Білім берудің және оқытудың әдістері: Ауызша сұрау, лабораториялық жұмыс, регламентті безендіру, мылқау картамен жұмыс, есептер шығару.
Әдебиет
Негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.
Муравьев И.А.-Технология лекарств. 1- том. -М.–1980 ж.
Иванова Л.А.-Технология лекарственных форм.2-том.-1991. 378-386, 387-390 беттер.
Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.
Қосымша:
МФ ССРО ІХ, Х, ХІ басылымдары.
Лекциялық материалдар жинағы.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Фармакогнозия. Муравьева Д.А.- 1972 ж.
Бақылау:
Ситуациялық есептер:
Тапсырма N 1. Құрамында 0,042 %алколоиды бар ,105 л итжидек тұндырмасы алынды. Оны қалай нормаға келтіруге болады (стандартты құрамы 0,033 %)?
Тапсырма N 2. 300 л строфант тұндырмасын қалай нормаға келтіруге болады, егер 1 мл-де жүрек гликозидтері 270 ЛЕД болса (стандартты құрамы 1 мл-де 180-200 ЛЕД)?
Тапсырма N 3. 250 мл шүйгіншөп тұндырмасын алу үшін қажетті шикізат пен 96% спирттің мөлшерін есептеңіз.
Тапсырма N 4. Құрамында 18 ЛЕД жүрек гликозидтері бар 30 кг меруертгүл жапырағынан 300 л тұндырма алынды. МФ Х талабына жауап береді (1 мл-де 15 ЛЕД). Әсер етуші заттар бойынша материалдық баланс құрыңыз және технологиялық шығым, шығын және шығын коэффициентін есептеңіз.
Бақылау сұрақтары:
Галендік препараттарға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіз. Олардың эволюциясы және жіктелуі.
Экстракциялау процесінің мәні неде? Диффузия процесінің қозғаушы күші болып не табылады (масса алмасудың)?
Молекулалық диффузия және заттардың конвективтік тасымалдануына салыстырмалы сипаттама беріңіз. Фик заңының диффузиялық процесс үшін және Эйнштейн теңдігінің диффузия коэффициенті үшін физикалық мәні неде?
Кептірілген және жас өсімдік шикізатын экстракциялаудың ерекшеліктері қандай?
Диффузия шығыны деген не? Оны қалай азайтуға болады?
Экстракциялау процесіне әсер ететін негізгі факторларды атаңыз. Бұл факторлар экстракциялаудың толықтығы мен жылдамдығына қалай әсер етеді?
Еріткіштер мен экстрагенттерге анықтама беріңіздер. Олардың номенклатурасы. Еріткіштер мен экстрагенттерге қандай талаптар қойылады?
Галендік өндірісте қолданылатын экстракциялау әдістерін атаңыз.
Мацерация дегеніміз не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Мацерация әдісін динамизациялау жолдары. Қысқаша сипаттама беріңіздер.
Перколяция дегеніміз не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Перколяторлардың қандай конструкцияларын білесіздер? Олардың салыстырмалы сипаттамасын беріңіздер.
Тұндырмаларға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіз. Олардың жіктелуі. Қолданылуы. Тұндырмалардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Номенклатурасы.
Тұндырмалар өндірісі қандай технологиялық сатылардан және операциялардан тұрады.
Өсімдік шикізатын және экстрагентті дайындау сатысы қандай операциялардан тұрады? Тұндырмалар өндірісінде шикізат пен экстрагент қандай қатынаста алынады? Спирттің қандай концентрациялары қолданылады? Мысал келтіріңіз.
Өсімдік шикізатын ұнтақтау қандай аппараттарда жүргізіледі? Оларға қысқаша сипаттама беріңіздер.
Өсімдік шикізатын елеу қалай және не үшін жүргізіледі? Елеуіш қондырғыларға сипаттама беріңіздер.
Өсімдік шикізатын алдын-ала жібіту қандай мақсатта және қалай жүргізіледі? Қандай аппараттарда?
Тұндырмаларды алудың қандай жалпы әдістерін білесіздер? Олар қандай жағдайда қолданылады?
Тұндырмалар өндірісінде сығындыларды тазарту қалай жүргізіледі?
Еріту әдісімен қандай тұндырмалар дайындалады. Қандай жағдайда? Қандай аппараттар қолданылады?
Тұндырмаларды стандарттау қандай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі? Тұндырмалардың сақталу шарттары.
Тест тапсырмалары:
Перколяция әдісі – бұл ... .
экстрагенттің барынша өңделгеннен, азырақ өңделген шикізатқа оның экстрактивті заттармен толық қанығуына дейін көп сатылы жүретін әдіс
ісінген шикізаттың қабаты арқылы оның толық өңделгенше экстрагентті үздіксіз өткізіп отыру әдісі
шикізатты бөліктерге бөліп, әрбір келесі порциясын алдыңғы алынған сығындымен экстракциялау әдісі
бөлме температурасында есептелген экстрагенттің мөлшерімен шикізатты ұзақ тұндыру әдісі
2-3 бөлікке бөлінген экстрагенттің әртүрлі порциясында шикізатты кезекпен тұндыратын, ал сығындыларды соңынан біріктіретін әдіс
Тұндырмалар өндірісінде қолданылатын экстрагент ... .
сығылған көмір қышқыл газы
әртүрлі концентрациядағы этанол
ацетон
ыстық және суық су
хлороформ
Экстракциялаудың негізінде ... процессі жатады.
суыту
диффузия
рекуперация
бөлу
тұрақтандыру
Молекулалық диффузия – бұл ... таралу процессі.
арнайы жылу тасымалдағыш көмегімен жылудың белгілі ортада
үлкен емес көлемде ерітінді немесе газ түріндегі заттардың
арнайы араластырғыштар көмегімен заттардың
молекулалардың ретсіз қозғалыс нәтижесінде заттардың
вибрация және ультрадыбыс әсерінен заттардың
Экстракциялау процессі – бұл ... процессі.
қатты дене-сұйықтық немесе сұйықтық-сұйықтық жүйелерде экстракциялық заттарды сығындау
дәрілік заттарды органикалық еріткіштерде еріту
гетерогенді жүйелерді ортадан тепкіш әсерімен бөлу
биологиялық белсенді заттарды су буымен айдау
гетерогенді жүйелерді саңылаулы кедергі көмегімен бөлу
Кептірілген өсімдік шикізатын экстракциялау процессінің сатылары ... .
тіке диализ, десорбция және еріту, осмос, кері диализ
осмос, тіке диализ, десорбция және еріту
десорбция және еріту, тіке диализ, кері диализ
тіке диализ, осмос, кері диализ
тіке диализ, десорбция және еріту, осмос
Сабақ № 8
Кредит 3
Тақырып 1: Сұйық экстракттар. Сұйық экстракттарды перколяция, жылдамдатылған бөлшекті мацерация тәсілдерімен алу. Абсолютті спирт бойынша материалдық баланс құрастыру.
Мақсаты: Сұйық экстрактты дайындауға қажетті шикізат пен экстрагент мөлшерін өз бетінше есептей білуге үйрету. Экстракцияның жылдамдығына және толықтығына әсер ететін факторларды есепке ала отырып, экстракциялау тәсілін дұрыс таңдай білуге үйрету, сұйық экстрактарды стандарттау.
Оқыту мақсаты:
студент білуі тиіс:
- экстракциялаудың теориялық негіздері;
- экстрактардың консистенция бойынша және экстрагенттің табиғаты бойынша жіктелуі;
- сұйық экстрактардың алыну тәсілдері;
- сұйық экстрактар өндірісінде қолданылатын аппараттар;
- сұйық экстрактарды стандарттау әдістері.
студент істей білуі тиіс:
- сұйық экстрактар өндірісіне лабораториялық регламент құрастыру және экстрагентті
дайындау үшін қажетті есеп жүргізу;
- сұйық экстрактарды перколяция және реперколяция тәсілдерімен алу;
- сұйық экстрактарды стандарттау;
- сұйық экстрактар өндірісінде алынған сығындыларды тазартуды дұрыс жүргізу;
- спирттік сығындыларды стандарттауды дұрыс жүргізу:
а) спирттік сығындылардағы этанолдың құрам мөлшерін қайнау температурасы
бойынша анықтау;
б) спирттік сығындылардағы құрғақ қалдықты анықтау;
абсолюттік спирт бойынша материалдық баланс құрастыру және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу;
Тақырыптың негізгі сұрақтары
негізгі білім бойынша:
Сабақ тақырыбы бойынша орыс және латын тіліндегі терминология.
Жылу процестері. Буландыру.
Талдаудың физикалық әдістері.
сабақ тақырыбы бойынша:
Экстракциялаудың теориялық негіздері. Экстракциялау тәсілдері.
Экстарктар дәрілік түр ретінде. Экстрактардың консистенция бойынша және экстрагенттің табиғаты бойынша жіктелуі. Номенклатурасы.
Сұйық экстрактар. Сұйық экстрактарды алу тәсілдері. Сұйық экстрактардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Сұйық экстрактар алудың негізгі сатылары.
СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ
Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек және берілген ситуациялық есептерді шешуі тиіс.
Тапсырма N1. Оқытушының тапсырмасы бойынша берілген бір сұйық экстрактқа лабораториялық регламент жазып, технологиялық және аппаратуралық схемасын сызу. Сығындауға қажетті спиртті есептеу және талаптама жазу.
Лабораториялық жұмысты орындау үшін қажет сұйық экстрактардың номенклатурасы:
Су бұрышы шөбінен 70% спиртте;
Қалақай жапырағынан 40% спиртте;
Жүгері шашағынан 70 %спиртте;
Жұмыршақ шөбінен 70% спиртте;
Мыңжапырақ шөбінен 40%спиртте;
Долана жемісінен 70% спиртте.
Тапсырма N2. Жазылған регламент бойынша перколяция және реперколяция әдістерімен өсімдік шикізатынан 10-15 г сығынды алу. Оны центрифугалау арқылы тазарту.
Тапсырма N3. Дайындалған сұйық экстракты келесі көрсеткіштері бойынша стандарттау:
сыртқы түрін және органолептикалық қасиеттерін сипаттау;
қайнау температурасы бойынша этанолдың құрамын анықтау;
Тапсырма N4. Өңделген шикізаттан спирт-рекуператты әртүрлі әдістермен алу:
шротты 3-5 есе дистилденген сумен жуу;
қатаң бумен айдау және оны талдау, яғни этанолдың құрамын қайнау температурасы бойынша анықтау;
Тапсырма N5. Сұйық экстракты алу үшін регламентті аяқтау. Материалдық баланс құрастырып, технико-экономикалық көрсеткіштерді өңделген өсімдік шикізатынан алынған спирт-рекуператты есепке ала отырып шығару.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Лабораториялық жұмыс, регламентті безендіру, ауызша сұрау, мылқау картамен жұмыс, есептер шығару.
Әдебиет
негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.
Муравьев И.А.-Технология лекарств. 1- том. -М.–1980 ж.
Иванова Л.А.-Технология лекарственных форм.2-том.-1991.
Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.
қосымша:
МФ ССРО ІХ, Х, ХІ басылымдары.
Лекциялық материалдар жинағы.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Бақылау:
Ситуациялық есептер:
Есеп N1. Магнолияның екі жібітпесінен екі сұйық экстракт алынды. 120 л бірінші экстрактта 13% алколоид, ал екіншісінде 200 л-де 0.08% алколоид бар. Өнімді қалыпты жағдайға қалай келтіруге болады (алколоидтардың стандартты құрамы 0,10% ). Қандай жағдайда стандартты экстрактың мөлшері артады? Сұйылтқанда немесе қанықтырғанда?
Есеп N2. Егер перколяция жылдамдығы 0,08 мл/мин болса 280 г шикізаттан 1:1 сұйық экстракт (перколяция әдісімен) алуда перколяттың алғашқы порциясын алуға қанша уақыт қажет.
Есеп N3. 180 л 1:2 қатынастағы шүйгіншөптің сұйық экстрактын алу үшін қажетті 96% этанолдың мөлшерін табу керек. Этанол сіңіру коэффициенті 1,3 тең.
Бақылау сұрақтары:
Экстрактарға анықтама беріңіздер. Олар қалай жіктеледі? Номенклатурасы бойынша мысал келтіріңіздер.
Сұйық экстрактар дегеніміз не? Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Қандай қатынаста дайындалады? Экстрагент ретінде не қолданылады?
Сұйық экстрагенттерді алудың жалпы технологиялық схемасы.
Сұйық экстрактарды алудың қандай әдістері бар? Еріту әдісімен қандай экстрактар дайындалады? Неге? Мысал келтіріңіз.
Сұйық экстрактар өндірісінде перколяция әдісі қалай жүргізіледі? Оның тұндырмалар алудағы перколяция әдісінен айырмашылығы қандай?
Реперколяция дегеніміз не? Оның перколяциядан айыормашылығы. Реперколяцияның қандай варианттары бар?
Сұйық экстрактарды жеделдетілген бөлшекті мацерация әдісімен алу.
Сұйық экстрактардың қалай сақталады және қолданылады?
Тест тапсырмалары:
1. Сұйық экстракттар өндірісіндегі шикізат пен дайын өнім қатынасы ... .
5:1
1:5
1:1
1:10
1:2
2. Сұйық экстрактар өндірісінде экстрагент ретінде ... қолданылады.
ацетон
сығылған көмірқышқыл газы
әртүрлі концентрациядағы этанол
ыстық және суық су
хлороформ
3. Чулков бойынша реперколяция әдісінің артықшылықтары ... .
шикізаттың толық өңделуі, диффузияға экстрагент шығынының төмендігі, жоғары концентрленген сіріңді, қыздыруды қажет етпейді
экстрагенттің үлкен шығыны, диффузияға экстрагент шығынының төмендігі
іске қосу кезеңінің ұзақтығы, сірінді қыздыруды қажет етпейді
аппараттардың көптігі, қыздыруды қажет етеді
іске қосу кезеңінің ұзақтығы, аппараттардың көптігі, қыздыруды қажет етеді
4. Қарсы ағынды экстракция – бұл ... әдіс.
экстрагенттің барынша өңделгеннен азырақ өңделген шикізатқа оның экстрактивті заттармен толық қанығуына дейін көп сатылы жүретін
шикізатты бөліктерге бөліп, әрбір келесі порциясын алдыңғыдан алынған сығындымен экстракциялайтын
ісінген шикізат қабаты арқылы оның толық өңделгенше экстрагентті үздіксіз өткізіп отыратын
бөлме температурасында есептелінген экстрагенттің мөлшерімен шикізатты ұзақ тұндыратын
2-3 бөлікке бөлінген экстрагенттің әртүрлі порциясында шикізатты кезекпен тұндыратын, ал сығындыларды соңынан біріктіретін
5. Экстрактар дегеніміз ... .
бұл дәрілік өсімдік шикізатынан қыздырусыз және экстрагентті аластатусыз алынатын биологиялық белсенді заттардың спиртті сығындылары
жас өсімдік шикізатынан сығындау жолымен бөлінген және биологиялық белсенді заттары табиғи жағдайда болатын қою немесе қою емес шырындар
бұл дәрілік өсімдік шикізатынан экстрагентті толық немесе бөлшектеп аластатумен биологиялық белсенді заттардың концентрленген сығындылары
оқшауланған өсімдік және жануарлар ұлпасында қолайсыз жағдайларда түзілетін заттардың препараттары
биологиялық активті заттары табиғи жағдайда болатын, балласты және басқа да заттардан максималды тазартылған дәрілік өсімдік шикізатының сығындылары
Сабақ № 9
Кредит 3
Тақырып 2: Қою және құрғақ экстракттар. Дайындау. Стандарттау. Үшжапырақ, су бұрышы, жусан қою экстрактыларын алу.
Мақсаты: Экстрактивті заттар бойынша қою экстрактарды алу үшін есеп жүргізіп, жұмыс жазбасын дайындау, сығынды алудың тиімді әдісін таңдау, стандарттауды дұрыс жүргізу.
Оқыту мақсаты:
студент білуі тиіс:
экстрактардың дәрілік түр ретінде анықтамасы, жіктелуі;
қою және құрғақ экстрактардың номенклатурасы;
қою және құрғақ экстрактардың жалпы технологиялық схемасы;
қою экстрактардың технологиясының ерекшелігі: экстракциялаудың қолданылатын әдістері, сулы және спиртті сығындыларды тазарту;
құрғақ экстрактардың технологиясының ерекшелігі;
құрғақ экстрактар өндірісінде қолданылатын кептіргіш аппараттар;
кептірудің теориялық негіздері, кептіргіштердің түрлері, олардың құрылыстары мен жұмыс істеу принциптері;
кептірудің арнайы тәсілдері және олардың қолданылуы.
студент істей білуі тиіс:
берілген қою экстракты дайындау үшін қажетті шикізат мөлшерін экстрактивті заттар бойынша есептеу;
қою экстракт дайындау, жылулық дегистеяны дұрыс жүргізу;
қою экстракты стандарттау.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
негізгі білім бойынша:
Сабақ тақырыбы бойынша орыс және латын тіліндегі терминология.
Кептіру кинетикасы. Сублимация.
Ылғалдылықты анықтаудың физикалық әдістері.
сабақ тақырыбы бойынша:
Экстракциялаудың теориялық негіздері. Экстракциялау әдістері.
Экстрактар. Анықтамасы. Жіктелуі.
Қою және құғақ экстрактар. Анықтамасы. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Номенклатурасы. Қолданылуы.
Құрғақ және қою экстрактардың жалпы технологиялық схемалары. Сығынды алу әдістері. Қолданылатын аппараттар мен қондырғылар.
Сокслет қондырғысының құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.
Құрғақ және қою экстрактар өндірісіндегі сулы және спиртті сығындыларды тазартудың негізгі әдістері.
Сығындыны қоюландырудың ерекшелігі.
Сығындыны кептірудің ерекшелігі.
Қою және құрғақ экстрактарды стандарттау. Сақталуы. Қолданылуы.
Қою және құрғақ экстрактардың жеке технологиялары.
Кептіру. Теориялық негіздері. Кептіру кинетикасы.
Кептіргіштердің түрлері. Контактты және ауа кептіргіштерінің жұмыс істеу принциптері.
Кептірудің арнайы тәсілдері. Қолданылуы.
СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ
Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек және берілген ситуациялық есептерді шешуі тиіс.
Тапсырма N 1. Оқытушының тапсырмасы бойынша берілген бір қою экстрактқа лабораториялық регламент жазып, технологиялық және аппаратуралық схемасын сызу. 5,0-6,0 г қою экстрактарды экстрактивті заттар бойынша дайындау үшін керекті бастапқы шикізатты есептеу («Руководство к лабораторным занятиям по заводжской технологии лекарственных форм». –под. Ред. Чл.-корр. АМН СССР Тенцовой А.И..-М.-1986).
Лабораториялық жұмыстарды жүргізу үшін керекті қою экстрактардың номенклатурасы:
а) үшжапырақтың қою экстракты;
б) субұрыш қою экстракты;
в) жусанның қою экстракты;
г) қалақайдың қою экстракты.
Тапсырма N 2. Құрылған регламент бойынша есептелген бастапқы шикізаттан сығынды алу .Оларды таңдалған әдіспен тазарту. Стандартты ылғалдылыққа дейін қоюландыру (буландыру) және өлшеу (қою экстрактың массасын анықтау).
Тапсырма N 3. Материалдық баланс құрастыру және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.
Тапсырма N 4. Қою және құрғақ экстрактардың номенклатуралық тізімін құрастыру. Экстрагентін, дайындау әдісін, қолданылуын және сақтау шарттарын көрсетіңіз.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Лабораториялық жұмыс, регламентті безендіру, ауызша сұрау, мылқау картамен жұмыс, есептер шығару.
Әдебиет
негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.
Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 1 том. - М. - 1991.
Иванова Л.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.
Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986. 71-85 беттер.
қосымша:
МФ ССРО Х, ХІ басылымы.
Лекциялық материалдар.
Әдістемелік нұсқаулар.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Бақылау:
Ситуациялық есептер:
Есеп 1. Тығыз қалдығы 64% болатын 140 кг үшжапырақтың қою экстракты алынды. Өнімді қалай нормаға келтіруге болады (ылғалдылығы 25%)?
Есеп 2. Құрамында 22% морфин бар опийдің 30 кг құрғақ экстракты алынды. Өнімді қалай нормаға келтіруге болады? (Морфиннің стандартты құрамы19,6%-20,4%). Экстрактың жалпы салмағы қанша болады?
Есеп 3. Ылғалдылығы 18% болатын 420 кг мия тамырының қою экстракты алынды. Экстрактты қалай нормаға келтіруге болады (тығыз қалдықтың мөлшері 75% аспауы керек)?
Бақылау сұрақтары:
Экстрактардың анықтамасын беріңіз. Консистенциясы және қолданылуы бойынша жіктелуі. Номенклатурасынан мысал келтіріңіз.
Қою және құрғақ экстрактарды алудың жалпы технологиялық сатыларын атаңыз.
Қою және құрғақ экстрактардың сығындыларын алу тәсілдері. Бөлшекті мацерацияның мәні неде. Қандай аппараттар қолданылады.
Қайнаған суды кейбір жағдайларда не үшін қолданады?
Кейбір жағдайларда неге суға аммиак және хлороформ қосылады?
Перколяция және реперколяция әдістерінің ерекшеліктері. Қандай аппараттар қолданылады?
Циркуляциялық экстракцияның ерекшелігі неде? Қандай қою экстракт осы әдіспен алынады? Экстрагент ретінде не қолданылады? Алынған экстракты қалай стандарттайды? Нормаға дейін қалай жеткізеді?
Үздіксіз қарсы ағынды экстракцияның артықшылықтары мен кемшіліктері. Қолданылатын аппараттар. Құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.
Сығындыны қоюландыру қалай жүргізіледі? Қолданылатын аппараттар. Қандай буландырғыш қондырғыларды білесіз? Жұмыс істеу принциптері.
Кептіргіштердің қандай түрлерін білесіз? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.
Алдын-ала қоюландырылған сығындыны кептіру қалай жүргізіледі? Ол үшін қандай кептіргіш қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
Сығындыны алдын-ала қоюландырусыз кептіру қалай жүргізіледі? Ол үшін қандай аппараттар қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
Қою және құрғақ экстрактарды стандарттау қалай жүргізіледі?
Сулы үшжапырақтың, еркек усасырдың, мия тамырының, жусанның қою экстракттарының жеке технологияларын айтып беріңіз.
Кептіру дегеніміз не? Кептіру процесі қандай периодтардан тұрады?
Кептіргіштердің түрлері.
Қандай кептіргіштер конвективтіге жатады (ауамен)? Жұмыс істеу принциптері мен конструктивті құрылысының ерекшелігі.
Қандай кептіргіштер контактіліге жатады? Жұмыс істеу принциптері мен конструктивті құрылысының ерекшелігі.
Кептірудің қандай арнайы тәсілдерін білесіздер? Олар қалай жүзеге асады? Қандай жағдайда қолданылады?
Сабақ № 10
Кредит 3
Тақырып 3 : Биогенді стимуляторлар, олардың қасиеттері және алу жағдайлары. Ағашты алоэден алоэ сөлін алу.
Мақсаты: Теориялық материалдарды оқу негізінде және іс-тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында, биогенді стимуляторлардың препараттарын дайындауды (алоэ экстрактын және сөлін алу арқылы) үйрену. Сығынды алудың тиімді әдісін таңдай білу, тазарту әдістерін білу және тұрақтандыруды үйрену, технологиялық процесті дұрыс жүргізуді үйрену.
Оқыту мақсаты:
студент білуі тиіс:
жас және арнайы дайындалған өсімдік шикізатынан алынатын препараттардың негізгі топтары;
тканьдік терапияның негізгі теориялық жағдайлары;
биогенді стимуляторлардың химиялық табиғаты және физико-химиялық қасиеттері;
биогенді стимуляторлар препараттарының номенклатурасы;
биогенді стимуляторлар препараттарының жеке технологиялары;
студент істей білуі тиіс:
алоэ жапырағын биостимуляциялау үшін қажетті жағдайларды дұрыс таңдау;
технологиялық режимді қатаң сақтай отырып, алоэ экстрактын алу технологиясын дұрыс жүргізу;
биогенді стимуляторлар препараттарын стандарттауды дұрыс жүргізу.
Тақырып бойынша тапсырмалар:
негізгі білім бойынша:
Сабақ тақырыбы бойынша орыс және латын тіліндегі терминология.
Өсімдік шикізаты құрамындағы биологиялық белсенді экстрактивті заттардың сипаттамасы.
Клетканың биофизикасы: моделді липидті мембраналар.
Терапевтикалық белсенділікке ие бейорганикалық тұздардың қасиеттері мен номенклатурасы.
Терапевтикалық белсенділікке ие органикалық және бейорганикалық қышқылдардың қасиеттері мен номенклатурасы.
Ароматтық қатардағы қышқылдардың физико-химиялық қасиеттері.
Талдаудың физико-химиялық және химиялық әдістері.
сабақ тақырыбы бойынша:
Ұлпалық терапияның негізгі теориялық жағдайлары.
Биогенді стимуляторлардың пайда болуына әсер ететін факторлар.
Биогенді стимуляторлардың химиялық құрылысы және физико-химиялық қасиеттері.
Биогенді стимуляторлар препараттарының номенклатурасы. Биогенді стимуляторлар препараттарын алудың негізгі тәсілдері.
Алоэ экстрактының, ФиБС, пелоидодистилляттың жеке технологиялары.Биогенді стимуляторлар препараттарын стандарттау. Олардың босатылу түрлері. Қолданылуы. Сақталуы.
Жылу процестері. Өткір және қатаң бумен қыздыру.
Су буымен айдауға арналған қондырғының негізгі элементтері.
Жылу алмастырғыштардың түрлері. Конденсаторлардың түрлері.
Студенттердің өзіндік тәжірибелік жұмысы
Студенттер лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек(бригадамен):
Тапсырма N 1. Оқытушының тапсырмасы бойынша алоэ экстрактына лабораториялық регламент жазып, технологиялық және аппаратуралық схемасын сызу.
Тапсырма N 2. Құрастырылған регламент бойынша берілген өсімдік шикізатынан алоэ экстрактын дайындау, көлемін өлшеу, тотығуын анықтау.
Тапсырма N 3. Материалдық баланс құрастырып, технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.
Тапсырма N 4. Алоэ сөлін алу үшін технологиялық өндірсінің типтік схемасын («Технология лекарственных форм» /Под ред. проф. Л.А.Ивановой . – 2-том . – 1991) сызу.
Алоэ экстрактысын алу әдісі
Алоэ жапырағын биостимуляциялау үшін 10-12 тәулік қараңғы жерде, 40-80 температурада сақтайды. Кейін оларды жуып, кептіріп, тісшелерін алып тастап, келіде ұнтақтайды. Алынған қоймалжың массаға 3 есе көп тазартылған су құйып, бөлме температурасында тұндырады. 2 сағаттан соң қыздырамыз, 1-2 минут қайнатамыз және фильтрлейміз. Фильтратты салқындатып, көлемін өлшеп, тотығуын анықтаймыз. Фильтратты 0,01 н. калий перманганаты ерітіндісімен күкірт қышқылының қатысында титрлейміз. Талдаудың көрсеткіштеріне сай фильтратты (тотығуы 1500 мг 1 л-ге болғанша) сумен сұйылтады. Кейін натрий хлоридін тұрақтандыру үшін қосып, 2 мин. қайнатады және фильтрлейді. Алоэның сулы экстракты ашық сары түстен қызыл сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
Иньекцияға арналған препаратты дайындау үшін мөлдір экстракты ампулаларға 1 мл-ден құйып, 1200 температурада 1 сағат стерильдейді. Қараңғы жерде сақтайды.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Лабораториялық жұмыс, регламентті безендіру, ауызша сұрау, мылқау картамен жұмыс.
Әдебиет
Негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.
Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.
ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.
Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.
МФ СССР, ХІ басылымы. - 1990 ж.
Қосымша:
Лекциялық материалдар.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Оқу әдістемелік өңдеу И.М.Сеченов атындағы 1 ММИ "Препараты биогенных стимуляторов".- М. - 1978, 30 стр.
В.П. Филатов Тканевая терапия.-М. Знание -1975
Бақылау:
Бақылау сұрақтары:
Ұлпалық терапия. Оның негізгі жағдайлары.
Жануарлар мен өсімдіктердің оқшауланған ұлпаларында биогенді стимуляторлардың синтезделуіне қандай факторлар әсер етеді? Биогенді стимуляторлар препараттары өндірісінде бастапқы шикізатты арнайы дайындау үшін қандай факторларды қолданады?
Биогенді стимуляторлардың химиялық табиғаты және физико-химиялық қасиеттері.
Биогенді стимуляторлар препараттарының номенклатурасы.
Биогенді стимуляторлар препараттары өндірісінде қандай негізгі тәсілдер қолданылады?
Алоэ сұйық экстрактын алудың ерекшелігі неде? Берілген препаратты қалай стандарттайды?
Биосед препаратын қандай шикізаттан алады? Препараттың алыну ерекшеліктері мен қолданылуын көрсетіңіз.
Лиман балшығынан алынатын препараттарды атаңыз, олардың технологиясының ерекшеліктері қандай?
Пелоидин және пелоидодистиллят өндірістерінің айырмашылықтары мен ерекшеліктері неде?
Биогенді стимулятолар препараттары қандай дәрілік түр ретінде босатылады? Олар қалай қолданылады? Сақталуы.
Жас өсімдік шикізатын дайындау және экстракциялау ерекшеліктері. Жас өсімдік шикізаты препараттары өндірісінің қиындықтары неден туындайды?
Жас өсімдік шикізатынан алынатын препараттардың жіктелуі мен номенклатурасы және қысқаша сипаттамасы.
Жас өсімдік шикізатын қалай ұнтақтайды және осы мақсатта қандай машиналар қолданылады.
Жас өсімдік шикізатынан тұндырмаларды алу ерекшелігі. Оларды қандай көрсеткіштері мен белгілері арқылы стандарттайды?
Сөлдер өндірісінің жалпы технологиялық схемасы қандай?
Сөлдер өндірісінде тазартудың қандай әдістері қолданылады?
Сөлдерді қалай тұрақтандырады? Неге?
Жолжелкен сөлінің технологиялық ерекшелігі?
Алоэ және каланхоэ сөлдерін алудың ерекшелігі қандай және ол немен түсіндіріледі? Бұл сөлдерден қандай дәрілік түрлер алынады?
Жас өсімдік шикізаттарынан алынатын препараттар өндірісінің даму перспективалары қандай?
Сабақ № 11
Кредит 3
Тақырып 4: Максимальды тазартылған фитопрепараттарды алу. Стандарттау.
Мақсаты: Теориялық материалдарды оқу негізінде және практикалық тапсырмаларды орындау барысында тақырып бойынша алған білімді бекіту. Сокслет типті қондырғыдан циркуляциялық экстракция арқылы препараттарды алуды үйрену және сығындыларды балласты және қосалқы заттардан толығымен тазартуды жүргізу.
Оқыту мақсаты:
студент білуі тиіс:
жаңа галендік препараттар өндірісінің технологиялық схемасы;
біріншілік және терең тазарту тәсілдері;
жаңа галендік препараттарды алуға қолданылатын аппараттар;
жеке заттардың препараттарының артықшылықтары;
экстрагенттердің номенклатурасы.
студент істей білуі тиіс:
Сокслет қондырғысында циркуляциялық экстракция жүргізу, аппаратты дұрыс жинау және жұмысқа қосу;
сығындыларды біріншілік және терең тазартуды дұрыс жүргізу;
препаратты стандарттау;
әсер етуші заттар бойынша материалдық баланс құрастыру және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
негізгі білім бойынша:
Сабақ тақырыбы бойынша латын және орыс терминологиясы.
Өсімдік шикізатының биохимиялық құрамы.
Сығындыларды тазарту. Негізгі тәсілдері.
Сорбция, дегидратация, сұйықтықты экстрацияның теориялық негіздері.
сабақ тақырыбы бойынша:
Жаңа галендік препараттар. Анықтамасы. Жіктелуі. Номенклатурасы.
Жаңа галендік препараттар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы. Экстракциялау тәсілдері, оларды қолдану ерекшеліктері.
Жаңа галендік препараттар өндірісінде қолданылатын экстрагенттер.
Жаңа галендік препараттар өндірісінде сығындыларды біріншілік тазарту тәсілдері. Фракциялық тұндыру. Оның негізгі тәсілдері. Олардың негізінде жатқан әсер ету механизмі. Қолданылатын аппараттар.
Жаңа галендік препараттар өндірісінде сығындыларды терең (толық) тазарту тәсілдері.
Сорбция түрлері (адсорбция, адсорбция, хемосорбция).Қолданылатын аппараттар (абсорбер, адсорбер) және қондырғылар. Олардың құрылыстары мен жұмыс істеу принциптері.
Диализ және электродиализ. Олардың механизмдері. Қолданылуы. Қолданылатын аппараттардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.
Сұйықтықты экстракция, оның механизмі. Қолданылатын қондырғының құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.
Жалынгүл, дигиталис, үлкен жолжелкен, меруертгүл, спорынья, раувольфияның жаңа галендік препараттарының жеке технологиялары.
Жаңа галендік препараттарды стандарттау, оларды босату түрлері.
СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ
Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек.
Тапсырма N 1. Адонизидтің берілген мөлшерін циркуляциялық экстракциямен алу. Экстрагент: 96% этанол және хлороформ қоспасы (5:95). Ол үшін:
а) бастапқы шикізат пен экстрагенттің мөлшерін есептеу. Өсімдік шикізатын алдын – ала ісіндіріп қою керек.;
б) адонизид өндірісіне лабораториялық регламент құрастыру;
в) алынған сығындыны біріншілік және толығымен тазарту, стандарттау.
г) әсер етуші заттар бойынша материалдық баланс құрастыру.
Тапсырма N 2. "Руководства к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм" (Тенцова А.И. - М., 1986 г) оқулығындағы 190-192 беттердегі есептерді шығару.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Ауызша сұрау, лабораториялық жұмыс, регламент безендіру, мылқау карталармен жұмыс.
Әдебиеттер
Негізгі:
Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.
ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.
Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Қосымша:
Лекциялық материалдар.
МФ СССР, ХІ басылымы. - 1990 ж.
Бақылау:
Бақылау сұрақтары:
Экстракциялық препараттарға анықтама беріңіздер. Қалай жіктеледі? Мысал келтіріңіздер.
Экстракциялаудың қандай әдістерін білесіздер? Олар қалай және қандай аппараттарда жүргізіледі?
Жаңа галендік препараттар дегеніміз не? Артықшылықтары мен кемшіліктері. Жіктелуі. Мысал келтіріңіздер.
Жаңа галендік препараттарды алудың жалпы схемасы. Олардың өндірісінде экстракциялаудың қандай тәсілдері қолданылады?
Біріншілік тазартудың қандай тәсілдерін білесіздер?
Спирттік тазартудың, тұздықтаудың, ауыр металдар тұздарымен тұнбаға түсірудің, денатурацияның, еріткішті ауыстырудың механизмі.
Сығындыны сапониндер мен хлорофилден қандай тәсілмен тазартады? Тазарту қалай жүргізіледі?
Сығындыларды толығымен (терең) тазарту тәсілдері.
Сұйықтықтық экстракцияның механизмі қандай? Олар қандай жағдайда, қандай аппаратта, қалай жүргізіледі?
Сорбцияның қандай түрлерін білесіздер? Сипаттама беріңіздер.
Сығындыларды тазарту үшін қандай адсорбенттер қолданылады? Қандай аппараттарда?
Хемосорбция дегеніміз не? Сорбенттер ретінде не қолданылады?
Тазарту тәсілі ретінде диализдің механаизмі қандай? Сорбент ретінде не қолданылады?
Құрамында жүрек гликозидтері бар жаңа галендік препараттарда илік заттар неліктен болмауы керек? Олардан қалай тазартады?
Жаңа галендік препараттар өндірісінде қандай экстрагенттер қолданылады? Неліктен?
Жаңа галендік препараттар қалай стандартталады? Қалай босатылады?
Жалынгүл, оймақгүл, үлкен жолжелкен, қара күйе, меруертгүл препараттарының жеке технологияларының ерекшеліктері неде?
Жеке заттар препараттарының артықшылықтары? Олардың номенклатурасы.
Жеке заттар препараттарының алынуының жалпы схемасы.
Бұл топтың сығындыларын алу өндірісінде қолданылатын экстрагентті таңдау үшін неге сүйенеді?
Алынған сығындыдан әсер етуші заттар суммасын қандай тәсілдермен бөліп алады?
Өсімдік шикізатынан алынған сығындыны тазартудың ерекшеліктері.
Дигитоксин, целанид, эрготамин гидротартрат препаратттарының жеке техонологияларының ерекшеліктері.
Тест тапсырмалары:
1. Жаңа галендік препараттар – бұл ... .
| экстрагентті толық немесе жартылай аластату арқылы алынған, дәрілік
өсімдік шикізатының концентрлі сығындылары
| қыздырусыз және экстрагентті аластатпай, дәрілік өсімдік шикізатынан
алынатын биологиялық белсенді заттардың спирттік сығындысы
| дәрілік өсімдік шикізатынан алынған, құрамында биологиялық заттары
табиғи күйде болатын, балласты және қосымша ілеспелі заттардан толық
тазартылған сығындылар
| бөліп алынған өсімдік және жануарлар ұлпасында қолайсыз жағдайларда
түзілетін заттардың препараттары
| құрамында биологиялық белсенді заттары табиғи күйде болатын және
жас өсімдік шикізатынан сығу арқылы алынған қою және қою емес
шырындар
Жаңа галенді стероидты сапониндер препараттары ... .
| рамнил, раунатин, плантоглюцид
| фламин, эрготал
| адонизид, коргликон, кордигит
| диаспонин, полиспонин
| ависан, гитален, даукарин
Диализ механизмі ... аяқталады.
| диффузия жолымен жартылай өткізгіш мембрана арқылы сығындыны
биополимерлерден босатумен
| бір сұйықтықта еріген әсер етуші заттарды бөліп алу, заттардың әртүрлі
ерігіштігіне байланысты бірінші сұйықтықпен араласпайтын басқа
сұйықтық көмегімен экстракциялаумен
| қатты заттың ерітіндіден бір немесе бірнеше компоненттерді таңдамалы
жұтуымен
| жоғары немесе төмен температура, УК-сәулелер, ультрадыбыс әсерімен
сығындыдағы ақуыздарды және пектиндерді тұндырумен
| күшті электролиттер ерітінділерінің көмегімен гидраттық қабатын бұзу
арқылы сығындыдағы биополимерлерді тұндырумен
Сорбция механизмі ... аяқталады.
| қатты заттың - ерітіндіден бір немесе бірнеше компоненттерді
таңдамалы жұтуымен
| бір сұйықтықта еріген әсер етуші заттарды бөліп алу, заттардың әртүрлі
ерігіштігіне байланысты бірінші сұйықтықпен араласпайтын басқа
сұйықтық көмегімен экстракциялаумен
| диффузия жолымен жартылай өткізгіш мембрана арқылы сығындыны
биополимерден босату
| жоғары немесе төмен температура, УК-сәулелер, ультрадыбыс әсерімен
сығындыдағы ақуыздар мен пектиндерді тұндырумен
| күшті электролиттер ерітінділерінің көмегімен гидраттық қабатын бұзу
арқылы сығындыдағы биополимерлерді тұндырумен
Жүрек гликозидтерінің препараттарына ... жатады.
| фламин, даукарин, платаглюцид
| эрготал, раунатин
| диаспонин, полиспонин
| коргликон, дигален-нео, лантозид, кордигит, адонизид
| ависан, рамнил
Сабақ № 12
Кредит 4
Тақырып 1: Таблеткалар.Ұнтақтардың және түйіршіктердің физико-химиялық және технологиялық қасиеттерін зерттеу. Түйіршіктердің сапасын бағалау. Түйіршіктеуді қолданып таблеткаларды алу.
Мақсаты: Таблеткамен дәрілік түр ретінде танысу. Түйіршіктеу процесін теория жүзінде негіздеу және түйіршіктерді дайындауға, ұнтақтар мен түйіршіктердің физико-химиялық және технологиялық талдауларын дұрыс жүргізе білуге үйрету. Өздігінше таблеткаларды престеу арқылы алуды үйрену.
Оқыту мақсаты:
студент білуі тиіс:
таблеткалардың дәрілік түр ретінде анықтамасын;
таблеткаларды дайындау кезінде қолданылатын қосымша заттарды;
таблеткаларға қойылатын талаптарды;
түйіршіктеудің әдістері мен тәсілдерін;
түйіршіктегіштер мен ысқылағыш машиналарды, кептіргіштерді;
таблеткаларды алу процесінің технологиялық сатыларын;
таблеткаларды престеу әдісімен дайындаудың негізгі операцияларын.
студент істей білуі тиіс:
әсер етуші және қосымша заттардың мөлшерін есептеу;
түйіршіктерді дайындау және сапасын бағалау;
таблеткалардың сапасын МФ ХІ бас. талаптары бойынша және зерттеудің қазіргі әдістеріне сай жүргізу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
негізгі білім бойынша:
Фармацевтикалық технологияда қолдануға рұқсат етілген қосымша заттар. Олардың жіктелуі, номенклатурасы және сипаттамасы.
Тығыздық. Заттардың көлемдік тығыздығы.
Ұнтақ тәріздес заттардың сусымалдылығы.
Сусымалы материалдардың гигроскопиялығы туралы түсінік.
Кристаллизациялық су және оның ұнтақ тәріздес заттардың физико-химиялық қасиеттеріне тигізетін әсері.
сабақ тақырыбы бойынша:
Таблеткалар, олардың дайын дәрілік түрлер ассортиментінде алатын орны. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Таблеткалардың қолданылу және дайындалу тәсілдері бойынша жіктелуі.
Таблеткаларға МФ ХІ басылымы бойынша қойылатын талаптар.
Таблеттеудің теориялық негіздері. Ұнтақ тәріздес заттардың физико-химиялық және технологиялық қасиеттері, олардың өзара байланысы. Таблеттеу механизмінің теориясы.
Таблетка өндірісінің жалпы технологиялық схемасы. Негізгі сатылары. Дәрілік және қосымша заттарды дайындау.
Түйіршіктеу. Түйіршіктеудің әдістері мен тәсілдері. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Түйіршіктеуге қолданылатын аппараттар.
Түйіршіктердің сапасын бағалау, технологиялық қасиеттерін анықтау.
Престеу. Таблеттеуші машиналардың типтері. Олардың жұмыс істеу принциптері. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
Таблеттеуші машиналардың прес-аспаптарының негізгі элементтері.
СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ
Студенттер теориялық білімдерін бекіту үшін лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы және протокол мен регламентті безендіруі керек.
Тапсырма N 1. Ұнтақ тәріздес заттардың келесі физико-химиялық және технологиялық қасиеттерін анықтаңыз:
а) жеке препараттар мен қөмекші заттар бөлшектерінің формасын анықтау;
б) ұнтақтардың фракциялық құрамын анықтау;
в) ұнтақтардың көлемдік тығыздығын анықтау;
г) ұнтақтардың сусымалдылығын анықтау.
Тапсырма N 2. Құрамында 0,5 г стрептоцид немесе сульфадимезин бар 20 таблетка дайындау үшін қажет дәрілік зат пен көмекші заттардың мөлшерін есептеңіз.
Тапсырма N 3. Құрамында 0,5 г. стрептоцид немесе сульфадимезин болатын таблеткаларды алу үшін керекті түйіршіктерді дайындау керек. Төменде көрсетілген көрсеткіштер бойынша түйіршіктердің сапасын бағалаңыз.
Тапсырма N 4. Алдын-ала түйіршіктеу арқылы престеу әдісімен 0,25 г немесе 0,5 г сульфадемизин және 0,3 г немесе 0,5 г стрептоцид таблеткаларын алуға лабораториялық регламент құрастыру.
Тапсырма N 5. Алдын-ала түйіршіктеу арқылы престеу әдісімен таблеткалар алу.
Тапсырма N 6. Алынған таблеткалардың таблеткалардың сапасын бағалау.
Тапсырма N 7. Материалдық балансты есептеу, шығын коэффициентін, технологиялық шығын, шығымды есептеу. Регламент безендіру.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Ауызша сұрау, лабораториялық жұмыс, протоколды безендіру, мылқау карталармен жұмыс, есептер шығару.
Әдебиет
негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.
Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 1 том. - М. - 1991.
Иванова Л.А.-Технология лекарственных форм. – 2-том. - 1991.
Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - М. - 1986.
қосымша:
МФ ССРО Х, ХІ басылымдары.
Лекциялық материалдар
Макхамов С.М. Основы таблеточного производства. Ташкент, 2004, 146 с.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Бақылау:
Бақылау сұрақтары:
Таблеткаларға дәрілік түр ретінде МФ ХІ басылымы бойынша анықтама беріңіз.
Таблеткаларға қойылатын талаптар? Таблеткалардың дәл дозалануын, механикалық беріктігін, ыдырағыштығын қалай қамтамасыз етуге болады?
Таблеткалардың номенклатурасы мен жіктелуі.
Ұнтақ тәріздес дәрілік заттарға қандай физико-химиялық қасиеттер тән және олар таблетка сапасына қалай әсер етеді?
Ұнтақ тәріздес дәрілік заттарға қандай технологиялық қасиеттер тән және олар таблетка сапасына қалай әсер етеді?
Таблеттеудің теориялық негіздері: механикалық, капиллярлы-коллоидты, электрлік?
Көмекші заттардың негізгі топтары. Сипаттамасы және жіктелуі.
Таблеттеуші массаларға көмекші заттар қандай технологиялық қасиет береді?
Таблеткалар өндірісінде толықтырғыштар қандай жағдайда қолданылады?
Байланыстырғыш заттардың қызметі. Құрғақ байланыстырғыштар қандай жағдайда қолданылады?
Таблетка құрамына ыдыратқыш заттар не үшін қосылады? әсер ету механизмі бойынша жіктелуі және номенклатурасы.
Антифрикциондық заттардың қолданылуы? Қандай топтарға бөлінеді? Олардың дисперстілігіне қандай талаптар қойылады? Неге? Олар қай сатыда қосылады?
Таблеткалар өндірісінде бояғыш заттардың қолданылуы? Олар қандай топтарға бөлінеді? Номенклатурасы.
Түйіршіктеу дегеніміз не? Фармацевтикалық өнеркәсіпте түйіршіктеудің қандай әдістері қолданылады?
Таблеттелетін массаны қандай мақсатта түйіршіктейді?
Құрғақ түйіршіктеу қалай жүргізіледі, оның артықшылығы мен кемшілігі?
Ылғалды түйіршіктеу кезінде қандай қосымша заттар қолданылады және олар қалай жіктеледі?
Ылғалды түйіршіктеудің қандай тәсілдерін білесіздер? Олардың артықшылығы мен кемшілігі? Қандай аппараттар қолданылады? Олардың жұмыс істеу принципі неге негізделген?
Перфоратор дегеніміз не? Оның жұмыс істеу принципі.
Түйіршіктелген массаны кептіру. СП-30 аппаратының жұмыс істеу принципі.
Қайнау қабатында түйіршіктеуге сипаттама беріңіз? Оның артықшылығы қандай? СГ-30 аппаратының жұмыс істеу принципі.
Шашырата кептіру арқылы түйіршіктеудің мәні неде?
Таблетка өндірісінің жалпы технологиялық схемасы. Негізгі сатылары.
Достарыңызбен бөлісу: |