Технология пәні әдістемелік жұмыстарының
2010-2011 оқу жылындағы есебі
Әдістемелік жұмыс-педагог кадрлардың ғылыми-білімділік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығамашылық даму үрдісі. Ол әрбір мұғалім мен тәрбиенің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан - жақты арттыруға бағытталған шаралар. Осы мақсатта әдістемелік кеңесі жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Жыл басында әдістемелік кеңестің жоспары жасалып, бекітілді.
2010-11 оқу жылында 49 мұғалім аттестациядан өтті. Олардың ішінде 28 мұғалім санаттарын көтеруге өтініш берді:
10 – біріншіден жоғарғы санатқа,
11 – екіншіден бірінші санатқа,
7 – екінші санатқа,
21 мұғалім өз санаттарын растады.
2010-2011 оқу жылында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, ғылыми тұжырымдамалармен жұмыс істеу, жаңалық енгізу мақсатында жоспарлы жұмыс жасалды және біршама нәтиже берді. Осы оқу жылында педагогикалық озық тәжірибені тарату және өзара тәжірибе алмасу бағытында 13 қалалық семинар өткізілді. Осы өткізілген жұмыстарды құрылымдауға, жоспарлауға және өткізуге шығармашылық топ мүшелері барынша көмек көрсетті. Нәтижесінде барлық семинарлар өз қатысушыларынан «жақсы» деп бағаланды.
Орыс тілді мектептердің білім сапасы мен үлгерімінің салыстырмалы талдауы
Оқу жылы
|
2008-2009
|
2009-2010
|
2010-2011
|
үлгерім
|
99,8 %
|
99,7 %
|
99,8 %
|
сапа
|
92,7 %
|
92 %
|
93,2 %
|
Қазақ тілді мектептердің білім сапасы мен үлгерімінің салыстырмалы талдауы
Оқу жылы
|
2008-2009
|
2009-2010
|
2010-2011
|
үлгерім
|
99,9 %
|
99,9 %
|
99,9 %
|
сапа
|
96,4 %
|
96 %
|
96,5 %
|
Республикалық әдістемелік «Мектептегі технология» журналында 9 мақала жарық көрді: Әтекеева Д.Ә, Шайхин А.Т. № 76 ОМ, Абдрашитова Г.Е. № 36 ОМ, Мусатаева А.М. № 77 ОМ, Файзулхаков Р.Я. №48 ОМ, Туганбаев Б.А. №1 гим, Голобородова М.В. № 32 ОМ, Хен Н.А. № 77 ОМ, Қомарова Г.К. № 54 ОМ.
ХIII аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға 19 адам қатысты, олардың 5-і технология (өткен оқу жылы 20 технология мұғалімі қатысқан болатын), 4-і бейнелеу, 10-ы музыка пәндерінің мұғалімдері.
2010 жылдың қазан айында 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған «Азия ойындары балалар көзімен» атты республикалық конкурстың облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурсқа қаланың 15 мектебінен ( № 73, 8, 57, 77, 9, 57, 60, 13, 16, 15, 39, 42, 81, 36 ОМ, №22 и 4 интернат) қырықтан астам оқушы қатысып, жүлделер мен дипломдарға ие болды.
Наурыз –сәуір айларында Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің сызу және дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен технология, бейнелеу өнері, костюм дизайні, сызу дизайні және қолданбалы өнерден облыстық және қалалық олимпиадалар өткізілді. Бұл шараларға қаланың көптеген мектеп оқушыларымен ұстаздары қатысты.
Қалалық білім бөлімінің 26 қаңтар 2011ж. № 51 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін оқу орындары арасында өткен қалалық шеберханалар байқауының нәтижелері бойынша № 59, 34, 36, 17, 81, 25, 48, 30, 39, 77, 9, 16, 100, 33 мектептер әр номинациялардан жеңімпаз атанды.
Қалалық шеберханалар байқауын өткізге ат салысқан мұғалімдер (И.Чупеев № 35 ОМ; К. Мұтат № 36 ОМ; Д.Оспанов № 22 ОМ; Е.Жихарева № 15ОМ) білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Қорытынды:
1. ӘБ отырыстарының тақырыптары технология мұғалімдері шешуге ұмтылған негізгі проблемалық сұрақтарды қамтыды;
2. 2010-2011 оқу жылына қойылған міндеттер шешілді.
3. Педагогтардың кәсіби деңгейі өсуде: жыл бойы педагогтар өз педагогикалық тәжірибелерінде жобалау әдісін кеңінен енгізді;
4. Оқу үрдісіне компьютерлік технологияларды енгізу өз нәтижесін көрсетті: жаңа әдістер мен тәсілдерді барынша тиімді пайдаланатын педагогтар саны артты.
2011/2012 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың басым бағыттары:
1.ОТҮ оқытудың аса тиімді түрлері мен әдістерін, жаңа технологияларды табысты қолдануға байланысты жұмысты жалғастыру, ИА тақталарды, АҚТ сабақтарында қолданатын педагогтар санын көбейту;
2.Оқушылардың оқу-зерттеу әрекетін ұйымдастыру;
3.Кейбір педагогтардың құжаттармен жұмыста құзырлықтарын арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |