Технологиялар



жүктеу 0,97 Mb.
Pdf просмотр
бет22/31
Дата24.12.2019
өлшемі0,97 Mb.
#24799
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31

 

ӘРТҮРЛІ 

ЖАҒДАЙЛАРЫ 

ОТБАСЫЛАРМЕН 

ЖҰМЫСТЫН ӘДІСТЕРІ  

Отбасы  –  жасөспірімдерді  әлеуметтендірудегі  өте  маңызды 

институт. Бұл баланың дамуы мен жеке өмір құру ортасы, ол бір қатар 

өлшемдермен  анықталады.  Әлеуметтік  –  мәдени  өлшемі  ата-

аналарының білім деңгейімен қоғамдық өмірге араласу белсенділігіне 

байланысты,  әлеуметтік  экономикалық  өлшемі  –  ата-аналарының 

мүліктік-материалдық 

және 


жұмыспен 

қамтамасыз 

етілуіне 

байланысты;  техника-гигиеналық  тұрмыс  жағдайы,  үй  құрылысының 

жабдықталуы, 

өмір 


салты 

ерекшеліктеріне 

байланысты, 

демографиялық – отбасы құрылымына байланысты анықталады. Бала 

дамуының  қай  жағын  қарастырсақ  та,  барлық  жағдайда,  жас 

ерекшелігінің қай кезеңінде де отбасының маңыздылығы тиімді және 

шешуші  роль  атқарады.  Баланың  ішкі  дүниесін  білу,  оның 

проблемаларына  ортақтасу,  немесе  керісінше  елеп-ескермеу  арқылы 

ата-аналар  баланың  өзіндік  сана-сезімі  мен  толық  тұлғасын 

қалыптастырады. Сонымен, отбасы баланың әлеуметтенуінде шешуші 

роль атқарады. 

Әлеуметтік  педагогтың  отбасымен  жүргізетін  жұмысының 

құрылымы (функция). 

Олар: 


диагностикалық  –  отбасының  маңыздылықтарын  анықтау 

және микроортаның әсері; 

прогностикалық  –  тәрбиелеуге  алынып  отырған  отбасын 



диагностикалау; 

ұйымдастырушылық-коммуникативтік; 



құқық қорғаушылық; 

әлеуметтік-тұрмыстық; 



әлеуметтік-психологиялық; 

ұйымдастырушылық  –  мәдени-спорттық  іс-шаралар,  бос 



уақытты ұйымдастыу, шығармашылық. 

Әлеуметтік  педагогтың  дамуында  ауытқуы  бар  баланың 

жағдайын  ескере  отырып  оның  отбасымен  жүргізетін  жұмысына 

кіреді: 


отбасымен тығыз қарым-қатынас орнату; 

отбасындағы проблема мен қиындықты анықтау



отбасын  және  отбасы  мүшелерін  берілген  тәрбиелік  іс-

әрекетке бағыттау; 

отбасына  мамандармен  бірігіп  көмек  көрсету  –  психолог, 



әлеуметтік жұмыскер, дәрігер, заңгер, заң органдары және қоғам. 


 

Аса қажет жағдайда әлеуметтік педагог отбасын диагностикалау 

әдісін  пайдаланады.  Отбасын  диагностикалау  –  бұл  әлеуметтік 

педагог  жұмысындағы  үнемі  үдерісте  болатын  элементі.  Қазіргі 

отбасылар  құрылымы  мен  мінез-құлқы  жағынан,  әлеуметтік  даму 

барысында  үнемі  өзгеріс  үстінде.  Сол  себепті  бұл  жерде  әлеуметтік-

педагогикалық  мониторинг  әдісі  қолданылады.  Бұл  –  ғылыми 

дәлелденген әдіс. Басты принциптері: дәлдігі, толықтығы, ақпараттың 

жүйелілігі. 

Әлеуметтік  педагогтың  әртүрлі  санаттағы  отбасылармен 

жүргізетін жұмысының әдістемесі. 

Типология,  нормативті  және  нормативті  емес  дағдарыстарды 

шешу және оның реттеушісі ретінде: 

отбасы  құрылымы  жүйесі  өзара  қарым-қатынастардың  жаңа 



моделін  табуға  мүмкіндік  береді.  Ол  икемді,  жеткілікті,  отбасы 

мүшелерін  өз  сезімдері  мен  қалауларын  көрсете  алу  үшін    тиімді 

болып табылады және барлық проблемаларды өзара талқылайды

негізгі күш келісімге бағытталған отбасы және 



басшы  мен  көшбасшыға  бейбіт  түрде  бағыну  кез  келген 

кикілжіңнің алдын алады, ішкі әлемдегі ауызбіршілікті сақтап қалады; 

өзара  қарым-қатынас  дағдарысқа  алып  келетін  тоқтаусыз 



кикілжің мен конфликтке бағытталған отбасы. 

Құрылымдық жағдайы бойынша отбасының типологиясы: 

жетілген құрылымды; 



жетілмеген құрылымды – кикілжіңді отбасылар. 

Отбасы  мүшелеріне  десоциалды  спецификалық  әсер  етуді 

ескеретін отбасының типологиясы: 

1.  нақты десоциалды отбасылар: 

криминалды-аморальды отбасылар; 



асоциалды-аморальды  отбасылар.  Бұндай  отбасылармен 

жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс: 

ПДН-мен жұмыс; 



Әлеуметтік патронаж

Балаларды әлеуметтік-құқықтық қорғауға алу. 



2.  жанама  десоциалды  отбасылар  –  кикілжіңді,  педагогикалық 

дамымаған отбасылар: 

кикілжіңді; 



тыныш. 


Тәрбиелік қателіктері бар типтегі отбасының типологиясы: 

прогрессивті-жанға жайлы мінез-құлықты тәрбие; 



айналымды қорғанышты ұстанымдағы тәрбие

жариялылы стильдегі тәрбие; 




 

педантивті-күдікті тәрбие; 



қатал авторитарлы тәрбие; 

үйреншікті тәрбие; 



оқшауланған-немқұрайлы тәрбие; 

“отбасы кумирі” типіндегі тәрбие



Болашағы жоқ тәрбие. 

Көпбалалы  отбасылар:  үш  немесе  одан  да  көп  баласы  бар  және 

оның түрлері: 

балаларын жақсы көретін және оларды шын ниетімен қалаған 



отбасылар; 

көп балалы болатынын күтпеген отбасылар; 



екі  толық  емес  отбасының  қосылуынан  пайда  болған 

отбасылар; 

көпбалалылықтың  нәтижесінен  жағдайы  нашар  отбасыға 



айналған отбасылар. 

Әлеуметтік патронаж бен бақылаудың әдістемесі: 

Әлеуметтік  патронаж  –  отбасы  24  сағат  тәулік  бойы  әлеуметтік 

педагогтың бақылауында болады. Әлеуметтік патронаждың мерзімі 4 

айдан 9 айға дейін. 

Әлеуметтік  педагогтың  патронажды  отбасымен  жүргізетін 

жұмысының кезеңдері: 

Танысу. Отбасымен келісімге отыру. 



Отбасына  үйренісу.  Дағдарыстан  шығу  жолдарын  құрастыру 

және бейімделуді қолдау. 

Отбасы жайлы мағлұмат жинау. 



Отбасы жайлы ақпарат. 

Отбасын  әлеуметтік  оқшауланудан  шығару.  Жұмыстағы 



жоспар мен шарт және отбасын анализдеу. 

Отбасынан шығу. 



Отбасын бақылаудың формалары: 

Ресми; 



Ресми емес. 

Отбасын  бақылаудың  объектісі  –  ресми  кеңестерді,  нормативті 

акттерді орындау. 

Отбасына кеңес берудің әлеуметтік-педагогикалық әдістемесі: 

Отбасына  кеңес  беру  –үлкендер  мен  бала  арасындағы 

кикілжіңдер  мен  әлеуметтік  проблема  туған  жағдайда  әлеуметтік-

педагогикалық кеңес беру болып табылады. 

Әлеуметтік  педагогтің  ата-аналармен  жүргізетін  жұмысы  аса 

маңызды  болып  саналады.  Ол  отбасындағы  жағдайлар  туралы  толық 




жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау