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мәселелер бойынша

қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
13. Қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайы бойынша (телефоны 8 (7172) 24-13-12) мекенжай бойынша қызмет беруші басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта не қолма-қол қызмет берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қабылданады.

Шағымды қабылдаудың расталуы нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, қызмет берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөр, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін қызмет берушінің басшысына жолданады.

Портал арқылы электронды жүгінген жағдайда қызмет алушыға «жеке кабинеттен» өңдеу барысында жаңаратын жолданған шағымның мәртебесі туралы ақпарат қол жетімді (жеткендігі, тіркелгендігі, орындалуы туралы белгілер, қаралғандығы немесе қараудан бас тартуы туралы жауап).

Қызмет беруші қызмет берушінің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының өтініші оны тіркеген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымда:


1) жеке тұлғаның – оның аты-жөні, ықыласы бойынша тегі, пошталық мекенжайы көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымда қызмет алушының қолы қойылуы керек.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Ерекшеліктерін ескере отырып электронды түрде

мемлекеттік қызметті көрсетудің басқа да талаптар
15. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі және тұрғындардың халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтар қатарына жататын тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді қарастырмайды.

16. Қызмет алушы портал арқылы үндеген кезде, электронды сандық қолы болуы тиіс.

17. Мемлекеттік қызметтің мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қатынау режимінде алу, мемлекеттік қызметті портал арқылы сұраған кезде мүмкін.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жөнінде ақпаратты Байланыс-орталығының ақпарат қызметінен 1414 телефоны арқылы, немесе қызмет берушінің www.mtc.gov.kz интернет қорының «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде алуға болады.


_________________________
жүктеу 58,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау