Технологиялық құрал-саймандарды жобалау


Автоматты тізбектердің айлабұйымдары



жүктеу 16,32 Mb.
бет107/147
Дата16.02.2018
өлшемі16,32 Mb.
#9979
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   147

10 Автоматты тізбектердің айлабұйымдары
Автоматты тізбектерде екі түрлі айлабұйымдар қолданылады

а) тұрақты;

б) серік – айлабұйым.

Тұрақты айлабұйымдар автоматты тізбектің әр бір білдегіне , қондырғысына орнатылады. Оларға өңделетін дайындамалар тасымалданып, қондырылып, қыспақтандырылады. Дайындама айлабұйымға тасымалдауышпен әкелінеді не қайтатиегішпен орнатылады. Әдетте айлабұйым қадамды тасымалдауыштың жалғасы болады. Операция орындалып болғаннан кейін дайындама қадамды тасымалдауышқа қайтарылып әр қарай тасымалданады. Яғни мұнда тұрақты айлабұйым арнайы бір мақсатты айлабұйым болады, ол тек бір операцияны орындауға арналған. Бұларға қойылатын бірнеше талаптар бар:



1) дайындаманың айлабұйымға әкеліп қондырылуы тасымалдауыштың жабайы қозғалыстарымен орындалуы керек. Ол үшін айлабұйымның дайындаманы қондыратын элементтері, яғни тірек тақтайшалар, тасымалдауыштың бағыттайтын тақтайшаларының жалғасы болулары керек.

10.1-сурет – Автоматты тізбекте дайындаманың итеріп шығарылатын саусақтармен орнықтандырылу сұлбасы
Кейбір кезде автоматты тізбектерде дайындама манипуляторлармен не өндіріс роботтармен тасымалдауыштан білдекке не білдектен тасымалдауышқа әперіледі.

10.2-сурет – Қадамды тасымалдауыштың жұмыс істеу реті

10.3-сурет – Автоматты тізбектердің құрылым түрлері
Дайындама тасымалдауышпен тиісті орындағы тірек тақтайшаларға жеткізілгеннен кейін итеріліп шығатын саусақтар шығарылып әуелі конусты үштерімен дайындаманың тесіктерін табады, саусақтар әрі шығарылып цилиндрлік беттерімен дайындаманы тиісті күйде орнықтырады. Итеріп шығатын саусақтардың және тетіктің тесіктерінің арасында саңылау бар, сондықтан орнық қателіктері болады, осыған орай дәлдік есептер жүргізіледі.

Егер қондыру элементтер тұрақты болса, онда дайындама дәл орнықтандырылу үшін ол итергіштермен қондыру элементтерге тірлгенше итеріледі;

2) өңделген тетіктерде ақау болмау үшін, айлабұйымның құрамында дайындаманың дұрыс орналастырылғанын тексеретін автоматты тексергіштер болулары қажет. Олар тексеру бергіштермен (пневматикалық, электрлік және басқа) тексеріледі. Мұнда не дайындаманың, не орнықтырғыштың орнық күйі тексеріледі;

3) айлабұйымның жұмыс істеу тәртібі тізбектің құрамындағы агрегаттардың, білдектердің және тасымалдауыштың жұмыс істеу тәртіптерімен үйлестірінулері қажет;

4) айлабұйым жоңқадан тазартылу үшін оның қабырғалары қиғаш жасалады не еріксіз тазартылады ол үшін вакуум сорғыштауды не басқа әдістер қолданылады;

5) айлабұйымның жұмыс істеу сенімділігі жоғары болуы тиіс;

6) қысатын элементтер дайындаманы деформациялауға ұшыратпаулары және қателік әкелмеулері қажет.

Серік - айлабұйымдар дайындамамен бірлескендіріліп тізбектің бәрлық агрегаттырымен білдектерін өтеді. Мұнадай айлабұйымдар сырт пішіндері тұрақсыз дайындамаларды орнықтандыруға қолданылады және олар орнықтардың біркелкілік ұстанымға сәйкестеленеді.



Серік - айлабұйымдар бағытталу үшін, тасымалдауыштың құрылымында ойықтар не ірге тақтайшалар қолданылады. Осындай айлабұйымдарды пайдаланғанда дайындаманың қондырылуымен оның бағытталуы жеңілдейді.

10.4-сурет – Серік - айлабұйымдары бар автомат тізбектің құрылымы
Серік айлабұйымдары бар автомат тізбектерінің құрылымдары үш түрлі болады:

1) тасымалдауыштың бос жағы горизонтальді орналасуы;

2) тасымалдауыштың бос жағы вертикальді орналасуы;

3) тасымалдауыштың бос жағы қиғаш орналасуы.

Тасымалдауыштың бос жағы серік-айлабұйымды қайтаруға арналған. Кейбір тізбектерде бос жақта білдектер орналасады.

Серік-айлабұйымдарды қолдану дайындаманы орнатып қысу жұмыстарды жеңілдетумен бірге кесу құралдың дайындамаға жақынду қозғалыстары жеңілдейді, жоңқадан тазару мүмкіншілік жеңілдейді. Осымен қатар кемшіліктері бар:

- серік-айлабұйымның қайта қайтарылуына байланысты тасымалдауыштың құрылымы қыйындалады;

- тізбектің жалпы құны өседі;

- түйістермен қосылыс сандары өсуіне байланысты қатаңдық және дәлдік төмендейді;

- жинақтауыштарды орналастыру мүмкіншіліктері қиындатылады.


10.1 Автоматты тізбектердің айлабұйымдарын есептеу

Серік-айлабұйымды қозғалтатын күшті есептеу.

Есеп екі түрде жүргізіледі:

а) серік-айлабұйымды қозғалтатын Р күш векторы ауырлық центрден тікелей өтеді




10.5-сурет – Серік айлабұйымды қозғалтатын күшті есептеу сұлба
Fүйк = (G1 + G2)f
P (G1 + G2)f
мұндағы G1 – серік айлабұйымның салмағы;

G2 – дайындаманың салмағы;



f – бағыттайтын тақтайшамен серік айлабұйымның екі арасындағы үйкеліс коэффициент
б) серік-айлабұйымды қозғалтатын Р күш векторымен ауырлық центр арасында а қашықтық бар. Пайда болған моменттің әрекетінен серік- айлабұйым бұрылады, сондықтан қосымша үйкеліс күштер пайда болады
P R1f + R2f + 2Rf,

жүктеу 16,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау