Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы


ГЕРАЛЬДИКА Дәріс мақсаты



жүктеу 1,51 Mb.
бет25/51
Дата06.01.2022
өлшемі1,51 Mb.
#36587
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
annotation16475

ГЕРАЛЬДИКА


Дәріс мақсаты: геральдика пәнінің мәні мен мазмұны, ерекшеліктері, оны оқып үйренудің маңызы, геральдиканың ғылым саласы ретінде қалыптасуы мен даму барысы, герольдтар институты, геральдикалық деректер, теориялық геральдика және қазақстандық геральдика мәселелерін сипаттау.

Негізгі сөздер: елтаңба, шаңырақ, тұлпар, герб, геральдика, герольд, таңба, эмблема, символ, қалқан, дулыға, тәж, мантия, рыцар, девиз, қалқанұстаушы, теориялық геральдика.

Негізгі мәселелер:

1. Геральдика пәні және оны оқып үйренудің маңызы.

2. Геральдиканың пайда болуы мен дамуы. Герольдтар институты.

3. Геральдикалық деректер.

4. Теориялық геральдика

5. Қазақстандық геральдика


3.1 Геральдика пәні және оны оқып үйренудің маңызы.

Геральдика – мемлекеттің, рудың, мекеменің, әулеттің, жеке тұлғаның және т.б. ерекшелік таңбасы ретіндегі гербтерді зерттейтін тарих ғылымының бір саласы. «Геральдика» термині латынның «heraldus» - жаршы деген ұғымды білдіретін сөзінен шыққан деп есептелінеді.

Белгілі бір ерекшелікті байқататын символдық бейнелер мен эмблемалар ежелгі дәуірлерден –ақ белгілі. Олар монеталарда, мөрлерде және басқа да заттарда кездеседі. Гербтердің осындай символдық белгілер мен таңбалардан ерекшелігі олардың мұралық болып танылуында.

Сіздер, тарихи еңбектерді, әсіресе орта ғасырлар тарихы бойынша жазылған туындыларды, оқып отырғанда гербтер мен олардың жекелеген бөліктерін әртүрлі материалдық мәдениет ескерткіштерінен кездестірдіңіздер. Гербтер қалқандарда, дулығаларда, мөрлерде, қаруларда, киімдерде, теңгелерде және тағы басқаларда бейнеленген. Олардың мәні, мағынасы, атқарған рөлі қандай болғанын білу оңай емес. Ол үшін ең алдымен гербтің сипаттамасын айқындау, суреті мен сызбаларын оқи білу, сол кезеңдерде болған оқиғалардағы орнын анықтау, басқа гербтерден айырмашылығын, ұқсастығы мен ерекшелігін ажырата алу қажет. Ол үшін геральдика пәнін оқып үйренген дұрыс. Себебі тіпті геральдиканы оқымаған тарихшылардың өзіне гербтердің көптеген сырлары жұмбақ болып қала беруі мүмкін. Тіпті гербтің жалпы сипаттамасын оқи алған күннің өзінде ондағы мәліметтерді толықтай түсіндіріп, салыстырмалы түрде баға беріп, тарихи оқиғалармен байланысы туралы айқын пайымдаулар жасай алмауы да кездесіп отырады.

Сондықтан да геральдика тарихи білім саласында маңызды орын алады. Мәселен, ол әртүрлі одақтар, территориялық келіспеушіліктер, династиялық некелер, демографиялық үрдістер туралы мәселелерді зерттеу барысында саяси және ілеуметтік тарихтар бойынша құнды мәліметтер беріп, тұжырымдар жасауға көмектеседі. Геральдикалық материалдар сонымен қатар, қоғамдық сана, әлеуметтік психология тарихын зерттей отырып, белгілі бір дәуірдегі немесе кезеңдегі психологиялық ахуалды қалпына келтіруге көмектесе алады. Сонымен геральдика адамдар жасаған, олар пайдаланған және бүгін де пайдаланып отырған гербтерді оқып, зерттей отырып ғылыми еңбектерді дүниеге келтіреді. Ал ол гербтер тарих ғылымының көптеген салалары бойынша құнды деректер де береді. Геральдика біз қосалқы тарихи пәндер бойынша оқитын ономастика, генеология, нумизматика, палеография, cфрагистика сияқты пәндермен де тығыз байланысты. Гербтерді, әсіресе ортағасырлық, жаңа заман дәуірлеріндегі, тіпті кейде қазіргі замандағы гербтерді «оқу», оларды сыныптау, маңызды ерекшеліктерін айқындау, уақытын анықтау күрделі мәселелердің бірі. Бұл айтылғандар геральдика пәнін болашақ тарихшылардың, мұрағаттанушылар мен құжаттанушылардың, мұражайтанушылардың оқып-үйренулерінің қажеттігі мен маңызын көрсетеді.


жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау