Технические правила



жүктеу 1,83 Mb.
бет5/7
Дата28.11.2017
өлшемі1,83 Mb.
#2263
1   2   3   4   5   6   7



Қазақстан Республикасының

Президенттік көпсайыс федерациясы

 

  (ПОЛИАТЛОН)

 






























Президенттік көпсайыс және халықтың дене тәрбиесі

даярлығының Президенттік сынамалары бағдарламасында

сынау түрлері бойынша өткізілетін жарыс ережесі

Жалпы ереже
Спорт түрлері бойынша (жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ату және жүзу) барлық жарыстар аталған спорт түрлерінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі

1 Бөлім

Ресми тұлғалар

Бас төреші

Бас хатшы

Жарыс директоры

Спорт түрлері бойынша төреші

Техникалық делегат

Медициналық делегат

Апелляциялық алқа


Бас төреші

Бас төреші ойынның дұрыс өткізілуіне жауап береді. Ол өз міндеттерін атқару үшін барлық төрешілердің орындарында болуын тексеруі керек, егер қажет болған жағдайда, запастағыларды тағайындап, және ережені сақтамаған кез келген төрешіні міндетін атқарудан алшақтатуға өкілеттігі бар. Ол жарыс комендантымен бірге алаң орталығында тек бұл жерге кіруге рұқсат берілген тұлғалардың болуын қадағалау қажет.



Бас хатшы

Көпсайыс түрлері бойынша хатшылармен бірге старттық хаттамаларды дайындап, хаттамаларды (старттық, ақпараттық, қорытынды) рәсімдеп, өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады. Көпсайыс түрлері бойынша барлық хатшылар, хатшылық хатшылары, компьютершілер және көбейту техникасының төрешілері бас хатшының жетекшілігімен жұмыс істейді.



Спорт түрлері бойынша ойынның төрешілері

Жарыстардағы ойынның төрешілері спорт түрлері бойынша аталған спорт түрлерінің бас төрешісі болып табылады, өз спорт түрін өткізгенге жауап береді. Спорт түрі бойынша жарыс біткеннен кейін ойынның төрешілерімен хаттамаға қол қойылады және бас хатшыға беріледі.


Техникалық делегат

Ұйымдастырушы комитетпен бірге Техникалық делегат, қажетті көмек көрсетеді, жарыстың барлық техникалық ұйымдастырушылығының толық сәйкестігін қамтамасыз етуге жауап береді. Техникалық делегат жарыстың барлық кезеңінде қатысып, содан кейін жарыстың өткізілуін Техникалық ережелерге, регламентке және Ұйымдастырушы комитеттің қабылдаған шешімдеріне толық сәйкестігін қадағалау қажет.

Егер мәселе туса, немесе қандай да бір сұрақ оның ойы бойынша араласуды қажет етсе, ол бұл туралы бас төрешіге және спорт түрі бойынша ойынның төрешілеріне хабарлауы қажет және қалай істеу керек екені туралы өз кеңесін ұсыну қажет.

Медициналық делегат

Медициналық делегаттың медициналық тұрғыдағы барлық мәселеге қатысты толық өкілеттігі бар. Ол жарыс өткізілетін жерлерде медициналық қарау жүргізу үшін қажетті жағдайлардың сақталуына, емдеуге және жедел көмек көрсетуге, ал спортшылардың тұрып жатқан жерлерінде де медициналық көмек алуларына жауап береді.


Қайта қайтару қазылар алқасы

Қазақстан Республикасында өткізілетін жарыстардың барлығында әдетте бес немесе төрт адамнан тұратын қайта қайтару қазылар алқасы тағайындалады. Қазылар алқасының негізгі функциясына жарыс кезінде пайда болған барлық қарсылықтар мен сұрақтарды қарау және шешім қабылдау үшін қазылар алқасының қарауына беру жатады.


Жарыс директоры

Директор бас төреші мен бірге жарыстың техникалық ұйымдастырушылығын жоспарлауға, бұл жобаның орындалуын қамтамасыз етіп және техникалық делегатпен бірге барлық техникалық мәселелерді шешуге тиіс.


ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА


  1. Жалпы ережелер

Жеңіл атлетикадан жарыстар 60 м және 100 м. қысқа қашықтыққа жүгіруден, 500, 1000, 2000 немесе 2400 м-ге төзімділікке жүгіруден, доп немесе гранат лақтырудан, орнында тұрып ұзындыққа секіруден өткізіледі.

2. Қысқа қашықтыққа (60 және100 м-ге) жүгіру

1) Қысқа қашықтыққа (60 және100 м-ге) жүгіру кез келген тегіс жердегі түзулікте, ал «А», «В» және «С» санаттағы жарыстарда тек қана стадион жолдарында өтеді. әрбір қатысушы ені 1,25 метрлік жеке жолда жүгіруі қажет.

2) Жүгіріске қатысушылар саны 4 адамнан көп болмауы қажет.

3)қҚатысушылардың жүгіретін жолдары жарыстың хатшылығы өткізген жеребе арқылы анықталады. Жеребенің сипатын бас төрешілер алқасы белгілейді. Жолдарды есептеу ішкі жиектен басталады.

4) Қатысушыларға жолдар арасында (сөредегі орындармен) өзара орын ауыстыруға рұқсат етілмейді.

5) Сөре сызығының ені (50 мм) қашықтықтың өлшеміне кіреді, ал мәре сызығының ені кірмейді.

6) Егер қатысушы жүгіру кезінде басқа жолға шығып кетсе және өзге қатысушыға кедергі жасаса, ол аталған қашықтыққа жүгіру жарысынан шығарылады.

7) Егер қатысушы басқа адамның көмегінсіз мәренің көрінген жазықтығына кеудесін «тигізсе» қашықтық аяқталды деп есептеледі.

8) «C», «D» және «E» санаттағы жарыстарда қашықтықты бірінші болып аяқтаған қатысушының нәтижесін 3 секунд санағышпен анықтайды, қалған нәтижелер әрқайсысы үшін 1 секунд санағышпен анықталады. «А», «В» санаттағы жарыстарда қашықтық аяқтаған әрбір қатысушының нәтижесін 0,1 секундқа дейінгі дәлдікпен 3 секунд санағыш анықтайды, көрсетілімдерде алшақтық болған жағдайда, ортаңғы көрсеткіш қабылданады.

3. Қысқа қашықтыққа жүгіру сөресі

1) Сөрелік қалыптарды (станоктарды) орнатуды қоса алғанда, сөреге дайындалу кезінде қатысушыларға оларды сөреге шақырған сәттен бастап, 2 минуттан артық уақыт берілмейді.

2) Фальстартты бақылау аппаратурасы қолданылмайтын жарыстарда қатысушыларға сөрелік қалыптарды (станоктарды) пайдалану немесе қалыптарсыз төменгі сөреден шығуға рұқсат етіледі.

3) Фальстартты бақылау аппаратураларын қолданатын жарыстарда сөрелік қалыптарды пайдаланумен (қатысушының екі өкшесі де сол станоктарға тиіп тұруы қажет), аяқтың табаны мен екі қолдың саусақтары жолдың үстінде болу қажет, бұл жағдайда төменгі сөреге рұқсат етіледі.

4) Сөреші «Сөреге» және «Назар аудар!» деген алдын ала пәрмен береді. Сөзбен айтылатын алдын ала пәрменнің орнына төрешінің ысқырық беруіне болады: біріншісі – «Сөреге» деген екі ысқырық, екіншісі – «Назар аудар!» деген ұзақ ысқырық. Жүгіруді бастауға сөреші оқ ату арқылы немесе «Марш» деп дауыстап, бұрын көтерген жалауды тез түсіру арқылы команда береді.

5) «Сөреге!» деген пәрмен бойынша қатысушы сөрелік сөрелік сызықты немесе одан кейінгі жолды қолмен немесе аяғымен басып кетпей сөреге сызығынан жүгіруге ыңғайлы жағдайда тұрады. Қатысушылардың әзір екендігіне көз жеткізгеннен кейін сөреші «Назар сал!»деген бұйрық береді, сол бойынша жүгіруді бастау үшін қатысушылар барынша қолайлы тұруы және әрлі-берлі жүріп-тұруды тоқтату қажет.

6) сөрелік қалыпты алғаннан кейін және барлық қатысушыларға сөреші жүгірудің басталуы туралы дабыл береді.

Нұсқау: Сөреші старт басталар алдында қатысушыларға жүгірудің басталуы туралы дабылдың қалай берілетіндігі түсіндіруі қажет.

7) Қатысушылар дайын болмаса немесе мүкәммалдары мүкіс болса, онда «Тоқта!» деген пәрмен беріледі. Содан кейін барлық жүгіріске қатысушылар сөрелік орындарынан 3 метр артқа кейін шегінеді. Сөрешінің «Сөреге!» деген қайталама бұйрығынан кейін қайтадан сөрелік қалыпта тұрады.

8) Егер қатысушы дайындықты кідіртсе оған ескертпе (фальстарт) жасалады, қайталаса ескерту беріледі. Ескерту немесе ескертпе алған қатысушы оған жасалған ескертпе мен ескертуді естігені және түсінгенін қолын жоғары көтеру арқылы білдіруі тиіс. Басқа ескертпелер мен ескертулер және сөрешінің рұқсаты сөрелік хаттамаға тіркелуі қажет.

9) Сөре (фальстарт) ережесін бұзған қатысушыға ескерту жасалады. Кез келген қайталама фальстартқа жол берген қатысушы сол жүгірістен шеттетіледі.



4. Төзімділікке жүгіру.

1) Төзімділікке жүгіру жарыстары стадионның жүгіру жолдарында немесе кез келген тегіс жерде («Д» және «Е» санатты жарыстарда) жалпы старттан басталады және сағат тіліне қарсы бағытта өткізіледі.

2) Жүгіріске қатысушылардын саны 10-20 адам (500-1000 м-ге жүгіруде 10 және 2000-3000 м-ге жүгіруде 20 қатысушыға дейін) болуы қажет.

3) Стартқа қатысушыларды орналастыру сөрелік хаттамаға сәйкес бір немесе екі қатар сөре сызығына дейін 3 метр жерде жиын сызығында өтеді.

4) Қатысушылар «Сөреге!» деген пәрмен бойынша оларға сөреші немесе онын көмекшісі сөрелік сызықтың алдында белгіленген орындарға барып тұрады. Қатысушылар сөреде бір-біріне кедергі жасамайтындай болып тұруы қажет. Сөреші жүгіру басталды деген дабылды сөрелік тапаншадан ату арқылы, немесе бұрын көтерілген сөрелік жалаушаны тез түсіру арқылы «Марш!» деген пәрменмен бастайды. «Назар аудар!» деген команда берілмейді.

5) Жалпы жолда өткізілетін жүгіруде әрбір қатысушы бір-біріне кедергі жасамауы қажет. Қарсыласын оның оң жағынан айналып өтуі қажет, сол жақтан айналып өту тек қана алдындағы жүгіруші жиектен өткеннен кейін, не оның алдында, не оған таяп жүгіруге болатындай жағдайда жүгіруіне болады.

6) Алдындағы жүгірушіні басып озған қатысушы оны итермеуі, кеудесімен соқпауы немесе оның алдын орамауы қажет.

7) Алдында жүгіріп келе жатқан қатысушы оны басып озушыны қандай да бір жолмен тоқтатпауы қажет. Осындай бұзушылықтарға жол берген қатысушы жарыстан шеттетіледі.



  1. Көшбастауға тыйым салынады, яғни қатысушыға жүгіру кезінде алдынан, бүйірінен немесе соңынан ілесіп отыруға болмайды. Көшбастаушы спортшы аталған қашықтықтағы жарыстан шығарылады.

9) Жалпы жүгіру кезінде жиекті басуға, немесе басқа қатысушылар тарапынан болған кедергіден немесе біреуі құлаған жағдайдан басқасында оны басуға рұқсат етілмейді.

10) Қашықтықтың аяқталуы ереженің 2.7 тармағы бойынша анықталады.

11) Қол хронометражын пайдалану кезінде жүгіру жеңімпазының уақыты 3 секунд санағышпен оларды тоқтату арқылы, қалған мәрешілерді бір секундсанағышпен әр қатысушы үшін оларды тоқтату арқылы анықталады. «С», «Д», «Е» санаттағы жарыстарда жүгіруге 2 және одан кейінгі қатысушылардың уақыты «сырғымалы» бойынша 1 секундке дейінгі дәлдікпен ескеріледі.

5. Доп немесе граната лақтыру.

1) Доптың салмағы 155-160г, диаметрі 58-62 мм болуы қажет. Доп тұтас материалдан немесе сырты «резинадан» толықтырғышы бар және шар тәрізді заттан жасалады.

2) Гранаттың салмағы:


  • 14-15 жас қыздар үшін және 55 жастан асқан әйелдер үшін 275-310 г., рекорд үшін кемінде 300 г;

  • 14-15 жастағы жасөспірімдер мен 60 тан асқан ер кісілер үшін 505-550 г, рекорд үшін кемінде 500г;

  • 16-17 жасар қыздар мен әйелдер үшін 505-550 г., рекорд үшін кемінде 500 г;

  • 16-17 жасар жасөспірімдер мен ерлер үшін 705-750 г.,рекорд үшін кемінде 700 г.

3) Гранаттың өлшемі (мм) оның салмағына қарамастан мынадай болуы керек:

  • Снарядтың ұзындығы 236

  • Тұтқасының диаметрі 30

  • Тұтқасының ұзындығы 105

  • Гранаттың салмағының ең үлкен диаметрі 50

  • Тұтқамен арадағы ұзындық (гранаттың осі бойынша) –71. Әрбір өлшемде +,- 2 мм.ге дейін ауытқушылыққа рұқсат етіледі. Снарядтың тұтқасы ұстағанда қолға жұмсақ және ораған кезде кедір бұдыры болмауы қажет.

  • 4) гранаттар тұтас металдан немесе ағаштан жасалмауы мүмкін, болмаса металл қабы бар басқа материалдар жасалады.

  • 5) лақтыру тегіс алаңда түзу тақтайшамен белгіленген «дәліз» бойынша жасалады

  • 6) «А», «В» санаттағы жарыстарда тұтқасы ағаштан жасалған гранат пайдаланады.

  • 7) ені 70 мм-к, және ұзындығы 4 м тақтайша ағаштан, металлдан жасалады немесе бояумен сызылады. Тақтайшы жүгіруге арналған жолдың бетіне орнатады және ақ бояумен сырлайды. Тақтайшаның екі шетіне жалаушалар қойылады.

  • 8) тақтайшаның шетінен оны топыраққа жалғастырып ұзындығы 5,5 м, ені 70 мм «ілмектер» жасалады.

  • 9) лақтыруға арналған снарядтарды тастау ені 15 м-к дәлізге түскенде есептелінеді. Дәліздің лақтыру бағытында және сондай ақ қарама-қарсы бағытта 1:1000-нан қиыс кетпеуі қажет.

  • 10) Дәліздің бүйір шекарасын ені 50м-к ақ сызықпен белгілейді. Сызықтың ені дәліздің өлшеміне кірмейді.

  • 11) Дәліздің шетіне түсетін орынды ақ сызықтармен белгілейді, ол тақтайшаның шетімен жүгіру арасын көрсетеді. Сызықтар бойынша әрбір 5 мм сайын пареллель жүргізіледі, 20м – ден бастайды (қатычушылардың жынысына және біліктілігіне қарай). Белгілеу сызықтарының ені (шамамен 50 мм) олар көрсеткен аралықтың өлшеміне кіреді. Дәліздің бүйір шетімен қосылатын сызықтардың нүктесіне жақсы көрінетін сандар қойылады, олар тақтайшамен екеуінің арасын көрсетеді.

  • 12) Ұмтылуға арналған жолдың үсті қатты материалмен немесе резинамен жабылуы қажет. Жолдың төсенімі түсетін орынмен бір деңгейде болуы қажет. Шөппен көмкерілген жерлерден екпін алуға рұқсат етіледі.

13) екпін алатын жолдың ұзындығы кемінде 25 м., бірақ 36,5 м, ден артық болмауы, ені 4 м ден бүкіл жүгіру жолында немесе жүгірудің соңғы метрлерінде болуы қажет. Ол екі жағынан ені 33,5 м.жолдың еніне кірмейтін ақ сызықтармен шектелуі қажет.

14) жолдың енін 1,25 м, дейін кемітуге болады, бірақ тақтайшаның алдындағы соңғы 6-8 метрде оның ені 4 метрге дейін кеңейтілуі қажет. Жол екпін алудың бағыты және сондай ақ карама қарсы бағыттағыдай қиыс болмауы қажет.

15) Екпін алуға арналған жолдың екі жағында да және бүйір шетінде дәлізден тысқары түсу үшін ені кемінді 1 метрдей басқа заттардан бос жолақ болуы қажет. Ол екпін алуға арналған жолдың бетімен және снарядтар түсетін дәлізбен бірдей деңгейде болуы қажет. Снарядтар түсетін жер топырақтан немесе шөптен болуы қажет.

16) Қатысушылардың спорттық снарядты жақсы ұстауы үшін алақандарына желімделген зат ұстауға рұқсат етіледі, бірақ онымен снарядтың өзін өңдеуге рұқсат етілмейді.

17) қатысушыларға екі немесе бірнеше саусағын екі қабат етіп дәкемен орауға, немесе алақанын орауға рұқсат етілмейді. Мұндайға тек жарыс дәрігері рұқсат береді.

6. Лақтырудан жарыс ережесі.

1) спорттық снарядтарды лақтыру бір орында тұрып немесе ұмтылу арқылы (арқасымен «дәлізді»айналмауы қажет) иығынан немесе лақтыратын қолдың иық астынан лақтыру тәсілі арқылы жасалады. Төменнен немесе бүйірден тастауға тыйым салынады.

2) қатысушы өзінің ұмтылған сәтін белгілеуге құқылы және қатарынан үш рет есептік тастаулар жасайды.

3) Қатысушының әрбір ұмтылысын орындауға бір мезгілде ақ жалаушаны бұлғап «Рұқсат!» деген пәрменді аға төреші береді.

4) «Болады!»деген пәрменнен кейін қатысуш 1 минуттан артық уақыт жұмсамауы керек. Уақытты бақылауды («Болады!» деген пәрменнен кейін тастауды бастаған сәтті) төреші хатшы жүзеге асырады.

5) Аға төреші «Бар!» деген пәрмен бергеннен кейін тастау есепке алынады, ол егер спорттық снаряд дәліздің шекарасына түссе (алаңдағы төреші ақ жалаушамен оған дабыл берсе) және қатысушы лақтыру ережесін бұзбаған жағдайда осындай команда береді. «Бар!» деген командасын төреші ақ жалаушаны жоғары көтеру арқылы білдіреді, бұл нәтижені қадақшамен белгілеуге берілген дабыл, ол тақтайшаға жақын жерде орналасады.

6) Ұмтылыс сәтсіз деп есептелінеді, егер қатысушы:


  • Аға төрешінің рұқсатынсыз лақтырса;

  • Қандайда бір дене мүшесімен «дәлізде» тақтайшадан асып қол тигізсе

  • Тақтайшаны басып кетсе немесе одан асып кетсе;

  • Екпін алуға арналған жолға түсіп кетсе, снарядты түсіріп алса;

  • Снаряд алаңға түсіп болғанша, екпін алуға арналған жолдан кетіп қалса, екпін алуға арналған жолды қалыпсыз жағдайда тастап кетсе;

  • Егер снаряд дәлізден тыс түссе немесе бүйір сызыққа түссе;

  • если снаряд упадет вне «коридора» или на боковую линию;

  • егер қатысушы «Бар!» деген пәрменге дейін тастағаннан кейін, тақтайшадан шығып кетсе;

  • снарядты тастағаннан кейін «Бар!» деген пәрменнен соң қатысушы тақтайшадан шығып кетсе.

Төреші снаряд түскеннен кейін және қатысушы тастағаннан кейін орнықты тұрса, лақтыру орнын ережені бұзбай шығып кетсе ғана «Бар!» деген пәрмен береді.

7) Лақтыру ережесі бұзылса аға төреші «Жоқ!» деген пәрмен береді және бір мезгілде қызыл жалаушаны бұлғайды.

8) Нәтижелерді өлшеу қадақшадан бастап тақтайшаға перпендикуляр сызық бойынша немесе оның жалғасы «мүйістен» тақтайшаның ішкі шетіне дейін рулеткамен есептелінеді. Нәтижелерді өлшеген кезде азайту үшін 1 см дейін толық көрсетеді, яғни 1см ден кем бөліктер ескерілмейді.

9) Қатысушылар төрешілер алқасы ұсынған мүкәммалдарды пайдалануға міндетті. Жеке мүкәммалы өтініштер қабылдаған күні төрешілер алқасына тапсырылады, салмағын және ұзындығын өлшегеннен кейін Ережеге сай болса, ол қатысушылардың пайдалануына беріледі.

10) Рекорд орнатса немесе жоғары жетістіктерге жетсе төрешілер реферидің (жеңіл атлетикадан бас төрешенің орынбасары) қатысуымен нәтижені, сондай ақ спорттық снарядтың салмағын және басқа да қырларын қайтадан өлшейді.

7. Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.

1) Хатшы төрешінің шақыруы бойынша қатысушы итерілу орнына барып бастапқы қалыпта (БҚ) тұруы қажет: өлшеу сызығына табаны тиюі қажет және қозғалмауы тиіс.

2) Аға төрешінің «Болады!» деген пәрменінен кейін қатысушы екі аяғымен серпіліс жасайды және алдындағы құм толтырылған щұңқырға секіреді.

Нұсқау: «Д», «Е» санаттағы Президенттік жарыстарда гимнастикалық матқа түсіп секіруге рұқсат етіледі, ал қатысушыларда ұлтаны қалың аяқ киім болса (10 мм ден жоғары) кез келген сырғымайтын жерде секіруге рұқсат етіледі.

3) Түсетін орын итерілген орынмен бір деңгейде болуы қажет және 13 жасар балалар мен ардагерлер үшін одан 50 см, басқа жастағы топтар үшін 1 м –ден алыс болмауы керек.

4) Нәтижелерді өлшеу(1 см дейін дәлдікпен) өлшем сызығынан түзу, өлшеу сызығына перпендикуляр, артында қалдырған ізінен бастап, аяғымен түскен жерге дейін немесе қатысушының денесінің басқа жерімен түскен жерге дейін. Өлшеу сызықтарының ені өлшенетін аралыққа кіреді.

5) Басып кетулерді бақылау үшін (1 деңгейдегі жарыстарда қажет) өлшеу сызығының алдындағы басып кетулерді анықтау үшін пластилиннен, лайдан немесе ені 10 см бордан, орта бөлікте биіктігі 7 мм, қатысушының жанынан қиыстау бұрышта және түсетін жерде 30 градус анықтауыштар қою қажет.

6) Қатысушыға 3 ұмтылыс беріледі. Есепке ең жақсы көрсеткіш алынады.

7) қатысушының құқықтары:



  • секіруге дайындық және оны орындау кезінде қолымен сермеу жасауға;

  • секіруге дайындалуға және оны орындауға берілген уақытты (1 мин), толық пайдалануға.

8) Қатысушыға:

  • өлшеу сызығына басып кетуге немесе қолын тигізуге.

  • итерілуді алдын ала секіріс жасап орындауға.

  • аяқтарымен әрқалай секіруге.

  • секіру кезінде қандайда бір салмақ ауырлатуларды қолдануға.

  • түскен орынан секірген жағына қарай кейін кетуге тыйым салынады.

ЖҮЗУ

8. Жалпы ережелер.

1) Жүзуден жарыстар жабық немесе ашық бассейндерде ұзындығы 25 немесе 50 метрлік, тереңдігі 1,2 м бассейндерде өткізіледі. Үшінші деңгейдегі жарыстар стандартсыз немесе ашық су қоймаларында өткізіледі. Ағыс болған жағдайда қашықтықтың жартысы ағысқа қарсы жүзіп алынуы қажет.

2) Жарыс қашықтықтары 25, 50 и 100 м кез келген стильде оны өзгертпей жүзуге болады.

3) Төрешілер алқасы қатысушылардың жарыс барысындағы қауіпсіздігіне жауап береді және суда құтқардың барлық амалдарын қарастырады.



9. Сөре

1) Сөрелік тұғырдан секіру немесе судың ішінде старт болғанда бассейннің қабырғасынан аяғымен итеру (жол нөмірін есептеу оңнан солға қарай) арқылы жүзеге асырылады.

2) Сөрешінің бірнеше қысқа ысқырығынан кейін жүзуге қатысушылар жаттығу киімдерін шешеді. Ұзақ ысқырықтан кейін спортшылар сөрелік орындарында (екі аяғы тумбочканың алдыңғы шетінен бірдей аралықта тұруы қажет) немесе бассейн қабырғасында суда тұруы қажет.

3) Сөреші тапаншасын немесе жалаушаны жоғары көтеріп«Сөреге!»деген алдын ала пәрмен береді, ол бойынша қатысушылар ең болмағанда бір аяғымен тумбочканың алдыңғы жағына тұруы қажет (ал судан сөрелік алатындар қабырғаға аяқтарын қою керек) және қозғалмай тұруы қажет.



Нұсқау: «Жоқ!» деген пәрменнен кейін қатысушы қолымен тумбочканың алдыңғы немесе бүйірінен ұстауына болады.

4)Барлық қатысушылар сөреге дайын екендігін білгеннен кейін сөреші орындау үшін дабыл болып табылатын оқ атады. Оқ атудан басқа мыналар да пәрмен болып табылады:



  • Бір уақытта жалаушаны төмен сермеп «Марш!» деп пәрмен беру.

  • Дабыл немесе ысқырық (бұл жағдайда «Марш!» деген пәрмен берілмейді.

5) «Сөре!»дұрыс деп есептеледі, егер сөреге дейінгі дабылда барлық қатысушылар қозғалыссыз қалыпта тұрса.

6) егер бір немесе бірнеше қатысушы сөрені бұрын алса, онда жүзу тоқтатылмайды, ал ерте бастаған қатысушылар мәреден шеттетіледі.



10. Қашықтықты жүзіп өту және мәре.

1) Қатысушы қашықтықтың барлығын су бетінде жүзіп өтуі қажет. Сөрелік секіру және бұрылу кезінде суға сүңгуге болады. Су астында жүзу сөрелік бортиктен және бұрылыстағы кез келген қалқаннан 15 м де рұқсат етіледі. Мұндай белгілерге дейін жүзгіштің басы су бетінде көрінуі қажет.

2) Қашықтық кезінде басқа жолға шығып кеткен немесе басқа жүзгішке кедергі жасаған қатысушы төрешілер алқасының шешімімен жарыстан шығарылады. Егер мұндай бұзушылық басқа қатысушының нәтижесіне әсер етсе, онда рефери немесе бас төрешінің орынбасары оған қалған жүзулер кезінде екінші мәрте ұмтылысқа рұқсат етеді.

3) қашықтықты жүзіп өтуде қатысушыға жол бөлгіштерге тартылуға, сатыдан ұстауға, жол бөлгіштерде асылып тұруға, сондай олардан қайта серпілуге рұқсат етілмейді. Оларды байқаусызда ұстап қалса, бұл ережені бұзу деп есептелмейді.

4) Бассейннің түбіне тұрған қатысушы қашықтықтан алынбайды, егер ол түбінде жүрмесе.

5) Жүзу қашықтығын ақтаған қатысушылар басқаларға кедергі жасамауы үшін бассейннен шығуы тиіс. Бүйірдегі сатыдан шығуға рұқсат етіледі.

6) Осы жүзуге қатысушы болып табылмайтын спортшыларға суға түсуге рұқсат етілмейді.

7) Қашықтықты жүзіп өту кезінде қатысушыларға көш бастауға (нұсқау беру, спортшыларға бассейннің бортынан ілесіп жүру) рұқсат етілмейді.

8) Жарысқа қатысушыларға жүзуді жақсартатын, қозғалысты тездететін қандай да бір құрылғыларды пайдалануға болмайды.

9) Қашықтықты жүзіп өткенде, сондай ақ бұрылыстарда бассейннің түбінен серпілуге рұқсат етілмейді.

10) Бұрылыста және мәреде қатысушылар бассейннің қабырғасына немесе бұрылыс қалқанына денесінің кез келген мүшесін тигізуі керек.

11) Сөре, мәре, бұрылыс немесе қашықтықты өту ережелерін бұзған кезде қатысушының көрсеткен нәтижесі есепке алынбайды.



11. Нәтижелерді анықтау.

1) Нәтижелер қашықтықты жүзіп өту уақыты бойынша анықталады. Уақыт сөрелік дабылдан (оқ ату тапаншаның түтіні бойынша,«Марш!»пәрменінде жалаушаның қозғалысы басталған сәттен немесе дыбыс дабылына байланысты) бастап, қатысушы мәрелік қабырғаны ұстаған сәтке дейін есепке алынады.

2) Бірінші қатысушының уақыты 0,1 секундқа дейінгі дәлдікпен үш секундсанағыш арқылы анықталады.

3) Егер секундсанағыштардың көрсетімі мәредегі төрешілер есептеген қатысушылардың келу тәртібімен алшақтық байқалса, онда мәредегі төрешілердің щешіміне сәйкес орындар белгіленеді.

4) Егер қашықтықты екінші болып аяқтаған қатысушының уақыты біріншінкісінен жақсырақ болса, олар төмен жағына қарай онға дейінгі секунд үлесін тұтас қосып, орта арифметикалық уақытты алады.

5) Уақытты тіркеген және қатысушылардың мәреге келу тәртібін есептеген кезде нәтижелерді өздігінен тіркейтін автоматты жүйенің толық көмегімен артықшылық мәредегі төрешілердің емес, осы жүйенің көрсетіміне беріледі.

6) Автоматты жүйенің көмегімен тіркелген уақытты анықтаған кезде 0,001 дейінгі дәлдікпен үтірден кейінгі үшінші белгі есепке алынбайды. Хаттамаға 0,01, дәлдікпен есептелген нәтижелер түсіріледі, мыңдық секунд үлесі алынбайды.
Нысана көздеу
12. Жалпы ережелер.

Жарыс тирде, сондай ақ көрсетілімдік және спорттық залдарда, сыныптарда, атудың қолданыстағы жарыс ережелеріне сай жабдықталған және дайындалған ашық алаңдарда өткізіледі.



13. Жарыс өтетін орындар.

1) Жарысты өткізуге арналған тирде (зал, алаң ), барлық қатысушылар үшін тең жағдайлар жасалуы және төрешілерге қатысушылардың ереже сақтауы үшін бақылау жасауға жағдайлар жасалуы қажет.

2) Тирдің:


  • Атуға арналған от алаңы (от позициясы);

  • Нысаналар алаңы;

  • Атқыштарды жаттығу орындауға дайындауға (қоршалған аймақ) арналған үй-жай;

  • Қаруларды және оқ дәрілерді, сондай-ақ материалдық құндылықтарды мен нысаналарды сақтауға арналған үй-жай;

  • 3) От алаңы екі аймаққа бөлінуі қажет:

  • От шебі (дербес от алаңы) атқыштарға арналған ені 1,0м, тереңдігі 1,5 м және от алаңындағы төрешілер отыратын орны бар от алаңы;

  • От алаңынан жаттықтырушылар, басшылар және көрермендер шығатын жері бар;

4) Барлық от алаңы бір түзу сызық бойында жатуы тиіс. Алдыңғы от алаңының шекарасы еденнен (бұл сызықтың ені атыс қашықтығына кірмейді) түрлі-түсті сызықпен белгіленеді.

5) Әрбір от алаңында мынадай құралдар болуы қажет :



  • Көру трубкасын бекіту үшін тұғыры және кронштейні бар бағана;

  • Бір орындық немесе табурет;

  • Бақылаушы төрешіге арналған үстел мен орындық.

6) Нысана алаңында қалқандар немесе нөмірі бар, от алаңынан жақсы көрінетін нысаналық құрылғылар болуы қажет. Нысана алаңының жарықтығы 800-1000 люкс. Нысаналар бірдей биіктікте орнатылуы қажет. Жаттығуларда (I-BП),(ІІ-ВП),(ІІІ а-ВП), (ІІІ-ВП) белдіктерін пайдалануға тыйым салынады.

7) Ашық тирлерде (ату орындарында) от аймағы мен нысанадағы мақта матадан жасалған желдік жалаушалар бағытты және желдің күшін көрсету үшін ұойылуы қажет. Жалаушылар бір-бірінен 5 м аралықта қойылады. Жалаушының өлшемі 5х40 см, атқышқа өзінің жеке жалаушысын қоюға рұқсат етілмейді.



14. Атуға арналған жаттығулар

Жаттығу индексі

Қашық

тық (м)


Нысана нөмері

Дайындық



Нысаналар саны

Оқ ару саны

Дайында

лу уақыты (мин)



Атуға Берілген жалпы уақыт (мин)

сынама

есептік

сынама

есептік

I –ВП

5

8

Шаңғымен бағана немесе тіреуге сүйеніп, отырып немесе тұрып

1

1

3

5

3

10

II-ВП

10

8

Шынтағымен бағанаға сүйеніп, бірақ тіреусіз отырып немесе жатып

1

1-2

Шексіз

5

5

10

IIIа-ВП

10

8

Шынтағымен бағанаға сүйеніп, бірақ тіреусіз отырып немесе жатып

1

2-10

Шексіз

10

5

20

III-ВП

10

8

Тіреусіз тұрып

1

2-10

Шексіз

10

5

20

жүктеу 1,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау