Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдіс-темелік



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет177/282
Дата21.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#43484
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   282
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

5.6. Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдіс-темелік 
және 
технологиялық 
деңгейлері.
ХVІІ 
ғасырда 
ең 
алғаш 
технологияныңконцептуалдық негізін Я.А.Коменский қалыптастыр-ды. 
Оның басты принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, берік-тілік, 
белсенділік арқылы сапаға жету, көрнекілік, теорияның тәжі-рибемен 
байланысы, оқушылардың жас ерекшеліктері мен дара ерек-шеліктерін 
ескеру.
 
Оқыту технологиясы
сыныптық-сабақ жұмысын ұйымдас-тыру 
арқылы іске асады. Оқыту технологиясының басты белгілері: бір жас 
мөлшеріндегі оқушылардың тұрақты құрамы мен олардың дайындық 
деңгейлері ескеріледі; жылдық жоспар мен оқу бағдар-ламасы негізінде 
оқыту жүргізіледі; әр оқу пәнінің сабақтары тақы-рыптарға бөлінеді; тұрақты 
сабақ кестесі жасалып, мұғалім оқуды ұйымдастырады. Оқыту 
технологиясы тәрбие технологиясымен өзара сабақтастықта іске асады. 
Сыныптық сабақ технологиясы оқыту-тәрбиелеу үдерісін ұйым-
дастырудың басқа формаларымен толықтырылады. 
Тәрбие технологиясы сабақ үдерісі мен тәрбие үдерісінде қатар іске 
асырылады. Білім беру жүйесінде соңғы жылдары оқытудың бұрыннан 
қалыптасқан дәстүрлі түрлерімен оқытулармен бірге инно-вациялық 
оқытулар жедел қарқынмен тәжірибеге ене бастады. Жаңа технологияларды 
пайдалану, сыни тұрғыда оқыту т.б. бүгінгі мектеп үдерісінде маңызды
орын алады. Инновация дегеніміз – дәстүрлі және көпшілік тәжірибеден 
өзгеше, білім беру ісіне жаңа тұрпатты көзқарас пен қатынас. Инновациялық 
оқыту - оқушылардың жаңа жағдайларда бірлесе әрекет жасау қабілетін 
дамытатын, білімді игерудің нақты нә-тижеге бағытталған оқыту түрі болып 
табылады. Бұл, біріншіден, ғы-лыми және мәдениеттану білімдерінің 
негізінде мақсатты бағытта жобаланған оқу үдерісі болып саналса, екіншіден 
жеке тұлғаны дамы-тудың болашағын жобалайтын және соны жүзеге 
асыруға дайындық мақсатындағы бағытта ұйымдастыратын білім беру болып 
саналады.
Тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыруда
Блумның таксономиясы
негізге орын алады: білімдік, танымдық үдерісті қарапайым деңгейден 
бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейді қамтиды: білім, түсіну, қол-дану, 
талдау, жинақтау, бағалау денгейді қолдауға болады. Жоғарыда аты аталған 
барлық технология тәрбие технологиялармен жүйелі түрде сабақтасып 
жатады.
Сонымен қатар, тәрбие мәселесіне байланысты К.Құнантаева, 
С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С. Ғаббасов, С.А.Ұзақбаева, И.Р. Халитова, 
Ш.Майғаранова, Е.Ө Жұматаева, К.К.Жампеисова, А.А.Калюжный, А.А. 
Бейсенбаева Р.К.Төлеубекова т.б. ғылыми тұжырымдамаларын ұсынды.


228 
Тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы.
Қазіргі техноло-гиялар 
педагогика ғылымы мен тәжірибені үйлестіріп, бұрынғы тәжі-рибені 
дәстүрлі элементтермен қоғам дамуындағы жетістіктермен жә-не қоғамды 
ізгілендіру 
мен 
демократияландыру 
ұстанымдарын 
бірік-тіреді.
Педагогикалық технологияның құрамды бөлігі әлеуметтік өзге-ріске және
педагогикалық ойға тәуелді; педагогика мен психология ғылымдарының 
жетістіктерін ескереді, озат педагогикалық тәжірибені қолданады, отандық 
және шетелдік тәжірибеге сүйенеді.
Тұлғалық–бағдарлы тәрбие технологиясының зерттейтіні: тәр-биенің 
мәні мен ондағы тәрбиелік қарым-қатынастар. Тәрбиелік қа-рым-қатынас 
орнату арқылы, тұлғаны дамытатын жағдаяттар жасау, яғни тұлғаның 
білімін, субьектілік тәжірибесін жетілдіру, өз пікірін, дүниетанымын, өзіндік 
қолтанбасын және өзіне тән тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Тәрбиенің 
нақты мәні – тұлғаны сомдаушы педаго-гикалық үдерісті ұйымдастыру. 
Тәрбиеге 
қамтылған 
субъектілердің 
барлығы 
бірдей 
жағдайда 
тәрбиеленгенімен де, түрлі тәрбиелік нәтиже көрсетеді, яғни тәрбиелік 
деңгейі әртүрлі болады. 
Түйіндей келе, тұлғалық бағдарлы тәрбиенің мәні – баланың субьект 
ретінде қалыптасуына ерекше мән береді. 
Тұлғалы бағдарлы технологияның мақсаты – тұлғаны дамытып, оны 
әлеуметтік ортада өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бейімдеп, өмірде 
кездесетін әртүрлі жағдайларда оң шешім таба білуге тәр-биелеу. 
В.В. Сериков тұлғалық бағдарлы тәрбие жүйесін жасау үшін ең 
бірінші мақсатты нақтылап, тұлғаның жеке бастық қасиеттерін: әлеу-меттік, 
адамгершілік,жауапкершілік, даралық ерекшеліктерін дамыту қажеттілігін 
көрсетеді. Тұлғалық бағдарлы тәрбиесін жобалау үшін игерілетін жеке басқа 
тән тәжірибенің түрін қарастыру керек, құн-дылық бағдарлы тәжірибені 
игертетін 
түрлі 
жағдаяттар 
жасап, 
тәр-биелік 
жағдаят 
тудыру 
“технологиясын” (тәсілін) өмірге әкеліп, оны тексеру шарт. 
Гуманитарлық білімнің негізі — адам болмысын құндылық-мәнді 
тұрғыдан игеріп, баланың өзгеруге бейім екенін түсініп, соған лайық тәрбие 
жұмысын ұйымдастыру. 
Гуманистік тәрбие педагогикалық тұлғалық-бағдарлы тәрбие 
теориясына ерекше назар аударып отыр. Тұлғалық бағдарлы тәрбиеде 
басшылыққа алынатын басты құрылымдар: 

тәрбие мазмұнының құндылық, дүниетанымдық бағытын немесе 
құндылықтар жүйелерін жэне өмірдің мәнін түсіну; 

жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетті игеру; 

әлеуметтендіру, қоғамдық тәжірибені жинақтап, тұлғаның 
азаматтық іс-әрекет тәжірибесін дамыту; 

тұлғалық бағдарын дамыту (өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі 
бақылау, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін жетілдіру); 

тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты табиғи 


229 
бағдарын ескеру. 
Дүниені құндылық тұрғысынан қабылдау дегеніміз айналадағы 
шындықты адам өміріне кажетті құндылық қатынас арқылы қабылдау. 
Субъект дүниені қабылдауда назарын заттың адам өмірінде атқаратын 
құндылығына, объектінің жабық тұрған ішкі мәнін сезініп қабылдауы-на 
аударып, оған мән бере білуі тиіс. Мәдениетті адам айналадағы шындықты 
заттық және кұндылық тұрғысынан, яғни заттық тұрғыдан қабылдауы 
құндылық қабылдаумен толысып, заттың адам өміріндегі мәні құндылық 
мазмұнмен жетілуі тиіс. 
Құндылык бағдарлы тәрбиені Н.Е.Щуркова зерттеп, оны топта іске 
асырудың пайдасы зор екендігіне тоқталды: топтағы әр бала ойланып, әрекет 
етуге күш жұмсайды;топта калыптасқан көңіл-күй ортасы баланың көңіл-
күйіне де әсер етеді. 
-тәжірибесі, білімі, дағдысы, өз күшіне сенімсіздігі, тұлғалық 
қасиетінің толық жетілмеуінен туатын өз басына тән мәселені нақты білу; 
-көңіл-күйін реттей білу, өмірлік келеңсіздіктерден қажетті тұжырым 
жасай білу; 
-өмірдің мәнін іздеу, түрлі өмірлік құндылықтарға өзінің қатынасын 
білдіру. 
Тұлғалық бағдарлы тәрбие оқушыны әлеуметтендіруді, оның тұлғалық 
қасиетін субъект деңгейінде дамытуды көздейді. Жан дү-ниені қозғалысқа 
түсіру – тұлғаның ішкі дүниесін дамытудың бірден-бір жолы. Осыған орай 
тұлғаның жан дүниесіне түрткі тудырып, оны дамытуды ұйымдастыру – 
педагогтың басты қызметіне айналуы шарт.
Е.В. Бондаревская өз зерттеулерінде «жалпы білім беретін мек-теп 
түлегінің моделі – мәдениет адамы», - деген педагогикалық ықпал ету 
бағыттарын ұсынып, жеке тұлғаны сипаттайтын: еркін, ізгілікті, рухани, 
шығармашыл, тәжірибелі тұлғаның өлшемдерін анықтаған.
Тұлғалық бағдарлы тәрбиеде мұғалім шәкіртті дамыту үшін пе-
дагогикалық үдерісті жобалай білуі тиіс. Осындай тәрбиеде шәкірт өз ісінің 
нәтижесін көрсетуге, серіктестерімен қарым-қатынас орнатуға, өзінің және 
өзгенің шығармашылық әрекетін бағалай білу қызметін игереді. Тәрбиеші 
үнемі тәрбиеленушіні өзіндік ізденіске бағыттайды. 
Тұлғалық бағдарлы тәрбие үдерісінде тұлғаның жеке басына на-зар 
аударылып, қарым-қатынастар әр түрлі деңгейде іске асырылады: қарапайым 
түрдегі пікірлесу (тәрбие үдерісіндегі қарым-қатынас), маз-мұндық сұхбат 
(белгілі тақырып мазмұнында пікірлесу), тұлғалық-мәнді сұхбат (құндылық 
бағдарлы тұлғалық-бірлесуді қамтамасыз ететін пікірлесу). 
Тәрбие технологиясы ішіндегі оқушының білімге, оқуға, ғылым-ға, 
еңбекке деген ынта ықласын қалыптастыруда

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   282




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау