Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Әлеуметтік тұрғыдан оқырмандарды зерделеудің қандай түрін білесіз?
Психологиялық тұрғыдан оқырмандарды зерделеу түрін атаңыз?
Зерделеудің негізгі мәселелері қандай?
Дәріс №10
Тақырып: Оқуды зерделеудің әлеуметтік және психологиялық аспектілері. Оқуды зерделеудің әдістері.
Дәрістің мақсаты: Оқуды зерделеудің әдістерін талдау.
Дәрістің мазмұны: Әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан оқырманды зерделеудің негізгі зерттеу әдістері.
Оқырманның түрлілігі оқуды зерттеудің интегралды қорытындысы ретінде. С.И. Трубникованың, Ю.С. Зубованың, Л.И. Беляеваның тұжырымдамалары. Әлуметтік – психологиялық негізгі белгісіне байланысты оқырман түрлерін бөлудегі қазіргі жағдайдағы ерекшелігі. Қазіргі кезде заман талабына сай қоғамның дамуына байланысты, сонымен бірге жаңа технологиялардың дамуына байланысты оқырмандардың психологиялары өзгеруде. Соған сәйкес кітапхана қызметкерлері оқырман психологиясын зерттеп, қызмет көрсетуде.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Оқырманды зерделеудің қандай негізгі зерттеу әдістерін білесіз?.
Оқырманның түрлілігі оқуды зерттеудің интегралды қорытындысы ретінде дегенді қалай түсінесіз?
С.И. Трубникованың, Ю.С. Зубованың, Л.И. Беляеваның қандай тұжырымдамаларын білесіз?
Дәріс№11
Тақырып: Оқуды зерделеудің әлеуметтік және психологиялық аспектілері. Оқуды зерделеудің әдістері.
Дәрістің мақсаты: Оқуды зерделеудің әлеуметтік және психологиялық аспектілерін ашу.
Дәріс мазмұны: Оқырман дамуының негізгі көрсеткіші және оқырманды тұлға ретінде зерттеудің интегралды қорытындысы тұлғаның ақпараттық мәдениеті ретінде.
«Ақпараттық мәдениет» түсінігі құрылымының қалыптасуы.
Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет құрылымын зерделеу әдістері. Кітапханалық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту негізі – кітапханаларда әлеуметтік және психологиялық қызметтерді құру. Қай қоғамның болмасын тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ, қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – кітапханалар арқылы оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, ақпараттық сауаттылығын жетілдіру. Көпшіліктің ойын байытып, сауатын молайтып, қажет ақпарат көзімен қамтамасыз етіп, білім нәрімен сусындататын орда – кітапхана.
Қазіргі таңда қоғамда қызмет етіп келе жатқан кез – келген кітапхана өз оқырмандарына сапалы ақпарат көзін ұсынып, жоғары дәрежеде ақпараттық қызмет көрсетуі маңызды мәселелердің бірі. Қоғам дамып, өркениет өскен сайын күн санап кітапхана оқырмандарының саны қарқынды өсіп, олардың ақпараттық қажеттіліктері күрделеніп келеді. Осыдан келе кітапханалардың ақпараттық қорында сапалы ақпарат көзі жаңа заман талабына сай қордалануда.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: «Ақпараттық мәдениет» түсінігін айтыңыз?
Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет құрылымын зерделеудің қандай әдістерін білесіз? әдістері.
Кредит сағат№1
Дәріс №12
Тақырып: Кітапханашы кітапханада қызмет көрсету үрдісіндегі бірден – бір негізгі қатысушылар ретінде.
Дәрістің мақсаты: Кітапханашы кітапханада қызмет көрсету үрдісіндегі бірден – бір негізгі қатысушылар екенін дәлелдеу.
Дәріс мазмұны: Жеке тұлға және маман ретінде кітапханашының негізгі мінездемесін зерттеудегі тәжірибелерден.
Маманның психологиялық жіктеудің кітапханалық мамандығындағы ролі. Профессиограмма түсінігі. «Кітапханашы» мамандығының профессиограмдық құрастырушы фундаменті.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Жеке тұлға және маман ретінде кітапханашының негізгі мінездемесін зерттеудегі тәжірибелерден мысал келтіріңіз?
Маманның психологиялық жіктеудің кітапханалық мамандығындағы ролі қандай? «Кітапханашы» мамандығының профессиограмдық құрастырушы фундаменті неде?
Дәріс №13
Тақырып: Кітапханашы кітапханада қызмет көрсету үрдісіндегі бірден – бір негізгі қатысушылар ретінде.
Дәрістің мақсаты: Кітапханашы кітапханада қызмет көрсету үрдісіндегі бірден – бір негізгі қатысушылар екенін дәлелдеу.
Дәріс мазмұны: Қызмет көрсету бөлім кітапханашысының негізгі профессионалдық және тұлғалық сапасы.
Кітапханашыны оқырмандық және ақпараттық мәдениеті оның профессионалдық сапасы ретінде.
Кітапханашының профессионалдық мінез – құлқының нормасы.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Қызмет көрсету кітапханашысының негізгі профессионалдық және тұлғалық сапасы екенін дәләлдеңіз?
Кітапханашыны оқырмандық және ақпараттық мәдениетінің профессионалдық мінез – құлқының нормасы қандай?
Дәріс №14
Тақырып : Кітапханалық қызмет көрсету үрдісіндегі кітапханалық қарым қатынас.
Дәрістің мақсаты: Кітапханалық қызмет көрсету үрдісіндегі кітапханалық қарым қатынасын анықтау.
Дәріс мазмұны: Кітапханалық қарым қатынас феномен ретінде.
Кітапханалық қарым қатынастың негізгі қызметтері.
Кітапханалық қарым қатынастың негізгі нысандары: оқырман және кітапханашы арасында, оқырмандар арасында, кітапханашы және оқырман тобы арасында және т.б. Кітапханашы мен оқырман қарым – қатынасы кезінде бір –бірін қаншалықты ықыласпен тыңдаса, соншалықты олар бір – біріне жақын болады. Кітапханашының дауысынан оның көңіл күйін байқауға болады, оның қуанышын, қайғысын, шаршағанын тағы сол сияқты көңіл күйлерін байқауға болады. Кітапханашының этикасы оның сыртқы киім киісіне, бет - әлпетіне, жүріс – тұрысына да байланысты. Кітапханашының киім киісі өзінің ішкі мәдениетіне, ортасына, жасына сәйкес болуы керек. Сонымен қатар олар барша оқырман қауымы алдында сөйлеуге де дағдыланады. Олар сөйлеуге өзін - өзі психологиялық жағынан дайындайды. Кітапханашылар мен оқырмандар арасындағы қарым – қатынас кезінде конфликт болуы мүмкін.
Кітапхана өмірі студенттер, мұғалімдер, ардагерлер т.б. арасындағы қарым – қатынасқа толы. Көп ретте конфликтіге келіп тірелетін жағдайлар да аз емес. Конфликт рухани әлемдері қарама – қарсы келетін тұлғалар арасында болатын келіспеушіліктерден, қақтығысулардан туады. Әртүрлі
ұстанымдар, көзқарастар, пікірлер қақтығысы міндетті түрде бір – біріне өзара әсер ету, бірін – бірі толықтыру сияқты үрдістерден тұрады.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Кітапханалық қарым қатынастың түрлерін атаңыз?
Кітапханалық қарым қатынастың негізгі қызметтері қандай?
Дәріс №15
Тақырып : Кітапханалық қызмет көрсету үрдісіндегі кітапханалық қарым қатынас.
Дәрістің мақсаты: Кітапханалық қызмет көрсету үрдісіндегі кітапханалық қарым қатынасты анықтау.
Дәріс мазмұны: Кітапханалық қарым қатынастың негізгі түрлері; жеке және топтық, эпизодтық және үнемі.
Кітапханалық қарым қатынастың әлеуметтік – психологиялық механизмдері. Кітапханашының сөйлеуі кітапханалық қарым қатынастың құралы ретінде. Вербалды емес қарым қатынас түрлері. Кітапханашының жұмысының өзі кітапханаға келген оқырманмен тіл табысудан басталады, тіл табысумен ерекшеленеді. Оқырманмен тіл табысу ең алдымен сәлемдесуден басталады. Тіл табысуға адамның өзі, оны қоршаған заттар, табиғат әсері, сезім күйлері, белгілері т.б. әсер етеді. Кітапханадағы тіл табысуды қоғамдық – психологиялық жағдай деп қараймыз.
Атақты мінез құлық зерттеушісі В.Д.Парыгин тіл табысуды күрделі сан – салалы процесс, адамның бір – бірімен қарым – қатынасы, бір – біріне әсер етуі, әріптестердің бірін – бірі түсінуі деген.6
Тіл табысудың екі түрі бар: тілмен және тілсіз (көзқараспен, ыммен). Тіл адамның ойын, сезімін, махаббатын жеткізу құралы. С.И.Ожегованың «Орыс тілінің сөздігі», - деген кітабында жұмыс кезінде кітапханашы шыншыл, кішіпейіл, тіл тапқыштығымен, яғни ортада өзін ұстай білу
қасиеттерімен танылады деп болжаған . Тіл табысу мәдениеті: жан, жақты
қарапайым, жауапты, оқырманға құрметпен қарау, жан – жақты тіл табысуға ұмтылу, сонымен қатар жоғары білімді маман болуымен есептеледі. Кітапханашы оқырманмен сөйлесу кезінде алдымен оның жасына, ер , әйел, мамандығына, қоғамдық - әлеуметтік деңгейіне байланысты адамды тани бастайды. Осыдан барып өзін қоршаған адамдарға кітапханашының әсері қалыптасады. Кітапханашы адамдармен тіл табыса отырып, оның қандай адам екенін аша түседі. Олар әрқашанда тіл табысуға ұмтылады. Әртүрлі жағдайларда тіл табысу әртүрлі болуымен ерекшеленеді.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Кітапханалық қарым қатынастың қандай негізгі түрлерін білесіз?
Кітапханалық қарым қатынастың механизмдері қандай?
Вербалды емес қарым қатынас түрлері қандай?
Дәріс №16
Тақырып: Қазақстан мен шетелдерде кітапханалық қызмет көрсетудің әлеуметтік приоритеттік бағыттары.
Дәрістің мақсаты: Қазақстан мен шетелдерде кітапханалық қызмет көрсетудің әлеуметтік приоритеттік бағыттарын анықтау.
Дәріс мазмұны: Кітапханалық қызмет көрсету білім алуға үздіксіз көмек.
Кітапханалық қызмет көрсету тұлғаның әлеуметтену құралы ретінде (жан ұялық оқу, әлеуметтену заңдылықтары).
Ерекше сұраныс пайдаланушыларына кітапханалық қызмет көрсету (жасөспірімдер және балалар, мүгедектер, зейнеткерлер, кішігірім ұлт өкілдері, көшпенділер). Кітапхананың барлық қызметі мүгедектерге қызмет көрсетудің басты ұстанымдарың іске асыруға бағытталған. Оларға ақпаратты толық алу мүмкіндіктерін беру, кәсіптік қажеттіліктер мен әуесқойлық ынталарын қанағаттандыру болып келеді. Қаланың және облыстың 2000-нан астам оқырмандары кітапхана қорын пайдаланады. Облыстың барлық ауылдарында арнаулы әдебиеттерді беру пунктері ашылды.
2003 жылдан бастап енгізілген «Қайырымдылық» бағдарламасы бойынша кітапхана арнайы арбалармен жүретін мүгедектерге және барлық санаттағы мүгедек балаларға қызмет көрсетеді. Кітапхананың міндеті тек қана оқырмандарды өзіне тарту емес, олардың әлеуметтік ақталып шығуы. Бұл үшін бізде Брайль жүйесін оқу үйірмесі, дауыстап оқу үйірмесі, поэзиялық клубы «Муза», жастар клубы «Родник» жұмыс істейді.
Оқу залының оқырмандарына арнайы дауыстап кітаптарды оқитын тифломагнитофондар мен тифлоплеерлер беріледі. Мұнда тифлотехникалық пайдалану туралы нұсқаулар беріледі. Пайдаланушыларға көмек ретінде тифлологиядан, өлкелік және басқа да газет-журнал мақалаларының жүйелік картотекасы бар. Көзі көрмейтін азаматтармен жұмыс істейтін мамандарға, ақталу орталығының ұйымдардың және мекемелердің қызметкерлеріне әдістемелік ұсыныстар құралады, әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі және кеңес көмегі көрсетіледі. Ахуалық бар отбасыларға мектепке дейінгі көзі көрмейтін балаларды тәрбиелеуге және оқытуға кітапхана қызметкерлері барлық көмегін аямай көрсетуге ұмтылуда. Мектепке дейінгі балаларды Брайль жүйесінің оқу,жазу дайындығынан және сәйкес отбасыларына нақты көмек көрсетуге дейін. Кітапхана қоры 30 мыңнан астам дана,жыл сайын 1500-2000 кітап алынады. Соның ішінде бедерлі-нүктелі әріппен жазылған,дыбыстандырылған және жайпақ баспа шрифтармен жазылған әдебиеттер бар. Мерзімді басылымдардан кітапханаға 100-ден астам газеттер
мен журналдар түседі. Көзі көрмейтін оқырмандарға маңызды ақпарат беру үшін бедерлі-нүктелі шрифті мерзімді басылымдар алынады.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Кітапханалық қызмет көрсету білім алуға үздіксіз көмегі қандай?
Ерекше сұраныс пайдаланушыларына қандай кітапханалық қызмет көрсетіледі?
Үшінші бөлім. Кітапханалық қызмет көрсету технологиялық үрдіс ретінде.
Дәріс№17
Тақырып: Кітапханалық қызмет көрсету субъектілері технологиялық үрдіс ретінде.
Дәрістің мақсаты: Кітапханалық қызмет көрсету субъектілері технологиялық үрдістің дағдысын қалыптастыру.
Дәріс мазмұны: Технологиялық үрдіс және технология жөнінде түсінік. Кітапханалық қызмет көрсетудің негізгі сатылары технологиялық үрдіс ретінде.
Ақпараттық сұраныс түсінігі. Сұраныс түрлері. Кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда жаңа технологиялар. Қазір өмірдің өзі кітапханашылардан оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын орындауға, ғылым мен білім жаңалықтарынан тысқары қалып қалмауымыздың қажеттілігін көрсетіп отыр. Сондықтан кітапханаға кәсіби білім мен қатар жаңа коммуникативті – технологияларды білу мен игеруде қажет болуда. Интернет жүйесі арқасында кітапханашылар алған білімдерін іс – тәжіибелерінде көрсете отырып, басқаларды да оқытуда. Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану – кітапханашылардың кәсіби жұмыстарына жеңілдік беріп, оқырмандар санын толықтыруға әсер етеді.
Кітапхана ақыл, білім, адамгершілік, парасат – иман ордасы, ал кітапханашылар ешқашан жоғалмауға тиісті ең асыл құндылықтардың нағыз жанкешті сақшылары.
Қазіргі кезеңде кітапхана жұмысында оқырмандарға қызмет көрсету саласы басым роль атқарады. Кітапханада жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану оқырмандарға сапалы, жаңа деңгейде қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді. Интернет желісі арқылы кітапханашылар оқырмандардың қажет деген сұраныстарын толық та сапалы орындауға мүмкіндік туады. Компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар кітапхана жұмысының формасын және оның әр элементінің мазмұнын, олардың арақатынасы мен іздеу қызметін белгілі бір дәрежеде өзгертеді. Электрондық каталогтың пайда болуы дәстүрлі жинақталған каталогтар мен картотекалар жүйесін айтарлықтай өзгертеді. Интернет жүйесінің қорлары толық мәтінді ақпараттар, грфика, аудио-видио материалдардан тұрады. Интернет әр түрлі білім салаларынан қажетті деген мәліметтерді алуға шек қоймайды. Кітапхана жұмысына электрондық технологияларды енгізу оқырмандар сұранысын қамтамасыз етуде жеңілдіктер туғызады.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Технологиялық үрдіс және технология жөнінде не білесіз?
Кітапханалық қызмет көрсетудің негізгі сатылары қандай?
Ақпараттық сұраныс дегеніміз не?
Сұраныс түрлерін атаңыз?
Кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда қандай жаңа технологияларды білесіз?
Дәріс№18
Тақырып: Жеке ақпараттық қызығушылықтар мен сұраныстарға кітапханалық қызмет көрсету технологиясы.
Дәрістің мақсаты: Жеке ақпараттық қызығушылықтар мен сұраныстарға кітапханалық қызмет көрсету технологиясын үйрету.
Дәріс мазмұны: Жеке кітапханалық қызмет көрсету мәні мен міндеті.
Жеке кітапханалық қызмет көрсетудің ерекшелігін түсіну мәні.
Қазіргі жағдайдағы философиялық және психолого – педагогикалық жеке кітапханалық қызмет көрсетудің негізі, негізгі ғылыми тұжырымдамалар. Кітапханалық қызмет меңгерудің қиыншылығы оның «адам-белгілі жүйелер-адам»жүйесінде қызмет көрсету мен қарым-қатынасты қамтитындығында болып табылады. Кітапханалық қызметтің барлық элементтері көптеген функцияларды жүзеге асыра отырып, өзара байланыста болады:
Әлеуметтік-ақпаратты, ағартушылық, ұйымдастырушылық. Бұл психологиялық және педагогикалық функциялар жүйесі арқылы жүзеге асады.
Психологиялық-танымдық-коммуналды, эстетикалық рефливсикті;
Педагогикалық-тәрбиелік және өзіндік тәрбиелік, дамушылық. Кітапхана тұрғысында практика жүзінде әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық функцияларды іске асыру-әлеуметтік субъектілерді ақпаратты әлеуметтендіруде нәтиже беруге өз септігін тигізеді.Сондықтан, кітапхананың әлеуметтіндіруші функциялары әлеуметтік психологиялық-педагогикалық жүйедегідей әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық функциялар негізінде өтеді.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Жеке кітапханалық қызмет көрсетудің мәні мен міндеті қандай?
Жеке кітапханалық қызмет көрсетудің ерекшелігін айтыңыз?
Қазіргі жағдайдағы жеке кітапханалық қызмет көрсетудің негізі түрі қандай?
Дәріс №19
Тақырып: Жеке ақпараттық қызығушылықтар мен сұраныстарға кітапханалық қызмет көрсету технологиясы.
Дәрістің мақсаты: Жеке ақпараттық қызығушылықтар мен сұраныстарға кітапханалық қызмет көрсету технологиясын үйрету.
Дәріс мазмұны: Жеке кітапханалық қызмет көрсетудің негізгі мақсаттары. Әртүрлі және типті кітапханаларда жеке кітапханалық қызмет көрсетудің мүмкіндіктері.
Әр кітапхана пайдаланушыларының тілін табу жеке қызмет көрсетудің маңызды инструменті ретінде.
Жеке қызмет көрсетудің тілін табу қарым – қатынасты орнату құралы ретінде. Кітапханашы өзінің бір күндік жұмысында, кітапханаға келген оқырманның ішкі жан дүниесіне еніп, оның сұраған сұраныстарына нақты, тура жауап беріп, қажет еткен материалдарын шама келгенше ақпарат құралдарын тауып беруге тиісті.
Қарым – қатынастың негізгі мақсатына тоқталар болсақ – ол оқырмандардың кәсіби және қоғамдық тәжірибелерінің алмасуы, осы арқылы кез – келген адамның өмірлік мақсаты баяндалады. Толеранттық қарым – қатынас мәдениетінің арнайы принципі болып саналады.
Толеранттық қарым – қатынас кітапханашылар мен оқырман қатынасындағы шыдамдылығы, төзімділігі, сонымен қатар көнбістілігін білдіреді. Толерант – оқырмандар мен кітапхана қызметкерлерінің өзара сенімділігі және түсіністіктері салдарынан туындайтын процесс болып табылады. Бұл процесс тұлғалар арасындағы дау – жанжалдардың алдын алуға, сонымен қатар олардың қоғамдағы жағымсыз зардаптарды жеңіп шығуына мүмкіндік туғызады.
Кітапханалық қарым – қатынас оқырмандар арасында күрделі үш бөлімге бөліеді :
Кітапханашылар ұжымы арасында
Оқырман мен кітапханашы арасында
Оқырман қауымы арасында.
Осы күрделі үш бөлімнің ішінде оқырман мен кітапханашы ролі ерекше. Кітапханашы қарым – қатынас кезінде жарық жүзімен оқырмандардың ілімге деген ізденісін білімге деген құштарлығын оятады.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Жеке кітапханалық қызмет көрсетудің негізгі мақсаттары қандай?
Әртүрлі және типті кітапханаларда жеке кітапханалық қызмет көрсетудің мүмкіндіктерін атаңыз?
Әр кітапхана пайдаланушыларының тілін табу жеке қызмет көрсетудің маңызды инструменті не?
Жеке қызмет көрсетудің тілін табу қарым – қатынасты орнату құралы не?
Дәріс №20
Тақырып : Жеке ақпараттық қызығушылықтар мен сұраныстарға кітапханалық қызмет көрсету технологиясы.
Дәрістің мақсаты: Жеке ақпараттық қызығушылықтар мен сұраныстарға кітапханалық қызмет көрсету технологиясын үйрету.
Дәріс мазмұны: Жеке кітапханалық қызмет көрсету үрдісіндегі ақпаратты беру түрлері (анықтамалар, кеңестер, ұсыныстар).
Жеке кітапханалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде жаңа байланыс құралдарын пайдалану (Интернет, электронды пошта, факс және т.б.).
Жеке кітапханалық қызмет көрсетудің нәтижесін қамтамасыз ететін технологиялық және әдістемелік тәсілдер. Кітапханада компьютерлік технологияларды пайдалану оқырмандардың, жалпы кітапханашылардың да білім алуына жаңа мүмкіндіктер жасайды. Интернет электронды почта жіберуге және қабылдауға, барлық соңғы жаңалықтардан хабардар болуға, оқырмандарды қызықтыратын кез – келген мәселе бойынша ақпараттар алуға қажет болып келеді. Бүгінгі ақпаратты пайдаланушылардың интеллектуалдық деңгейі мен сұраныстары күрделі, мазмұны да өзгерген. Білімгерлерге ақпарат әлемінің жолын ашып, білімін нығайтатын қазіргі маңызы зор орын – кітапхана. Оқырмандарға қызмет ету, оның көңілінен шығу, іздегенін тез және толықтай тауып беру кітапханашыға жүктелетін үлкен психологиялық ауыр жүк. Бүгінгі кітапханашы кітапты сақтаушы роліне ғана ие болмауы қажет, ақпаратты жүйелеу, оны оқырмандарға ұсынудың бірыңғай техникасын жасауға ұмтылу, интернетпен жұмыс істей білу сияқтылар әрбір кітапханашының кәсіптік шеберлігіне үлкен сын. Күннен күнге оқырмандардың, жалпы адамзаттық байланыс құралдарына деген сұранысы өсуде. Өмірде және күнделікті қызметте интернет, электронды почта, спутниктік байланыс және сол сияқты ұғымды пайдаланамыз.
Бүгінгі таңда ең озық технология – компьютер арқылы виртуальды кеңістікке шығып, кітаптарды, мерзімді басылымның электронды версияларын алып пайдалану, түрлі халықаралық форумдарға қатысып, қашықтан білім алу мүмкіндігін пайдалануға болады
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
Жеке кітапханалық қызмет көрсету үрдісіндегі ақпаратты беру түрлері қандай?
Жеке кітапханалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде жаңа байланыс құралдарын атаңыз?
Жеке кітапханалық қызмет көрсетудің нәтижесін қамтамасыз ететін технологиялық және әдістемелік тәсілдер түрі?
Дәріс№21
Тақырып: Көпшілік және топтық ақпараттық қызығушықтары мен сұраныстарына кітапханалық қызмет көрсету технологиясы.
Дәрістің мақсаты: Көпшілік және топтық ақпараттық қызығушықтары мен сұраныстарына кітапханалық қызмет көрсету технологиясын талдау.
Дәрістің мазмұны: Көпшілік кітапханалық қызмет көрсету теориясы көпшілік кітапханалық қызмет көрсетудің теоретикалық негізі ретінде. Көпшілік кітапханалық қызмет көрсету мемлекеттік мәдени саясатының бөлігі ретінде.
Кітапханаларға ықпал ету құралдарын кеңейту және әріптестік ұйымдармен оның байланысын нығайту көпшілік кітапханалық қызмет көрсету ретінде.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Көпшілік кітапханалық қызмет көрсету теориясын айтыңыз?
Кітапханаларға ықпал ету құралдарын атаңыз?
Дәріс№22
Тақырып: Көпшілік және топтық ақпараттық қызығушықтары мен сұраныстарына кітапханалық қызмет көрсету технологиясы.
Дәрістің мақсаты: Көпшілік және топтық ақпараттық қызығушықтары мен сұраныстарына кітапханалық қызмет көрсету технологиясын көрсету.
Дәріс мазмұны: Топтық және фронталдық көпшілік кітапханалық қызмет көрсету дифференциациясы.
(фронталды және топтық) көпшілік кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда көрнекі ақпарат беру тәсілдері және ауызша үйлесімділігі.
Кітаптық – иллюстративтік көрме көпшілік кітапханалық қызмет көрсетудің негізгі формасы ретінде. Оны әзірлеу технологиясы және пайдалануы.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Топтық және фронталдық көпшілік кітапханалық қызмет көрсету дегеніміз не?
көпшілік кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда қандай көрнекі ақпарат беру тәсілдерін білесіз?
Кітаптық – иллюстративтік көрме, оны әзірлеу технологиясы және пайдалануы.
Дәріс №23
Тақырып: Көпшілік және топтық ақпараттық қызығушықтары мен сұраныстарына кітапханалық қызмет көрсету технологиясы.
Дәрістің мақсаты: Көпшілік және топтық ақпараттық қызығушықтары мен сұраныстарына кітапханалық қызмет көрсету технологиясын жасау.
Дәрістің мазмұны: Кітапханалық плакатты қазіргі жағдайда пайдалану және тарихы.
Әзірлеу технолгиясы және түлері.
Библиографиялық шолу: типтері және түрлері, әзірлеу технологиясы.
«Ақпарат күндері», «Маман күндері»: жалпылығы және ерекшелігі, пайда болу тарихы, әзірлеу технологиясы.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Кітапханалық плакатты қазіргі жағдайда қалай пайдаланады?
Әзірлеу технолгиясы және түлері қандай?.
Библиографиялық шолу, «Ақпарат күндері», «Маман күндері» қалай өткізіледі?
Дәріс №24
Тақырып: Көпшілік және топтық ақпараттық қызығушықтары мен сұраныстарына кітапханалық қызмет көрсету технологиясы.
Дәрістің мақсаты: Көпшілік және топтық ақпараттық қызығушықтары мен сұраныстарына кітапханалық қызмет көрсету технологиясын жасау.
Дәрістің мазмұны: Топтық демалыс – қызығушылық ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру. (қызығушылықтары бойынша клубтар және т.б.).
Көпшілік кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда көпшілік коммуникациялық құралдарды пайдалану мүмкіндігі.
Көпшілік (фронталды және топтық) көпшілік кітапханалық қызмет көрсетудің нәтижелі көрсеткіштері.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Топтық демалыс – қызығушылық ақпараттық сұраныстарын қалай қанағаттандырады?
Көпшілік кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда көпшілік коммуникациялық құралдарды қалай пайдаланады?
Көпшілік кітапханалық қызмет көрсетудің көрсеткіштерін атаңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |