Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


«Оптимисттер» және «Скептиктер» тіресін



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет261/282
Дата21.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#43484
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   282
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

«Оптимисттер» және «Скептиктер» тіресін 
өткізуге болады. Ол үшін 
тақта алдында әр топтың оптимисттері бір қатарға, скептиктері қарама-қарсы 
екінші қатарға бөлініп тұрады. Әр топ өз пікірлерінің қарсыластарының 
пікірінен маңыздырақ екенін мысалдармен дәлелдеп шығуға тырысады. 
Оптимисттер тақырыптың практикалық құндылығы, ұтымды, жағымды, 
пайдалы жақтарын ашып көрсетсе, скептиктер керісінше, олардың 
айтқанына күмән тудырып, кедергілерді көрсетіп, жауаптарын жоққа 
шығаруға тырысады. Егер жауап беру қиындап бара жатса, әр топтан 
спикерлер шығып сөйлеулеріне болады.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекет технологиясының мақсаты – оқушылар 
арасындағы қарым-қатынас мәдениетін жақсарту. Ал қарым-қатынастар тек 


334 
жақсылық жасау арқылы жақсарады, сондықтан топ ішінде өзара көмек, 
өзара сыйластық, өзара қолдау, өзара түсіністік сияқты ізгі әрекеттердің көп 
орындалуы ынтымақтастық ортаны қалыптастырудың кепілі. Бұл 
қатынастарды дұрыс басқара алу үшін мұғалім оқушылар ұжымының 
құрылымын, даму сатылары мен ерекшеліктерін терең зерттеп, олардың 
темперамент типтерін (меланхолик, сангвинник, холерик, флегматик) жетік 
білгені абзал.
3)
 
Проблемалық оқыту технологиясы.
Проблемалық оқыту 
идеясыоқушылардың ақыл-ойын дамытуда оқуды қызықты танымдық 
үдеріске 
айналдыруға 
байланысты 
пайда 
болған. 
Бұл 
идеялар 
Я.А.Коменскийдің, И.Г.Песталоццидің, Ф.А.Дистервегтің, К.Д.Ушинскийдің 
және т.б. педагогтардың еңбектеріндегі зерттеу өзегіне айналған. Сонымен 
қатар ХХ ғасырда шетелдік педагогикада проблемалық оқыту идеясы 
американдық психолог Дж.Дьюидің еңбек-терінде оқушыларды белсенді оқу 
іс-әрекетіне қатыстыру, оқу пробле-маларының шешімдерін өздігінен 
іздеткізу тұрғысынан зерттеліп дами түсті. 
ТМД елдерінде проблемалық оқыту технологиясының зерттелуі 
М.А.Данилов, В.П.Есипов, И.Я.Лернер, А.В.Брушлинский, М.И.Махмутов, 
А.М.Матюшкин т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттел-ген. Бұл зерттеулердің 
нәтижесінде 
оқушыларға білімді дайын күйінде бере салмай,
керісінше, сол 
білімге өздерінің ізденістері арқылы, алдарына қойылған проблемалық 
ситуацияларды шешу арқылы жет-кізудің маңыздылығы негізделді. Дәстүрлі 
оқытуда 
балалардың 
ізденіс 
жұмыстарының 
айқын 
көрінбейтіні 
алаңдатушылық туғызады. 
«Білім – инемен құдық қазғандай»
балаларды 
ізденіске, 
шығармашылыққа, 
тапқырлыққа 
ой 
еңбегіне 
деген 
қызығушылықтарын оятып, ынталан-дыра алатын болуы керек.
Проблемалық оқытудың негізгі элементі - 
проблемалық ситуа-ция.
Проблемалық оқу ситуациясын шешу арқылы балалар өз қателік-терінің 
себептерін түсінетін болады, табылған тәсілдердің тиімділігін бағалайды, өз 
шешімдерін басқа балалар шешімдерімен салыстыра отырып, ең дұрыс 
шешімдерді таңдауға үйренеді. 
Осындай ізденіс үстінде оқушылар өз пікірлерін негіздеу үшін
фактілер мен аргументтерді келтіріп, өз пікірлерінің дұрыстығын дәлелдеуге 
үйренеді. Сонда ғана қол жеткізген білімдері нақты сенім-деріне айналып, 
білім берік естерінде сақталады. Осылайша білім берудегі үстірттілік пен 
формализмнен біртіндеп арылуға болатыны анық.

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   282




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау