133
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
әдістемесі (мінсіз ата-ана туралы түсінікті
зерттеу және шынайы ата-анамен салысты-
ру);
•
«Ата-ана рөлін қабылдау және орындау»
әдістемесі (ата-ана рөлін қабылдау дәрежесі
мен деңгейін және ата-аналық сәйкестілік
мінезін зерттеу);
•
«Ата-ананың жақсы сезімдері» әдістемесі
(ата-ананың жақсы сезімдерін, олардың
компонентерінің даму деңгейін анықтау);
•
«Ата-ана махаббаты менн сүйіспеншілігі»
сауалнамасы (ата-аналық сезімнің
психологиялық құрамдас бөліктерін зерт-
теу);
•
«Ата-ананың жеңістері мен жеңілістері» са-
уалнамасы (ата-аналар мен олардың балала-
ры арасындағы қарым-қатынастың негізгі
мәселелерін анықтау, алынған ақпарат
негізінде отбасымен топтық және жеке
жұмыс істеуді жоспарлау).
Балалармен жұмыс істеуге арналған
тестілер:
•
Кеттелдің жеке тұлғалық тесті (жасөспірімдік);
•
Кеттелдің интеллектуалдық тесті (вербалды
емес);
•
«Жасөспірімдер ата-аналары туралы»
(Шафердің «ADOR» модификациясы);
•
Жасөспірімнің тәртібі мен тұлғалық
ерекшеліктерін, оның назар аудару қажет
белгілері мен агрессивті қылықтарға бейімділігін
анықтауға мүмкіндік беретін «Жасөспірім
жастағы тұлғалық ауытқулар» тақырыбындағы
психологиялық тестілер блогы.
Блок мазмұны:
•
А.Е. Личко бойынша патомінезді анықтауға
арналған диагностикалық сауалнама (ПДС);
•
Басс-Даркидің сауалнамасы (А.К. Осницкий
бейімдеген);
•
К. Томастың тұлғаның жанжалды мінез-
құлыққа бейімділігін анықтау диагностикасы
(Н.В. Гришина бейімдеген);
•
«Субъективті уақыт» тесті – классикалық
психофизиологиялық сынама;
•
Д. Роттердің «Субъективті бақылау деңгейі»
(Е.Ф. Бажин, С.А. Голынкина, А.М. Эткинд
бейімідеген);
•
Теммлл мен Дорктің алаңдаушылыққа қатысты
тесті (сурет арқылы);
•
Филлипстің мектептегі алаудаушылық бойын-
ша тесті;
•
Ойлаудың ұғымдық нысандарын дамыту диа-
гностикасы;
•
Кеттелдің интеллектуалдық тесті;
•
Адамның суреті (Гудиаф-Харрис).
Бала санасының бейнесі ретінде және қос біл
білетін балалармен жұмыс жасаған кезде қажет
«Менің отбасым», «Отбасылық топтама», «Үй,
ағаш, адам», «Автопортрет», Рене Жилдің
тұлғааралық өзара іс-қимыл тесті, Розенцвейгтің
тесті және т.б. жобалық әдістемелерін қолдану
жұмыстың міндетті компоненті болып табылады.
Одан әрі сот сұранысына сәйкес (жәбірленуші
мен жауап берушінің жеке мінездемелері, ішкі
отбасылық қарым-қатынас пен тәрбиелеу
ерекшеліктерін талдау, баланың ақиқат пен
тараптарға қатынасы, баланың даму деңгейі және
т.б., егер Қазақстан Республикасының шекарасы-
нан әрі алып кететін болса, 20 параметрге дейін)
алынған деректерге талдау жүргізіледі және
баланың құқықтары мен мүддесін ескере отырып
мінездеме жазылады.
Әлеуметтік-психологиялық зерттеудің
(сараптаманың) тәуелсіздігі мамандардың
ұстанымына: баланың мүддесін оның ата-анасының
мүдделеріне тәуелсіз қорғау, сондай-ақ үшінші та-
рап ретінде ұйым директорының сараптамалық
ұстанымына негізделген.
Бір немесе бірнеше (күрделі істерді қарастырған
кезде) психолог зерттеуді аяқтағаннан кейін
ұсынымдары бар дайындалған қорытындыны от-
басымен жұмыс істеген кезде пайда болуы мүмкін
субъективті көзқарасы жоқ ұйым директорының
қарауына тапсырады, диагностика қортындыларын
ғана басшылыққа ала отырып, қортындыға қол қояды.
Отбасымен жұмыс істеген кезде отбасы тұратын
мекен-жайға бара отырып, кем дегенде 5 кездесу
өткізіледі. Кездесу саны шартты болып есептеледі,
себебі жанжалды жағдайда қосымша кездесу-
лер, азаматтық некедегі ерлі-зайыптыларды және
олардың балаларын қосымша тестілеу қажет
болады. «БӘБ орталығы» ҚБ қажет жағдайда
әріптестеріне таныстырылуы мүмкін психолог
жұмысының хронометражын жасаған.
Сотта бала мүддесін қорғау дегеніміз
психологтың сотқа қатысуын, қорытындыны
оқуды, прокурордың, қорғаушылардың,
судьялардың сұрақтарына жауап беруді, сондай-ақ
эмоционалдық ширығуды, жағымсыз салдарлар-
ды азайту үшін балаларға прихологиялық көмек
көрсетуді білдіреді.
Отбасымен жұмыс жасаған кезде психологтардың
медиация, психологиялық түзету негіздері бой-
ынша білімді қолдана алатынын атап өткен жөн,
өйткені тараптар бейбіт келісімге келсе, мұндай
бірігіп атқарылған жұмыстар неғұрлым жемісті
болып саналды.