ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет69/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79

143
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
2.1. балалармен тілдесу 
Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері 
жөніндегі мамандандырылған сотында айыпталу-
шы жасөспірімдермен тілдесу үшін психологиялық 
жеңілдету бөлмесі бар, бұл бөлмеде психологтар, 
қорғаушылар заңды бұзған жасөспірімдермен 
және болып жатқан жағдайдың мәнісін түсіндіру 
үшін олардың ата-аналарымен тілдесе алады және 
сотқа дейін жасөспірім балалардың адекватты 
күйін қолдауға тырысады. 
Сот процесін жүргізу ерекшелігі судьялардың 
авторитарлық ұстанымы емес, жасөсіпірімдердің 
жасаған қылмыстарын сезіндіру үшін егер 
қажет болған жағдайда, жасөспірімдердің мінез-
құлқындағы қателіктерді түсіндіре отырып 
көрсетілетін жеке ұстаным болып табылады. 
Жасөспірімдер әдетте мысалы, бір-екі күнге басқа 
жасөспірім досының ұялы телефонын алып кетсе, 
оның құқықтарын бұзғанын және соған жауап 
беруі қажет екенін түсіне бермейді. 
Сот отырысы кәмелет жасына толмаған 
қорғалушыға қатысты соңғысы өзінің қоғамдағы 
әрекетін бағалай алуы үшін сұрақ-жауап ретінде 
жүргізілуі мүмкін. 
Судья қорғалушымен жұмыс жасаған кезде 
тілдесудің әр түрлі тәсілін (әңгімелесу, бақылау 
және т.б.) қолданады, бұл заңда қарастырылған 
әсер ету шаралары жасөспірімнің өз мінез-құлқын 
түзеуге бағыттауы үшін қажет. 
Интеллектуалдық, еріктілік және психикалық да-
муды, мінез бен темперамент ерекшеліктерін, 
жасөсіпірім психикасының жас ерекшеліктерінің 
көріну дәрежесін анықтау үшін соттық 
психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкін. 
Сот талқылауы кәмелетке толмағандардың 
мүдделеріне жауап беруге және түсіністік аху-
алында жүзеге асырылуға тиіс. Бұл кәмелетке 
толмағандардың сот талқылауына қатысуына және 
өз көзқарасын еркін айтуына мүмкіндік береді. 
Сот пен процеске қатысушылардың барлығы осы 
психологиялық факторлардың барлығын ескеруге 
тиіс. Сот үрдісінде дөрекілік, жекіру, шыдамсыздық 
танытудың болуы мүмкін емес, ал кәмелетке 
толмағандардың қылмыстарын қарастырған 
кезде мүлдем болмауға тиіс. Жасөспірімдерге 
тән айрықша сезімталдық, сенгіштік, өмірілік 
тәжірибенің жоқтығы сот үдерістерін ерек-
ше әдеппен, ептілікпен, сақтықпен өткізуді 
міндеттейді. Кәмелет жасына толмағандардың 
қылмыстық істеріне қатысты іс бойынша алдын ала 
тыңдау өткізген жөн. 
Қорғалушы, қылмыстың құрбандары немесе 
куәгері болған кәмелетке толмаған балалармен 
тілдесу жасөспірім мінезінің акцентуациясына 
тәуелді жеке негізде құрылады. Жасөспірімдер 
әбден сілесі қатып шаршаған, есінен танған, 
есеңгіреген болуы мүмкін (қылмыс құрбандары 
немесе куәгері ретінде); дөрекі, ашушаң, қиқар 
мінезін әдейі көрсететін болуы мүмкін (қорғалушы 
ретінде). 
2-бөлім.
Қылмыстық іс жүргізудегі 
әлеуметтік-психологиялық 
зерттеулер


144
Заңды бұзған қыздар мен ер балалар өздерін әр 
түрлі ұстайды: қыз балаларда көбінесе астениялық-
невротикалық мінез акцентуациясы көрінеді 
(олардың көзінің жасы дайын тұрады, долы, жиі 
жылайды). 
Сот төрағасы өзінің мінез ерекшеліктерін 
көрсеткісі келетін кейбір жасөспірімдердің сот-
ты сыйламауы, өзін әдепсіз ұстауы секілді мінез-
құлықтарының қандай да бір аз ғана көрінісін бол-
са да тез арада тоқтатуы тиіс. 
2.2. Қылымыстық іс 
жүргізу кезінде әлеуметтік-
психологиялық зерттеуді 
қолданудың тәжірибелік 
мысалдары
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары ту-
ралы қылмыстық істерді сот қараудың 
процессуалдық және тактикалық ерекшеліктері 
балалар мен жасөспірімдердің жеке басының 
психофизиологиялық және әлеуметтік 
ерекшеліктерімен анықталады. Осыған байланы-
сты әлеуметтік-психологиялық зерттеу және оған 
негізінде дайындалған ұсынымдар қылмыстық 
істер бойынша шешімдер шығарған кезде пәрменді 
көмек көрсетуі мүмкін. Төменде зерттеудің 
қорытынды материалдары келтіріледі. 
1-мысал
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 
соттың сұранысы бойынша кәмелетке 
толмаған айыпталушы К. Ілиясты (15 жа-
ста) әлеуметтік-психологиялық зерттеу 
қорытындысы
Әлеуметтік-психологиялық зерттеу 178-баптың 
2-бөлімінің «а,в» тармақтарына сәйкес айыпталған 
К.І. Н-ге қатысты қылмыстық істі қарастыруға 
байланысты Астана қаласы кәмелетке толмағандар 
істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған 
сотының сұранысы бойынша жүрігізілді.
28.10.2008 ж. БӘБ орталығының мамандары К. от-
басымен кездесті.
Мақсаты: Жасөспірімді қылмыс жасады деген айып 
тағу бойынша жүргізілетін қылмыстық үдеріс кезінде 
оның отбасына көмектесу мақсатында К. Ілиясты, 
оның отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеу. 
«Отбасылық сұхбаттан» байқалған отбасының 
әлеуметтік сипаты:
Анасы: К. Сайран А. – 43 жаста (уақытша жұмыс 
істемейді), 2002 жылы ажырасқан, 4 ұлды тәрбиелеп 
отыр.
Әкесі: К. Нұрлан Ж. – 45 жаста, жұмыссыз, 
Қостанай облысында тұрып жатыр.
Ұлдары: 
К. Рүстем Н. – 21 жаста, «Татинвест» ҚБ жұмыс 
жасайды, электрмонтаждаушы.
К. Талғат Н. – 17 жаста, «Эйкос» ЖШС әр түрлі 
жұмыс істейді
К. Ілияс Н. – 15 жаста №…ОМ 9 «Б» сынып 
оқушысы.
К. Дамир Н. – 12 жаста №... ОМ 6 «Д» сынып 
оқушысы.
Отбасы Астана қаласының ………… көшесі мекен-
жайы бойынша бір бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. 
К. Ілияс – отбасындағы үшінші бала. 2002 ж. бері 
ата-анасы ажырасқан. Қазіргі кезде әкесі Қостанай 
облысында басқа отбасымен тұрып жатыр. 
Әкесі балаларына сирек келеді, бірақ балала-
ры әкелерін жақсы көрмейді, оған немқұрайлы 
қарайды. 
Балалар мен анасы өздерін бірлігі жарасқан отбасы 
деп санайды, отбасылық мәселелерді бірге шешеді. 
Үлкен ағалары өз еңбек ақыларына киім-кешек, 
тамақ алу арқылы аналарына көмектеседі. 
Анасымен әңгімелесу кезінде Ілиястың мейірімді, 
елгезек бала, отбасының барлық мүшелеріне 
қайырымды екені, үлкен ағаларын және анасын 
тыңдайтыны анықталды. Ілиястың мектепте доста-
ры көп, бірақ сабағы нашар. 
Анасының сөзіне сәйкес,болған жағдайдан кейін 
ол жанжалдың сотсыз шешілетініне сенген, бірақ 
өкінішке қарай, басқаша болып шықты. 
К. Ілиясты зерттеу деректері: 
Зерттеу кезінде Ілияс мамандармен оңай 
байланыс орнатты, барлық тестілік және 
электрондық нұсқауларды түсініп, тапсырмаларды 
қызығушылықпен орындады. 
Танымдық ортасы мен тілінің ерекшеліктері: 
қоршаған орта туралы жалпы түсінігі ба-
рынша толық, танымдық қызығушылық тән, 
комуникативтік дағдысы дамыған. Ашушаңдық 
пен өшпенділік деңгейі қалыпты, бірақ 
жасөспірімнің жетістікке, жоғарғы нәтижеге жету 
қажеттілігін дамытуына мүмкіндік бермейтін 
сыныптағы жағымсыз психикалық жағдаймен бай-
ланысты алаңдаушылық сезіледі. Жасөспірімнің 
интеллектісі орташа, бұл оның дамуы үшін әлеует 
болып табылады.
Эмоционалдық-ерік-жігері және тұлғалық 
ортасының ерекшеліктері: Зерттеудің 
қорытындысы оның өзін-өзі адекватты 
бағалайтынын, талаптану деңгейі жоғары екенін 
7-тарау.
Сот тәжірибесіне әлеуметтік-психологиялық сарапшыларды тарту


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау