2.32-сурет – Қозғалмайтын люнет
Люнеттердің әр түрлері қолданылады: әмбебап қозғалмайтын, қозғалатын және басқа құрылымдары.
3 Тетіктерді қысып бекітетін және бастапқы күштің шамасын көтеретін құрылғылар
Осы құрылғылар тетікті орнықтар бетіне қысып бекітеді, онымен олар бір жақтық тетікпен орнық арасындағы байланыстарды екі жақтықа өзгертеді, яғни орнықтандыруды анықтайды және тетікпен орнықтар арасында үзіліссіз түйіспе береді. Мұнда элементарлы және механизацияланған құрылғылар қолданылады.
Элементарлы құрылғыларға жабайы механизмдер бұрамалар және эксцентриктер жатады. Олар тетікті тікелей қысып бекітеді.
Механизацияланған құрылғылардың құрамында элементарлы механизмдермен қоса жетектер бар.
3.1 Бұрама қысқылардың құрылымдары
Бұрама қысқылар ұштықтарына қатысты төрт түрге бөлінеді:
- жазық ұштық;
- бунау ұштық;
- сфералы ұштық;
- башмак кигізілген ұштық.
1 - жазық ұштық; 2 - бунау ұштық; 3 – сфера ұштық; 4 – башмак кигізілген
3.1-сурет – Бұрама қыспақтар түрлері
Бұраманың номиналды диаметрін мына формуламен есептеуге болады
d = C , (3.1)
мұндағы С – коэффициент бұранданың түріне байланысты, метрикалық бұранда болса С = 1,5;
Q – бұранданың тудыратын күші;
- бұранда материалының созылу (сығу) кернеуі.
Бұранда тудыратын күшті 1, 2, 3 бұрама қыспақтар түрлерінде мына формуламен есептеп шығаруға болады
Q = , (3.2)
мұндағы М – бұраманың тұтқасын айналдыратын момент;
rср – бұранданың орта радиусы;
- бұраманың бұрама сызығының көтерілу бұрышы;
- бұрамадағы келтірілген үйкеліс бұрышы;
f – үйкеліс коэффициенті.
Жоғарыдағы формуланы қолданғанда бұрама бірінші түрде болса, онда D1=0, үшінші түрде болса D1=0 және D2=0.
Башмак кигізілген бұрама таза өңдеу операцияларда қолданылады. Башмак таза өңделген беттің сапасын өзгертпейді. Бұларға қысу күш басқа формуламен есептеледі
Q = , (3.3)
мұндағы Rсф – сфералы үштің радиусы:
– башмактың конусының бұрышы.
Бұрамалар 45 маркалы болаттан жасалады. Үштің қаттылығы HRC 33–38.
Тетік сомын арқылы бекітеледі. Бұрамалардың тезәрекеттігін көтеруге тезажыратылатын тығырық қолданылады.
3.2-сурет – Тезажыратылатын тығырық
Достарыңызбен бөлісу: |