Тәжірибе сабағының



жүктеу 306,59 Kb.
бет1/2
Дата04.12.2017
өлшемі306,59 Kb.
#2931
  1   2

Д.Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжі




Тәжірибе сабағының

оқу-әдістемелік кешені

Пән: «Информатика»
Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»
Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»
Тақырып: «Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»

Оқытушы: Бейсенбаева Д.К.

ӘБК мәжілісінде қаралды.

Хаттама №_______________

«____»____________ 201_ ж.

ӘБК төрайымы: ___________
Оқу - әдістемелік кешеннің мазмұны:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім

беру стандартынан көшірме.
2. Оқу жоспарынан көшірме.
3. Жұмыс бағдарламасынан көшірме.
4. Сабақтың әдістемелік әзірлемесі.
5. Сабақтың барысы.

Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме



Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Пәннің коды: ЖКП 11

Пәннің атауы: Информатика
Пән мазмұны:

  • материалдық дүниедегі ақпарат;

  • ақпараттың түрлері және оның әдістері;

  • компьютермен танысу және құрылғылар мәнімен таныстыру;

  • қолданбалы және стандартты программаларды дұрыс қолдану;

  • қоғам өміріндегі эем-нің медицинадағы рөлі;

  • жаңа компьютер технологиясын.


Компетенция коды: БҚ6 КҚ 1-9
Біліу керек:

  • компьютер туралы негізгі мағлұмат;

  • wіndows операциялық жүйесінің жұмыс үстелін;

  • қолданбалы және стандартты программалармен жұмыс істеуді;

  • statistics деректер қорын басқаруды;

  • ауқымды және жергілікті желіні;

  • антивирустан қорғау құралдарын;

  • html құжатының негізін;

  • pascal және программалау тілінің алфавитін;

Істей біліу керек:

  • жаңа технологиямен жұмыс жасауды;

  • қолданбалы және стандартты программалармен жұмыс істеуді;

  • медициналық есептерді шығаруда statistics

  • интернет желісімен жұмыс жасауды.


Оқу жоспарынан көшірме:
Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Пәннің атауы: Информатика

Пән бойынша барлық сағат: 136 сағат

Теория: 36 сағат

Тәжірибе: 100 сағат


Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Пән мазмұны:

3 Бөлім. Microsoft Word мәтіндік редакторы

MicrosoftWord мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтар. Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу құралы, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолы. Мәтінді құру, сақтау, атын ауыстыру, көшіру және құжатты басып шығару. Кесте құру және оны пішімдеу. Құжатқа графикалық кескіндерді енгізу. WordArt объектілері.



БК1. Оқыту

Жұмыс бағдарламасынан көшірме:
Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Пәннің атауы: Информатика

Курс 2 семестр 3

Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 2

Тәжірибе: 2сағат

8 сабақ Тақырып: «Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»



Сабақтың өтетін орны: компьютерлік сынып

Білім алушы білуі тиіс:

  • MicrosoftWord мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтарды;

  • Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу құралы, стандартты құралын, мәзір жолағын, күй жолын.

Білім алушы істей білуі тиіс:

- Мәтіндік редакторды жүктеу және жұмысын аяқтау;

- Мәтінмен жұмыс істеу: мәтінді құру, атын ауыстыру, көшіру және жою;

- Кесте құру, оны пішімдеу;

- Титулдік бетті құру;

- Символ регистрларын өзгерту;

- Құжатқа графикалық кескіндерді және WordArt объектілерін қою.

Білім алушылар пайдаланатын оқулықтар:

1. Информатика Симоновича С.В. 2-е издание 2004.

2. Рапаков Г.Г., Ржеуцкая С.Ю. «Программирование на языке паскаль». 2005.

3. Салливан Ф., Уайт Дж.С. Основы медицинской информатики: учебное пособие / пер. с англ. Под ред. Кузнецова П.П., Сайткулова К.И. - М., 2011. - 160 с.

4. Бөрібаев Б. Информатика және компьютер, - Алматы «Білім» 1995.

5. Куделина О.В., Хлынин С.М. Медицинская информатика.Учебное пособие. Томск 2009

6. Гельман В.Я. “Медицинская информатика”. Практикум. издат: Питер. 2002г.

7. Байжуманов М.Қ, Жапсарбаева «Информатика» ТОО «Эверо» Астана 2004г.



Оқытушы пайдаланатын оқулықтар:

1. Балапанов Е.Қ., Борибаев Б.Б., ДаулеткуловА.Б. «Новая информационная технология» - Алматы, 2003.

2. Голобуцкий О., Шевчук О «Электронное правительство».

3. Есекеева К.Б, Нургалиевой Г.К. «Учебно-методическое пособие по обучению населения компьютерной грамотности по Программе снижения информационного неравенства в Республике Казахстан» под ред. АО «Национальный центр информатизации» 2007.

4. Информатика Макарова Н.В., Матвеев А., Бройдо В.Л. и др. - 2003.
8 сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Сабақтың типі: тәжірибе

Өткізу әдісі: аралас

Сағат саны: 2 сағат

Сабақтың өтетін орны: компьютерлік сынып

Сабақтың тақырыбы: «Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»

Сабақтың мақсаты:

MicrosoftWord мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтарды,құрал-сайман панелімен жұмыс істеуді, пішімдеу құралы, стандартты құралын, мәзір жолағын, күй жолымен жұмыс істеуге үйрету.



Сабақтың міндеттері:

Білімділік: MS Word редакторында жұмыс жасау ережелерін сарамандық сабақта бекіту, алған теориялық білімдерін практикалық жұмыста тиімді пайдалана білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.

Сабақтың жабдықтары: Электрондық оқулық «Sin каз», тақырып бойынша ОӘК.

Пәнаралық байланысы: физика, математика.

Тәжірибелік сабақ барысының технологиялық картасы


  1. Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин.

  2. Оқытушының кіріспе сөзі - 3 мин

  3. Үй тапсырмасын тексеру - 10 мин.

  4. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 25 мин.

  5. Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту-5 мин.

  6. Тәжірибелік дағдыны қалыптастыруда білім алушының өздік жұмысы – 25 мин.

А. Модульмен тест тапсыру-15 мин

  1. Баға қою - 3 мин.

  2. Үй тапсырмасы - 2 мин.


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу;

- Кезекшімен сұхбат, аудиторияның тазалығын шолу;

- Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.


  1. Оқытушының кіріспе сөзі.

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы: «Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»

Бұл тақырып бойынша оқушылар беттерді форматтау әдістерін білу керек.



  1. Үй тапсырмасын тексеру:

Жалпы тесеру:

  1. Microsoft Word редакторының міндеті

  2. Microsoft Word редакторының терезесінің құрамы

  3. Құжатты ашу, сақтау, даярлау әдістері

  4. Мәтіндік редактор Microsoft Word компьютердегі қолданылатын бағдарламалардың қай тобына жатады?

  5. Мәтінмен қандай әрекеттерді істеуге болады?




  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:

  1. MicrosoftWord мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтар

  2. Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу

  3. Пішімдеу құралы, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы


MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.

Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кес келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.

Мәтінді форматтау дегеніміз – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.

Цифорлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді.Бірақ бұл жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады. Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен:

-абзац алдындағы жаңа жол басын;

- беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар (поле) аумағын;

-мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін;

- көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге болады.

Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде олардың тек сол абзацқа қатысты екенін естен шығармаған абзал.

Ал енді тік орналасқан сызғыш, терезенің сол жақ жақтау бойында орналасқан.Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі жақтарында қалдырылатын бос орындар алмағын және де кестелер жолдары биіктігін өзгертуге болады. Тік сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сіздің мәтіндеріңізде берелетін орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленіп тұрса, мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады.

Microsoft- фирманың аты, оны 1975 жылы Билл Гейтс құрды. Ол алғашқы программаны 13-жасында жазған. Офистік бағдарламалар жазады.

Word-ағылшыннан аударғанда «сөз» дегенді білдіреді.

Текстiк құжаттар редакторы – офистік программалардың кең қолданылатын түрі. Қазіргі кезде кең таралған текстiк редактор – MS Word болып табылады.MS Word – текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша программасы.

Құжаттың тақырыбың сақтау

Құжаттағы түске, қаріпке, тізбек және құюға қолданылған кез келген өзгерістерді пайдаланушылық тақырып ретінде сақтап, басқа да құжаттарға қолдануға болады. Разметка страницы қаттамасындағы Темы тобында Темы батырмасын таңдап, Сохранить текущую тему батырмасын басыңыз. Имя файла өрісіне тақырыптың атын енгізініз. Құжаттың пайдаланушы тақырыбы «Темы документов» бумасында сақталады және автоматты түрде пайдаланушы тақырыптар тізіміне қосады.



жүктеу 306,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау