Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Дидактика – жеке әдістеменің негізі



жүктеу 0,69 Mb.
бет156/226
Дата05.04.2023
өлшемі0,69 Mb.
#42018
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Дидактикажеке әдістеменің негізі. Әдістеме – педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.
Мектепте оқылатын әр пәннің әдістемесі-барлық пәнді оқытудың ортақ әдістемесі.
Айталық, бастауыштағы бірнеше пәнді бір мұғалім оқытады, сондықтан ол барлық сабақтың әдістемесін, яғни бастауыш оқытудың дидакти-касын меңгеруі керек.
Оқыту үдерісінің мәні. Оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Оқытудың педагогикалық әдебиеттердегі анықтамаларына жа-салған талдау олардың педагогика ғылымның нысаны ретіндегі құ-былысты қамтуға жеткіліксіз екенін көрсетті. Оларда оқыту жеке субъектілер – оқушы мен мұғалімнің әрекеті ретінде көрсетілген: «Оқыту – оқушы мен мұғалім жүзеге асыратын екі жақты үдеріс»; «Оқыту үдерісі мұғалімнің, сол сияқты оқушының да әрекеті»; «Оқы-туда барлық уақытта екі жағы: оқыту мен оқу айқын көрінеді. Оқыту – мұғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пәнді оқыту барысын-дағы оқушының әрекетін бақылаудағы, оқушының материалды оқып–үйренуі мен алған білімдерін қолдана білуіне басшылық жасаудағы, олардың білімдері, біліктері мен дағдыларын тексерудегі іс- әрекеті. Оқу (үйрену) – оқушылардың белгілі бір пәнді және оқытушының түсіндіргендерін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен құбылыс-тарды, олардың арасындағы байланыстарды ойға тоқудағы, білімді бе-кіту мен қолданудағы мұғалім басшылығымен жасайтын саналы әрекеті». Оқыту үдерісі мұғалімнің оқушылардың білім, білік және дағды жүйесін меңгеруге бағдарланған іс-әрекетіне басшылық бағытындағы жүйелі қызметінің жиынтығы.
Оқыту үдерісімұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағыт-талған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.
Оқыту үдерісі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және компоненттерімен сипатталады.
Олар:
1) ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны);
2) мұғалім оқушының өмірге, ғылымға көзқарасын және қарым-қатынасын қалыптастыруы (сабақ беру) ;
3) оқушылар ұжымы (оқу);
4) оқыту әдістері;
5) оқыту құралдары: дидактикалық және техникалық құралдары; 6) оқыту нәтижелері.
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбы-лыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, салыстыру, жіктеу, жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Іскерлік – алған білім негізінде оқушының практикалық әрекеті іске асырылатын. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес (мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек , т.с.с.). Дағды – бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекеттерге машықтандыру (мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түрде жаттығу нәтижесі т.с.с.) нәтижесі.
Оқыту үдерісінің нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күште-ріне байланысты. Қозғаушы күшдеп қойылатын талаптар мен оларды оқушылардыңорындаумүмкіншіліктері арасындағы қайшылықтарды айтады. Егер, қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму үдерісінің көзіне ай-налады. Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту – күрделі үдеріс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қаблетін, біліктілігі мен дағдысын да-мыту негізінде жүзеге асырылады. Оқытуекі жақты үдеріс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, ал оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық іс-әрекеті. Оқыту – мақсатты үдеріс. Оқытудың басты мақсаты қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп отырады. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түпнұсқа– мақсаттың жүзеге асуы. Оқыту – жоспарлыүдеріс. Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таным әрекетінің формасы мен әдістерін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқытудаму негізі. Педагогикалық үдеріс өзіне тән екі белгіні: ағзаның өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Оқыту үдерісі мұғалімнің, таным жолындағы оқушылардың қи-мылына байланысты. Оқыту – таным үдерісі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып, жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты мін-деттерінің бірі – шәкірттердің таным қабілетін дамыту.
Дамыта отырып оқыту – бұл оқушылардың таным іс-әрекет-терін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету, «ең жақын даму аймағын жасау».
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі – мұға-лімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағ-дайда болуын қажет етеді. Оқыту үдерісінде оқушы тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психи-калық үдерістерін басқаруы, ұйымдастыра білуі оқытудағы субъекті екенін айқындайды.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып-үйренудің өзі, ғылым тарихы-мен, оның әдістемелерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қыз-меті жайлы ақпарат алу. Оқушы дүниетануда бұрын ғылымда бел-гілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдамаларды әрі қарай дамыта түседі.
Оқыту мазмұны-мемлекет арнайы таңдап анықтаған белгілі са-лада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі бола алатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиет-тер жиынтығы.
Оқыту мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Ұлт-тық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұ-нында ерекшеліктер болады. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамиландандыру, компьютерлендіру, кіріктендіру, тұлғалық да-му ережелеріне негізделеді. Құбылыстар мен үдерістер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда – заңдылық деп аталады. Заңдылықтар ғылыми теориялардың негізгі бөлігі болып келеді.

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау