263
-
білім беру мазмұны теориясының мәдениеттанушылық тұ-
жырымдамасы
, оның құрамына білім беру мазмұнының көзі әлеу-меттік
тәжірибе екендігі;
-білім беру мазмұнын калыптастыру деңгейлері
: пәнге дейінгі, пәндік,
оқу материалы, білім беру практикасы; білім беру мазмұнының құрылымдық
элементтері;
-
нәтижелері білімдер болып табылатын танымдық әрекет
тәжірибесі; үлгі бойынша әрекет етуді көрсететін әрекеттің белгі-лі
тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі; мәселелік жағдаяттарда ерекше
шешім қабылдау біліктіліктері түріндегі шығармашылық әрекет
тәжірибесі;
сезімдік-құндылық
қарым-катынасты
жүзеге
асыру
тәжірибесі туралы түсініктер
енеді;
-педагогикалық құралдар көмегімен білім мазмұнын іске асыра-тын
оқупәні теориясы
. Ол өзі тұтас бола тұрып, екі бөліктен тұрады:
меңгерілуге
тиісті білім беру мазмұнының бөлімі және оны оқушы-лардың меңгеруі,
дамуы және тәрбиеленуі үшін қажет құралдар.
Же-текші құраушы бөлігі
негізінде оқу пәндерінің жіктемесі жасалды. Оқу пәнінің мәні, оның
қызметтері; мектептің білім беру бағдарламала-рының жалпы міндеттерін
шешу үшін
маңыздылығы мен ерекшелігі; материалдарды оқу сатыларына
тарату жолдары; әдістемелік жүйе жә-не мақсаттарға жету құралдары; оқу
пәнінің мзмұнын таңдаудың, оны оқытудың жалпы логикасы мен ретті
оқытылуының негіздемелері; білім беру
мазмұнын құрастыруға негіз
болатын мәселелер типтері; ғылым мен оқу пәнінің арақатысы.
-
оқулық тұжырымдамасы
: оқулықтың қызметтері, құрылымы,
мазмұндық рәсімделуі, материалды таңдау және беру тәсілдері,
мәтінді
әңгімелеуге, мазмұнына, тармақшалар ішіндегі логикалық байланыс-тарға
және оқулыққа, меңгеру аппаратына қойылатын талаптар;
-
оқыту әдістері
,
оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру
әдістері мен құралдары, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту
теориясы.
Оқыту үдерісіне қатысушылардың – мұғалім мен оқушы-ның
әрекетіне, оқыту әдістерінің типтеріне, оқу материалының сипа-тына,
оқушыларды дамыту міндеттеріне негізделген оқыту әдістерінің типтері
анықталды және т.б.
Зерттеушілер білім мазмұнын анықтау үшін негізгі үш шартты:
біріншіден,
ғылымның дамушы салаларын түсінуге және меңгеруге, сондай-
ақ, соған сәйкес дағдылар мен
іскерліктерді игеруге қажетті, жеткілікті
деңгейде тұрақты іргелі және қолданбалы білімдердің кей-бір көлемдерін
анықтау;
екіншіден,
ғылым мен техниканың сәйкес са-лаларының негізгі
бағыттарын, идеяларын және қарқынын айқындау;
үшіншіден,
студенттердің
жалпы және ғылыми дамуының деңгейіне, олардың дүниетанымына және
көзқарастарына қойылатын нақты та-лаптарды ұсынуды қарастырады.
264
Оқу пәні-оқыту үдерісінде оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбие-леу
мен дамытуға бағытталған жалпы орта білім мазмұнын жүзеге
асыратын
құрал.
Білім мазмұны мен оқу пәні бір-бірімен мақсат және құрал ретінде
байланыста болады. Оқу пәні мен ғылым негіздері – біртұтас ұғым, ал оның
құрамдас бөлігі болып табылатын «оқупәні» құрамы және жүйесі жағынан
мазмұны мен үдерістен құрылған. Оқу пәні 2 блоктан тұрады: негізгісі –
мазмұн мен құралдар блогы, немесе үдеріс блогы.
Оқу пәндері мазмұнындағы жетекші компоненттік рөл атқаратын:
1.
Достарыңызбен бөлісу: